Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 12:59, дипломная работа

Описание работы

«Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрақты және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу» - Ел Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан – 2030[3]. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауында еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу ең негізгі басым мақсаттарының бірі. Көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін жекелеген мекемелерді, салаларды және ел экономикасының құрылымды бөлімшелерін басқарудың жүйелері мен әдістерін жетілдірудің объективті қажеттілігі туындайды, олардың міндетті шарты барлық шаруашылық құрылымдары мен барлық басқару жүйелерін қамтитын экономикалық ақпараттардың нақты қалыптасқан жүйесі болуы керек[4].
Мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық туралы экономикалық ақпараттардың негізгі «жабдықтаушыларының» бірі болатын бухгалтерлік есептің ақпараттық қызметінің әсерлілігін арттыру қажет, ол басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті және басқарудың барлық қызметтерін орныдауға мүмкіндік туғызатын ақпарат береді. Мұнда бухгалтерлік есеп тек активтің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жай-күйін ғана емес, сондай-ақ елдің бюджетіне аударылатын салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдер мен зейнеттік және басқа қорларға аударымдарды дұрыс анықтау және уақтылы аудару туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді деп танылады.

Содержание

КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРДІҢ ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы 5
Кредиторлық берешектер есебінің теориялық негіздері 12
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК ұйымдастырушылық–экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы 21
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРАМАСЫ» РМҚК КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫ 35
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектері есебі 35
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектерін талдау41
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРАМАСЫ» РМҚК КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІНІҢ АУДИТІ 46
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектердің аудиті
46
Кредиторлық берешектерді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары 53
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

диплом бух.doc

— 546.50 Кб (Скачать)

Талданған 2 кестеден меншікті капиталы мен міндеттемелерінің құрамы мен құрылымы туралы қорытынды жасауға болады:

- 2009 жылы 2008 жылға қарағанда 88074,0 мың теңге бөлінбеген табыстың (зиянның) көлемі көбейді және ол 500 647,9 мың теңгені құрады;

- 2009 жылы кәсіпорынның балансына  өкілетті органдардан берілген  капиталдың сомасы 2 813 302,5 мың теңгені құрады және 2008 жылмен салыстырғанда 524,5 мың теңгеге азайған.

- Ағымдағы міндеттемелер 72 607,2 мың теңгені құрады, ең көп үлесті ұзақ мерзімді міндеттемелер 1 858 402,6 мың теңгені құрады, өйткені жеке тұлғалардан тұрғын үй құрылысы үшін келісім-шарттар негізінде ұзақ мерзімді аванс сомасы алынған[28].

Қаржылы нәтиженің көрсеткіштері  кәсіпорынның абсолютті тиімді қызметі  туралы сипаттайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның экономикалық даму негізін құрайтын табыстар көрсеткіші болып табылады. Табыстың өсімі өзін-өзі қаржыландыруға, қайта өңдеудің кеңеюіне, еңбек ұжымының әлеуметтік мәселелері мен материалдық қажеттіліктерін шешу үшін қаржылық базаны құрайды. Бұл көрсеткіштіталдау 3 кестеде жүргізілген.

 

Кесте 3

«ҚР СІМ ШБ» РМҚК -ның 2008-2009 жылдардағы техника-экономикалық көрсеткiштерi

Көрсеткiштер

2008 ж.

2009 ж.

Ауытқуы

Өнiмдi сату мен қызмет көрсетуден түскен түсiм, мың теңге

477 434,0

599 273,6

121 839,6

Сатылған өнім мен  көрсетілген қызметтің өзіндік  құны, мың теңге

5,4

-

-5,4

Жұмыскерлер саны, адам

42

45

3

Еңбек ақы қоры, мың теңге

3 928,3

4 219,2

290,9

Бiр жұмыскердiң орташа айлық  еңбек ақысы

93,53

93,76

0,23

Әкімшілік шығыстар

260 892,5

288 614,4

27 721,9

Негiзгi құралдардың орташа жылдық құны, мың теңге

2507935,3

83 480,4

-2424454,9

Рентабельдiлiк, %

0,006

-

-


 

4 кестеден көрiп отырғанымыздай кәсіпорында 2009 жылы өнiмдi сату мен қызмет көрсетуден түскен түсiм едәуiр өскен, яғни 2008 жылмен салыстырғана сатудан түскен түсiм 121 839,6 мың теңгеге артып отыр. Сонымен қатар еңбекақы қоры да артқандығы байқалады. Бұл сома 2008 жылмен салыстырғанда 209,9 мың теңгеге асып түседi. Жылдың аяғында әкімшілік шығыстардың өсуі, яғни 27 721,9 мың теңгеге өсуі байқалып отыр. Жұмыскерлердің саны 3 адамға толыққан.

Нарықтық қатынастарға өткелі бері ұйымдардағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға көзқарастар өзгерді. Мемлекет тарапынан өткен кезеңде есепке алу процесін қатал жүйелеуден қазіргі уақытта мемлекеттік жүйелеу мен бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың дербестігіне көшті.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға жаңаша көзқарастың ерекшелігі мемлекет бекіткен бухгалтерлік есептің жаңа ережелерінің негізінде ұйымдар өз бетінше есеп алдындағы міндеттерін шешу үшін есептік саясаттарын әзірлейді.

Қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар тұрғысынан қарағанда есеп саясаты қандай әдістердің қолданылғандығы, бірнеше есепті жылдар ішінде қорытынды есептен қалай жасалғандығы, қаржылық талдау жұмысының қалай орындалғандығы тағы басқа жағдайда толығымен көрсетуі керек.

Есеп саясатының ең негізгі міндеті ұйымдардың әр жылдар бойы таза пайда алуына әсер ету. Таза пайда алу процесінде ұйымдардың өздері ғана емес, мұның акционерлері мен инвесторлары, сатыл алушылар, несиелендірушілер және салық органдары да мүдделі.

«ҚР СІМ ШБ» РМҚК «Есеп саясаты» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 4 қаңтар 2006 жылғы №14 бұйрығымен бекітілген ХҚЕС-ның тәртіптеріне сәйкес ұйымның тапсыруы бойынша құрастырылған. Есеп саясатын құру мен жүргізу қажеттілігі «ҚР СІМ ШБ» РМҚК жетекшілері мен мамандарының кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті жүргізу әдістерін жетілдіруге олардың нақты бухгалтерлік есеп саясатының принциптері мен ережелері негіздеріне толық сәйкестендіруге талпыныстан туды.

«ҚР СІМ ШБ» РМҚК «Есеп саясатын» құрастыру мен енгізу үшін 2005 жылдың 2 желтоқсан №6 бұйрығымен атқарушы директор мен бас бухгалтер құрамындағы жұмыс комиссиясы құрылды. Комиссияның жұмысы нәтижесінде бухгалтерлік есеп саясатында көрсетілген активтерді, меншікті капиталды, міндеттемелерді, ұйымның шығындары кірістерінің бухгалтерлік есебі жүргізілуі анықталды. Бұл құжатта бухгалтерлік есепті жүргізудің таңдалған әдістеріне сипаттама беріледі, ол іс жүзінде қолдануда жеңілдік пен көлемді қысқарту мақсатын жасалған. Бұл әдістердің нақты мәні «ҚР СІМ ШБ» РМҚК «Есеп саясатын қолдану бойынша әдістемелік нұсқауларында» жазылған. Ұйымның өзінің есеп саясатын бухгалтерлік стандарттарға, нақты заңды актілерге, салық салып қаржылық есептемелікке негізделе отырып құрастырады.

Ұйымның тиімділігінен қамтамасыз ету үшін, есеп саясаты бухгалтерлік есептің ағымды да перспективті де міндеттерді жүзеге асыру үшін есеп мәселелерін қарастырып өңдеу керек. Есеп саясатын құру мен пайдалану барысында есептің келесі принциптерді ұстануы керек:

1. Есептесу – бухгалтерлік есепте шығыстар мен кірістер есептеледі және олар қаржылық есептілікте түсуі немесе пайда болуы барысында көрсетіледі(ақша қаражаттары немесе төлемнің түсуі барысында ғана емес)

2. Үздіксіздік – субъектінің  болжамды болашақта жұмыс жасайтынын  және жасай беретінін, яғни  өз қызметін тоқтату немесе  ықшамдау қажеттігі туралы ешқандай ойы жоқтығын білдіреді.

Түсiнiктiлiк, орындылық, сенiмдiлiк және салыстырмалылық қаржылық есептiлiктiң  негiзгi сапалық сипаттамалары болып  табылады.

1. Түсініктілік–қаржылық есептегі берілетін ақпараттың басты сапасы–оны тұтынушылардың тез түсінуі.

