Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 12:59, дипломная работа
«Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрақты және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу» - Ел Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан – 2030[3]. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауында еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу ең негізгі басым мақсаттарының бірі. Көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін жекелеген мекемелерді, салаларды және ел экономикасының құрылымды бөлімшелерін басқарудың жүйелері мен әдістерін жетілдірудің объективті қажеттілігі туындайды, олардың міндетті шарты барлық шаруашылық құрылымдары мен барлық басқару жүйелерін қамтитын экономикалық ақпараттардың нақты қалыптасқан жүйесі болуы керек[4].
Мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық туралы экономикалық ақпараттардың негізгі «жабдықтаушыларының» бірі болатын бухгалтерлік есептің ақпараттық қызметінің әсерлілігін арттыру қажет, ол басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті және басқарудың барлық қызметтерін орныдауға мүмкіндік туғызатын ақпарат береді. Мұнда бухгалтерлік есеп тек активтің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жай-күйін ғана емес, сондай-ақ елдің бюджетіне аударылатын салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдер мен зейнеттік және басқа қорларға аударымдарды дұрыс анықтау және уақтылы аудару туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді деп танылады.
КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРДІҢ ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы 5
Кредиторлық берешектер есебінің теориялық негіздері 12
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК ұйымдастырушылық–экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы 21
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРАМАСЫ» РМҚК КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫ 35
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектері есебі 35
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектерін талдау41
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРАМАСЫ» РМҚК КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІНІҢ АУДИТІ 46
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектердің аудиті
46
Кредиторлық берешектерді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары 53
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60
ҚОСЫМШАЛАР
Сыртқы
Сурет 1. Ұйымдар арасындағы есеп айырысулар түрлері
Кредиторлық берешектерді басқаруға қатысты талдамалы процедуралар, негізінен, фирма ішілік қаржылық талдау мен басқарушылық бақылау жүйесіне жатады. Талдауды талап ететін келесі байланыстырушы жағдайларды атауға болады:
- жабдықтаушыны таңдау (бұл жағдайда мыналарға көңіл аудару қажет: жабдықтаушының ірілігі, ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату мүмкіндігі, қаржылық-есеп айырысу қарым-қатынасын орнатудың көпнұсқалылығы, шикізат және материалдармен жабдықтаудың әр алуан нұсқасының болуы, жеткізудің орташа ұзақтығы және т.б.);
- есеп айырысулардың уақтылығын бақылау (жеткізіліп берілген шикізат және материалдар үшін өтемнің мезгілінен асып кетуі айыппұл төлеуге мәжбүр етеді.);
- нақты кредиторлармен ннақты жағдаятта есеп айырысуды таңдау (көп жағдайда шикізаттарды жабдықтаушылар төлемнің тез орындалуын қалайды, дер кезінде төлем жүргізілу жағдайында баға жеңілдігін ұсынады; осылай кәсіпорын алдында дилемма пайда болады – жеңілдікті пайдаланып қалу немесе қаржыландырудың қосымша көзін пайдаланып қалу мүмкіндігі).
Кредиторлық берешектер – бұл қаражаттар көзі, сондықтан кәсіпорын сыртқы құралдарды максималды ұзақ қолдануға ниетті, яғни төлем мерзімін кешіктіреді.
Кәсіпорын басқа кәсіпорындармен, тұлғалармен және т.б. шаруашылық және қаржылық қарым-қатынасқа түседі. Осылай есеп айырысу қатынасы пайда болады. Есеп айырысулар екі топқа бөлінеді:
- егер де кәсіпорын дайын өнімнің (жұмыс, қызмет) жеткізушісі , тауарлы-материалдық құндылықтарды дайындаушы немесе сатып алушысы болған жағдайындағы тауарлық операциялар бойынша;
- банк, бюджет, жұмыскерлер,
бюджеттен тыс қорлар
Кредиторлық берешектер деп белгілі бір ұйымның әр түрлі шаруашылық қызметі барысында басқа ұйымдарға, жұмыскерлер мен тұлғалар алдында пайда болған қарыздары.
Материалдық құндылықтарды
сатып алумен байланысты пайда болған
кредиторлық қарызгерлерді
Жеткізушілер мен сатып алушылармен есеп айырысу қысқа және ұзақ мерзімді дебиторлық және кредиторлық қарыздардың құрылуына әкеледі. Бұл қарыздар төлем мерзімінің тауарды жіберу немесе алу, жұмыс жасау немесе қызмет көрсету бойынша сәйкес келмеуінен байланысты. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар сәйкесінше кәсіпорынның құқықтары мен міндеттемелерін құрайды, яғни қарызды талап ету құқығы немесе өтеу міндеттемесі бар. Азаматтық заңнамаға сәйкес құқықтар мен міндеттемелер мүлікті құру және сатып алу нәтижесінде жаслған келісім-шарттар мен басқа да мәмілелелер және ҚР азаматтық кодексінің 7 бабында қарастырылған басқа да жағдайлардан пайда болуы мүмкін. ҚР АК 16 тарауындағы жағдайларға сәйкес «Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Несие берушi борышқордан атқарылғанды қабылдауға мiндеттi...».
Қаржылық есептілікті пайдаланушылар бірінші кезекте кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттіліген көңіл бөледі. Бұл көрсеткіштерді талдау барысында ағымдағы немесе ұзақ мерзімді қаражаттарды бөлу барысында пайда болған қарыздық көрсеткіштер қолданылады. Міндеттеменің тараптары болып борышқор және кредитор, белгілі бір жағдайларда үшінші тұлғалар табылады. Міндеттеменің қатысушылары арасындағы құқықтық өзара қарым-қатынас ҚР Азаматтық кодексімен реттеледі.
Кредиторлар – кәсіпорынның белгілі бір қарызы бар заңды және жеке тұлғалар. Бұл қарыздар сомасы кредиторлық деп аталады және ол бір кәсіпорын қарызын белгілі бір мерзімнің аяқталуы барысында басқа кәсіпорынға өтеу барысында пайда болады.
Кредиторлық берешектер бар болуы кәсіпорынға тиесілі емес, бірақ әр алуан себеп бойынша оның айналымында жүрген қаражаттарды қаржылық-шаруашылық қызмет барысында қолдануды айтады.
Кредиторлық берешектер:
- төлем мерзімі келмеген есеп айырысу құжаттары арқылы;
- мерзімінде төленбеген есеп
айырысу құжаттары бойынша
- өзара талап ету есебі бойынша есеп айырысулар арқылы;
- бюджетпен есеп айырысу арқылы;
- төлем мерзімі келмеген
Бухгалтерлік есептің
Стандарт бойынша
Міндеттеменің түсінігі мен негізі және оның орындалуы ҚР АК «Міндеттемелік құқық» атты ІІІ тарауымен реттеледі. Онда міндеттемелердің сәйкесінше, бөлек-бөлек, үшінші тұлғамен орындалуы, орындалу мерзімдері және т.б. қарастырылған.
Салық заңнамасында қарызға деген қатынасы басқаша. Кәсіпорынның үш жыл ішінде төленбеген қарыздары бұл мерзімнің аяғында күдікті қарыздар немесе міндеттемелер деп танылады және олардың сомасы жалпы жылдық табысқа жатқызылады. ҚР Салық кодексінің 10 бабына сәйкес күдікті қарыздар деп тауарларды сатып алумен, істелген жұмыс немесе көрсетілген қызмет бойынша және де жұмыскерлерге есептелген еңбекақы сомасы, бірақ үш жыл ішінде төленбеген қарыздар аталады. Егер біруақытта күдікті қарыздар деп танылған табыстар төленген болса, жалпы жылдық табыс өтелген қарыз сомасына шегерілуі керек. Жалпы жылдық табыстың төмендетілуі төлем жасалған есепті мерзімде жасалады.
Салық есебінде міндеттемелерді есептен шығару белгіленген мерзімнің аяқталуы нәтижесінде ғана жүргізіледі, бірақ басқа жағдайларда да жүргізілуі мүмкін. Мысалы, кәсіпорын басқа кәсіпорынға қарыздың өтеуін талап етпейді., бұл жағдайда есептен шығарылған сомасында табыс пайда болады. Табыс қарастырылып отырған жағдайда бухгалтерлік есепте және салық салу мақсатында пайда болады.
Кредиторлық қарыздар қысқа және ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздар (ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді пассивтер) деп бөлінеді.
Ұзақ мерзімді пассивтерге жататындар:
- ұзақ мерзімге капитал салымдары үшін қолданылатын ұзақ мерзімді банк несиелері: қымбат құрылғыларды сатып алуға, ғимараттар салуға, өндірісті модернизациялауға;
- ұзақ мерзімді несиелерге ұқсас (банкіліктен басқа) ұзақ мерзімді қарыздар және бір жылдан артық мерзімге басқа да қатыстырылған қаржы құралдары, оның ішінде кәсіпорын шығарған ұзақ мерзімді облигациялар мен берілген ұзақ мерзімді вексельдер.
Қысқа мерзімді пассивтерге жататындар:
- айналым қаражаттарымен
жабылатын немесе жаңа қысқа
мерзімді міндеттемелердің
Қысқа мерзімді міндеттемелер баланста не олардың ағымдағы бағасы, не қарызды өтеу мерзімінің бағасы бойынша көрсетіледі.
Қысқа мерзімді міндеттемелерге кәсіпорынға несие беру нәтижесінде пайда болған төленуге тиісті шоттар мен вексельдер, компанияның қысқа мерзімді қарыз алу туралы қарыздық куәлігі, салықтар бойынша қарыздар, еңбекақы бойынша қарыздар, ағымдағы мерзімде төленуге тиісті ұзақ мерзімді міндеттемелердің бөлігі жатады[5].
Кредиторлық беерешектерді талдаудың тікелей міндеттеріне жататындар:
- ақша қаражаттарының
қозғалысы мен олардың қозғалыс
- кассалық және төлем-есеп
айырысу ережелерінің
- кредиторлық қарыздардың
құрылымын өтеу мерзімі,
- мерзімі өткен кредиторлық
қарыздардың құрамы мен
- төленбеген есеп айырысу құжаттары бойынша, мерзімі өткен вексельдер бойынша, алынған коммерциялық несие бойынша жабдықтаушылар туралы мәлімет құрылымын анықтау, олардың мақсатқа сәйкестілігі мен заңдылығын анықтау;
- вексельдер, талаптар, алынған
және берілген аванстар
- банк қарыздарын қоланудың дұрыстығын анықтау;
- жұмыскерлермен еңбекақы
бойынша, жабдықтаушылар мен
1.2 Кредиторлық берешектер есебінің теориялық негіздері
Міндеттеме – қарыз немесе міндеттеме, бір нәрсені белгілі бір жолмен қызмет етуі немесе орындау. Міндеттеме – өткен кезең жағдайларында пайда болған субъектінің қарызы және оларды реттеу экономикалық пайдасы бар ресурстардың субъектіден керуне әкеледі. Міндетті түрде қазіргі және болашақтағы міндеттемелерді ажырата білу керек.
Міндеттеме 3 белгісі бойынша анықталады:
- Міндеттемені туғызған құбылыстың орын алған жері;
- Міндеттемелерді реттеу тек активтерді ауыстыру немесе қызметті басқа субъектіге жеткзу жолымен жүргізілуі мүмкін;
- Міндеттеме пікір таластырылмайтын болуы керек.
Осы анықтамаға сәйкес міндеттеме қабылданса, онда ол міндетті түрде бухгалтерлік кітапқа енгізілуі керек. Міндеттеменің сомасы бірге жүретін тәуекелге барлық болашақ төлемдерінің ағымдық құнымен есептелеуі керек (ақшалай емес активтер немесе қызметтердің ақшалай эквиваленті). Міндеттемеге негізгі пайыз бен сома кіреді.
Міндеттемелерді реттеу әртүрлі әдістермен жүргізіліу мүмкін:
- ақша қаражаттарын төлеу;
- басқа активтерді беру;
- қызмет көрсету;
- бір міндеттемені екішісімен ауыстыру;
-міндеттемелерді капиталға ауыстыру[23].
Реттеудің басқа да бастарту немесе кредиторлармен өз құқығын шығару сияқты түрлі әдістері бар болуы мүмкін. Міндеттеменің пайда болуы болашақта ресурстың кетуін білдіреді, берілген міндеттеменің орындалу мерзімі субъектінің қаржы жағдайын дұрыс бағалау үшін маңызды. Активтермен ұқсатығына байланысты міндеттемелер ағымдық (қысқа мерзімді кредиторлық қарыз) және ұзақ мерзімді.
Ағымдық міндеттемелер субъектінің қызметіне әсер ете алады, ал ұзақ мерзімді әсер ете алмайды. Өйткені ағымдағы міндеттеме ағымдағы ресурсқа өз наразылығын көресете алады. Бұл наразылықтар ұзақ мерзімдіктен ерекшеленеді, өтеу уақыты бірнеше жылдарды құрауы мүмкін.
Мынадай жағдайларда міндеттемелер қысқа мерзімдік болып жіктелуі керек:
- оны субъектінің операциялық циклының қалыпты жағдайымен өтеу көзделеді;
- есепті күннен бастап
12 ай аралығында ол өтеу
Ағымдық міндеттемелерге келесілер кіреді:
- Қысқа мерзімді және овердрафт;
- Ұзақ мерзімдік несиенің ағымдық бөлігі, егер ол алынып тасталынбаса;
Кредиторлық берешектер:
- төленетін шоттар мен векселдер;
- сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар;
- салық бойынша берешек; төленетін дивидент;
- негізгі шаруашылық серіктестік пен еншілес серіктестігі арасындағы берешек;
- АҚ қызметті тұлғаларға берешек;
Басқа да кредиторлық берешектер:
- Төленуге есептелген шығыстар;
- Болашақ кезең кірістері;
Информация о работе Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы