Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 12:59, дипломная работа

Описание работы

«Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрақты және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу» - Ел Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан – 2030[3]. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауында еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу ең негізгі басым мақсаттарының бірі. Көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін жекелеген мекемелерді, салаларды және ел экономикасының құрылымды бөлімшелерін басқарудың жүйелері мен әдістерін жетілдірудің объективті қажеттілігі туындайды, олардың міндетті шарты барлық шаруашылық құрылымдары мен барлық басқару жүйелерін қамтитын экономикалық ақпараттардың нақты қалыптасқан жүйесі болуы керек[4].
Мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық туралы экономикалық ақпараттардың негізгі «жабдықтаушыларының» бірі болатын бухгалтерлік есептің ақпараттық қызметінің әсерлілігін арттыру қажет, ол басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті және басқарудың барлық қызметтерін орныдауға мүмкіндік туғызатын ақпарат береді. Мұнда бухгалтерлік есеп тек активтің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жай-күйін ғана емес, сондай-ақ елдің бюджетіне аударылатын салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдер мен зейнеттік және басқа қорларға аударымдарды дұрыс анықтау және уақтылы аудару туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді деп танылады.

Содержание

КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРДІҢ ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы 5
Кредиторлық берешектер есебінің теориялық негіздері 12
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК ұйымдастырушылық–экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы 21
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРАМАСЫ» РМҚК КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫ 35
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектері есебі 35
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектерін талдау41
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРАМАСЫ» РМҚК КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІНІҢ АУДИТІ 46
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектердің аудиті
46
Кредиторлық берешектерді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары 53
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

диплом бух.doc

— 546.50 Кб (Скачать)

Әсіресе, шаруашылық субъектінің  салық төлемі дұрыстығын тексергенде  мына сияқты жергілікті салықтарға ерекше назар аударылады: жер салығы (Д-т 7110, 7210, 8010, К-т 3160), жеке табыс салығы (Д-т 3550, К-т 3520), әлеуметтік салық (Д-т 1620, 7110, 7210, 8010, 8020, 8030, 8040, К-т 3150), мүлік салығы (Д-т 7110, 7210, 8010, К-т 3180) және көлік құралдарына салық (Д-т 7110, 3210, 8010 К-т 3170) [21].

Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың аудиті. Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді тексерудің негізгі міндеті – еңбекақы төлеуде нормативтік - құқықтық актілердің сақталуына бақылау жасау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын тексеру болып табылады. Бақылау барысында қолданылатын ақпарат көздері болып 3350 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты бойынша аналитикалық және синтетикалық мәліметтер өнімділіктің есебі және еңбекке ақы төлеуді есептеу жөніндегі алғашқы құжаттар уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек демалысына төлемдерді есептеу, нормативтік құжаттар, бұл операцияны реттейтін Қазақстан Республикасы «Еңбек кодексі», қызметкерлердің еңбегі бойынша мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, олардың орташа еңбекақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық және т.б. басшылыққа алынады. 

Қызметкерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеруді әр айдың бірінші күніндегі 3350 шоты бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштерінің және бухгалтерлік баланстағы, бір уақытта Бас кітаптағы жазулармен сәйкестігін анықтаған жөн. Бұл үшін бас кітаптағы қарастырып отырған айлардың бірінші күніндегі 3350 шот бойынша тізімдеме ведомостының жиынтық сомасымен кәсіпорын балансындағы көрсеткішімен салыстыру керек. Сондай-ақ мәліметтерді депозитттерге салынған еңбекақы есеп кітабы көрсеткіштерімен салыстыру керек. Сосын алғашқы құжаттардың анық сенімділігін, толтырылу дұрыстылығын олардың еңбекақы және еңбекті өтеудің басқа түрлерін есептеу мен төлеу бойынша нормативтік құжат талаптарына сәйкестігі тексеріледі.

Еңбекті уақыт бойынша  төлеуде (мерзімді еңбекақы) тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле шарттарын қолдану дұрыстығы, кесімді еңбекақы төлеуде – жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау, нормалар мен баға қоюды қолданудың дұрыстығы тексеріледі. Еңбекақы төлеу есебі жөніндегі алғашқы құжаттарды тексергенде орындалған жұмыс есебі үшін жауапты лауазымды адамдардың қойылған қолдары бар немесе жоқтығын, барлық деректемелердің толтырылу дұрыстығын, құжаттарда тазартып өшірілген түзетулердің бар немесе жоғын т.б. анықтайды.

Жұмыс уақыты мен нарядтар есебі табелін, сондай-ақ еңбекті төлеуді есептеу жөніндегі алғашқы құжаттарды тексергенде, оларға ойдан шығарылған, яғни жасанды тұлғаларды кіргізу жағдайлары бар немесе жоқтығын анықтау керек. Бұл үшін оларды берген уақыттағы нарядтарды талдап шығу, нарядтар мен жұмыс уақытының есебі табельдеріндегі жұмысшылардың аты - жөндерін, жеке құрам есебінің және төленген сомалар туралы мәліметтерімен салыстыру керек. Бұрын төленген алғашқы құжатар бойынша қайтадан есептеу жағдайлары бар немесе жоқтығын бір адамның аты жөндері бірнеше есептеу - төлемдік ведомостарда қайталануын тексеру де маңызды болып табылады. Кәсіпорынның тізімдік құрамында жоқ, аз уақыт жұмыс істеген адамдарға жазылған нарядтарға, сондай-ақ төмен сапамен орындалған жұмысты қайта жасап, ақауды жою бойынша нарядтарға ерекше назар аудару қажет және алғашқы құжаттар мен есептік ведомостарды есептегенде арифметикалық санаудың дұрыстығына ерекше көңіл бөлу керек.

Аудиторлық тексерудің одан әрі жүзеге асатын кезеңдері  мыналар болып келеді:

- Төлемді есептеудің дұрыстығын іріктеп тексеру;

- Жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқуымен байланысты болатын қосымша еңбекақыны есептеу тәртібі;

- Құжаттық ресімдеу мен іркіліс төлемі;

- Өнімнің ақауын  құжатпен ресімдеу мен оны төлеу;

- Түңгі мезгілдегі жұмысқа төленетін қосымша еңбекақы;

- Жұмыстан тыс уақыттағы еңбекақыны төлеу;

- Мерекелік күндердегі жұмыс істегені үшін еңбекақы төлеу;

- Іс жүзіндегі заңды қарастырылған (еңбек демалысына, жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу және т.б.) жұмыспен өтелмеген уақытқа төлем есептеу;

- Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы есептеу ;

- Еңбекақыдан аударымдардың дұрыс ұсталғандығын тексеру.

Заңға сәйкес еңбекақыдан  мыналар ұсталынуы тиіс:

- Зейнетақы қорына аударым;

- Табыс салығы;

-Бұрын берілген аванс бойынша берешекті;

-Арифметикалық қате нәтижесіндегі артық төленген соманы беруге;

- Пәтер ақы;

- Баланың мектепке дейінгі балалар мекемесінде тәрбиеленгені үшін;

- Қызметкерлердің кәсіпорынға келтірген материалдық зиянның орнын толтырылуы;

- Ақшалай артық есептеулер;

- Несиеге сатып алынған тауарлар үшін;

- Газет пен журналдарға жазылғаны үшін;

- Орындалатын үкім бойынша құжаттар, өнім ақауы үшін.

Жеке табыс салығы Қазақстан Республикасы «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» кодексте белгіленген тәртіп бойынша ұсталынады.

Зейнетақы жарнасының ұстауы және қызметкерлердің ай сайынғы  еңбекақыдан 10% мөлшерінде ұсталынады.

Қарызға алныған тауарлар үшін ұсталымдар қызметкерлерге ұзақ пайдалану үшін несиеге тауарларды сату ережелерінде қарастырылған тапсырма - міндеттеме негізінде жасалады. Қызметкерлер келтірген материалдық зиянның орнын толтыру үшін ұсталым кәсіпорын бойынша (қызметкерлердің келесімі болғанда) бұйрық негізінде, не болмаса сот шешімі бойынша атқарылады. 

Тексеру қорытындысында мыналарды атқарылады:

- Шығыстарды еңбекке ақы төлеу қорына жатқызудың дұрыстығы;

- Жеке төлемдерді өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығы;

- Бухгалтерлік өткізбелерді төлеу қоры бойынша жасаудың дұрыстығы;

- Синтетикалық және аналитикалық есепті жинақтық мәліметтерді және еңбекке ақы төлеу қоры бойынша бухгалтерлік  есеп беру формаларын толтыруды жүргізудің дұрыстығы;

- 3350 шоты арқылы орындайтын үкім қағазы және депозитке салынған еңбекақы, 8, 10 журнал - ордерлердегі жазбасы, Бас кітап пен баланс жағынан аналитикалық есеп жазбаларына сәйкестігі[20].

 

 

3.2 Кредиторлық берешектерді  ұйымдастыруды жетілдіру жолдары

 

 

Жалпы «ҚР СІМ ШБ» РМҚК кредиторлық берешектер есебі бухгалтерлік есептің нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Кәсіпорында кредиторлық  берешектердің ұйымдастырылуын  жақсарту үшін келесі іс-шаралар ұсынылады:

- дебиторлық және кредиторлық  берешектердің арақатынасын әрдайым  қарастыру, өйткені дебиторлық  берешектердің ерекше басымдығы  кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіреді, ал кредиторлық берешектердің дебиторлық берешектерден асып түсуі кәсіпорынның төлем қабілетсіздігіне соқтыруы мүмкін;

- келісім-шарттармен  жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыру,  толық сатудан, барлық жұмыстардың,  қызметтердің орындалғанынан кейін ғана немесе алдын-ала төлеу жүйесінен кейін клиенттерді белгілеу;

Кәсіпорынның кредиторлық  берешегінің құрамы, құрылымы мен  қарқынын талдау нәтижесі бойынша кәсіпорынның кредиторлармен есеп айырысу қатынастары  жалпы қаржылық жағдайдың тұрақтылығына ерекше қауіп төндірмейді. Бірақ, кредиторлық берешектердің өсу қарқыны әкімшіліктің есеп айырысу қатынастарын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керектігін көрсетеді.

Аналитиктің міндеті  тек кәсіпорынның қаржылық деңгейін қалыптастыру ғана емес, оны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Бұл үшін ол кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер еткен факторларды анықтауы және теріс факторларды жою және оң факторларын күшейту бойынша ұсыныстар беруі қажет.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтыруда кредиторлық берешектерді қайта құрастыру маңызды рол ойнауы мүмкін. Қайта құрастыру бюджетке салықтық төлемдерді түсірудің тәсілі болып табылады.

Елдегі экономикалық жағдайының жақсаруына қарамастан, салық  төлеушілердің берешектері азаймай  отыр. Кәсіпорындардың «тұрып қалған» берешектері қаржылық тұрақтылығының жеткіліксіздігі мен инвестициялық тартымсыздығының факторлары болып табылады. Осыған байланысты, мәселенің шешілу жолдарының бірі қайта құрастыру болып табылады. Ол мемлекетке ғана емес, салық төлеушінің өзіне де тиімді. Қайта құрастыру үрдісінде кәсіпорынның берешектер сомасы уақыт бойынша таратылады, қайта құрастырылған сомалардың кестесі құрастырады. Осыдан басқа, өсім қарыздарды бойынша берешекті толықтай төлеу барысында есептен шығару мүмкіншілігі бар. Қайта құрастыру барысында кейінге қалдырылған төлемдер бойынша өсімді есептеу тоқтатылады, салық төлеушілердің шоттары қайта ашылады, кәсіпорын мүлкінен арест алынып тасталынады.

Қаржылық-шаруашылық қызмет барысында кәсіпорында жиі өз контрагенттерімен, бюджетпен, салық органдарымен есеп айырысулар жүргізу қажеттілігі туындайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін қаржылық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік беретін іс-шараларды құрастырып, енгізу қажет. Оған қорлар деңгейін төмендету, меншікті қаражаттар көзін ұлғайту жолымен, не ұзақ мерзімді қарыздар мен несиелерді ұлғайту есебімен жетуге болады.

Екінші бөлімде «ҚР СІМ ШБ» РМҚК көрсеткіштердің талдауын жүргізу негізінде кредиторлық қарыздарды жақсарту қажеттігі анықталды. Осылай, келесі іс-шараларды қолдану ұсынылады:

- кредиторлық берешектерді  қайта құрастыру;

- өзара есеп айырысулар;

Қарыздардың әр түрін  қайта құрастыру күрделі үрдіс. Әрбір нақты жағдайда өткізу ұйымның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болған жағдайға байланысты.

Қарыздарды қайта құрастырудың оң және теріс жақтары алдында  құрылған келісім-шарттар шарттарының  жағдайына, қарастырылған айыппұл санкциясына, қарыздар немесе міндеттемелердің көлемі мен түріне, оларды орындау немесе төлеу мерзімдеріне, кредитордың қаржылық жағдайына, бекітілген қайта қаржыландыру мөлшеріне, елдегі және жергілікті жердегі жалпы экономикалық жағдайына байланысты.

Кредиторлық берешектерді қайта құрастыру бойынша келіссөздер  дипломатиялық және тұлғалық үрдіс болып табылады. Көбінесе ұйым – қарызгер жетекшісі мен оның басқару аппаратының пайда болған міндеттемелердің себептерін түсіндіре алу біліктілігіне байланысты.

Әрбір жақ қарызды  өтеу мәселесінде басқа жаққа  келісімге жету үшін белгілі бір шарттарды қабылдау құқығын береді. Екі жақтың қажеттіліктерінен есепке алу мақсатында қарыздарды өтеу бойынша келіссөздерді өткізу тактикасы келесілер болуы мүмкін:

1. Қарыздар мен міндеттемелер бойынша талаптардың заңдылығын тану;

2. Өтеу мүмкіншілігін растау.

3. Қарыздар бойынша өтіп кеткен мерзімді анықтау.

4. Өтеудің нақты жағдайларын есепке ала отырып, мүмкін болатын қарыздарды өтеудің жағдайларын анықтау.

Кредиторлық берешектерді қайта құрастырудың тиімділігі көбінесе жабдықтаушыға, банктерге, тапсырыс берушіге, салық органына және басқа ұйымдарға қатысты қолданылатын есептесу саясатын жүзеге асыруға байланысты.

Банкроттылықты алдын-алу, қаржылық сауықтыру мен сыртқы басқару  кезеңдерінде жүргізілетін қарыздар ұйымның  берешектерін қайта құрастыру әдістемесі келесі кезеңдерден тұрады:

1.Кредиторлық берешектердің құрамын анықтау және талдау;

2.Ұйымның кредиторлық  берешектерін қайта құрудың аса  тиімді тәсілдерін таңдау;

3. Бар міндеттемелерді  өтеу және жаңа пайда болған  міндеттемелерді төлеу жоспарын  құрастыру;

4. Кредитормен келісім  бойынша сәйкес құжаттамаларды дайындау және оны жүзеге асыру.

Қайта құрастыру үрдісін бастау үшін негізгі ереже – ағымдағы төлемдерді толық өтеу. Қайта құрастыру туралы шешімді салық төлеушінің есепке алу орны бойынша салық органымен қабылданады.

Мемлекеттік бюджетке міндетті төлемдер бойынша ұйымның берешектерімен қайта құрастыру туралы шешім қабылдау барысында оған салықтар мен алымдар бойынша қарыздарды 6 жыл ішінде, өсім мен айыппұлдар бойынша – салықтар мен алымдар берешектерді өтеуден кейін 4 жыл ішінде теңдей төлеу құқығы беріледі. Салықтар мен алымдар бойынша берешектер сомасынан ұйым квартал сайын бюджет қаражатын қолданғаны үшін пайыздар төлеуі тиіс.

Салықтар мен алымдар  бойынша қарызы жоқ ұйымдарға  өсім мен айыппұлдар берешектерді 10 жыл ішінде өтеу құқығы беріледі[43].

Операцияның мазмұнына  байланысты есеп айырысулар тек ақша қаражаттарымен байланысты (бюджетке қарыздарын жабу, ұйымдар арасында, банктежәне т.с.с.) тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша жүргізіледі.

Қолма-қолсыз есеп айырысу  формаларын ҚР ҰБ бекітеді. Бұл:

- төлем талап-тапсырмаларымен  есеп айырысу;

- аккредетив пен ерекше  шоттар арқылы есеп айырысу;

- жоспарлы төлемдер  тәртібінде есеп айырысу;

- төлем тапсырмасымен  есеп айырысу;

- аударымдар, чектермен  және т.б. есеп айырысу.

Бұл жағдайда кәсіпорын есеп айырысудың аса тиімді тәсілін таңдау маңызды. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген сомманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.

Өзара есеп айырысу контрагенттердің өзара міндеттемелерін өтеу болып табылады. Мұнда үшінші тұлғалар қатысуы мүмкін. Өтелетін міндеттемелер сомасы екі жақтың келісімімен анықталады және ұйымның табысы ретінде қарастырылады.

Қарыздыармен өзара  есептесу берешектерді қайта құрастыру  әдістерінің кең тараған түрі, ол қосымша ақша қаражаттарын тартпай- ақ қаржылық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Информация о работе Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы