Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 12:59, дипломная работа

Описание работы

«Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрақты және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу» - Ел Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан – 2030[3]. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауында еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу ең негізгі басым мақсаттарының бірі. Көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін жекелеген мекемелерді, салаларды және ел экономикасының құрылымды бөлімшелерін басқарудың жүйелері мен әдістерін жетілдірудің объективті қажеттілігі туындайды, олардың міндетті шарты барлық шаруашылық құрылымдары мен барлық басқару жүйелерін қамтитын экономикалық ақпараттардың нақты қалыптасқан жүйесі болуы керек[4].
Мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық туралы экономикалық ақпараттардың негізгі «жабдықтаушыларының» бірі болатын бухгалтерлік есептің ақпараттық қызметінің әсерлілігін арттыру қажет, ол басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті және басқарудың барлық қызметтерін орныдауға мүмкіндік туғызатын ақпарат береді. Мұнда бухгалтерлік есеп тек активтің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жай-күйін ғана емес, сондай-ақ елдің бюджетіне аударылатын салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдер мен зейнеттік және басқа қорларға аударымдарды дұрыс анықтау және уақтылы аудару туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді деп танылады.

Содержание

КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРДІҢ ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы 5
Кредиторлық берешектер есебінің теориялық негіздері 12
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК ұйымдастырушылық–экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы 21
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРАМАСЫ» РМҚК КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫ 35
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектері есебі 35
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектерін талдау41
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРАМАСЫ» РМҚК КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІНІҢ АУДИТІ 46
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектердің аудиті
46
Кредиторлық берешектерді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары 53
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

диплом бух.doc

— 546.50 Кб (Скачать)

«ҚР СІМ ШБ» РМҚК қызмет ету жағдайына байланысты есеп саясатын жасау барысында ең әуелі бухгалтерлік есепке тән заңдар мен нормативтік актілерді жарлықтарды, үкіметтің шығарған қаулылары мен ережелері, қаржы министірлігінің арнайы бұйрықтарын, хаттарын тағы басқа ресми материалдарды басшылыққа ала отырып жасалған ұйымдастырушылық- басқарушылық құжаттарға сүйенеді.

Бұл құжаттар бухгалтерлік және салықтық есепте қаржылық шаруашылық операцияларды тіркеуге негіз болып табылады.

Бухгалтерлік, қаржылық, өндірістік, салықтың есепті ұйымдастыруы, ішкі бақылау мен аудит саласында кәсіпорын мына құжаттарды басшылыққа алады:

- Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251 Заңы;

- Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұйрығы;

- Бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің нысандарын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 21 маусымдағы №215 бұйрығы;

- Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 16 қарашадағы №200-IV;

- № 98-1 1997ж 7 мамыр Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистикалық туралы» заңы.

- Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары[26].

Ұйымның есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістері мен ережелері, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұның тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.

Есеп саясатын құрастыруда «ҚР СІМ ШБ» РМҚК директоры жауап береді. Ол «Есеп саясаты» құжатын мен оған қатысты өзгертулерді бұйрықпен бекітеді.

Қазақстан Республикасының заң актілерінің бухгалтерлік есеп жүйесіне тән өзгеріске түсуі немесе ұйымның нақты жағдайлары өзгеріске түсуіне байланысты қайта қаралуы мүмкін. Мысалы, егер «пайда мен зияндар туралы есеп» ақпараттардың аса нақты көрсетуді қамтамасыз етсе, онда есеп саясатының жеке жағдайлары дер кезінде өзгеріске ұшырайды және құжатты пайдаланушыларға жеткізеді.

Есеп саясаты нәтижесінде пайда болған түзету сомасы есепті жылдың таза табысы немесе шығысын анықтау барысында есепке алынады.

Есеп саясатындағы қандай болмасын өзгерістер, сонымен бірге бұл өзгерістердің себептері «ҚР СІМ ШБ» РМҚК жылдың қаржылық есебінің түсіндірме хатында ашылып көрсетіледі. Одан басқа бұл өзгерістердің қаржылық есептіліктерге нақты әсері түсіндірме хатта ашылып көрсетіледі және соңында пайда болған нәтижеге баға беріледі.

Енді «ҚР СІМ ШБ» РМҚК - да 2006 жылдың 4 қаңтарда көрсетілген тәртіпте құралған және бекілген есеп саясаты бар.

Бұл құжатқа жасалған талдау барысында онда кәсіпорынның қызметінің бағыты және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептемелік нормативтік- құқықтық реттеудегі өзгертулер жеткілікті түрде есепке алынбаған. «ҚР СІМ ШБ» РМҚК есеп саясатына өзгерту еңгіздік және бұл дипломдық жұмыста есеп саясатында өзгеріске түскен элементтер көрсетілген.

Құрастырылған есеп саясаты бухгалтерлік есептің әр түрлі жақтарын қамтиды: ұйымдастырушылық, техникалық, әдістемелік. Есеп саясатына ұйымдастырушылық - техникалық бөлімін еңгізу қажеттілігі. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңында көрсетілген. Бұл бөлім көлемі бойынша көп көлемді қамтиды және ең біріншіден бухгалтерлік ақпаратты ішкі пайдаланушылар қызығушылық білдіреді. Есеп саясатын ұйымдастыру жағы бухгалтерлік ақпараттың құқықтары мен міндеттерін анықтауды қамтиды. Техникалық жағы- есеп жүргізудің формасын таңдау және өз жұмыс шот жоспарын құрастыру, есеп регистрлер тізімі, олардың реті, қатары және жазу техникасы, олардың өзара байланысы, сонымен бірге алғашқы, ағымдағы және жалғасатын бухгалтерлік бақыладың жүйесі. Содан басқа есеп саясатының техникалық жағы өндірісті басқару және оған қызмет көрсету бойынша шығындарды таратудың әр түрлі нұсқауларын құрастыру, бухгалтерлік есепті жүргізудің формасын, басқару апараты үшін ішкі өндістік есептің құрамын анықтау.

«ҚР СІМ ШБ» РМҚК – дағы мүліктің, міндеттемелердің шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебі «1С Бухгалтерия» бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған.

«ҚР СІМ ШБ» РМҚК жалпы есеп жүйесі бөлінеді:

- Қаржылық есеп;

- Статистикалық есеп,

- Салықтық есеп;

- Басқару есебі.

«Бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 21 маусымдағы №215 бұйрығымен бекіткен алғашқы есептік құжаттарына сәйкес құралады. Фирмада мазмұны коммерциялық құпияда ұсталынатын келесі алғашқы құжаттар тобы бар:

- төлем тапсырмалар мен банк көшірмелері;

- шығыс және кіріс ордерлері;

- жабдықтау келісім шарттары.

«ҚР СІМ ШБ» РМҚК ұйымның қызмет жүргізу ерекшеліктерін ескере отырып шоттардың типтік жоспары шеңберінде бухгалтерлік есептің жұмыс шот жоспары құрастырылған.

Салықтық есеп айырысу мен төлемдер Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» заңына сәйкес жүзеге асырылады және бухгалтерлік есепте есептесу әдісі қолданылады. Есеп саясатын қалыптастыруға Директор жауап береді.

Қаржылық есептілікті құрастыру тәртібі бухгалтерлік есеп стандарттары мен реттеледі: 100.30 үлгісі «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылымдар», 100.31 үлгісі «Табыстар мен шығындар туралы есеп» және 100.34 үлгісі «Ақша қозғалысы туралы есеп».

«ҚР СІМ ШБ» РМҚК және бухгалтерлік баланс ХҚЕС - ның барлық талаптарына қызметіне сәйкес келеді. Табыстар мен шығындар туралы есебі ХҚЕС сәйкес құралады. Есепті жылда анықталған шығындар мен табыстардың барлық баптары есепті жылдың таза табысы немесе шығының анықту барысында есепке алынады. Кәсіпорын үшін есеп беру кезеңі күнтізбелік жыл бойынша табылады. Жедел ақпарат үшін қаржылық- шаруашылық қызметтің нәтижесі ай сайын шығарылады. Егер ағымдағы жылдың қаржылық қорытынды есебін жасау барысында өткен есепті кезеңдердің есебінде жіберілген қателер анықталса, онда мұндай қателерді түзетіп реттеудің сомалары ағымдағы жылдың таза табысын немесе шеккен зияның анықтауға сомаларға қосылады.

Қаржылық есептілікке байланысты ХҚЕС Қазақстан халық банкісінде №700467599 есеп айырысу шоты бар. Шетелдік валютамен ақша қаражаттары мына шоттарда көрсетіледі: (1030) «Ағымдағы банктік шотындағы ақша қаражаттары»; (1010) «кассадағы теңгемен ақша қаражаттары»

Кассадағы ақша қаражаттар қалдығын түгендеу келесі айдың 1-ші жұлдызына ай сайын жоспарлы тексеру бойынша, ал жоспардан тыс тексеріс - ұйымның президенті бұйрығы бойынша жүргізіледі. Барлық кассалық тексерістер актымен рәсімделеді. Бухгалтерлік есептілікке кәсіпорынның жетекшісі және бас бухгалтер қол қояды. Олар оның қол жетімділігі мен уақытылығына жауап береді. Жылдың есеп мына органдарға ұсынылады: салық инспекциясына; мемлекеттік статистикалық органына; есепті жылдың бірінші наурызына кешіктірмей тапсырылатын жергілікті қаржылы Табыстарды бағалау мен тану бөлімі бойынша есеп саясаты ХҚЕС сәйкес жүргізіледі. Есептесу принципіне сәйкес табыстар бухгалтерлік есепте танылады және ақшаның түсуі мен түспеуіне қарамастан қаржылық есептілікте көрсетіледі, ал шығындар мен шеккен зияндар - олар пайда болған кезде. Табыстар мен шығындар бірдей мәліметтер немесе жағдайлары бойынша бір уақытта есепке алынады. Қызмет көрсетуден түскен табыс есебі (6010) «Өнімдерді сатудан түскен табыс» шотында есептелінді және (3310) «Алынуға тиісті шоттар» шотында кореспонденцияланады. Қызмет көрсетудің өзіндік құны (7010) «Сатылған дайын өнімдердің өзіндік құны шотында көрсетіледі», ал өнімнің өзіндік құны (1030) «Дайын өнім шотынан есептен шығарылады».

Есептік жылдың соңында шығындар мен табыстар «Қорытынды табысқа» жабылады. Жыл бойы алынған табыс жарғылық құжаттарға сәйкес таратылады. Кәсіпорынның тауарлы материалдық құн есебі ХҚЕС сәйкес ұйымдастырылады. Материалдық құндарды бағалау орташа құн әдісімен жүргізіледі. Барлық материалдық қорлардың есебі негізгі, активті (1300) «Қорлар» шотының (1310) «Шикізаттар мен материалдар» (1320) «Дайын өнім» (1330) «Тауарлар» (1340) «Аяқталмаған өндіріс» (1350) «Өзге қорлар» (1360) «Қорларды есептен шығару бойынша резерв»[26].

 

 

 

 

2 «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ  ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРАМАСЫ» РМҚК КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕР ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫ

 

 

2.1 «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектері есебі

 

 

«ҚР СІМ ШБ» РМҚК кредиторлық берешектері есебі заңнамаға сәйке жүзеге асырылады. Қаржылық-шаруашылық қызметтерін жүргізу үшін мекемеге тауарлы-материалдық қорларды және техникалық құралдарды жеткізетін немесе әртүрлі қызметтер көрсететін мекемелер мен кәсіпорындар оның жабдықтаушылары және мердігерлері болып табылады[27].

«ҚР СІМ ШБ» РМҚК шаруашылықтарын үзіліссіз жүргізу үшін тауарлы-материалдық қорларды жеткізуге және қызметтер көрсетуге жабдықтаушылармен және мердігерлермен келісім-шарт жасалынған, онда өздерінің арасында есеп айырысу тәртібі қарастырылған.

Ұйым келіп түскен материалдарға жабдықтаушылардан есеп айырысу және ілеспе құжаттар алады. Құжат айналымы негізінде мыналарды атқару қажет:

- келіп түскен жүктердің  есебін жүргізу журналында құжаттарды  тіркеу;

- құжаттардың мәліметтерін  материалдардың ассортименті, бағасы  және саны бойынша, тиеу тәсілі мен мерзімі және келіп түсірудің басқа жағдайларын келісім-шартқа сәйкестігін тексеру;

- есеп айырысу құжаттарындағы  ақпараттың дұрыстығын тексеру;

- есеп айырысу құжаттарын  толық немесе бөлектеп акцептеу (төлеу) немесе себеппен акцептеуден  (төлеуден) бас тарту;

- келісі-шарт шартының  бұзылуы жағдайында жауапкершіліктің  нақты көлемін анықтау;

- өз уақытында құжаттарды  келесі өңдеу үшін ұйымның  бөлімшелеріне тапсыру.

Алынған материалдық  құндылықтар бойынша есеп айырысу  үшін келесі құжаттар пайдаланылады:

- тауарлық-көліктік құжаттары;

- шот-фактура;

- банктің есеп айырысу  – төлем құжаттары;

- кіріс және шығыс  ордерлер және т.б.

Шот – фактура ҚҚС  сомаларын салықтық шегеру үшін негіз  болып табылады (ҚР СК 256 бабындағы  ережелерге сәйкес), сонымен бірге ҚҚС төлеу үшін (ҚР СК 265, 263 бабына сәйкес) негіз болады.

Шот-фактураларды құрастыру  мен тіркеу салық салу мақсатымен ұйым бекіткен есеп саясатына сәйкес тауарларды сату кезеңінде жүргізілуі қажет[7].

 

Сурет 2. Тауарлы - материалды қорлардың келуі кезіңдегі рәсімделетін құжаттардың сызбанұсқасы

 

«ҚР СІМ ШБ» РМҚК мен  жабдықтаушылар арасындағы есеп айырысу, негізінде, банк мекемелері арқылы қолма-қол  ақшасыз төлеушінің есепшотына алушының есепшотына ақша қаражаттарын аудару түрінде жүргізіледі.

«ҚР СІМ ШБ» РМҚК қолма-қолсыз есеп айырысуды Қазақстан Республикасының 29.06.1998 ж. № 237-1 «Ақша қаражаттарын төлеу мен аудару туралы» Заңына сәйкес жүргізіеді.

Сонымен бірге кәсіпорында  есеп беруші тұлғаоар арқылы жабдықтаушылар мен мердігерлермен қолма-қол есеп айырысу формасы қолданылады. Сондай-ақ «Бағдарлама Интернет-банкинг» төлем төлеудің электронды құралдары пайдаланылады.

Кәсіпорында бухгалтерлік есеп Қазақстандық бухгалтерлік есепке бейімделген қажет етілетін барлық бланктер мен формалары бар «1C» фирмасының бағдарламасы жүйесімен жүргізіледі. 2006 және 2007 жылдары серіктестікте «1С:Предприятие» 7,7 баламасы қолданды. 2008 жылдан бастап «1С:Предприятие» орыс және қазақ тілінде бірдей 8,0 баламасына көшті.

Алынған тауарлы-материалдық қорлар және пайдаланылған көліктік, коммуналдық және байланыс қызметтер үшін жабдықтаушылармен мен мердігерлермен есеп айырысуды есепке алу үшін төлеу мерзімдеріне қарай бір жылға дейінгі мерзім болса, 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» шоты, ал бір жылдан асатын төлеу мерзімі болса, 4110 «Жеткізушілер мен мердігерлерге ұзақ мерзімді берешек» шоты арналған.

Алынған тауарлы-материалдық  қорлар және пайдаланылған қызметтер  үшін есеп айырысулармен байланысты барлық операциялар аталған шоттарда ұсынылған есеп айырысу құжаттарын төлеу бір уақытта немесе алдын-ала жүргізілгені қарамастан көрсетіледі.

Тауарлы-материалдық  қорлар түскенде тауарлық ілеспе құжаттарының (шот-фактуралар, тауарлық-көліктік құжаттары  және т.б.) негізінде қабылдап алынған құндылықтардың түрлеріне байланысты бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жүргізіледі.

Дт 1310 «Шикізат және материалдар»

Дт 1320 «Дайын өнім»

Дт 1330 «Тауарлар»

Дт 1350 «Өзге қорлар»

Дт 1420 «Қосылған құн  салығы»

   Кт 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек

   Кт 4110 «Жеткізушілер  мен мердігерлерге ұзақ мерзімді  берешек».

Тауарлы-материалдық  қорларды жеткізгені үшін көлік мекемесі есеп айырысу шотын ұсынғанда  келесі бухгалтерлік тізбе беріледі:

Дт 1320 «Дайын өнім»

Дт 1330 «Тауарлар»

Дт 1350 «Өзге қорлар»  немесе

Дт 7110 «Өнімдерді сату мен  қызметтер көрсету бойынша шығыстар»

   Кт 3310 «Жеткізушілер  мен мердігерлерге қысқа мерзімді  берешек»

   Кт 4110 «Жеткізушілер  мен мердігерлерге ұзақ мерзімді  берешек».

«ҚР СІМ ШБ» РМҚК –ның қоймасына келіп түскен ТМҚ қабылдау кезінде олардың ілеспе құжаттарындағы санына қарағанда табиғи кему мөлшерінен тыс жетіспеушілігі, сондай-ақ келісім-шартпен елісілген бағалардың сәйкес еместігі және арифметикалық қателер анықталса, жабдықтаушыларға талап ұсынады да, дебиторлық берешектердің мерзімдеріне қарай келесі бухгалтерлік жазулар жасалады:

Информация о работе Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы