Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 12:59, дипломная работа

Описание работы

«Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрақты және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу» - Ел Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан – 2030[3]. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауында еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу ең негізгі басым мақсаттарының бірі. Көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін жекелеген мекемелерді, салаларды және ел экономикасының құрылымды бөлімшелерін басқарудың жүйелері мен әдістерін жетілдірудің объективті қажеттілігі туындайды, олардың міндетті шарты барлық шаруашылық құрылымдары мен барлық басқару жүйелерін қамтитын экономикалық ақпараттардың нақты қалыптасқан жүйесі болуы керек[4].
Мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық туралы экономикалық ақпараттардың негізгі «жабдықтаушыларының» бірі болатын бухгалтерлік есептің ақпараттық қызметінің әсерлілігін арттыру қажет, ол басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті және басқарудың барлық қызметтерін орныдауға мүмкіндік туғызатын ақпарат береді. Мұнда бухгалтерлік есеп тек активтің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жай-күйін ғана емес, сондай-ақ елдің бюджетіне аударылатын салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдер мен зейнеттік және басқа қорларға аударымдарды дұрыс анықтау және уақтылы аудару туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді деп танылады.

Содержание

КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРДІҢ ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы 5
Кредиторлық берешектер есебінің теориялық негіздері 12
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК ұйымдастырушылық–экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы 21
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРАМАСЫ» РМҚК КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫ 35
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектері есебі 35
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектерін талдау41
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРАМАСЫ» РМҚК КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІНІҢ АУДИТІ 46
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектердің аудиті
46
Кредиторлық берешектерді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары 53
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

диплом бух.doc

— 546.50 Кб (Скачать)

Ұйымдар арасындағы өзара  есептесу тек қана банк арқылы ғана жүргізілмей, өзара жұмыс, қызмет көрсету; әр алуан тауарлармен, өнімдермен және т.б. айырбас жасасу арқылы кәсіпорын  берешектерін азайта алады[44].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Кредиторлық берешектер есебі және талдауы мәселелеріне байланысты теориялық және әдістемелік зерттеулер негізінде келесідей қорытынды мен ұсыныстар жасауға болады:

- Міндеттеме - бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақгы әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, әйтпесе белгілі бір әрекеттен тартыну (бас тарту), ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.

- Кредиторлық берешектер – бұл бір ұйымның басқа заңды және жеке тұлғаларға қарыздар сомасы. Шетел әдебиеттерінде кредиторлық қарыздарға мыналар жатады: төленуге тиісті қарыз; ақша қаражаттарының немесе ресурстарының күтілген шығыны; экономикалық субъектінің әлеуетті табыстан бас тартуы және т.с.с.

- Кредиторлық қарыздар  бухгалтерлік есепке алынады  және ұйымның қарыздары ретінде  баланста бейнеленеді. Азаматтық  заңнама нақты түрде бухгалтерлік заңнамадан ерекшеленеді. ҚР АК 268 бабына сәйкес «Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Несие берушi борышқордан атқарылғанды қабылдауға мiндеттi».

- Кредиторлық қарыздарды  талдаудың тікелей міндеттеріне  жататындар: ақша қаражаттарының қозғалысы мен олардың қозғалысы бойынша операцияларды; кассалық және төлем-есеп айырысу ережелерінің сақталуын бақылау; кредиторлық қарыздардың құрылымын өтеу мерзімі, қарыздың түрі, қарыздың тұрақтылық деңгейі бойынша анықтау; мерзімі өткен кредиторлық қарыздардың құрамы мен құрылымын, кредиторлық қарыздардың жалпы көлемінде оның үлесін анықтау; банк қарыздарын қоланудың дұрыстығын анықтау; жұмыскерлермен еңбекақы бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлермен басқа кредиторлармен есеп айырысулардың дұрыстығын анықтау және кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша бар қарыздарды өтеу резервтерін айқынду және т.б.

- Жедел басқару құқындағы «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы №1724 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» шаруашылық жүргізу құқындағы Республикалық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру жолымен құрылды.

- Баланс құрлымының құрамын талдай отырып келесідей нәтижелер шығаруға болады:

- 2009 жылдың 31 желтоқсанына қарай кәсіпорынның мүліктері 4243751,4 мың теңгені құрады.

- Ұзақ мерзімді активтер  құрамында кәсіпорын қызметкерлері  үшін тұрғын үйлерді салу бойынша  «ОРИОН» ТҚК тапсрысы бойынша берілген ұзақ мерзімді активтер сомасы- 1 752 535,5 мың теңге көрсетілген.

- Негізгі құралдардың  баланстық құны 83 480,4 мың теңгені, яғни 2008 жылмен салыстырғанда 2424454,9 мың теңгеге азайды. Ол негізіг құралдардың көп мөлшерде есептен шығарылуы салдарынан болған.

- Ұзақ мерзімді активтерге «ДипломатСтройСервис» ЖШС Жарғылық капиталға салым құны – 2 385 726,5 мың теңгені құраған ұзақ мерзімід қаржылық салым жатады.

- Меншікті капиталы  мен міндеттемелерінің құрамы мен құрылымы туралы қорытынды жасауға болады:

- 2009 жылы 2008 жылға қарағанда 88074,0 мың теңге бөлінбеген табыстың (зиянның) көлемі көбейді және ол 500 647,9 мың теңгені құрады;

- 2009 жылы кәсіпорынның  балансына өкілетті органдардан  берілген капиталдың сомасы 2 813 302,5 мың теңгені құрады және 2008 жылмен салыстырғанда 524,5 мың теңгеге азайған.

- Ағымдағы міндеттемелер  72 607,2 мың теңгені құрады, ең көп үлесті ұзақ мерзімді міндеттемелер 1 858 402,6 мың теңгені құрады, өйткені жеке тұлғалардан тұрғын үй құрылысы үшін келісім-шарттар негізінде ұзақ мерзімді аванс сомасы алынған.

- «ҚР СІМ ШБ» РМҚК кредиторлық берешектері есебі заңнамаға сәйке жүзеге асырылады. Қаржылық-шаруашылық қызметтерін жүргізу үшін мекемеге тауарлы-материалдық қорларды және техникалық құралдарды жеткізетін немесе әртүрлі қызметтер көрсететін мекемелер мен кәсіпорындар оның жабдықтаушылары және мердігерлері болып табылады.

- Кәсіпорынның кредиторлық  берешектері қысқа мерзімді сипатта.  Негізінен бұл 2009 ж. соңындағы 34 988,8 мың теңге сомасындағы үш айға дейінгі қарыздар. 2009 ж. соңындағы үш айдан артық мерзімдегі кредиторлық қарыздар 2300 мың тг. құрады, 2008 ж. Соңында қалдық болмаған.

- «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектері аудиті 20.11.1998 жылғы №304-І ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» (20.02.2009 ж. №138-ІV өзгертулер мен толықтырулармен бірге) Заңына сәйкес таңдамалы негізінде жүргізіледі.

- Жалпы «ҚР СІМ ШБ» РМҚК кредиторлық берешектер есебі бухгалтерлік есептің нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Кәсіпорында кредиторлық  берешектердің ұйымдастырылуын  жақсарту үшін келесі іс-шаралар ұсынылады:

- дебиторлық және кредиторлық  берешектердің арақатынасын әрдайым  қарастыру, өйткені дебиторлық  берешектердің ерекше басымдығы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіреді, ал кредиторлық берешектердің дебиторлық берешектерден асып түсуі кәсіпорынның төлем қабілетсіздігіне соқтыруы мүмкін;

- келісім-шарттармен  жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыру,  толық сатудан, барлық жұмыстардың, қызметтердің орындалғанынан кейін ғана немесе алдын-ала төлеу жүйесінен кейін клиенттерді белгілеу;

Кәсіпорынның кредиторлық  берешегінің құрамы, құрылымы мен  қарқынын талдау нәтижесі бойынша кәсіпорынның кредиторлармен есеп айырысу қатынастары  жалпы қаржылық жағдайдың тұрақтылығына ерекше қауіп төндірмейді. Бірақ, кредиторлық берешектердің өсу қарқыны әкімшіліктің есеп айырысу қатынастарын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керектігін көрсетеді.

- Екінші бөлімде «ҚР СІМ ШБ» РМҚК көрсеткіштердің талдауын жүргізу негізінде кредиторлық қарыздарды жақсарту қажеттігі анықталды. Осылай, келесі іс-шараларды қолдану ұсынылады:

- кредиторлық берешектерді  қайта құрастыру;

- өзара есеп айырысулар;

Қарыздардың әр түрін  қайта құрастыру күрделі үрдіс. Әрбір нақты жағдайда өткізу ұйымның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болған жағдайға байланысты.

Қарыздарды қайта құрастырудың оң және теріс жақтары алдында  құрылған келісім-шарттар шарттарының  жағдайына, қарастырылған айыппұл  санкциясына, қарыздар немесе міндеттемелердің көлемі мен түріне, оларды орындау немесе төлеу мерзімдеріне, кредитордың қаржылық жағдайына, бекітілген қайта қаржыландыру мөлшеріне, елдегі және жергілікті жердегі жалпы экономикалық жағдайына байланысты.

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Қазақстан, 1998 ж

2. Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). - Алматы: Қазақстан, 1994 ж. (12.02.2009 жылға өзгерістер мен толықтырулармен бірге).

3. Назарбаев Н.А. Қазақстан  – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы: Білім, 1997 ж.

4. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – Астана: Қазақстан, 29.01.2010 ж.

5. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы». Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251 Заңы.

6. «Бухгалтерлік есепті  жүргізу ережесін бекіту туралы», ҚР Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 22 шілдедегі №221 Бұйрығы.

7. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 16 қарашадағы №200-IV.

8. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251 Заңы.

9. Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444 Заңы.

10. Закон Республики Казахстан от 13.06.2005 N 57-3 «О валютном регулировании и валютном контроле».

11. Закон Республики Казахстан от 29.06.1998 № 237-1 «О платежах и переводах денег»( с дополнениями и изменениями Закон Республики Казахстан на 10.12.2008 № 101-4 )

12. О Вексельном обращении в Республики Казахстан. Закон Республики Казахстан от 28.04.97 г.№97-1(дата последней редакции 08.07.2005)

13. Закон Республики Казахстан от 30.03.1995№ 2155 « О Национальном Банке РК ( с дополнениями и изменениями на 28.02.2007 года)

14. «Об аудиторской деятельности», Закон Республики Казахстан от 20.11.98 с дополнениями и изменениями 2009 г.

15. Қаржылық есептіліктің Ұлттық №1 және №2 стандарттары. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы №217, 218 бұйрықтары.

16. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұйрығы.

17. Бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің нысандарын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 21 маусымдағы №215 бұйрығы.

18. Методические рекомендации по составлению корреспонденции счетов: Библиотека бухгалтера и предпринимателя (часть 1,2)

19 Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары. – Алматы: Корпорация «КАРАНА - ЮСАЙД», 2007 ж. (өзгертулер мен толықтырулар).

20. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибиесі, - Экономика - Алматы 2007.-265б.

21. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері - Алматы.: 2001ж. 240 б

22. Әбдіманапов Ә. Қаржылық есеп - Алматы 2007ж.-140-178б.

23. Кеулемжаев К.Қ., Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері», «Экономика» - Алматы 2006ж. 174-197б.

24. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық. – Қарағанды, «Қарағанды полиграфиясы» АҚ, 2009. 568 б.

25. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК Жарғысы

26. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК Есеп саясаты

27. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» 2008-2009 ж.ж. қаржылық есебі

28. Назарова В.Л.Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов: Учебник. Под.ред. Н.К. Мамырова; Изд.3-е перераб. и доп. Алматы, Экономика 2005.

29. «Типовой план счетов бухгалтерского учета» 010.01.2008 приказ Минфин РК от 23.05.2007. №185.

30. Нурсеитов Э.О., Нурсеитов Д.Э. «Международные стандарты Аудита: принципы и практика».Издательство «Экономика» 2008 год

31. Нурсеитов Э.О., Нурсеитов Д.Э. «Международные стандарты финансовой отчетности: теория и практика». Справочное руководство.- Алматы: Lem, 2007.

32. Нурсеитов Э.О. «Бухгалтерский учет в организациях». Учебное пособие. Издание второе и переработанное. – Алматы 2007. – 476 с.

33. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет». Учебное пособие. Издание второе переработанное и дополненное. – Алматы: ТОО «Издательство LEM» 2005. – 548 с.

34. Кабылова Н.К.,Доспалинова Ш.А., Оразалинов Е.Н. «Бухгалтер. Основы бухгалтерского учета». Учебник. – Астана: Фолиант 2006. – 316 с.

35. Головина Л.А., Жигунова О.А. «Теория экономического анализа». М: КНОРУС, 2007.

36. Савицкая Г.В. «Экономический анализ деятельности предприятия». - М.: Финансы и статистика, 2007.

37. Скала В.И., Скала Н.В., Нам Г.М. «Национальная система бухгалтерского учета в РК». A.: Lem, 2007.

38. Бабаев Ю.А. «Бухгалтерский учет и контроль дебиторской и кредиторской задолженности». Учебно-практическое пособие - М. : Проспект, 2004.

39. Колиева З. В. «Бухгалтерский учет кредиторской задолженности // Современный бухучет». - 2003. - N 5. - С. 26-29.

40. Самойлов, С.В. «Кредиторская задолженность предприятий торговли и общественного питания. Вопросы бухгалтерского учета и налогообложения». Бухгалтерский учет и налоги в торговле и общественном питании. - 2004. - N4.

41. Бабаев, Ю.А. Организация бухгалтерского учета расчетов с дебиторами и кредиторами // Современный бухучет. - 2002. - N 4.

42. Парушина, Н.В. Анализ дебиторской и кредиторской задолженности // Бухгалтерский учет. - 2002. - N 4. - С.46-53.

43. Сысоева, И.А. Дебиторская и кредиторская задолженность // Бухгалтерский учет. - 2004. - N 1. - С. 17-27.

44. Давыденко, Ю.Н. Учет и налогообложение сумм дебиторской и кредиторской задолженности организации // Бухгалтерский учет и налоги. - 2004. - N 1. - С. 144-156.




Информация о работе Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы