Курылыстагы бух есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 21:56, лекция

Описание работы

Негізгі ұғымдар - Автокөлік, клиент, жабдықтаушы, ТКН(тауарлы көліктік наклодной), негізгі қорлар, шот-фактура,қосылған құн салығы, есептесу ведомості,кіріс кассалық ордер, квитанция, ЖЖМ есебі, аванстық есеп, түгендеу описі, салыстыру ведомості агрегаттар есебі ,түгендеу офисі, акт.

Работа содержит 1 файл

курылыс.doc

— 801.50 Кб (Скачать)

-                      екінші бөлімнің деректері «Цех шығындарының» негізінде ведомостқа жазылады, содан соң өнімді, жұмысты және қызметті тұтынғандардың шоттары дебеттеледі де, 8030 шоты кредиттеледі.

-                      Үшінші бөлімде көрсетілген қызметтің жабдықтаушысы болып саналмайтын бөлімшелердің шығындарының таратылғаны көрсетіледі.

Технологиялық процестің сипатына және шығаратын өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің біртектілігіне қарай, қосымша өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстауға кеткен нақты шығындарды таратқан кезде, оның сол тиісті бөлігіне жататын ақауының өзіндік құнын ескеру керек. Бұл шығыстар ақаудың өзіндік құнына сметалық мөлшерлемені анықтаған кезде есептелінген нормативтік қатынас бойынша өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды енгізіледі. Мысалы, ақауды жөндеумен айналысатын жұмысшының күндік жалақысы 1800 теңге болса, ал оның сметалық нормативтік мөлшерлемесі 750 теңгені құраған. Бұл соңғы құрал-жабдықтың күтіп-ұстау шығысына ақаудың тиісті сомасы арқылы анықталған. Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шығарылатын өнімнің біртектілігі немесе біртекті еместігі көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр етеді. Қосымша өндірістегі есепті ұйымдастыру өндірістің технологиялық ерекшелігіне байланысты.

Бухгалтерлік стандарттың талаптарына сәйкес құжаттарды толтырумен қатар, бұл өндірістегі бухгалтерлік шоттар жазбасы төмендегідей болады.

12-кесте

Операция мазмұны

Дебет

Кредит

1

Өндіріске босатылған материалдар

8030

 

1310, 1330, 1350,

2

Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы

8030

3350

3

Еңбекақыдан аударылған аударылымдар

8030

3150, 3210, 3220

4

Негізгі құралдарды жөндеу

8030

1310, 3310

5

Негізгі құралдардың құнсыздануы

8030

2420, 2740

6

Коммуналдық төлемдер

8030

3310, 3340,3390

7

Шығындар жиынтығын негізгі өндіріске жатқызу

8030

8030

 

Келесі есептік жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндірістік бухгалтерияға беріледі, ол кезде 8030 «Көмекші өндіріс» шоты дебеттеліп, 1340 «Аяқталмаған өндіріс» шоты кредиттеледі.

Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін және атқарған жұмысын тұтынушылар бойынша тарату үшін «Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату» деп аталатын талдамалы кестені жасайды. Онда әрбір көмекші цехтардың жиынтық шығындары, өндірілген өнімнің саны көрсетіледі: су қайнататын қазан цехы бойынша – будың тоннасы, қондырғы – қысылған ауаның куба метрі, электростанция - киловатт/сағаты, автокөлік - тонна/километр. Содан соң, жұмыс пен қызметтің өзіндік құнының бірлігі анықталады. Өзіндік құнның бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен қызметті тұтынушыларға таратады.

Қарапайым өндіру біртекті, күрделілігі бірдей өнімдерді шығарады. Оларда, әдетте аяқталмаған өндіріс пен шалафабрикаттар (электр станциялары, бу-қазандық, компрессорлық және оттегі станциялары, автокөлік) болмайды.

Күрделі өндірісте алуан түрлі өнімдер өндіріледі, оның аяқталмаған өндірісі болады және бұйымдардың, өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша есеп жүргізуді талап етеді.

Бұл өндіріс түрінде тапсырыстық әдіспен шығындар есептеліп, калькуляция жасалады. Осы құбылысқа байланысты әрбір тапсырыс кодталып, әрбір шот-фактура бойынша тапсырысты жинақтауға мүмкіндік береді. Күрделі және көмекші өндірістердегі өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын дұрыс есептеу үшін аяқталмаған өндірістің деңгейін анықтаудың үлкен маңызы бар екенін атап өткен абзал. Нақтылап айтқанда, осы екі әдіс бойынша, яғни іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша да, есептеп шығару жолымен де бағалауға болады.

Бірінші әдіс кезінде жөндеу жұмыстарына, тапсырыстарға, не өнімнің жекелеген түрлерін дайындауға кеткен шығындар бойынша есептеп шығарылады. «Негізгі материалдар», «Қосалқы материалдар», «Негізгі және қосымша жалақы» т.б. баптар бойынша тікелей есептеледі. Қосымша шығындар оларды бөлу тәртібімен белгіленген көлемде аяқталмаған өндіріске жатқызады.

2. Калькуляциялау әдістері

Екінші әдіс кезінде түгендеу деректері бойынша аяқталмаған өндіріс объектілерінің саны және норма-сағаты олардың дайындық деңгейімен анықталады. Норма-сағаттардың санын есептеп шығарып және бір норма-сағаттың жоспарлы өзіндік құны арқылы аяқталмаған өндірістегі жалақының үлесін табады. Материалдың құнын нормативтік калькуляцияның днректері бойынша, ал қосымша шығындарды жалақыға пайыздық қатынасы бойынша  анықталады. Осы баптар бойынша жасалған шығындар сомасы аяқталмаған өндірістің құнын құрайды.

Қосалқы немесе көмекші өндіріс құрылыс нысанының жұмысының белгілі бір үлесіне тиесілі қызмет көрсетумен қатар, өздерінің мүмкіншіліктерін пайдаланып, басқа да тапсырыс берушінің талабын немесе сұранысын қанағаттандыруға құқылы. Қосалқы өндіріс шығындары есепті кезең соңында, 8030 шоттың суб-шотындағы сомалар жинақталып 8030 негізгі шотқа жатқызылады. Бухгалтерлік шоттар жазбасында төмендегідей көрсетіледі.

13-кесте

           Операциялардың мазмұны

Дебет

Кредит

1

Өндіріске алынған материалдар

1350

8030*

2

Өндіріске алынған қалдық

1350

8030*

3

Өндірістен алынған жартылай шикізат

1340

8030*

4

Өндірістен алынған дайын өнім

1320

8030*

5

Негізгі өндірісте пайдаланылған материалдар

8010

8030*

6

Жалпы өндірістік мақсатқа пайдаланылған материалдар

8040

8030*

7

Сатылған өнімнің құны

7010

8030*

8

Негізгі құралдарды жөндеу

8040

8030*

9

Құрылыс-монтаж жұмыстарындағы ақауды жөндеу

8040

8030*

 

 

* Әрбір суб-шот кәсіпорынның есеп саясатымен анықталады.

 

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар

1.       Қандай өндірістер негізгі өндірістің үздіксіз жұмыс істеуіне пайдалы әсер етеді.

2.       Көмекші өндірістерді әрбір цехтары бойынша шығындарды есепке алу қандай құжатта көрсетіледі.

3.       Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы бір-бірімен қандай байланыста болады.

4.       Өндірістен алынған жартылай шикізат үшін қандай бухгалтерлік жазба көрсетіледі.

5.       Аяқталмаған өндіріс құнының қалдығы үшін қандай бухгалтерлік жазба көрсетіледі.

Негізгі әдебиеттер

1.В.Назарова “Как вести учет в строительстве”. Алматы. Изд.Дом. “БИКО” 2010 г.

2.Назарова В.Л. Бухгалтерский учет в отраслях: Учебник – Алматы: Издательство

«Экономика» 2005.- 254 с.

3.В.В. Радостовец О.М.Шмидт Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета.,2010

       4.К.Қ.Кеулимжаев  «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп»,Экономика        баспасы,Алматы2008 жыл.

     5.Е. Төлегенов ,А.К.Бейсенбаева  «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп», алматы 2008 ж.

      Қосыша әдебиеттер

1.МСФО-11 “Договоры подряда”,2010

2.О. Сергеева “Как вести учет в строительстве” Алматы. Изд.Дом. «БИКО”.,2010

3.Дьячков М.Ф. и др. “Бухгалтерский учет в строительстве” Учебник М: Фин. и стат., 2005 г.

4.Закон РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчет­ности» от 28.02.2007г. № 234-III.

 

 

Тақырып 13. Құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу

 

 

Дәрістің мақсаты- Құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашуды қарастыру.

 

Негізгі ұғымдар- кредиторлар, инвесторлар, сенімділік, тізбектілік, салыстырымдылық, қаржы шаруашылығы.

 

 

Дәріс жоспары:

1. Бухгалтерлік қорытынды есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар.

2. Құрылыс кәсіпорынының қаржылық қорытынды есептілігінің ерекшелігі

 

 

1. Бухгалтерлік қорытынды есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар.

Халықаралық тәжірибеде бухгалтерлік есеп үрдісін төрт түрлі негізгі сатыға бөлу қабылданған. Бірінші сатыда әртүрлі шаруашылық фактілері (іскерлік  мәліметтер) құжатталады. Екінші сатыда есеп деректері жіктеліп және оларды бухгалтерлік есепшоттарына, бухгалтерлік есептеу тіркелімінде, бас кітапта көрсету жолымен біріктіріп жазады. Үшінші сатыда мазмұнына қарай бухгалтерлік есептің мемлекеттік жүйесінің талабына сай бухгалтерлік қорытынды есеп жасалады. Төртінші бухгалтерлік есеп үрдісінің қорытынды сатысында кәсіпорынның шаруашылық қызметіне талдау жүргізіліп, оның нәтижесі кәсіпорын әкімшілігінің өз қызметіне баға беруі мен алдағы уақытта орындалатын жұмыстары туралы шешімдер қабылдауы үшін пайдаланылады.

Бухгалтерлік қорытынды есеп берудің мақсаты бұл есепті пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі мен қаржылық жағдайы және олардың қозғалысы туралы, сондай-ақ кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері туралы, әрі ақиқат ақпарат беруден тұрады. Кәсіпорын туралы ақпаратқа мүдделі жеке немесе заңды тұлғалар осы кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушы болып саналады.

Кәсіпорынның бухгалтерлік пайдаланушылардың барлығы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттына сәйкес, ілгеріде айтып өткеніміздей үш топқа біріктіріледі. Бірінші топқа осы кәсіпорында қызмет атқаратын адамдар, яғни жұмысшылар мен қызметкерлер жатады. Оларды осы шаруашылықтың экономикалық тұрақтылығы мен табыстылығы туралы ақпараттар қызықтырады. Сонымен қатар, олар өздерінің жұмыс орындарының сақталуы, сондай-ақ уақытымен еңбекақы және басқа да жәрдемақы, сыйақы алу үшін мүдделі болып табылады. Қатаң бәсеке шартында кез келген кәсіпорынның өміршеңдігі оның басшысының ең негізгі міндеті, яғни пайдалы жұмыстың табыстылығы мен активтердің өтімділігін қамтамасыз етуді қаншалықты үздік шешуіне байланысты.

Қолда бар капиталды сақтап және жаңасын жұмылдыру арқылы кәсіпорынның жеткілікті пайда табу мүмкіндігі табыстылық болып саналады.

Кредиторлар алдындағы қарыздарын өтеу үшін кәсіпорынның жеткілікті түрде ақшаларының және басқа да қорларының болуы, ол кәсіпорын активтерінің өтімділігін білдіреді.

Екінші топты осы кәсіпорында жұмыс істемейтін, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей ынталылар, мүдделілер құрайды. Бұл топқа кәсіпорынның инвесторларын, несие беруші банк және басқа да кәсіпорындарын, жабдықтаушы-мердігерлерін және басқаларды жатқызуға болады.

Инвесторларды олардың салынған капиталының табыстылығы қызықтырып және сонымен қатар, алдағы уақытта осы кәсіпорын үшін қолайсыз жағдайлардан болатын қауіпті ақпараттар алаңдатады. Бұл ақпараттар оларға қай кезде кәсіпорынның акцияларын сатып алуға, ұстап отыруға немесе сатуға болатындығын біліп, шешім қабылдау үшін қажет.

Несие берушілерді кәсіпорынға берілген төлемді уақытымен қайтарып алу мүмкіншілігі мен одан түсетін тиесілі пайызды алу мүмкіндігі туралы ақпараттар, ал жабдықтаушы-мердігерлерді кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен шоттарды уақытылы төлеу мүмкіндігі жайлы ақпараттар қызықтырады.

Үшінші топқа кәсіпорынның қаржылық жағдайына жанама мүдделілер – қор биржалары, салық комитеті, жоспарлауды жүзеге асырушы органдар және басқа да заңды тұлғалар жатады. Олар кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдалану арқылы елдегі адамдардың орташа еңбекақысын және басқа да статистикалық көрсеткіштерді есептеп отырады. Осыларды ескере келсек, кәсіпорындардың бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтері тек қана бір кәсіпорынның экономикасын көтеру үшін ғана емес, сонымен қатар елдің және сол елдегі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қажет.

Информация о работе Курылыстагы бух есеп