Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 21:56, лекция
Негізгі ұғымдар - Автокөлік, клиент, жабдықтаушы, ТКН(тауарлы көліктік наклодной), негізгі қорлар, шот-фактура,қосылған құн салығы, есептесу ведомості,кіріс кассалық ордер, квитанция, ЖЖМ есебі, аванстық есеп, түгендеу описі, салыстыру ведомості агрегаттар есебі ,түгендеу офисі, акт.
- ТМҚ (дайын өнім, тауар) өткізуден
- Қызмет көрсетуден
- Пайыздар, роялти және дивидендтер әкелетін кәсіпорын активтерін қолдануға беруден.
Тауарларды өткізуден және қызмет көрсетуден табыс ұйымдар арасындағы келісім шартта көрсетілген өткізу бағасымен анықталады.
Тауарларды өткізу мен қызмет көрсетуден табыс келесі шарттарды орындаған кезде мойындалады:
- табыс сомасы нақтылықтың жоғарғы деңгейімен бағаланады – бұл келісімге қатысатын екі жақта сатушы қандай сома сұрағанын және сатып алушы қандай сома төлеу керек екенін білетінін көрсетеді;
- ұйыммен келісіммен байланысты экономикалық тиімділіктер алыну мүмкіндігі бар – бұл қызмет көрсетіп отырған жқтық клиенттің өткізілген өнім немесе көрсетілген қызмет үшін келісімде көрсетілген соманы төейтініне сенімділігіне көрсетеді.
Сонымен қатар, тауарларды өткізуден табысты мойындауда маңызды мәселелер:
- сатып алушыға меншік құқығын беру, осыған байланысты барлық елеулі тәуекелдер және келісім бойынша сыйақылар;
- келісім бойынша нақты және күтілетін шығындарды бағалау жоғарғы деңгейлі нақтылықпен жүргізіледі;
- бартер бойынша келісімге келгенде, егер тауар пара-пар тауарға ауыстырылса, мұндай айырбас табыс әкелмейтін келісім болып саналады, ал пара-пар емес тауарға айырбас кезінде келісім бойынша табыс алынған тауарлардың өткізу құны бойынша бағаланады және мойындалады.
Көлік кәсіпорынының атқарылған жұмыс және көрсетілген қызметтен түскен табысын мойындау келесі шарттарды орындағанда іске алады:
- есептілік датасына келісімнің аяқталу стадиясы жоғарғы деңгейлі нақтылықпен анықталады;
келісім –шарт құрғанда және оны орындау кезіндегі шығындар үлкен анықтылық дәрежесімен бағаланады.
Келісім түрлеріне байланысты оның аяқталу кезеңін анықтау барысында келесідей түрлері қолданылады:
шығындардың пайыздық ара қатынасы,белгілі бір күн шығындарының жалпы шығындарға қарағанда пайыздық арақатынасы;
бір күнде орындалған қызметтердің толық қызмет көлеміне пайыздық арақатынасы;
орындалған жұмыстардың уақытына және сапсына қарай талдау.
Пайыздардан жәнедивидентерден түсетін табыстар мына жағдайларда орындалады:
пайыз уақытша арақатынас негізінде ,яғни активтен түсетін нақты табысты мойындау кезінде;
роялтиді келісім-шарт негізінде тиісті есептеу әдісімен мойындау;
дивидентер акция иеленушісі анықталған сәттен бастап мойындалуы тиіс.
Тауар өткізу м ен қызмет көрсетуден түскен табыс мойындалмайды:
алдын ала тапсырыс берушілер мен сатып алушылардан аванс алынған жағдайында;
келісім нәтижесі қызмет көрсетуге кеткен шығындарды өтемеу қаупін туғызса.
Қаржылық есептілік түсініктемесінде ашып көрсетуі керек:
есеп саясатындағы қабылданған табыстардың мойындалуына арналған қызмет түрлерімен;
есептік кезеңдегі табыстарды,олар:өнім өткізуден,қызмет көрсетуден,дивиденттерден,
Ұйымның табыстарын көрсетуге 6-шы тарау «табыстар» шоты берілген.Оның кредитінде өнім өткізуден түскен түсім,есепті кезеңге жатқызылатын алдыңғы кезең табыстары,негігі құралдардың есептен шығыуынан түсетін түсімдер,субсидиялар және т.б. 6-шы бөлім «табыстар» бөлімінде 2 шоттарбөлімі бар,олар 6020 «Сатылған өнімді қайтару » және 6030 «Бағадан және сатудан жеңілдіктер».Бұл шоттардағы сомалар табыстан шегеріледі.жыл соңында 6-шы бөлім 5610 «Жиынтық табыс (жиынтық шығын)» шотында жабылады.
Табыс шоттарының корреспонденциясы .10 кестеде.
№ | Мазмұны | Дебет | Кредит |
1 | Өнім өткізу мен қызмет көрсетудің құны | 1010,1040,1210,1240,2110,2140 | 6010 |
2 | Алдыңғы кезеңде алынған,бірақ есепті кезеңге жататын табыстар | 3520,4420 | 6010 |
3 | Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден қайтарылған өнімге азайтылған қарыз | 6020 | 1210,1240,2110,2140 |
4 | Бағадан және сатудан жеңілдіктер | 6030 | 1210,1240,2110,2140 |
5 | Негізгі құралдардың,материалдық емес активтердің құны | 1010,1040,1210,1240,2110,2140 | 6210
|
6 | Негізгі құралдардың істен шығыуынан түсім | 1350 | 6210 |
7 | Акция бойынша дивиденттер бөлінді | 1270 | 6120 |
8 | Жеке және заңды тұлғалардан қайтарылмайтын әртүрлі активтер алынды | 1310, 1330, 2410, 1010, 2730 | 6220 |
9 | Депозиттік және арнайы шоттар үшін атқарған билік органдарынан субсидия алынды | 1060,1070 | 6230 |
10 | Курстық өзгерістер көрсетілді | 1020, 1050 | 6250 |
11 | Операциялық аренда бойынша арендалық төлем төленді | 1260 | 6220 |
12 | Инвентаризация кезіндегі активтердің артықшылығы көрсетілді | 1310, 1320, 1330, 1350, 1010 | 6280 |
13 | Тоқтатылатын қызметке байланысты активтерді өндіруден табыс көрсетілген | 1010, 1210, 1240, 1280 | 6310 |
Несиелік айналымдар 6010 шотында « Өнімді өндіру мен қызмет көрсету » 11 журнал-ордерде көрсетіледі, 6020, 6030 шоты бойынша № 14 журнал-ордерде, басқа да табыстар шотында - № 12 журнал-ордерде көрсетіледі.
2. Шығындар мерзімі есебі
Шығын мерзімінің қызметтер мен жұмыстар, өнімді өндірудің шығындарының айырмашылығы біртұтастай өндірістің көлемінің өзгеруіне байланысты, яғни шартты-тұрақты.
Автотранспорт кәсіпорны жұмысты есептік мерзімде аяқталмағанда немесе ешқандай қызмет көрсетпегенде уақыт шығынына тап болады.
Мерзімдік шығындар – бұл ұйымның қызметіндегі табыстар мен шығындар туралы есептер көрсеткіші. Мерзімдік шығындар есептік кезеңде ұйымның қорытынды табысының азаюы көрсетіледі, олар өңделмеген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қалдықтарының құрамында көрсетілмейді. Мерзімдік шығындар туралы нақты ақпараттар есебін құрастыру үшін есеп номинклатурасында бабының орналасуы өте маңызды. Типтік номинклатураға негіздеп, қонақ үйлер өздерінің есеп саясатындағы мерзімдік шығындар есебін бекітіп өндіреді. Қажеттіліктеріне қарай қонақ үйлер типтік номинклатурадағы қосымша баптарын өндіруі мүмкін, онда ұйым қызметі мен экономика мамандандырылған есебінен бірігуімен қысқаруы көрсетіледі.
Төменде тауарды (жұмыс, қызмет) өндіру бойынша табыстар аналитикалық есебі баптарының типтік номинклатурасы көрсетілген:
11-кесте
Бап №
| Шығындар бабының атауы |
1 | Сауда бөлімінің қызметкерлерінің еңбекақысы |
2 | Кәсіпорын мүлкін сақтандыру бойынша шығындар, |
3 | Сауда бөлімінің қызметкерлерінің іс-сапарлық шығындары |
4 | Қызмет көрсету мен өндірудің негізгі қаражаттарын амортизациялау |
5 | Қызмет көрсету мен өндіруге қолданылатын негізгі қаражаттардың мазмұны бойынша шығындар |
6 | Жүктерді жіберілетін орынға дейін тасымалдау |
7 | Көтеру – түсіру жұмыстары |
8 | Нарықты зерттеуге арналған шығындар мен тауарды нарыққа шығару (маркетингтік шығындар) |
9 | Жарнама шығындары |
10 | Кәсіпорынның қоймаларында өнімді орау мен дана шығындары |
11 | Комиссиялық жинақтармен шығару |
Тауарларды (жұмыс,қызмет) өткізу бойынша шығыстың аналитикалық есебі №10 журнал-ордерінің №5 ведомосінің А бөлімінде жүргізіледі, анықтама құжаттар негізінде, журнал-ордерлері, ведомостар, шығындар номенклатурасының баптары бойынша кредиттелген шоттар бөлімінде көрініс табады.
Өндірістік-шаруашылық қызметпен және ұйымға жалпы қызмет көрсету бойынша шығындар жалпы және әкімшілік болып табылады. Автотранспорттық кәсіпорын шығыстарының есебі 7200 «Әкімшілік шығыстар» шотында есептеледі. Бұл шоттың Дебетінде есептік кезең ішінде өнімнің (жұмыс,қызмет) өзіндік құнына қосылмайтын әкімшілік персоналды қамсыздандыру бойынша, ұйымды басқару және қызмет көрсету бойынша шығындар сомасы қалыптасады. Есепті кезең соңында жалпы және әкімшілік шығындардың жалпы сомасы жиынтық пайданың азайтылуына есептен шығарылады. Осыдан кейін 7200 шоты жабылады. Жалпы және әкімшілік шығындардың аналитикалық есебі №10 журнал-ордері №5 ведомосінің Б бөлімінде жүргізіледі. Әр айдың шығындары туралы жазулар корреспонденттік шоттардың бөлімінде түрлі бастапқы құжаттар, басқа да журнал-ордерлер негізінде жүргізіледі. Есептік ай бойынша жалпы және әкімшілік шығындардың жалпы сомасының есептемесі шығын баптары бойынша да, корреспонденттік шоттар бойынша да жүргізіледі. Есепті компьютеризациялау шарттарында шығын баптары бөліміндегі аналитикалық деректер сәйкес машинограммаларда қалыптасады.
Құрамына өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын қоспайтын шығындарға сонымен қатар пайыз төлеміне шығындар жатады. Пайыз өз алдына қарыз алушының кредиторға қарызға алған ақшалы капитал үшін төлейтін табысының бөлігі ретінде танылады. Пайыз бойынша шығындарға жататындар:
Банк кредиттері бойынша пайыздарды төлеу;
Жабдықтаушыларға қарыз бойынша пайыздарды төлеу;
Мүлікті жалға алу бойынша пайыздарды төлеу және т.б.
Төтенше оқиға – бұл қарапайым қызметке сәйкес емес және басшылықтың немесе мүлік иелерінің шешімінен тәуелсіз сирек болатын операциялар не оқиғалар. Бухгалтерлік есепте төтенше оқиғалар келесідей бөлінеді:
- стихиялық апат;
- төтенше жағдай.
Төтенше апат табиғаттың құбылысы, ал төтенше жағдай – адамның іс-әрекетімен байланысты.
Төтенше апаттың компенсацияланбайтын шығындары ұйым меншікті, кәсіпкерлік тәуекелді және т.б сақтандыруға келісімге тұрмаған жағдайда пайда болады. Осымен байланысты стихиялық апат болған жағдайда ұйым сақтандыру компаниядан сақтандыру (возмещении) ала алмайды.
Төтенше апаттан кіріс (шығын) ұйым сақтандыру компаниямен меншікті сақтандыру келісім-шартына отырса, бірақ келісім-шарттың барлық шарттарын атқармаған жағдайда пайда болады.
Төтенше апат нәтижесінде сақтандырушы кейбіп жағдайларда табыс таба алады, атап айтқанда сақтандыру компаниясы төтенше апаттан зиян кешкен меншіктің баланстық құнын толық қамсыздандырады, ал оның қайта қалпына келтіру кезінде ұйым материалдық құндылықтарға ие болады.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1. Өз қызметі барысында көлік кәсіпорындарының мақсаты?
2. Жалпы жылдық табыс – қандай тұлғалардан алынады?
3. Көлік кәсіпорынының атқарылған жұмыс және көрсетілген қызметтен түскен табысын мойындау қандай шарттарды орындағанда іске алынады?
4. Шығындар мерзімінің есебі қалай анықталады?
5. Мерзімдік шығындарға не жатады?
Негізгі әдебиеттер
1.В.Назарова “Как вести учет в строительстве”. Алматы. Изд.Дом. “БИКО” 2010 г.
2.Назарова В.Л. Бухгалтерский учет в отраслях: Учебник – Алматы: Издательство
«Экономика» 2005.- 254 с.
3.В.В. Радостовец О.М.Шмидт Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета.,2010
4.К.Қ.Кеулимжаев «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп»,Экономика баспасы,Алматы2008 жыл.
5.Е. Төлегенов ,А.К.Бейсенбаева «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп», алматы 2008 ж.
Қосыша әдебиеттер
2.О. Сергеева “Как вести учет в строительстве” Алматы. Изд.Дом. «БИКО”.,2010
3.Дьячков М.Ф. и др. “Бухгалтерский учет в строительстве” Учебник М: Фин. и стат., 2005 г.
4.Закон РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28.02.2007г. № 234-III.
Тақырып 4. Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Дәрістің мақсаты - Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру қарастыру.
Негізгі ұғымдар - Келісім-шарт, құрылыстың соңғыөнімі, лицензиялау, құрылыс-монтаж жұмыстары.
Дәріс жоспары:
1.Құрылыстағы бухгалтерлік септің мәні.
2.Құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері,келісім –шарт жасау тәртібі.
1. Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
1.Республика экономикасының даму кезеңіндегі елбасының алға қойған талаптарына және мемлекеттік бағдарламаға сәйкес ,бүгінгі күні құрылыс өндірісінің аумағы кеңіп ,көлемі күннен –күнге жоғарылауда.Осы құбылысқа байланысты халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру заман талабына сай орындалуы керек.талапты орындау мақсатында нақты жүргізілген есеп қана нысанның әрбір шаршы көлемін дұрыс бағалай алады.