Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 12:59, дипломная работа
«Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрақты және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу» - Ел Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан – 2030[3]. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауында еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу ең негізгі басым мақсаттарының бірі. Көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін жекелеген мекемелерді, салаларды және ел экономикасының құрылымды бөлімшелерін басқарудың жүйелері мен әдістерін жетілдірудің объективті қажеттілігі туындайды, олардың міндетті шарты барлық шаруашылық құрылымдары мен барлық басқару жүйелерін қамтитын экономикалық ақпараттардың нақты қалыптасқан жүйесі болуы керек[4].
Мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық туралы экономикалық ақпараттардың негізгі «жабдықтаушыларының» бірі болатын бухгалтерлік есептің ақпараттық қызметінің әсерлілігін арттыру қажет, ол басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті және басқарудың барлық қызметтерін орныдауға мүмкіндік туғызатын ақпарат береді. Мұнда бухгалтерлік есеп тек активтің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жай-күйін ғана емес, сондай-ақ елдің бюджетіне аударылатын салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдер мен зейнеттік және басқа қорларға аударымдарды дұрыс анықтау және уақтылы аудару туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді деп танылады.
КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРДІҢ ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы 5
Кредиторлық берешектер есебінің теориялық негіздері 12
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК ұйымдастырушылық–экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы 21
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРАМАСЫ» РМҚК КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫ 35
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектері есебі 35
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектерін талдау41
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРАМАСЫ» РМҚК КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІНІҢ АУДИТІ 46
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектердің аудиті
46
Кредиторлық берешектерді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары 53
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60
ҚОСЫМШАЛАР
|
МАЗМҰНЫ
|
|
КІРІСПЕ
|
3 | |
1 |
КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРДІҢ ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ |
5 |
1.1 |
Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы |
5 |
1.2 |
Кредиторлық берешектер есебінің теориялық негіздері |
12 |
1.3 |
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК ұйымдастырушылық–экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы |
21 |
2 |
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРАМАСЫ» РМҚК КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫ |
35 |
2.1 |
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектері есебі |
35 |
2.2 |
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектерін талдау |
41 |
3 |
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРАМАСЫ» РМҚК КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІНІҢ АУДИТІ
|
46 |
3.1 |
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК кредиторлық берешектердің аудиті |
46 |
3.2 |
Кредиторлық берешектерді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары |
53 |
ҚОРЫТЫНДЫ |
57 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
60 | |
ҚОСЫМШАЛАР |
КІРІСПЕ
«Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрақты және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу» - Ел Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан – 2030[3]. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауында еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу ең негізгі басым мақсаттарының бірі. Көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін жекелеген мекемелерді, салаларды және ел экономикасының құрылымды бөлімшелерін басқарудың жүйелері мен әдістерін жетілдірудің объективті қажеттілігі туындайды, олардың міндетті шарты барлық шаруашылық құрылымдары мен барлық басқару жүйелерін қамтитын экономикалық ақпараттардың нақты қалыптасқан жүйесі болуы керек[4].
Мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық туралы экономикалық ақпараттардың негізгі «жабдықтаушыларының» бірі болатын бухгалтерлік есептің ақпараттық қызметінің әсерлілігін арттыру қажет, ол басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті және басқарудың барлық қызметтерін орныдауға мүмкіндік туғызатын ақпарат береді. Мұнда бухгалтерлік есеп тек активтің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жай-күйін ғана емес, сондай-ақ елдің бюджетіне аударылатын салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдер мен зейнеттік және басқа қорларға аударымдарды дұрыс анықтау және уақтылы аудару туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді деп танылады.
Бухгалтерлік есептің
жоғарыда аталған қызметтерін
Кредиторлық берешек – кәсіпорынның басқа заңды, жеке тұлғаларға міндеттемелері. Кредиторлармен есеп айырысу жағдайында бақылауды ұйымдастыру келісімшарттық және есептік тәртіптің нығаюына тапсырылған ассортиментте және төлемдік тәртіпті сақтау үшін жауапкершілікті арттыру сапасы мен өнімді жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға, кредиторлық берешекті қысқартуға және шаруашылық жүргізуші субъектіні қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді[12].
Кәсіпорынның кредиторлық берешектері есебі және талдауының маңыздылығы дипломдық жұмыс тақырыбын өзекті етіп тандауды анықтады.
Тандалған дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» жаңа заң қабылдануына байланысты күшейді. Жаңа Заңның қабылдану мақсаты Қазақстан Республикасы экономикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесінің және оған қатысты функциялардың әрі қарай жақсы атқарылуына жағдай жасау болып табылады.
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңның ескі заңнан ерекшелігі: «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» ескі заң халықаралық қаржылық есеп стандарттары бойынша есеп ұйымдастыруды 2003 жылдың 1 қаңтарынан қаржы ұйымдарын, 2005 жылдың 1 қаңтарнан акционерлік қоғамдарды, 2006 жылдың 1 қаңтарынан басқа да ұйымдарды (мемлекеттік мекемелерден басқа) өтуге міндеттеді. Бірақ халықаралық қаржылық есеп стандарттарының кешенділік пен методологиялық күрделілігіне байланысты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданысқа келмейді. Заңға сәйкес Қазақстандық көпшілік ұйымдар ХҚЕС міндетті өтуден босатылып бухгалтерлік есебін қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттары бойынша береді. ХҚЕС өз еркімен қабылдауға тыйым салынбайды[5, 9]. Бұл шаралар жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың мемлекеттік саясаты негізінде жүзеге асырылды.
Жоғарыда айтылғанның бәрі берілген дипломдық жұмыс тақырыбын жаңа шарттар негізінде өзектендіреді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Кәсіпорындағы кредиторлық берешектер есебі және талдауы болып табылады.
Жұмыстың мақсатына қарай келесі міндеттер қойылған:
- Кредиторлық берешектер есебі мен талдауының теориялық - әдістемелік негіздерін қарастыру;
- Кәсіпорынның шаруашылық-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу;
- Кәсіпорын кредиторлық берешектері есебі мен аудитіне талдау жасау;
- Кредиторлық берешектердің ұйымдастырылуын жетілдіру жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі ретінде «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК алынды.
1 КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРДІҢ ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы
Міндеттеме - бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақгы әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, әйтпесе белгілі бір әрекеттен тартыну (бас тарту), ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.
Міндеттеме - өткен кезең оқиғасынан пайда болған субъектінің берешегі. Бүл берешекті реттеу (жою) экономикалық пайдасы мол ресурстар (ақшалай қаражат) ағынына әкеп соғады[22].
Қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес бұл бухгалтерлік есептің жалпыға бірдей ережелеріне сәйкес расталған және бағаланған шаруашылық субъектінің экономикалық міндеттемелері болып табылады. Қарыздық міндеттемелердің негізгі түрлеріне дебиторлық және кредиторлық қарыздар жатады.
Кредиторлық берешектер – бұл бір ұйымның басқа заңды және жеке тұлғаларға қарыздар сомасы. Шетел әдебиеттерінде кредиторлық қарыздарға мыналар жатады: төленуге тиісті қарыз; ақша қаражаттарының немесе ресурстарының күтілген шығыны; экономикалық субъектінің әлеуетті табыстан бас тартуы және т.с.с.
Қазақстан Республикасында көбінесе кредиторлық берешектерге: сатып алушылардың жабдықтаушылармен, тапсырыс берушілердің мердігерлермен, кәсіпорындардың салық органдарымен, персоналмен еңбекақыны төлеу және басқа да төлемдер бойынша есеп айырысуларынан пайда болатын және т.б. қысқа мерзімді қарыздық міндеттемелер жатқызылады. Онымен бірге шаруашылық қызметті қаржылық талдауда кредиторлық қарыздарға жиікелісім-шартқа сәйкес есепті кезеңнен кейінгі 12 айдан кейін ғана төленуге тиісті алынған несиелер мен қарыздардың төленген сомаларын жатқызады.
Алғашында кредиторлық берешектер есебін жүргізудің пайда болуы мен қажеттілігі ақшалар мен материалдық құндылықтарды қарызға берумен байланысты болды, яғни қайтару шартымен. Сауданың дамуына қарай қарыздық міндеттемелер саны және сомасы бойынша өсіп қана қоймай, қарыз түрлері бойынша да өсті. Негізінен осыған сауданың әр алуан тәсілдері мүмкіндік жасады.
Тауарлар, жұмыс, қызметтерді несиеге беретін ұйым кредитор болып табылады, ал оны алушы ұйым дебитор болып табылады. Кең мағынада кредитор – бұл қарыздық міндеттемелерді өтеуді талап ету құқығы бар жақ, ал дебитор келісі – шарттағы немесе басқа міндеттеменің қарызгері. Бухгалтерлік есепте дебитор белгілі бір кәсіпорынға қарызы бар жеке немесе заңды тұлға болып табылады. Бұл тиеп алған немесе сатып алған өнімі және басқа да тауарлары үшін төлем жүргізбеген сатып алушы-ұйым, іссапар немесе басқа да шығындар үшін аванс алған жұмыскер немесе қызметкер және көптеген басқа қарызгерлер болуы мүмкін.
Кредитор деп белгілі бір ұйымға ақша немесе тауарларды несиеге беретін, оларды ақшалай түрде немесе басқа тауарларға, не қызметтерге айырбастау арқылы орнын толтыруға құқылы заңды немесе жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Кең мағынада кредиторларға банктер және басқа да несиелік мекемелер, қарызға тауарлар мен өнімдерді сататын кәсіпорындар, еңбекақысы есептелген, бірақ өтелмеген жұмыскерлер мен қызметкерлер және т.б. жатады.
Құқықтық категория ретінде ұйымның кредиторлық қарыздары – ұйым мен оның кредиторлары арасындағы міндетті қарым-қатынас заты болып табылатын мүлкінің ерекше бөлігі. Ұйым кредиторлық қарыздарды иеленеді және пайдаланады, бірақ мүліктің бұл бөлігін оны талап етуге құқылы кредиторларға қайтару немесе төлеуге міндетті. Көрсетілген мүліктің бөлігіне қарызгер ұйымның иелігінде тұрған ұйымның қарыздары, бөгде мүлік, бөгде ақша қаражаттары жатады.
Осылай кредиторлық қарыздардың екі формасы бар: мүліктің бір бөлігі ретінде ол иелену құқығында немесе меншік құқығында ұйымға тиесілі, міндеттемелі қатынастар объектісі ретінде – бұл кредиторлар алдындағы ұйымның қарыздары, яғни ұйымнан берілген мүліктің бір бөлігін талап етпеуге құқылы тұлғалар.
Кредиторлық қарыздар бухгалтерлік
есепке алынады және ұйымның қарыздары
ретінде баланста бейнеленеді. Азаматтық
заңнама нақты түрде
Арнайы қаржы компанияларынан, құрылтайшы қаржыландыратын мекемелерден, мемлекеттiк мекемелерден және қазыналық кәсiпорындардан басқа заңды тұлғалар өз мiндеттемелерi бойынша өздерiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi. (ҚР АК 44 бап «Заңды тұлғаның жауапкершiлiгi»). Осылай азаматтық заңнамада «кредиторлық қарыздар» ұғымы бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін пайдалануына қарағанда кең мағынада көрініс табады. Азаматтық заңнамада міндеттеме мәмілені орындау бойынша қандай да бір ақшалай құралдардың қозғалысы болуы-болмауына қарамастан келісім-шарттан пайда болады. Бірақ бухгалтерлік есепте кредиторлық қарыздар келісі-шарт бойынша міндеттеменің бір жақты орындалуы барысында пайда болады. [1].
Кредиторлық берешектерге экономикалық мазмұны бойынша жабдықтаушылар мен мердігерлерге қарыздар жатады. Бұл қарыздар олардан түскен материалдық құндылықтардың, жасалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің келісілген құн сомасымен есептеледі. Ұйымның персонал алдындағы кредиторлық қарыздары болып есептелген, бірақ төленбеген еңбекақы сомасы табылады. Кәсіпорынның бюджет алдындағы қарыздарына есептелген, бірақ төленбеген жеке тұлғалардың табысына салынған салықпен бірге, салықтар, алымдар бойынша сомалар және оларға теңестірілген төлемдер жатады.
Алынған аванстар бойынша қарыздарға келісім – шарт негізінде алдағы есеп айырысулар бойынша сыртқы ұйымдардан алынған аванстық төлемдерді жатқызамыз. «Өзге де міндеттемелер» бабында ұйымның контрагенттерімен есеп айырысу бойынша кредиторлық қарыздардың қалған барлық түрлері есепке алынады(1 суретті қара).
Табыстарды төлеу бойынша қатысушылардың кредиторлық қарыздарына акциялар мен облигациялар бойынша дивиденттерді, пайыздарды төлеуге міндетті ұйымның қарыздық міндеттемелердің сомасы жатады. Бұл кредиторлық қарыздардың топтамасы бухгалтерлік есеп пен қаржыдлық есеп беруде қолданылады.
Кәсіпорынның ағымдағы қызметі құндылықтардың үзіліссіз қозғалысын, сонымен бірге бұл кәсіпорынды контрагенттермен, бюджетпен, жұмыскерлермен, меншік иелерімен байланыстыратын өзара міндеттемелердің пайда болуы мен орындалуын көрсетеді. Мұндай міндеттемелердің негізгі үлес салмағын кәсіпорынның сыртқы тұлғалары – жеткізілген өнім үшін – дебиторлар мен кредиторлар құрайды.
Есеп айырысулардың
Бірақ ағымдық операциялар бойынша дебиторлық қарыздардың пайда болуына бөгет болуға мүмкін емес (ол үшін барлық өнімді алдына – ала төлеу немесе қолма-қол төлеу шартымен сату қажет, ал бұл тек сирек жағдайларда ғана мүмкін, мысалы, егер өнімге жоғары сұраныс орныққан жағдайда ғана); бұдан басқа, кредиторлық қарыздардың көбеюі де тұтыну шикізаттар көлеміне деген нақты шектеулердің, міндеттемені орындамағаны үшін айыппұлдың болуы және т.б. проблемаға соқтыртады. Сондықтан әрбір кәсіпорында контрагенттермен қарым-қатынасты реттеудің арнайы, ресми жүйесі бар.
Информация о работе Кредиторлық берешектер мен оның талдауының мәні мен маңызы