Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 21:56, лекция
Негізгі ұғымдар - Автокөлік, клиент, жабдықтаушы, ТКН(тауарлы көліктік наклодной), негізгі қорлар, шот-фактура,қосылған құн салығы, есептесу ведомості,кіріс кассалық ордер, квитанция, ЖЖМ есебі, аванстық есеп, түгендеу описі, салыстыру ведомості агрегаттар есебі ,түгендеу офисі, акт.
Негізгі ұғымдар - Негізгі өндіріс, тиісу-тусіру және экспедициялық жұмыстар бойынша шығындар, номенклатура, транзиттік шоттар, үстеме шығындар, еңбекті қорғау шығыны, өндірістік ғимарат, негізгі қорлардың амортизациясы, автомобильдерді эксплуатациялау.
Дәріс жоспары:
1. Көлік тасымалдауына шығындар есебі
2. Көлік тасымалдырын және қызмет көрсетуге шығындар есебі
1.Көлік кәсіпіорнының негізгі өндіріс автомобильдік тасымалдаулар болып табылады. Пайдалану шығындарына сәйкес өндірістік шоттарда есептеледі. Егер көлік кәсіпорны ірі болса, бұл мақсатқа 8110 «Негізгі өндіріс» активті калькуляциялық шоты қолданылады, ал егер кәсіпорын басқа ұйымның балансында болса – 8310 «көмекші өндіріс шотында» . қалай болсада пайдалану шығындары бірдей калькуляциялық баптарда жүргізіледі.
Шарушылық тәуелсіз көлік кәсіпорындары 8110 «1 тонна тасымалданған жүкке тарифімен жұмыс істейтін автомобильдер бойынша шығындар», 8110.2 «Сағаттық тарифпен жұмыс істейтін автомобильдер бойынша шығындар», 8110.3 «Жеңіл автокөлікті пайдалану бойынша шығындар», 8110.4 «Тиісу-тусіру және экспедициялық жұмыстар бойынша шығынндар» және т.б.
Автокөліктік өндіріс жеке бөлшектерден және бөліктерден тұрмайиын өнімнің жаппай шығарылуымен байланысты. Транспорттық өнімнің өзіндік құнын анықтау қиын методологияны қолдануды қажет етпейді, себебі оған өндірістің жай жалпылық тән, есепті мерзім соңында аяқталмаған өндіріс қалмайды. Автомобильдік тасымалдаулар және қызмет көрсету бойнша шығындар есебі транспорттық процесс бойнша, оларды жеке фазаларға бөлусіз жүзеге асырылады, сондықтан көлік тасымалдарының өзіндік құнын калькуляциялаудың бір процесстік әдісі кең қолданылады. Орнатылған номенклатураға сәйкес бухгалтерлік есепте көлік тасымалдауларына шығындар калькуляция баптары бойынша экономикалық тағайндалуына сәйкес топтастырылады. Бұл топтастыру тасымалдаудың жеке түрлерінің өзіндік құнын анықтау үшін жүзгізіледі және 8110 «негізгі өндіріс» шотында көрініс табатын бухгалтерлік есеп мәліметтері автомобиьдк тасымалдаулардың нақты өзіндік құының калькуляциясын көрсететіндей құралу керек. өнімнің өзіндік құнының калбкуляциясы белгілі бір методикамен құралады. Автомобильдік шығындарды бухгалтерлік жалпылау және атқарылған жұмыс көлемін анықтаған соң 1 калькуляциялық бірлігіне жатады: тасымалданған жүк тоннасы үшін тарифі бойнша жұмыс істейтін жүк паркі үшін-тонна-км; сағаттық тарифтер бойынша жұмыс істейтін жүк автомобиьдері үшін-автомобильдік сағат; автобус паркі үшін-пассажир км; жүк және жеңіл таксомоторлық парк үшін-ақылы км. Аталған шоттарды жіктеу үшін транзиттік шоттар ашылады. Бұл шоттарды есепті кезең баырсында тікелей шығындар есептеледі (жанар-жағармайдың нақты өзіндік құны, жүргізушілердің жүкші экспедиторлардың барлық негізгі және қосымша еңбекақылары, еңбекақыдан аударымдар). Үстеме шығындар есепті кезең соңында алғашқы бөлуден кейін автомобильдік және басқада қызметтер өз құнының құрамына 8410 «үстеме шығындар» шоытнан есептеледі.
8110 шотында лимитті заправкалық ведомосьтке, жол қағазы және автомобиль жұмысына қажет ТМҚ жіберудің басқа да құжаттарына сәйкес жанар-жағар май бойынша шығындар көрсетіледі. ТМҚ құнынан басқа мұнда оларды сақтау және құн орнына жеткізу шығындары енгізіледі. Сонымен қатар бұл шотқа жанар-жағармай үнемдегені үшін есептелген сыйақылар сомасы, жол қағазы, наряд және басқа да құжаттар негізінде жүргізушілер, жүкшілер, экспедиторлар еңбекақысының тоатары жинақталады, 8110 шотында көрініс тапқан еңбек ақыдан аударымдарды есепке алады.
Есеп кезеңінің соңында автокөліктердің және басқа да қызметтердің нақты өзіндік құнының есептен шығуы, сол көрсетілген қызмет клиенттердің, осы кезеңдегі нақты шығындар сол сомаға тен болады, себебі автокөлік өндірісінде аяқталмаған өндіріс жоқ : дебет 7010 шоты « Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны», кредит 8110 шоты « Негізгі өндіріс».
Есепте шығындарды пайдалану 1ведомостінде субшоттар және АТП-ң тікелей және үстеме шығындары, 2 ведомостінде –автокөліктердің нақты өзіндік құнын анықтау түрлері жүргізіледі.
Қорытынды мәліметтер 1 ведомості № 10 журнал ордеринде енгізіледі, яғни көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құны, АТП-ң көрсетілген жері.
2.Басқаруға және автокөліктерді тасымалдау мен қызмет көрсетуге кеткен шығындардың есебі.
Басқаруға және автокөліктерді тасымалдау мен қызмет көрсетуге кеткен шығындардың есебі тұрақты шығындар болып табылады. Олардың көлемі әрқашан да автокөлік паркілерінің атқарған жұмыстарына тәуелді болмайды. Бұндай шығындар, әдетте, құрал-саймандарды пайдалану мен олардың мазмұнының шығындары жатады.
Автокөлік кәсіпорында, тасымал және транспорттық-пайдалану операцияларын жүзеге асыруға, әр түрлі аралас түрлерә бар, ал үстеме шығындарды тасымалдау және транспорттық қызметтер, түрлерін бөлек есептеу үшін қажет, сонымен қоса ішкі өндіріс бөлімшелеріде.
Үстеме шығындар келесідей номенклатура бойынша топтастырылады:
1) Негізгі өндірістік еңбек ақысы-тізбекті қызметкерлер (негізгі және қосымша) — диспетчерлер, механиктер, техниктер.
2) Жәрдемші және көмекші жұмысшылардың еңбекақысы (негізгі және қосымша) — шеберханада құрал-саймандарды үлестіргіштер, жуушы, құрал-саймандарды жөндеу жұмысшылары және басқа да қосымша жұмысшылар, жөндеу жұмыстары мен жылжымалы құрамның техникалық қызмет көрсетуінен басқа жұмысшылар.
3) Оқушының еңбекақысы (негізгі және қосымша). Оқушының кесімді жалақысы, жөндеу жұмыстары үшін есептелген төлемдер, бұл тармаққа қатысы жоқ.
4) Күзет қорғаушысының мазмұны — (негізгі және қосымша) еңбекақы.
5) Мазмұны өндірістік ғимарат және автотранспорттық кәсіпорындарының территориясы — жанармай құны, бу, су және жылыту үшін газ, онымен қоса жарық беретін электроэнергиялар, канализацияны тазалықта ұстауға кететін шығындар, мүлік пен материалдардың құны, ғимаратты тазалақта ұстау шығындары және т.б. жатады.
6) Еңбекті қорғау шығыны, техника қауіпсәздігі және арнайы кесім — барлық шығындар жұмысшылар үшін жұмыс орындарын қауіпсіз құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету (құрылғы, қоршау, өртке қарсы қалқан және т.б., плакатты сатып алуға кеткен шығындар, жазулар, алдын ала қауіпті орындардан сақтандыру және түсіндірмелі ережелер жұмысы лекциялар үшін төлемдер мен арнайы қауәпсәз еңбекті қабылдау инструктажын өткізу, қажетті медикаментоздарды сатып алуға кеткен шығындар, арнайы және қорғау киімі? Оған қоса кезекшінің арнайы киімі) ол жұмысшыларға тегін беріледі.
7) Жөндеу және құрал-саймандарды істе ұстау-станоктарды жөндеу шығындары, стендтер, электродвигательдер, көтергіш, гараждың транспорттық құралдары (талдар, балкалар, тельферлер) майлау материалына жәе салқындату үшін эмульсия, бөліктерді өңдеу кезінде қолдану, белдіктердің және басқа да материалдардың құны.
8) Негізгі қорлардың амортизациясы — барлық құралдың амортизациясы аударылған, ғимараттар жіне басқа да негізгі қорлардың автокөлік кәсіпорынының орнатылған нормаларына сай амортизацияны есептен шығару.
9. Негізгі қорлардың жөндеуі – өндрістік бөлімдердің, қоймалардың, шатырлардың, қоршаулардың, электрожүйелердің, су құбырлардың, канализацияның, автобус станцияларының, павильондардың және т.б. жөндеуіне кеткен шығындар, еңбек ақы мен негізгі қорлардың жөндеуіне кеткен материалдар үшін шығындарды қоса.
10. Автомобильдерді эксплуатациялау мен жөндеуде процесінде жұмсалатын көмекші материалдар және қандай да бір жөндеудің немесе техникалық қызмет көрсетудің шығындарына апарыла алмайтын – оттегі, ацетон, кальций карбиді, электродтар, жоса(сурик), жіптер, шпагат, шегелер, картон және т.б.
11. Технологиялық қажеттіліктерге отын мен электроэнергия – темір соғатын және вулканизациялық жұмыстарға отын шығындары, сонымен қатар автомобильдерге қажетті су мен майды жылыту; автокөліктерге техникалық қызмет көрсетуге байланысты құрал жабдықтарды және станоктарды іске қосу үшін барлық электроэнергияға шығындар.
12. Сумен жабдықтау – өндірістік қажеттілік үшін судың бағасы (автомобильдерді жуу және т.с.с.).
13. Шаруашылық және техникалық қызмет көрсетудегі автокөліктерді күту үшін шығындар.
14. Эксплуатациялық, техникалық және өндірістік құжаттардың бланкілері – жол қағаздар, автобус билеттері, квитанция және т.с.с-дың бланкілерінің бағасы.
15. Жүк берушілермен өтелмеген шоферлардың іссапар шығындары – алыс маршруттағы жұмыстарға жүк автомобилдердің шоферлераны төленген сомалары (тәуліктік және пәтер шығындары),рейс бірнеше күнге созылса, ал жүк тасымалдау ақысы тариф бойынша өтеусіз жүргізілсе; шофердың тәуліктік және пәтер шығындары.
16. Кадрладың біліктілігін жоғарлату – жұмыскерлерді техникалық және өндірістік оқыту бойынша шығындар және эксплуатациялық шығындар арқылы төленетін олардың біліктілігін көтеру бойынша жұмыс атқаратындар.
17. Өндірісті жетілдіру және рационализациялау бойынша шығындар – рационализаторлардың ұсыныстарының сәйкестілігі бойынша тәжірибелі үлгілерді, құрылғыларды, құрал жабдықтарды дайындау бойынша шығындар; автокөліктік кәсіпорындарды жетілдіру және рационализациялау бойынша ұсыныстарды еңгізген тұлғаларға сыйақы беру бойынша шығындар.
18. Жалдау бойынша ақы – бөлмелерді, ғимараттарды, қойманы және басқа да жалпы өндірістік негізгі қорларды жалдау бойынша шығындар.
Жылжымалы құрамды жөндеу бойынша шығындар үстеме шығындарға жатады. Егер осы шығындар үлкен мөлшерде болса және бірнеше есептік кезеңнің тасымалдау көлемін қамтыса, онда олар біркелкі өтеледі және олардың өткізілуіне шығын сомалары бірнеше ай бойы біркелкі үлеспен өзіндік құнына еңгізіледі.
Егер жөндеу жоспарлы-ескертпелі сипатта болса, онда әр ай сайын үстеме шығындарға жоспармен бекітілген сомалар апарылады. Автокөліктерді тасымалдаудың әртүрлі түрлерінің өзіндік құнының нақтылығы мен негізділігі көбінесе үстеме шығындарды бөлудегі қолданылатын әдістемеге байланысты. Кәзіргі уақытта автомобильдік көлікте үстеме шығындарды бөлудегі есептілікте біркелкі әдіснама жоқ. Тасымалдаудың бөлек түрлері мен орындалғанжұмыстардың арасындағы үстеме шығындарды бөлудегі әдістің ең таралған түрі,өндірістік жұмыскерлерінің ( шоферлардың, кондукторлардың, жүкшілердің және т.б.) негізгі еңбек ақыларына пропорционалды осы шығындарды бөлу,прогрессивті-кесімді жүйенің төлемі бойынша қосымша төлемнен басқа. Олар тасымалдаудың барлық түрлерінің өзіндік құнына еңгізіледі,сонымен қатар капиталды құрылыс пен негізгі қорлардың капиталды жөндеудің өзіндік құнына және басқа жаққа өткізілетін жаңа қосалқы бөлшектерді өндіруге еңгңізу. Тәжірибеде автөкөліктік кәсіпорындарында үстеме шығындарды бөлудегі басқа да әдістері қолданылады – жоспарлы-сметалық ставкаға пропорционалды,тікелей шығындарға пропорционалды, жұмыс істеген автомобиль-сағатқа пропорционалды.
Үстеме шығындардың есептілігі шығындардың түрлері мен өндірістің түрлеріне байланысты 1-ші ведомостьта жүргізіледі. 1-ші ведомостьтің қорытынды мәліметтері 1-ші журнал-ордерге көшіріледі.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1. Көлік кәсіпіорнының негізгі не болып табылады?
2. Шарушылық тәуелсіз көлік кәсіпорындары қандай шотта жүргізіледі?
3. Басқаруға және автокөліктерді тасымалдау мен қызмет көрсетуге кеткен шығындардың есебі қандай шығындар болып табылады?
4. Үстеме шығындар қандай номенклатура бойынша топтастырылады?
5. Негізгі қорлардың жөндеуі қандай бөлімдерде жүргізіледі?
6. Үстеме шығындардың есептілігі шығындардың түрлері мен өндірістің түрлеріне байланысты нешінші ведомостьта жүргізіледі?
Негізгі әдебиеттер
1.В.Назарова “Как вести учет в строительстве”. Алматы. Изд.Дом. “БИКО” 2010 г.
2.Назарова В.Л. Бухгалтерский учет в отраслях: Учебник – Алматы: Издательство
«Экономика» 2005.- 254 с.
3.В.В. Радостовец О.М.Шмидт Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета.,2010
4.К.Қ.Кеулимжаев «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп»,Экономика баспасы,Алматы2008 жыл.
5.Е. Төлегенов ,А.К.Бейсенбаева «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп», алматы 2008 ж.
Қосыша әдебиеттер
2.О. Сергеева “Как вести учет в строительстве” Алматы. Изд.Дом. «БИКО”.,2010
3.Дьячков М.Ф. и др. “Бухгалтерский учет в строительстве” Учебник М: Фин. и стат., 2005 г.
4.Закон РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28.02.2007г. № 234-III.
Тақырып 3. Көлік кәсіпорынының қызметінің қаржылық нәтиже есебі.
Дәрістің мақсаты - көлік кәсіпорынының қызметінің қаржылық нәтиже есебін қарастыру.
Негізгі ұғымдар - табыс, жылдық табыс, тоқтатылған қызмет, ХҚЕС, келісім –шарт дивидент, акция, мерзімдік шығындар, стихиялық апат, төтенше жағдай.
инвентаризация, субсидия, депозит.
Дәріс жоспары:
1. Көлік кәсіпорынының қызмет көрсету мен жұмыстар орындаудан түскен табыстар есебі.
2. Кезең шығындары есебі.
1.Өз қызметі барысында көлік кәсіпорындары табыс тауып, шығынға ұшырайды. Табыс – бұл экономикалық ресурстардың активтердің келуінен немесе активтер өсімінен, не болмаса ұйымның қызметі нәтижесінде міндеттемелерінің азаюынан өсуі. Жалпы жылдық табыс – жеке немесе заңды тұлғаның әр түрлі көздерден күнтізбелік жыл ішінде тапқан табысы. Жалпы жылдық табысқа жалғастырылып келе жатқан және тоқтатылған қызметтен түскен табыстар жатады. Жалғастырылып келе жатқан табыс дайын өнім өткізуден, сатып алынған тауарларды өткізуден, құрылыс-монтаждық, ғылыми-ізденушілік жұмыстардан және сыйақы, дивидендтер, материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды өткізуден құралады. Ұйым қызметінің жеке ірі бағыты немесе жоспарға сәйкес бүтіндей немесе бөлшектеп сатылатын операциялар жүргізудің географиялық ауданы болуы мүмкін. Бұл келісімдер нәтижесі тоқтатылған қызмет ретінде көрсетіледі. Мұндай операцияларды ХҚЕС 5 «Сату үшін ұсталып тұрған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет» реттейді. Табыстар есебі №18 «Табыс» ХҚЕС-на сәйкес жүргізіледі. Табыс келесілер нәтижесінде алынуы мүмкін: