Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 12:59, дипломная работа
«Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрақты және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу» - Ел Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан – 2030[3]. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауында еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу ең негізгі басым мақсаттарының бірі. Көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін жекелеген мекемелерді, салаларды және ел экономикасының құрылымды бөлімшелерін басқарудың жүйелері мен әдістерін жетілдірудің объективті қажеттілігі туындайды, олардың міндетті шарты барлық шаруашылық құрылымдары мен барлық басқару жүйелерін қамтитын экономикалық ақпараттардың нақты қалыптасқан жүйесі болуы керек[4].
Мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық туралы экономикалық ақпараттардың негізгі «жабдықтаушыларының» бірі болатын бухгалтерлік есептің ақпараттық қызметінің әсерлілігін арттыру қажет, ол басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті және басқарудың барлық қызметтерін орныдауға мүмкіндік туғызатын ақпарат береді. Мұнда бухгалтерлік есеп тек активтің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жай-күйін ғана емес, сондай-ақ елдің бюджетіне аударылатын салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдер мен зейнеттік және басқа қорларға аударымдарды дұрыс анықтау және уақтылы аудару туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді деп танылады.
КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРДІҢ ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы 5
Кредиторлық берешектер есебінің теориялық негіздері 12
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК ұйымдастырушылық–экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы 21
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРАМАСЫ» РМҚК КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫ 35
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектері есебі 35
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектерін талдау41
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРАМАСЫ» РМҚК КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІНІҢ АУДИТІ 46
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектердің аудиті
46
Кредиторлық берешектерді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары 53
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60
ҚОСЫМШАЛАР
Ппкз – кредиторлық берешектерді өтеу кезеңі.
Кредиторлық берешектерді өтеу кезеңі кәсіпорынға берілген есеп айырысу шоттары бойынша қанша айналым керектігін немесе ол үшін қанша күн керектігін көрсетеді. Ол кәсіпорынның қарыздарды қайтарудың орташа кезеңін көрсетеді (банк алдындағы міндеттемелер және басқа қарыздарды есептемегенде). Кредиторлық берешектердің үлесі кредиторлық берешектердің ағымдағы пассивтерге қатынасымен анықталады.
Дкз – кредиторлық берешектер үлесі;
Кз - кредиторлық берешектер;
Тп – ағымдағы пассивтер[41].
Бұл есептеулер нақты
көрсеткіштерді бейнелемеуі мүмкін,
сондықтан кредиторлық берешект
Кредиторлық берешектердің талдамасын алдыңғы кезеңменен салыстырып жүргізу қажет. Сондықтан «ҚР СІМ ШБ» РМҚК – ның 2008 – 2009 жылдардың жылдық балансының мәліметтерін және жоғарыдағы формулаларды пайдаланып, табамыз:
1. Есептеулерге сәйкес орташа кредиторлық берешектер 2008 жылы - 19 630,9 мың тг., ал 2009 жылы – 27 267,1 мың теңгені құраған;
2. Кредиторлық берешектердің айналымдылығы 24,3 күнді 2008 жылы, 2009 жылы – 22,0 күнді құраған;
3. Күніне кредиторлық берешектердің өтеу кезеңі 2008 жылы 14,81, 2009 жылы – 16,36 күнді құрады;
4. Ағымдағы пассивтегі кредиторлық берешектердің үлесі 2008 жылы - 53,1%, 2009 жылы – 48,2% құрады.
Есептелген кредиторлық берешек
Кесте 7
«ҚР СІМ ШБ» РМҚК 2008-2009 жылдардағы кредиторлық берешектер айналымдылығының көрсеткіштері.
Көрсеткіштер |
2007 жыл |
2008 жыл |
2009 жыл |
Өнімді сату мен қызмет көрсетуден түскен пайда |
552 174,0 |
477 434,0 |
599 273,6 |
Ағымдағы пассивтер |
32 333,2 |
36 780,0 |
72 607,2 |
Кредиторлық берешектер |
19 716,5 |
19 545,3 |
34 988,9 |
Кредиторлық берешектердің орташа шамасы |
- |
19 630,9 |
27 267,1 |
Кредиторлық берешектер айналымдылығы |
- |
24,3 |
22,0 |
Кредиторлық берешектерді өтеу кезеңі |
- |
14,81 |
16,36 |
Кредиторлық берешектердің ағымдағы пассивтегі үлесі |
- |
53,1 |
48,2 |
Кестенің мәліметтері бойынша 2008 жылмен салыстырғанда кредиторлар алдындағы жағдайы нашарлаған. Кредиторлық берешектер айналымдылығы 2,3 есеге азайды және 2009 жылдың соңына 22,0 құрады. Кредиторлық берешектерді өтеу орташа кезеңі 1,55 есе көбейді, ол 16,36 күнді құрады. Бұл көрсеткіштің жоғарылауы кәсіпорынның репутациясына кері әсер етеді[42].
3 «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРАМАСЫ» РМҚК КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІНІҢ АУДИТІ
3.1 «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектердің аудиті
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектері аудиті 20.11.1998 жылғы №304-І ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» (20.02.2009 ж. №138-ІV өзгертулер мен толықтырулармен бірге) Заңына сәйкес таңдамалы негізінде жүргізіледі[19]. Олар:
- Кредиторлық берешектер бойынша аудиторлық процедуралар;
- Кредиторлармен есеп айырысудың тәртібі мен кезектілігін анықтау;
- Есепті мерзімінің аяғына қарай қарыз сомасын көрсету арқылы кредиторлары қатарын қарастыру;
- Кредиторлық берешектерді түгендеу нәтижесін қарастыру;
- Кредиторлық берешектер туралы мәліметі бар баланс баптары мен қарыз қаражаттарының есепте көрсетілу тиімділігін бағалау;
- Жабдықтаушылар мен
мердігерлерге аванстыңесебін
- Есептің және алғашқы құжаттардың ресімделуінің дұрыстығын тексеру.
Аудитор тексеріс барысында кредиторлық берешектер бойынша ақпараттарға ерекше назар аударуы керек. Кредиторлық берешек – бұл кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаның алдындағы қарызы. Пайда болу сипатына қарай кредиторлық берешек қалыпты және ақталмаған болып бөлінеді. Қалыпты кредиторлық берешек пен кәсіпорынның бизнес-жоспарын орындау барысында, есеп айырысудың іс жүзіндегі формаларымен байланыстыларын санаған жөн. Бұларға төлеу мерзімі келмеген акцептелген есеп құжаттары бойынша жабдықтаушыларға берешек және бюджетке төлемдері өтіп кеткен берешек жатады.
Ақталмаған кредиторлық берешек болып бюджетпен есеп айырысу бойынша қаржы органдарына, еңбекті өтеу бойынша кәсіпорын қызметкерлеріне, мерзімінде төленбеген есеп құжаттары бойынша жабдықтаушыларға және т.б. мерзімі өткен берешектер саналады.
«ҚР СІМ ШБ» РМҚК кредиторлық берешекті тексерудің басты міндеттері мыналар:
- Берешектердің төлем тәртібі сақталғаннан тексеру;
- Оларды есептеуде қолданылатын бағаның, тарифтің және басқа құндық көрсеткіштердің нақтылығын тексеру;
- Кредиторлық берешек сомаларының шынайылығын тексеру;
- Есептіліктерді реттеу мен кредиторлық берешекті азайту жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
«ҚР СІМ ШБ» РМҚК кредиторлық берешек бойынша тексерістің басты мақсаты баланста көлемінің нақтылығы мен растылығы. Ол үшін баланстағы мәліметтерді Бас кітап, журнал-ордерлер, ведемосттердегі және басқа да есеп регистрларындағы жазулармен салыстыруы қажет.
Кредиторлармен есеп айырысу жағдайында бақылауды ұйымдастыру келісім - шарттық және есептік тәртіптің нығаюына тапсырылған ассортиментте және төлемдік тәртіпті сақтау үшін жауапкершілікті арттыру сапасы мен өнімді жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға, кредиторлық берешекті қысқартуға және шаруашылық жүргізуші субъектіні қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді[21].
Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысудың бақылауы мен аудиті. Аудитор 3310 шотын тексерген кезде оның қалдығын 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотымен сәйкестігіне салыстыру керек, ал 4110 шотын тексерген кезде оның қалдығын 2110 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» шотымен сәйкестігін салыстыру керек. Ол жабдық таушылар мен және мердігерлер мен есеп айырысу жөніндегі ақпаратты жинақтап қорытуға арналған:
а) алынған ТМҚ (Тауарлы-материалдық құндылықтар) мен айналымнан тыс активтер, орындалған жұмыстар мен тұтынылған қызметтер;
ә) алынған ТМҚ, айналымнан тыс активтер, есеп-қисап құжаттары әлі түспеген (фактураланбаған жеткізілімдер) жұмыстармен көрсетілген қызметтер;
б) қабылдау кезінде табылған ТМҚ артығымен айналымнан тыс активтер;
в) тасымалдау мен тағы да сол сияқты бойынша алынған қызметтер.
Бұл шот бойынша есептеулер негізі мынадай екі бағыт бойынша жүргізілуі керек:
1 Қабылданған материалдық құндылықтар, орындалған жұмыспен көрсетілген қызмет үшін төлемнің дұрыстығын талдау;
2 Жабдықтаушылардан алынған ТМҚ кіріске алудың толықтығын талдау.
Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысуды тексеру бойынша аудитор бағдарлама жасағанда, ішкі бақылау мен есеп жағдайын анықтайтын ішкі аудит жұмысына да, жүргізілген жұмысқа қаншалықты сенетіндігін анықтауы тиіс.
Берілген құжаттардың
көшірмелері негізінде қуыным өтініштеріндегі
жабдықтаушылардың кіналарын
Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу операциясын бақылай келе, аудитор бухгалтерлік өткізбелерді құрастырудың дұрыстығын тексерген жөн. Өндірістегі шығындар есептеліп, оларды өндірістің өзіндік құнына шаруашылық субъектінің қаржылық нәтижелеріне әсер ететін көптеген қателерді еспке ала отырып, есеп-шоттардағы операциялардың бейнеленуіне айрықша назар аударылады.
Кесте 8
Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу бақылауы бағдарламасы
Аудит процедуралары |
Ақпарат көздері |
1 |
2 |
ТМҚ алуға арналған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығымен бар екендігін тексеру |
Шарттар, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, кірістік құжаттар және т.б. |
ТМҚ-дың саны мен сапасы
жөніндегі тілек-талаптары |
Тиісті құжаттарды (коммерциялық акт, теміржол станциясы түбіртектері, салыстыру тізімдемесі және т.б.) жабдықтаушыға теміржолға немесе кеме шаруашылығына талаптар, 8 журнал-ордер, Бас кітап және т.б. |
Алынған құндылықтарды кіріске алудың немесе орындалған жұмыспен көрсетілген қызмте толықтығы мен уақытылығын тексеру |
Қабылдау актілері, жүк құжаттары, шот-фактуралар, кассалық кірістік ордерлер, қойма есебі карточкалары, материалдар есебі тізімдемесі, 6 журнал-ордер, Бас кітап, баланс т.б. |
Жабдықтаушылар мен мердігерлерге берешектің сенімділігін, шынайылығын, нақтылығын және заңдылығын тексеру |
Шарттар(сатып алып, бірлекен іс-қызмет туралы, опциондық және фьючерстік мәмілелер, ынтымақтастық, траст және т.б.) жобалық-сметалық құжаттама, орындалған жұмыс актілері, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, 6 журнал-ордер, Бас кітап, баланс және т.б. |
8 кестенің жалғасы |
|
1 |
2 |
Вексельдерді пайдаланып, жабдықтаушылармен ҚҚС алып тасталғанын және олармен есеп айырысудың дұрыстығын тексеру |
Вексель, кірістік төлем құжаттары, 5,6 журнал-ордерлер, салықтық шот-фактуралар, ҚҚС жөніндегі салық декларациясы, Бас кітап және т.б. |
Берілген шот |
Шот- фактуралар, төлем тапсырмалары, 6 журнал-ордер, Бас кітап, баланс, әдістемелік ұсынымдар |
Уақыты ертеде өтіп кеткен берешекті айқындау үшін оның уақытын талдай келе, мына топтарға құрастырамыз:
а) 1 айға дейінгі;
ә) 1 айдан 3 айға дейінгі;
б) 1 айдан 6 айға дейінгі;
в) 6 айдан 1 жылға дейін;
г) 1 жылдан жоғары.
Осы уақыттар негізінде аудитор қаржылық – есеп айырысу тәртібін бұзу дәрежесін анықтайды. Осы істер (сылтау) бойынша сәйкестілігіне жасалған пайымдаулар түпнұсқаның ақтаушы құжаттарға негізделуі және бекітілуі тиіс, ол құжаттар: шот фактура, жөнетпе қағаздар, қолхаттар, чектер, төлем құжаттары, түгендеу тізімдемелері, біріктіру ведомостары, материалдық жауапты және лауазымды тұлғалардың түсіндірмелері және т.б. болуы мүмкін.
Қорытындыда аудитор шот корреспонденциялардың құрастыру бұрыстығын тексереді.
«ҚР СІМ ШБ» РМҚК бюджетпен есеп айырысуды аудиті. Бюджетпен есеп айырысу аудитін өткізгенде тексеруге жататын мәселелер мыналар болып табылады:
- Салық салынатын негізді
анықтаудың толықтығы және
- Салық мөлшерлемесінің
және басқа төлемдерді
- Жүргізілетін есептеулердің
заңдылығы мен негізділігі
- Салық инспекциясына төлем түрлері бойынша есеп беруді ұсынуды құрастырудың дұрыстығымен өз уақыттылығы;
- Бюджетпен есеп айырысудың
талдамалы және жинақтамалы
- Талдамалы және жинақтамалы
есептер жазбаларының Бас
«Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінде «Салықтар бойынша міндеттемелер» акті жеке бап бар. Оның бұрыстығын тексеру үшін мәліметтерді Бас кітаптағы «Төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы» 3110 шоты, «Қосылған құн салығы» 3130, «Жеке табыс салығы» 3220, «Әлеуметтік салық» 3150, «Басқа да салықтар» 3190 шоттары объектінің бюджетке төлейтін салықтары бойынша ағымдағы кредиторлық берешегі туралы ақпаратты жинақтауға арналған.
Аудитор әрекет етуші заңдарды мұқият зерттеу негізінде салық төлеу негізі мен салық мөлшерлемесінің өзгеруінің салық төлеуде жүргізілген есептердің заңдылығы мен негізділігін ең алдымен тексеруі тиіс.
Корпоративтік салық бойынша бюджетпен есеп айырысуды (Д-т 7710 К-т 3110) және кейінгі шегерілген корпоративті салықты (Д-т 7710, К-т 4310) тексергенде, ҚҚС (Д-т 1420, К-т 3130), акциздерге (Д-т 1210, 1280, К-т 3140), бағалы қағаздармен операцияларға салық, арнайы төлемдер мен жер қойнауын пайдаланушылар салығы, ол жалпы мемлекеттік салықтар бойынша бюджетке төленген төлемнің дұрыстығымен уақыттылығын тексереді.
Информация о работе Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы