Курылыстагы бух есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 21:56, лекция

Описание работы

Негізгі ұғымдар - Автокөлік, клиент, жабдықтаушы, ТКН(тауарлы көліктік наклодной), негізгі қорлар, шот-фактура,қосылған құн салығы, есептесу ведомості,кіріс кассалық ордер, квитанция, ЖЖМ есебі, аванстық есеп, түгендеу описі, салыстыру ведомості агрегаттар есебі ,түгендеу офисі, акт.

Работа содержит 1 файл

курылыс.doc

— 801.50 Кб (Скачать)

Бухгалтерлік қорытынды есептің құрамы мен түрлері туралы ұғымға келетін болсақ, бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайын, сондай-ақ белгілі бір уақыттағы қызметінің қаржылық қорытындысының нәтижесін көрсететін көрсеткіштер жүйесінен тұрады.

Бухгалтерлік қорытынды есеп өзінің негізгі болып саналатын белгілеріне қарай, яғни жасалу уақыты, мәліметтің көлемі және тағайындалуы бойынша жіктеледі.

Жасалу уақытына қарай бухгалтерлік қорытынды есеп ағымдағы және жылдық деп аталатын екі түрге бөлінеді: Кәсіпорынның ағымдағы (жыларалық) бухгалтерлік қорытынды есебі негізінен қысқа септі кезең аралығына жасалады (бір айға, бір тоқсанға немесе жарты жылға). Ал кәсіпорынның жылдық бухгалтерлік қорытынды есебі есеп беретін жылға жасалады. Оның ағымдағы қорытынды есептен айырмашылығы балансқа көптеген қосымшалар тіркеліп, кәсіпорынның қаржылық және мүліктік жағдайы туралы толығырақ ақпарат береді. Сондықтан да бұл ақпараттық мәліметтер кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін нақтылы бағалауға мүмкіндік береді.

Мәліметтің көлеміне қарай бухгалтерлік қорытынды есептің өзін алғашқы және жиынтық бухгалтерлік қорытынды есеп деп аталатын екі түрге бөлуге болады. Алғашқы бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорынның ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде жасалады. Оның құрамында кәсіпорынның белгілі бір уақыт аралығындағы мүліктік немесе қаржылық нәтижесі көрсетіледі. Жиынтық бухгалтерлік қорытынды есепті құрамында туынды немесе еншілес серіктестіктері бар шаруашылық кәсіпорындары өзінің және сол серіктестіктерінің қорытынды есептерінің негізінде жасайды.

Тағайындалуы бойынша жасалынған бухгалтерлік қорытынды есеп ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі деп аталатын бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтері шаруашылықты басқару үшін, сондай-ақ басшылардың қандай да бір мәселелерді шешуі үшін пайдаланылады. Бухгалтерлік қорытынды есептің бұл түрі  сыртқы пайдаланушыларға берілмейді және оның мәліметтерін жариялауға тыйым салынады. Ал бухгалтерлік қорытынды есептің сыртқы түрі барлық пайдаланушылар үшін ашық түрде беріледі. Сонымен қатар, қорытынды есептің бұл түрін кәсіпорын кейбір жағдайларда жарнама ретінде ақпараттық құралдар беттеріне де жариялайды.

Жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорын қызметінің түріне, шаруашылық саласына қарамастан мына құжаттардан тұрады:

-          бухгалтерлік баланстан;

-          пайда мен зиян туралы есептен;

-          меншікті капиталының қозғалысы туралы есептен;

-          ақшалардың қозғалысы туралы есептен;

-          түсініктемелік жазбадан;

Бухгалтерлік қорытынды есепке қойылатын талаптар. Бухгалтерлік есеп қағидаларына сәйкес кез келген кәсіпорындардың бухгалтерлік қорытынды есебі мынадай негізгі талаптарға жауап беруі керек – сенімділік, тұтастық, тізбектілік, салыстырымдылық, есепті кезең және рәсімделу.

Сенімділік – бухгалтерлік қорытынды есептің сенімді және толық түрде кәсіпорынның мүліктік немесе қаржылық жағдайын таныстыратын шаруашылық қызметтегі қаржылық нәтижелері болып табылады. Сенімді бухгалтерлік қорытынды есеп ҚР-ның бухгалтерлік есебі стандарттарына, сондай-ақ белгіленген нормативті актілер мен ережелерге сәйкес жасалады.

Тұтастылық – кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебінде осы кәсіпорындағы орындалған барлық шаруашылық операциялардың міндетті түрде қамтылып көрсетілуі болып табылады.

Тізбектілік – кәсіпорынның бір есепті кезеңінен екінші кезеңіне дейінгі орындалған операциялардың күнделікті тіркеліп отыруы.

Салыстырымдылық – бухгалтерлік қорытынды есептің бір кезеңдегі мәліметінің екінші есепті кезеңнің мәліметімен салыстырылып көрсетілуі болып табылады.

Белгіленген заңға сәйкес, есеп беру кезеңі барлық кәсіпорындар үшін 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі аралық болып бекітілген.

Бірінші қорытынды есеп жылы болып кәсіпорынның жаңадан құрылған күнінен бастап немесе кәсіпорынның қайта ұйымдастырылған уақытынан, яғни тіркелуінен басталып сол жылдың 31 желтоқсанына дейінгі уақыт аралығы саналады.

Егер кәсіпорын тіркеуден 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында өткен жағдайда, ол кәсіпорынның алғашқы есеп беру уақыты келесі жылдан басталады. Кәсіпорынның тіркеуден өткенге дейінгі операциялары бойынша шығындары алғашқы жасалатын бухгалтерлік қорытынды есепке қосылады.

Қаржылық есептілік №30 ҚБЕС-на сәйкесжасалады. Қаржылық есептілік, оған аудиторлық және тексеруші комиссияның қорытындысы берілгеннен кейін серіктестіктің қатысушысына ұсынылады.

Қаржы-шаруашылық операцияларын құрудың бастапқы құжаттары болып ҚР-ның Азаматтық Кодексінің талаптарына және жақтардың келісіміне сәйкес рәсімделетін шарттар, келісімдер, бұйрықтар және т.б. табылады. Бастапқы құжаттар 1994 жылғы 16 қарашадағы №73 ҚР-ның Мемлекеттік статистикалық комитетімен бекітілген бастапқы есеп құжаттарының ведомствоаралық нысандар альбомына сәйкес рәсімделеді.

 

2. Құрылыс кәсіпорынының қаржылық қорытынды есептілігінің ерекшелігі

Шаруашылық есеп саясатында барлық өзгерістерді, жаңалықтарды және құрылыс қызметінің есебінің құрылысқа қатысушылардың өзара арақатынастарының таңдалған схемасы ерекшеліктерін көрсету керек. Мұны жасаудың негізі мен базасы ретінде пайдаланылатын құжатттар:

-          БЕС № 12 «Күрделі құрылысқа мердігерлік келісім» 21.05.97 жылы №7 және 14.02.03 жылы №61 нұсқаулар бойынша өзгерістерімен енгізілген;

-          29.10.02 жылы №542 ҚР ҚМ «Қаржылық есептілікті жасау мен ұсынудың концептуалды негіздерін бекіту туралы» бұйрығы.

Қаржылық есептілікті тапсыру көзделген септі кезең аяқталғанда субъект алдында қаржылық ақпаратты ұсынудың дұрыстығы мен толықтығы туралы сұрақ тұрады.

Мердігер құрылысты аяқтаса да, аяқтамаса да мыналарды көрсету керек: есепті кезеңдегі әрбір құрылыстық-мердігерлік шарттың табыс сомасын, сонымен қатар құрылыстық-мердігерлік шарт ағымдағы есепті кезеңде ашылып, жабылған жағдайда, табыс сомасы дұрыс анықталады және объектіні қабылдау актісіне қол қойғаннан кейін тапсырыс беруші қабылдаған көлемде ашылады.

Объектінің құрылысы есепті кезеңде аяқталмаған жағдайда, есептілікте танылатын және ашылатын табыс есепті кезеңдегі танылған көлемі қол қойылған жұмыстарды қабылдау-тапсыру актілері бойынша орындалған жұмыстардан есепті кезеңде танылған шығындарды шегергендегі айлық табыстар сомасына тең.

Есепті кезеңде танылған табыс көлемін анықтауға пайдаланылатын тәсіл. Жұмысты орындау пайызын анықтауға пайдаланылатын нұсқа.

Есепті кезеңнің соңында аяқталмаған құрылыс бойынша мердігер мыналар туралы қосымша ақпаратты ұсыну керек:

-          шеккен жалпы шығындар сомасы;

-          алынған аванстар сомасы;

-          ұстап қалынған сома.

Мердігер көрсетуі қажет:

-          актив ретіндегі мердігерлік келісім бойынша тапсырыс берушінің қарызының жалпы сомасын;

-          міндеттеме ретіндегі мердігерлік келісім бойынша мердігердің қарызының жалпы сомасын.

Мердігерлік келісім бойынша тапсырыс берушінің қарызының жалпы сомасы тапсырыс берушіні дебиторлық борышын білдіреді, ал мердігерлік келісім бойынша мердігердің қарызының жалпы сомасы мердігердің кредиторлық қарызын білдіреді. Мердігерлік келісім-шарт бойынша ақпаратты ашу процесін мына мысалмен қарастырамыз. Есепті кезеңнің соңында бірінші құрылыс нысанының жылдық тұрақты бағасы бар мердігерлік келісім-шарт бойынша келесі ақпараттары бар болған жағдайда:

 

 

Ашылуы қажет ақпараттар

 

Келісім-шарт №1

 

Келісім-шарт №2

Табысты тану принципіне сәйкес есептелінген ердігерлік келісім-шарт бойынша табыс

200,0

175,0

Шығысты тану қағидасына сәйкес есептелінген мердігерлік келісім-шарт бойынша шығыс

60,0

107,0

Болжамды зияндар

     -

20,0

Есептелінген табыстар минус болжамды зияндар

104,0

48,0

Кезеңде шеккен шығындар

60,0

150,0

Мердігерлік келісім-шарт бойынша табыстар

200,0

175,0

Аралық шоттар

25,0

170,0

Мердігерлік келісім-шарт бойынша фактураланбаған табыстар

175,0

75,0

Алынған аванстар

150

150

 

Осылайша, бірінші келісім-шарт үшін есепті кезеңде танылуы тиіс табыс сомасы 200,0 мың теңгені құрады. Мердігерлік келісім-шарт бойынша шығындар және танылған табыстар сомасы (60+140)= 200,0 мың теңге. Алынған аванстар – 150 мың теңге. Актив ретіндегі мердігерлік келісім бойынша тапсырыс берушінің қарызының жалпы сомасы (0+140)-25=175 мың теңге.

Екінші келісім –шарт үшін: есепті кезеңдегі табыс сомасы - 175,0 мың теңге. Мердігерлік келісім-шарт бойынша шығындар және танылған табыстар сомасы(107+48)=156 мың теңге. Алынған аванстар – 150 мың теңге. Мердігерлік қарызының жалпы сомасы (107+48)-170=(15) құрады және олар міндеттеме ретінде есепке алынады.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар

1.Халықаралық тәжірибеде бухгалтерлік есеп үрдісін қанша сатыға бөлу қабылданған.

2.Қай сатыда әртүрлі шаруашылық фактілері құжатталады.

3.Бухгалтерлік қорытынды есепке қойылатын негізгі талаптар қандай.

4. Қаржылық есептілік нешінші стандартқа сәйкес жасалады.

5. Есепті кезеңнің соңында аяқталмаған құрылыс бойынша мердігер қандай ақпаратты ұсыну керек.

 

Негізгі әдебиеттер

1.В.Назарова “Как вести учет в строительстве”. Алматы. Изд.Дом. “БИКО” 2010 г.

2.Назарова В.Л. Бухгалтерский учет в отраслях: Учебник – Алматы: Издательство

«Экономика» 2005.- 254 с.

3.В.В. Радостовец О.М.Шмидт Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета.,2010

       4.К.Қ.Кеулимжаев  «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп»,Экономика        баспасы,Алматы2008 жыл.

     5.Е. Төлегенов ,А.К.Бейсенбаева  «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп», алматы 2008 ж.

      Қосыша әдебиеттер

1.МСФО-11 “Договоры подряда”,2010

2.О. Сергеева “Как вести учет в строительстве” Алматы. Изд.Дом. «БИКО”.,2010

3.Дьячков М.Ф. и др. “Бухгалтерский учет в строительстве” Учебник М: Фин. и стат., 2005 г.

4.Закон РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчет­ности» от 28.02.2007г. № 234-III.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ф ҚазЭҚжХСУ 703-01-10

 



Информация о работе Курылыстагы бух есеп