2. Мәнділік–ақпаратта ағаттық кетіп немесе теріс дерек беріліп, олар тұтынушылардың қаржылық есеп негізінде қабылдаған шешімдеріне ықпал етер болса–ол мәнді деп аталады. Егер берілген (тапсырылған) есептегі жетіспейтін немесе қате кеткен кейбір цифрлар қызмет нәтижелерін түсінуге немесе қаржылық жағдайды тұжыруға ықпал ететіндей соншалық маңызды болмаса, онда мұндай қателік мәнді емес.

Қайсы бір статьялардың мәні немесе мәнсіз екенін бағалау кезінде оның ақшалай ауқымын ғана емес, соған  қоса тиісті контексін де қарастырған жөн. Мысалы, қаржылық есептер көптеген операциялардың орындалғаны туралы ақпарат береді, оның құрылымы соларды сипаттары мен міндеттеріне қарай құрастырылу жолымен ұйымдастырылып, ықшамдалған және жүйеленген деректер түріне көрсетіледі. Мұндай жағдайда жекелеген есепте жекелеген жолдар деректерін статьяларын көрсетіп беру керек пе немесе олардың өзге де статьяларынмен одан әрі құрыстырылуын жүргізу керек пе дегенді қарастыру кезінде мәнділік өте маңызды фактор болып табылады. Ақпаратты ашып көрсету тұрғысында да: нақты операцияны ашу керек пе немесе іс-әрекетті қаржылық есепке түсіндірме хатта ашып көрсеткен жөн бе деген мәселені шешуде де мінділік маңызды фактор болып табылады.

а) бұл ақпарат тұтынушыларға  қазіргі, өткендегі немесе болашақ іс–қимылдарды бағалауға көмектесе ме;

ә) ақпарат маңызды ма;

б) ақпарат анықта па;

Мәнділік сондай–ақ қаржылық есеп берілетін түсініктілік және дәлдікпен  де байланысты. Мысалы, қаржылық есепті жасау кезінде әңгіме болып отырған  деректерді оларға жақын тұрған мың немесе миллион единицаларға дөңгелете салу (қоса салу) оған үлкен дәрежеде түсініктілік береді. Мұның өзі қаржылық есепті қажетсіз нақтылықтармен күрделендіруден сақтайды. Дәлдік деңгейін пайдалану (ол тек мың немесе миллон единицаны білдіреді) мәнділік (табалдырығын) тәртібін бұзбайтындықтан да қолданылуға оңтайлы.

Мәнділік сондай–ақ қаржылық есептің  статьялары туралы ақпаратты ашып көрсету  жөніндегі шешімдерде есеп саясатын таңдау мен қолдануды қосқанда тану мен өлшеу жөніндегі шешімдерде де пайдаланылады.

3. Маңыздылық – тұтынушыларға өткен, қазіргі және болашақтағы оқиғаларды бағалауға, олардың бұрынғы берген бағасын мақұлдауға немесе өзгертуге көмектесе отырып шешім қабылдауда ақпарат маңызды болуға тиіс.

4. Анықтық – ақпарат елеуі қателіктер мен объективсіздіктен аулақ болғанда ғана анықтық қасиетке ие болады.

5. Шынайылық және әділ көрсету – ақпарат субъектісінің шаруашылық қызмет фактілерін мейлінше толық көрсетуге тиіс. Қаржылық есептер тұтынушыға субъектінің қаржылық жағдайы, операцияларының нәтижесі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы «шынайы және әділ» мағұлмат беруге тиіс. 

6. Бейтараптық – қаржылық есепте берілген ақпарат оның анықтығы қамтамасыз етуі үшін ағыттықтан аулақ болуы керек. Егер қаржылық есеп ақпарат таңдау арқылы немесе оны берудің формасын таңдау арқылы алдын–ала белгілі бір нәтижелерге жеткізетіндей шешімдер қабылдауға немесе баға беруге ықпал етсе ол бейтарап болып табыламайды.

7. Сақтық (кертартпалық) – бұл активтер мен табыс артық бағаланып кетпсе үшін, беймәлімдік жағдайында баға беру қажеті үшін шешім қабылау кезіндегі сақтық дәрежесін сақтау. Алайда сақтық, мысалы, жасырын резервтер немесе шамадан тыс қоспа қорлар жасауға немесе міндеттемелерді, әйтседе шығындарды әдейі ұлғайтып көрсетуге жол бермейді, өйткені қаржылық есеп бейтарап болмайды, сондықтан сенімділік сапасына ие бола алмайды.

8. Аяқталу – мәнділік пен маңыздылықты есептегенде ақпарат толық болуға тиіс. Қателік ақпараттың өтірік немесе теріс болуына соқтырып, ол маңыздылық мағынасы жағынан алғанда анық емес, әрі жеткіліксіз болып шығады.

9. Салыстырмалық – ақпарат бір есепті кезеңнен екіншісіне салыстырмалы болуға тиіс. Тұтынушылар субъектісінің салыстырмалы түрдегі қаржылық жағдайын, жұмыс нәтижелері мен қаржы жағдайындағы өзгерістерді бағалау үшін қаржылық есепті салыстыру мүмкіндігіне ие болуға тиіс.

10. Сабақтастық–бұл есеп саясатының бір кезеннен екіншісіне жалғаса жүргізілетінін білдіреді. Субъектінің өзгеріс тенденциялары мен қаржы жағдайын, жұмысын анықтау үшін тұтынушы оның әртүрлі есеп беру кезеңдерін салыстыруға тиіс[26].

Есеп саясатын қалыптастыру әрбір  стандартта ұсынылатын тәсілдердің  бірін таңдауда, оларды субъект қызметінің жағдайланына қарай негіздеп, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есеп берудің  негізі ретінде қабылдауда маңызды да жауапты іс болып табылады.

Есеп саясатын қалыптастырудың  жауапкершілігі субъектінің бірінші  басшысының мойнында. Есеп саясатын және ондағы өзгерістерді бекітетін құжат–бірінші  басшының бұйрығы.

Субъектінің есеп саясатына мынадай  тараулар енуге тиіс:

- Кәсіпорының жалпы сипаттамасы.

- Есеп саясатының жалпы  ережелері.

- Бухгалтерлік есеп әдістемесі.

- Бухгалтерлік есеп жүргізу  техникасы.

- Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру.

Есеп саясатының негізгі аспектілері  қаржылық есептің түсіндірме хатында  ашылып көрсетілуге тиіс, оған үлкен мән беріледі.

Субъектінің есеп саясаты салық  пен бухгалтерлік есеп салалындағы  заңдар өзгерген жағдайда, сондай – ақ есеп пен бухгалтерлік есеп ақпараттарының анықтығын арттыру мақсатындағы субъектінің өз шешімі бойынша өзгеруі ықтимал.

Егер есепті кезең ішінде нақ  осы саясатта өзгеріс бола қалса, онда оның есептері көрсетілуі керек. Егер бұл өзгерістер елеулі қаржылық және материалдық шығын келтірер болса, онда оларды түсіндіру кезінде  мұндай өзгерістердің шығынына баға беру қажет.

Ұйым құрған есеп саясаты негізінде құрылған қаржылық есептер пайдаланушыларда субъектінің қаржылық жағдай, қаржылық шаруашылық қызмет нәтижесі, ақша қаражаттары қозғалысы туралы сенімділік тудыруы керек.

Қандай жағдайларда болмасын есеп саясатының өзгеріске түсуі арнайы тәртіппен қаралып, жан-жақты негізделуі керек. Егер есеп саясатының өзгеріске түсуінің әсерінен ұйымның қаржылық көрсеткіштері де өзгеріске түсетін болса, онда өзгеріс факторлары арнайы есептеу жолдарымен дәлелденіп, әрбір өзгеріс мазмұны бағалануы керек. Есеп саясаты кәсіпорынның шаруашылық процесінде бухгалтерлік және салықтың есеп жүйесі мен қаржылық есепті реттейтін арнайы корпоратитвті құжат болып табылады. Есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп, салық есебі және статистикалық есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымның шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.

«ҚР СІМ ШБ» РМҚК есеп саясаты төмендегі жағдайларды қамтамасыз етуі керек:

- жедел басқаруға, сонымен бірге кридиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар және басқа да қаржылық ұйымдар, қызығушылық білдіруші ұйымдар мен  тұлғалардың пайдалануына қолданылуына қажетті шаруашылық процестер мен қызмет нәтижесі туралы толық және сенімді ақпарат қалыптастыру.

- бекітілген норма, норматив сметаларға сәйкес мүмкін болуы мен қозғалысы, материалды, еңбек және қаржы ресурстарының тиімді қолданылуына бақылау жасау.

- шаруашылық-қаржылық қызметте теріс жағдайларды дер кезінде алдын алу ішкі резервтерді бақылау мен анықтау.

- шаруашылық қызметінің нақты жағдайын құқықтық тұрғыдай ғана емес, сонымен бірге экономикалық тұрғыдан және ұйымда жасалатын барлық операциялардың қатаң құжаттылық негізіндегі шаруашылық жүргізу жағдайын көрсету.

Информация о работе Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы