Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 12:59, дипломная работа

Описание работы

«Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрақты және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу» - Ел Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан – 2030[3]. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауында еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу ең негізгі басым мақсаттарының бірі. Көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін жекелеген мекемелерді, салаларды және ел экономикасының құрылымды бөлімшелерін басқарудың жүйелері мен әдістерін жетілдірудің объективті қажеттілігі туындайды, олардың міндетті шарты барлық шаруашылық құрылымдары мен барлық басқару жүйелерін қамтитын экономикалық ақпараттардың нақты қалыптасқан жүйесі болуы керек[4].
Мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық туралы экономикалық ақпараттардың негізгі «жабдықтаушыларының» бірі болатын бухгалтерлік есептің ақпараттық қызметінің әсерлілігін арттыру қажет, ол басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті және басқарудың барлық қызметтерін орныдауға мүмкіндік туғызатын ақпарат береді. Мұнда бухгалтерлік есеп тек активтің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жай-күйін ғана емес, сондай-ақ елдің бюджетіне аударылатын салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдер мен зейнеттік және басқа қорларға аударымдарды дұрыс анықтау және уақтылы аудару туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді деп танылады.

Содержание

КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРДІҢ ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы 5
Кредиторлық берешектер есебінің теориялық негіздері 12
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК ұйымдастырушылық–экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы 21
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРАМАСЫ» РМҚК КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫ 35
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектері есебі 35
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектерін талдау41
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРАМАСЫ» РМҚК КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІНІҢ АУДИТІ 46
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектердің аудиті
46
Кредиторлық берешектерді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары 53
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

диплом бух.doc

— 546.50 Кб (Скачать)

- бір жылға дейін  төлем мерзімі бар берешек:

Дт 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек»

   Кт 3310 «Жеткізушілер  мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек»

- бір жылдан асатын  ұзақ төлем мерзімді берешек:

Дт 2180 «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек»

   Кт 4110 «Жеткізушілер  мен мердігерлерге ұзақ мерзімді  берешек».

«ҚР СІМ ШБ» РМҚК акцептеген жабдықтаушылардың есеп айырысу  шоттарының сомасын төлеу көздеріне байланысты бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазумен көрсетіледі:

Дт 3310 «Жеткізушілер мен  мердігерлерге қысқа мерзімді берешек»

Дт 4110 «Жеткізушілер мен  мердігерлерге ұзақ мерзімді берешек»

   Кт 1010 «Кассадағы  ақша қаражаттары»

   Кт 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары»

   Кт 1610 «Берілген  қысқа мерзімді аванстар»

   Кт 2910 «Берілген  ұзақ мерзімді аванстар»

   Кт 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар»

   Кт 4010 «Ұзақ мерзімді  банктік қарыздар»[12].

«ҚР СІМ ШБ» РМҚК 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» және 4110 «Жеткізушілер мен мердігерлерге ұзақ мерзімді берешек» шоттары бойынша талдамалы есеп №6 журнал-ордерінде жүргізіледі де, осы шоттардың кредиті бойынша жазулар жабдықтаушылар мен мердігерлердің ұсынған және төлеуге қабылданған шот-фактуралар негізінде, ал фактураланбаған жеткізілімдер бойынша ТМҚ-ға жасалған ілеспе құжаттарға сәйкес жүргізіледі. Төлеуге қабылданған шот- фактуралар негізінде журнал-ордерлерде жабдықтаушылар мен мердігерлер бойынша келесі жазулар жүргізіледі: айдың басындағы төленбей қалған немесе ішінара төленген шот-фактуралар немесе басқа да есеп-айырысу төлем құжаттарының сомалары; әрбір жабдықтаушылар бойынша ТМҚ-ды есепке алынатын шоттарымен корреспонденцияланған түскен ТМҚ-дың өзіндік құны бойынша есептелген құны және олардың жиынтық сомасы; жабдықтаушылар жөнелткен немесе жіберген, бірақ мекеменің қоймасына ай бойынша келмеген ТМҚ-дың есеп айырысу құжаттары бойынша сомалары; ақша құжаттары негізінде әрбір жеткізілім бойнша төлеу сомалары 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» және 4110 «Жеткізушілер мен мердігерлерге ұзақ мерзімді берешек» шоттарының дебеті бойынша оралымдар.

Айдың соңында төленбей қалған сомалар, сондай-ақ фактуранбалаған  жеткізілімдер бойынша сомалар жеке әрбір шот-фактуралар немесе оны айырбастайтын басқа құжат бойынша есептеледі де, «ай соңында қалдық (сальдо)» бағанына жазылады.

Дебеттік және кредиттік  оралымдардың жиынтық сомалары және айдың аяғындағы қалдықтар (сальдо) сомалары Бас кітапқа көшіріледі

3350 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты, онда персоналға, қызметкерлерге, әкімшілік персоналға есептелген жалақы сомасының, ұйымдардың жұмысшыларына біржолғы төлемнің (материалдық көмек, қолдау және басқа да ұқсас төлемдер) есептелген сомасының қолда бары мен қозғалысына байланысты операциялар, сондай-ақ қызметкерлердің жалақысынан ұстауға жататын сомалар көрсетіледі.

Өндірім мен еңбек  төлемінің есептері өндірілген өнім саны аяқталмаған өндіріс пен  шығарылған жарамсыз өнім туралы уақытында және дәл деректер алуды қамтамасыз етуге; әрбір қызметкердің өндіріміне сәйкес еңбек ақы төлемінің мөлшерін дұрыс және уақытында анықтауға; өндірілген өнімнің материалдар мен өндеуге жіберілген шала өнімдердің санына сәйкестігін бақылауға; өндірістегі тетіктердің (детальдардың), бөлшектердің және агрегаттардың қозғалыстарын қадағалап отыру үшін қажет.

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК –да есеп беру кезеңіне салықтық төлем міндеттеме әдістемесімен салықтық эффект есебі негізінде анықталады. Бұнда табыс салығы табысты алу кезінде заңды тұлғамен енгізілген шығыс ретінде қарастырылады және сәйкесінше табыстар туындаған кезеңде есептелінеді. Есептік кезеңде туындаған уақытша айырмашылықтың салық эффектісі салық төлеміне қосылады және «Мерзімі өткен корпоративтік табыс салығы» шоты бойынша бейнеленеді.

Жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша есептелген жәрдемақылардың  және әлеуметтік сақтандыру қаражаты есебінен берілетін басқа да төлемдердің  сомасы 3210 «Әлеуметтік сақтандыру бойынша есеп айырысу» және 3220 «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер» шоттың дебеті және 3350 «Қызметкерлермен еңбек бойынша есеп айырысу» шоттарының кредиті бойынша көрініс табады.

Жинақтаушы зейнетақы  қорымен есеп айырысудың есебі. Зейнетақы қорымен есеп айырысулар есебі 3220 «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер» деп аталатын шотта жүргізіледі. Зейнетақы қорына белгіленген мерзіммде жарна төленбеген жағдайларда кәсіпорындар өсім сомасын төлейді, сондай-ақ ұйымның лауазымды тұлғаларына бұндай жағдайда аиыппұлдар салынуы мүмкін[13].

Жарналар кәсіпорынның ережелерімен, жарғыларымен және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шығарылған басқа да нормативтік актілермен белгіленген еңбекақының барлық түрлеріне есептеледі. Жарналар пайдаланбаған демалыс үшін өтемақыға, жұмыстан шыққан кезден берілетін жәрдемақыға, материалдық көмек ретінде берілетін жәрдемақыларға және зейнетақы қорына, сақтық жарналарын өндіріп алу мен есепке алу және зейнетақы қоры қаражаттарын жұмсау тәртібі туралы нұсқауда, белгіленген басқа да жағдайларда есептелмейді.

Зейнетақы бойынша жарналар сомасы есептеген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында мына түрдегі екі  жақты жазу жазылады:

Д-т: 3350 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» деп аталатын шоты,

К-т: 3220 «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер».

Ал бұл есептелген жарналар қорға аударған уақытта:

Д-т: 3220 «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер» деп аталатын шот,

К-т: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылуы тиіс.

Кәсіпорынның 3220 «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер» деп аталатын шоттың қалдығында ұйымның зейнетақы қорына аударым қаражаттарын уақтылы төлемегені үшін есептелген өсім сомасы көрсетіледі. Уақтылы зейнетақы қорына аударылмаған жарна үшін есептелген өсім сомасына бухгалтерияда мына түрдегі жазу жазылады:

Д-т: 7210 «Әкімшілік шығындар» деп аталатын шоты,

К-т: 3220 «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер» деп аталатын шоты.

Ал бұл соманы кәсіпорын  тиісті қорға аударған уақытта:

Д-т: 3220 «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер» деп аталатын шот,

К-т: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

Зейнетақы қорына төленетін  жарналар жұмысшылар мен қызметкерге есептелген еңбекақы сомасынан салықтар сомасы есептелініп ұсталғанға дейін олардың табыстарының барлық түрлерінен 10% (он пайыз) мөлшерінде ұсталады. Барлық жарна төлеушілер жарналарды ай сайын еңбекақы төлеу мерзімі ішінде аударулары тиіс, бірақ келесі айдың 10-жұлдызынан кеш қалмауы керек[14].

 

Кесте 4

Жинақтаушы зейнетақы  қорымен есеп айырысудың есебі шоты бойынша жүргізілетін операциялар

 

Операциялардың мазмұны 

Дебет

Кредит

1

Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасынан жинақтаушы зейнетақы қорына ұсталған сомаға

3350

3220

2

Жинақтаушы зейнетақы қорына есептелген сомалар есеп айырысу шотынан аударылуы

3220

1030


 

 

2.2 «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектерін талдау

 

 

Кредиторлық берешектер – кредиторлар алдында қарызгер міндеттемелерінің құндық көрсеткіші. Көбінесе кредиторлық қарыздарды тиелген тауарлар үшін жабдықтаушыларға жасалмаған төлемдер, төленбеген салықтар, төленбеген есептелген еңбекақы, салынбаған сақтандыру төлемдері, төленбеген қарыздар құрайды. Кредиторлық қарыздар баланс пассивінің VI бөлімінде көрсетіледі. Кредиторлық қарыздардың талдауы қарыз қаражаттарының құрылымы мен қарқынын бағалаудан басталады: ұзақ мерзімді несиелік қарыздар, қысқа мерзімді несиелік қарыздар, кредиторлық қарыздар және басқа да қысқа мерзімді пассивтер[42].

Кредиторлық берешектерді терең талдау барысында дебиторлық қарыздар сияқты, құрылу мерзімі бойынша  есепті жылдың соңына қарай міндеттемелердің қалдығын қарастыру қажет. Мерзімі өтіп кеткен кредиторлық берешектерге ерекше көңіл бөлінеді. Кредиторлық берешектердің жағдайын талдай отырып, нақты және нақты емес қарыздарды бөліп көрсету қажет. Кредиторлық берешектерді талдау барысында есепті жылда төленуге тиісті міндеттемелер және де мерзімі өткен және мерзімі кейінге қалдырылған міндеттемелер таңдалынады.

Әрбір кәсіпорынның құрамында  шартты түрде қарыздардың 2 типін  бөліп көрсетуге болады:

- «жедел» (бюджет алдындағы, алынған қарыз бойынша банк алдындағы, әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру органдары алдындағы міндеттемелер);

- «қауіп-қатерсіз» (сатып алушылардан алынған аванстар, жабдықтаушылар мен мердігерлер алдында) [40].

2008-2009 жылдардағы кредиторлық берешектердің өзгерісін 5 кестеде қарастырайық.

 

Кесте 5

2008-2009 жылдардағы кредиторлық берешектердің өзгерісі (мың тенге)

Көрсеткіштер

2008 ж. Соңына қалдық

2009 ж. Міндеттеменің  пайда болуы

2009 ж. Міндеттеменің  өтелуі

2009 ж. Соңына қалдық

Кредиторлық берешектер

19 545,3

19294

3 850,5

34 988,8

Қысқа мерзімді,о.і.:

19 545,3

19294

3 850,5

34 988,8

Мерзімі өткен

0

0

0

0

О.і.

3 айдан ұзақ

0

2300

0

2300


 

5 кестенің мәліметтері бойынша кәсіпорынның кредиторлық берешектері қысқа мерзімді сипатта. Негізінен бұл 2009 ж. соңындағы 34 988,8 мың теңге сомасындағы үш айға дейінгі қарыздар. 2009 ж. соңындағы үш айдан артық мерзімдегі кредиторлық қарыздар 2300 мың тг. құрады, 2008 ж. Соңында қалдық болмаған. Ары қарай 6 кесте мәліметтері негізінде кредиторлық берешектердің құрылымын қарастырамыз.

6 кестенің мәліметтері  бойынша пассивтің жалпы сомасындағы кредиторлық берешектердің үлесік салмағы жыл басынан 2009 жыл ішінде 45,0% немесе 15 443,5 мың теңгеге көбейді. Еңбекақы төлеу бойынша қарыз 3 669,0 мың теңгеден (2008 жылдың соңына) 8 650,2 мың теңгеге (2009 жылдың соңына) 4 981,2 мың теңгеге немесе 57,6 %.-ға ұлғайды. Сонымен бірге әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша қарыздар да 3 907,5 мың теңгеге немесе 51,9 %.-ға ұлғайды. Кредиторлық берешектердің өсуі бюджетпен есеп айырысу бойынша - 6 575,2 мың теңгеге немесе 53,9% және басқа да кредиторлармен есеп айырысу да 0,2% салыстырмалы түрде өсті, абсолютті түрде бұл қарыздың сомасы 9,6 мың теңгеге өсті.

 

Кесте 6

2008-2009 жылдарға кредиторлық берешектердің құрылымы (мың теңге)

Көрсеткіштер

2008 ж.

Үлес салмағы%

2009ж.

Үлес салмағы %

Абсолютті ауытқу (+,-)

Салыстырмалы ауытқу (+,-)

Кредиторлық берешектер, барлығы, о.і.

19 545,3

0,4

34 988,8

0,5

15 443,5

45,1

Бюджет алдында

5 625,3

0,1

12 200,5

0,2

6 575,2

53,9

Еңбекақы бойынша

3 669,0

0,1

8 650,2

0,1

4 981,2

57,6

Әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша

3 621,3

0,1

7 528,8

0,1

3 907,5

51,9

Басқа да кредиторлар

6 599,7

0,1

6 609,3

0,1

9,6

0,2


 

Кредиторлық берешектердің айналымдылығын бағалау үшін көрсеткіштер тобын 1-4 формулалары бойынша есептейміз.

Кредиторлық берешектердің айналымдылығын бағалау үшін көрсеткіштердің келесі тобын есептейміз:

- орташа кредиторлық берешектерді;

- кредиторлық берешектердің айналымдылығын;

- кредиторлық берешектерді өтеу кезеңін;

- ағымдағы пассивтегі кредиторлық берешектердің үлесі.

Кредиторлық берешектердің орташа шамасы мына формуламен есептеледі:

 

                                                                               (1)

 

КЗ – кредиторлық берешек

Кредиторлық берешек айналымдылығының коэффициенті мына формуламен есептеледі:

                                                                                                        (2)

Окз – кредиторлық берешектердің айналымдылығы;

Вр – өнімді сатудан түсім;

Скз – орташа кредиторлық берешек

Кредиторлық берешектер айналымдылығының коэффициенті кәсіпорынға берілген коммерциялық несиенің кеңеюі немесе төмендеуін көрсетеді. Коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қарызды төлеу жылдамдығын, ал төмендеуі – несиеге сатып алулардың көбеюін көрсетеді.

Біруақытта кредиторлық берешек айналымының орташа мерзімі анықталады:

                                                                                                       (3)

Информация о работе Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы