Курылыстагы бух есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 21:56, лекция

Описание работы

Негізгі ұғымдар - Автокөлік, клиент, жабдықтаушы, ТКН(тауарлы көліктік наклодной), негізгі қорлар, шот-фактура,қосылған құн салығы, есептесу ведомості,кіріс кассалық ордер, квитанция, ЖЖМ есебі, аванстық есеп, түгендеу описі, салыстыру ведомості агрегаттар есебі ,түгендеу офисі, акт.

Работа содержит 1 файл

курылыс.doc

— 801.50 Кб (Скачать)

 

 

Қоймадағы ЖЖМ-дың (жанар жағармай) аналитикалық есебі қойма есебі карточкаларында, бухгалтерияда ЖЖМ қозғалысы туралы есептілік негізінде толтырылатын ақша қаражаттары қозғалысының есеп ведомосінде ұйымдастырылады.

 

3. Қосымша бөлшектер, агрегаттар есебі және құжаттарды толтыру.

Автокөлік кәсіпорынның қоймасына жеткізушіден агрегаттар мен қосымша бөлшектердің келіп түсуінің толтырылуы және өндіріске жіберілуі көбіне , материалдар есебі бойынша бастапқы құжаттардың типтік бланктерінде (тауарлы-транспорттық накладной, шот-фактура, кіріс накладнойы, лимит карталары, лимитті жинақтаушы карталар, талаптар, накладнойлар және т.б.) жүзеге асырылады. Автокөлік кәсіпорындарына қосымша бөлшектер мен агрегаттар материалдық-техникалық қамту ретінде келіп түседі. Олар нақты құнымен 1350 «Өзге де қорлар» шотында есепке алынады. Аналитикалық есеп натуралды және ақшалай сипатта есеп құнымен жүргізіледі. Көліктік-дайындау бойынша шығындар сомасы аналитикалық есепте бөлек көрсетіледі. Көліктік-дайындау шығындар есептеп шығару айдың соңында жұмсалған қосымша бөлшектер құнына пропорционалды түрде жүргізіледі.

Автокөлік пен тіркемелерден алынған жаңа қосымша бөлшектер, соеның ішінде жөндеуді қажет ететін және қолдануға жарамды, оған қоса жөнделген және металлоломға өткізілетін бөлшектер есебі үшін 1350шоты бойынша суб шот ашылады.

Қоймадан жаңа қосымша бөлшектердің жіберілуі гараждың немесе жөндеу цехының талабы бойынша тозған бөлшектерге колонна бастығының немесе бос инженердің қолы қойылған акт негізінде жүзеге асырылады. Кейбір автокөлік кәсіпорындарында,бөлек қоймаларда жаңа және тозған бөлшектерді сақтау ұйымдастырылады. Бұл өте тапшы бөлшектерді қолдану кезінде болатын әр түрлі қастандықтардың алдын алады. Қазіргі уақытта автокөлік кәсіпорындарындаең сапалы және жедел әдіс болып саналатын жөндеудің агрегаттық әдісі қолданылады. Бұл жағдайда қоймаларда жаңа агрегаттардың жәнеістен шыққан автокөліктен келіп түскен агрегаттар есебінен айналым агрегаттарының қорын құру қажет. Істен шыққандарды алмастыру үшін оларды алмастыратын авторемонтты кәсіпорындарға жібереді. Егер агрегатты ремонттауға болмаса, оны әрі қарай бөлшектеп қоймаға басқа қосымша бөлшек ретінде кірістейді. Агрегат қоймаға келіп түскенде гараждың реттік нөмірі, автокөлік моделі, ремонттау түрі, агрегаттың атауы, жүріп өткен уақыты, қоймадан келіп түскені, қайдан келіп түскені, қашан және қайда берілгені көрсетілетін арнайы есеп картасын ашады. Автокөлікті жөндеу үшін  агрегаттардың өткізілуі мына жағдайда жүзеге асырылады, егер айырбастау фондына тура сондай автокөліктен алынған агрегат тапсырылса. Сондықтан  ал жаңа келіп түскен агрегат үшін қолданады. Қосымша бөлшектер мен агрегаттардың бухгалтерлік есеп операция шоттарындағы көріністі қарастырайық.

 

Операцияның мазмұны

Құжат

Корреспонденциялық шоттар

 

1

2

3

4

5

1

Қоймаға қосымша бөлшектер кірістелді

жеткізушілерден

Шот-төлем тапсырмасы

1350

3310

2

Әр түрлі заңды және жеке  тұлғалардан қайтарымсыз;

Кіріс накладнойы

        

      

        1350

   

 

        6220

3

Атқарушы билік органдарынан;

 

Кіріс  накладнойы

 

       1350

 

       6230

4

-Құрылтайшылардан  жарғылық капиталды құру тәртібінде;

 

Кіріс накладнойы

 

 

 

 

    1350

 

 

  5030

 

5

-Түгендеу кезінде артық ретінде табылған;

 

Түгендеу офисі

 

 

1350

 

 

 

 

   16280

6

-есепті сомалардан төленген

 

Аванстық есеп

1350

 

1250

7

-Кассадан төленген

Кіріс накладнойы

1350

1010

8

-Қосалқы бөлшектердіқоймаға жеткізу шығындары көрсетіледі:

 

 

 

9

-жеткізу көлігімен

  шот

1350

3310

10

-өзінің көлігімен

Есеп айырысу ведомосі

1350

8110,8310

11

Қосалқы бөлшектерді түсіру  және орналастыру үшін енбек ақы есертелді:

 

 

 

12

-тізімдік құрам жұмысшыларына

Есеп айырысу ведомосі

7210

3350

13

-тізімдік емес  құрам жұмсшыларына

Есеп айырысу ведомосі

1350

3350

14

Қосалқы бөлшектерді түйгені ушін төленді:

 

 

 

15

-есепті сомалардан:

Аванстық есеп

1350

1250

16

-кассадан

Шығыс кассалық ордер

1350

1010

17

Қосымша өндіріс цехтарында өндірілген қосалқы бөлшектердің құны көрсетіледі:

Есеп айырысу

1350

8310

18

Орындалған бөлшектерді жөңдеу құны  көрсетіледі:

 

 

 

19

-мердігерлік жолмен

шот

1350

3310

20

-шаруашылық жолмен

Есеп айырысу

1350

8310

21

Автомобильдерді жөңдеу  мен ликвизациялау кезінде шешілген бөлшенктер мен агрегаттар кіріс етілді:

Акт

1350

6280

22

Тозғандардың  орнына жөңдеуге бөлшектермен агрегаттар қоймадн берілді.

Шығыс накладнойы

1350

1350

23

Автокөлікті жөңдеу кезінде қолданылған бөлшектермен агрегаттар құны есептен  шығарылды.

Шығыс накладнойы

8310

1350

24

Бөлшектермен агрегаттар өткізілді :

 

 

 

25

-еңбек ақы  есебіне

Шығыс накладнойы

3350

6280

26

-шот жазып  берумен

Шығыс накладнойы

1210

6280

27

-кассаға төлеумен

Шығыс накладнойы

1020

6280

28

-есеп айырысу шотына төлемен

Шығыс накладнойы

1030

6280

 

Өткізілген қайтарымсыз берілген және жетіспейтін бөлшектер мен агрегаттардың нақты өзіндік  құны есептен шығарылды.

Есеп айырысу

7410

1350

 

 

4.Автокөлік  доңғалағы есебі және оның жүргізу құжаттары.

 

Басқа құндылықтарға қарағанда  көлік доңғалағы есебінің өзіндік ерекшелігі бар.

Автокөлік доңғалағы комплектісіне  (доңғалақ санына қарай) және бір қосымша доңғалақ автокөлікпен бірге (покрышкасы және камерасымен қоса) кәсіпорынға  инвентарлық объект ретінде, автокөлік бағасымен қоса, негізгі құрал ретінде түседі.

Қоймадағы және техникалық айналымдағы автошина  1350 «Өзге де қорлар» (аналитикалық есебі қоймадағы және айналымдағы) құнымен жүргізіледі.

Ауыстырылған автошина ауыстырылған уақытымен өзіндік құнға кеткен көлік дайындау шығындарымен бөлек жүргізіледі.

Пайдаланылған автошина кепілдендірілген нормаға дейінгі қалған құнымен есептеледі. Жарамсыздары жойылу құнымен есептеледі, ал ремонтталғандары (протектормен жамалған) қосылған құнмен жүргізіледі.

Әр автошинаның өз маркировкасы, яғни белгісі болады. Олар размеріне, шығарған заводтың фирмалық белгісіне, шығарылған уақытына (айы, жылы), покрышканың сериялық номеріне қарай бөлінеді. Автошина есебі басқа есептерге қарағанда пайдалану уақытына қарай өзгеше болады. Қоймада олардың маркасын, размеріне, бағасына қарай әр автокөлік доңғалақтарына арнайы карточкалар жүргізіледі. Қоймаға түскен және берілген автокөлік доңғалақтарының негізгі құжаттары көліктік-тауарлық накладной, шот-фактура, накладной және спецификация, талаптар болып табылады.

Автокөлік доңғалағының негізгі ережесі болып, олардың жасалған уакытынан бастап 5 жылға дейінгі ремонтын қоспағанда (қоймада сақталған уақытын қоса) гарантиялық нормаларына қарай жүруі болып табылады.

Автокөлік доңғалағының жылдамдығы бойынша есеп әр автокөлік бойынша және автокөлік доңғалағының жылдамдықтры белгіленетін карточка есебіндегі әрбір покарышка  бойынша есеп әрқашан және уақытылы жүргізіліп отырады.

Осы есеп карточкалары покарышкалардың істен шыққан кездегі шығынға шығару құжаттарының негізі болып табылады және осы карточка есебіне қарай жүргізушілердің қосымша сыйақы алу есебі есептеледі. Ал покрышка жүргізу есеп карточкасы тек қана жүріп жүрген автокөлік покрышкалары есептелінеді, солардың жүрген жылдымдығы негізгі  жүрген жылдамдығымен есептеледі және де ремонтталған және ремонттан қайта іске қосылған покрышкалар есебі де есептелінеді.

Гарантиялық уақыты өтпей істен шыққан автопокрышкалар (өндірістік деффект) шығарған уақытқа қайтарымсыз ауыстырылады.

Бұл автошиналар заводқа қайтарылған кезде деффектілері көрсетіліп, оларға акт толтырылады.

Жаңадан автошина алу үшін немесе оны жөндеу үшін кететін қаражат сомасы алдын ала бөлінеді. Жөндеуге немесе толық қайта қалпына келтірілетін тиісті мөлшердің пайызын комплек бағасын 1000 км жүріске бөліп шығарады.  Осы нормалар дифференциалдары  автокөлік түрлеріне (оның жүк көтеру мөлшеріне, автокөлік мекемесінің тұрған жеріне) қарай байланысты. Автошинаның жойылу құнының мөлшерін білу үшін, кеткен барлық шығынды 1000 км жүрген жылдамдықты автокөліктің доңғалақ санына (қосымша доңғалақ кірмейді) көбейтеміз.

Шыққан соманы 1 айлық автокөліктің нақты жүрген жүрісіне көбейтіп мыңға бөлеміз.

Егер есептен шығару кезінде автошиналар белгіленген нормаға қарсы жүріп өтпеуі болса, тозудың жүріп өтпеуге есептелген соммасы, аударым сомасының көлеміне ұлғаяды, ал көп жүріп өтуіне байланысты кәсіпорын жұмысшыларына осы шиналардың көп жүріп өтуіне төленген сыйақы соммасын есепке алмағанда сәйкесінше кішірейеді. Автошинаны жөндеу бойыншы шығындар да есептелген резерв сомасынан есептен шығарылады.  Бұл жағдайда 3390 шотының, «Автокөлiк шиналарының тозуын қалпына келтiрудегі алдағы шығындар және жөндеуi» субшот дебеті бойынша және шығынның түріне байланысты әр түрлі шоттың кредиті бойынша жазба беріледі. Шинаны қайта қалпына келтіру кезінде  шина жөндеу зауытына қалпына келген шинаға айырбастау үшін тапсыру кезінде прейскурант бойынша автошина комплектін құны «Қайта қалпына келтіру үшін шина жөндеу зауытына жіберілген автошина» аналитикалық шотынан 1350 шотының ішінде аударылады.  Қайта қалпына келтіру үшін жіберілген автошинаның есебі ақшалай және натуралды түрде жүргізіледі. Протектор салу әдісімен қалпына келтірілген шинаны жарамсыздық үшін есептен шығару кезінде есептелген резерв камера, лента және шинанық  баланстық құнымен түзетіледі:

-  Шинаның нормадан тыс жүрген жолы үшін тасымалдау шығындарының өзіндік құнының  арқасында келешек шығындар резерві кішірейеді (8110, 8310 шотының дебеті бойынша және 3540 шотының кредиті бойынша сорналық жазу).

-  Өндірістік ақауы бар, кепілдік нормасынан төмен жүрген шинаны есептен шығарғанда Автошинаны қолдану ережесіне сай   қайта төленген соманы дайындаушы-зауыт немесе шинан қайта қалпына келтіру кәсіпорны есебінен резервтің қалғанын төлеу жүргізіледі.

Жаңа сериалы және протектор салу әдісімен қайта қалпына келтірілген шиналардың жүру жолының ұлғайғаны үшін автомобиль жүргізушілері мен автотранспорттық кәсіпорындардың жұмысшыларына сыйақы төленеді.

Автошиналарды қайта қалпына келтіру немесе жою үшін шина жөндеу зауыттарына өткізу мақсатында есептен шығарғанда, тозуды қалпына келтіру және авто шинаны жөндеуге есептелген резерв соммасы  ай сайын түзетіліп отырады:

-  Әлі жөндеуге ұшырамаған шиналардың қолдану нормасынан төмен жүріп өтуі және қалпына келтірілген шиналардың кепілді нормадан төмен жүргені үшін есептелген автошинаны жөндеу және олардың тозуын қалпына келтіру үшін келешек шығындарға резерв сомасы тасымалдаудың өзіндік құнына апарылған, жүріп өтілмегеніне есептелген    сомаға ұлғаяды;

-  Шиналардың нормадан тыс жүргені үшін келешек шығындарға резерв соммасы сәйкесінше тасымалдаудың өзіндік құны енгізілген шығындарды қысқарту есебінен кішірейеді.

Ары қарай қолдануға жарамсыз автокөліктерден алынған автошиналар, жеке покрышкалар, камералар және ленталар автошаруашылық (автохозяйства) ретінде кірістеледі.

Осыған байланысты бухгалтерлік есепте 3540 шотының, «Тозуды қалпына келтіру және автошинаны жөндеуге келешек шығындар» субшот  кредиті бойынша, және келесі шоттардың дебеті бойынша жазба беріліді:

-  1350- жөнделетін және қалпына келетін шиналардың сомасына. Бұл жағдайда шиналар соммалық және көлемдік есеппен қамтылуы қажет.

-  1350- жөнделмейтін және қалпына келмейтін, өңдеуге жіберілетін шиналардың соммасына.

Шинаның толық жүріп өтпеуімен байланысты залал және шинаның шектен тыс жүріп өтуіне байланысты үнемдеу тасымалдаудың өзіндік құнында бейнеленеді. Экономикалық дәлелденген тозуды қалпына келтіру мен автошинаны жөндеуге арналған резерв көлемі, автотранспорттық кәсіпорындардың қаржылық қызметінің нәтижесіне белгілі көлемде әсер етеді.

 

 

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Автокөліктік  кәсіпорын мен клиент арасындағы қатынас қандай шартпен белгіленеді

2. ТКН(тауарлы көліктік наклодной) негізінде шофер жолдама қағазда қандай көрсеткіштерді жазады?

3. Жүктеу-жүк түсіру механизмі жұмыстарының есебі қандай құжатта жүргізіледі?

4. АТК-да эксплуатациялық шығындар есебі активті калькуляциялық қандай шотпен есептелінеді?

5. Жүргізушілер талонды қай құжатта қолдарын қояды?

6. Қосымша бөлшектер, агрегаттар есебі және құжаттарды толтыру қалай жүргізіледі?

7. Автокөлік  доңғалағы есебі және оның жүргізу құжаттары қандай?

 

 

 

Негізгі әдебиеттер

1.В.Назарова “Как вести учет в строительстве”. Алматы. Изд.Дом. “БИКО” 2010 г.

2.Назарова В.Л. Бухгалтерский учет в отраслях: Учебник – Алматы: Издательство

«Экономика» 2005.- 254 с.

3.В.В. Радостовец О.М.Шмидт Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета.,2010

       4.К.Қ.Кеулимжаев  «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп»,Экономика        баспасы,Алматы2008 жыл.

     5.Е. Төлегенов ,А.К.Бейсенбаева  «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп», алматы 2008 ж.

      Қосыша әдебиеттер

1.МСФО-11 “Договоры подряда”,2010

2.О. Сергеева “Как вести учет в строительстве” Алматы. Изд.Дом. «БИКО”.,2010

3.Дьячков М.Ф. и др. “Бухгалтерский учет в строительстве” Учебник М: Фин. и стат., 2005 г.

4.Закон РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчет­ности» от 28.02.2007г. № 234-III.

 

Тақырып 2. Көлік кәсіпорынындағы шығындар есебі

Дәрістің мақсаты -  Көлік кәсіпіорнының негізгі өндіріс автомобильдік тасымалдаулыр болып табылады.

Информация о работе Курылыстагы бух есеп