Касипорын табысынын таладуы мен аудити

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 15:30, дипломная работа

Описание работы

Субъектінің экономикалық табыс таппауынсыз, экономикада әрі қарай болуы мүмкін емес. Табыстың арқасында мемлекеттік бюджет толады, капиталдың айналымдылығы көтеріледі, құрылтайшылар мен жұмыскерлердің әкімшілік, материалдық сұраныстары қанағаттандырылады, төлемқабілеттілік пен инвестициялық тартымдылық көтеріледі. Шаруашылықтың жаңа шаттары бойынша әдіснамалар мен бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың маңызды өзгерістері болып жатыр. Қазіргі заманғы қазақстандық есептің негізгі көрсеткіштері – табыстар, пайда, өзіндік құн болып табылады. Сонымен, нарықтық жағдайда кәсіпорынның табыстар мен шығындар есебіне ерекше рөл бөлінеді.

Содержание

КІРІСПЕ ..................................................................................................................... 6

1 табыстар мен шығындар есебі және аудитінің теориялық аспектілері
1.1 Табыстар мен шығындар есебінің теориялық негіздері .................................. 8
1.2 Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жіктеу .................................... 12
1.3 Табыстар мен шығындардың танылуы ............................................................ 17
1.4 Табыстар мен шығындар аудитінің әдістемесі ............................................... 24

2 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-ДА ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ЖАҒДАЙЫ
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастыру – экономикалық сипаттамасы ........................ 28
2.2 Кәсіпорын табыстарының есебі ..................................................................... 36
2.3 Шығындар есебі ................................................................................................. 40
2.4 Қаржылық нәтиже есебі және оның қаржылық есептілікте көрініс табуы .................................................................................... ............................................... 44

3 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-да ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР АУДИТІ
3.1 Табыстар аудиті ................................................................................................. 48
3.2 Шығындар аудиті .............................................................................................. 50
3.3 «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ табыстар мен шығындар есебін жетілдіру бағыттары ................................................................. 55

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................... 59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ ................................................................ 61

ҚОСЫМШАЛАР .........................................................................................

Работа содержит 1 файл

Дипломная работа.doc

— 1,009.00 Кб (Скачать)

   Қоғамның қаржылық нәтижесін талдау кәсіпорынның пайдалылық  көрсеткіштерін талдаудан басталады. Соның нәтижесінде пайдалылықтың көрсеткіштері салыстырылады және ауытқулар есептеледі.  

   «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ –нің пайдалылық көрсеткіштеріне баға берілді. (5 кесте)    

 

   Кесте 5

   «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ табыстылығының абсолютті көрсеткіштері, мың тг 

 

Көрсеткіштер

2007 жыл

2008

жыл

2009 жыл

Абсолютті ауытқу (+;-)

2008-2007жж.

2009-2008жж.

1

2

3

4

5

6

Өткізілген өнім мен қызмет көрсетуден түскен табыс

400659

411788

735471

+11129

+323683

Өткізілген өнімнің өзіндік  құны

296748

305456

556474

+8708

+251018

Жалпы табыс

103911

106332

178997

+2421

+72665

Қаржыландырудан түскен табыс

5210

7845

12456

+2635

+4611


  5 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

Өзге табыстар

1275

2648

6458

+1373

+3810

Өнімді өткізуге және қызметтерді көрсетуге шығынтар

28456

32487

39745

+4031

+7258

Әкімшілік шығындар

54093

58358

116733

+4265

+58375

Қаржыландыруға шығындар

6001

8147

12789

+2146

+4642

Басқа да шығындар

10449

8854

15667

-1596

+6813

Салық салынғанға дейінгі табыс

11397

8979

12977

-2418

+3998

Корпоративтік табыс салығы

1546

1796

2595

+250

+799

Таза табыс 

9851

7183

10382

-2668

+3199

Ескерту: кәсіпорының мәліметтерімен негізделген


 

   Кесте мәліметтері негізінде «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ – да  жыл сайын табыс сомасының өсуі байқалады. 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өнім өткізуден түскен түсім 323683 мың теңгеге не 78,65%-ке өскен. Дегенмен, осы кезеңде өткізілген өнімнің өзіндік құны да 251018 мың теңгеге өсіп отыр. Түсім сомасының өсуі шығынның өсуінен алда болуына байланысты жалпы табыс сомасы 72655 мың теңгеге өсіп отыр. Нәтижесінде серіктестік 2009 жылды 10382 мың теңге таза пайдамен аяқтады. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 3199 мың теңгеге көп.

   «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ –нің негізгі қызметтен алынған табысына шоттар корреспонденциясы  6 кестеде көрсетілген.

 

   Кесте 6

   «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ –нің негізгі қызметтен алынған табыстар бойынша шоттар корреспонденциясы, 2009 жыл

 

Операция мазмұны

Сомасы, мың.тг

Шоттар корреспонденциясы

Дт

Кт

1

2

3

4

Құрылыс–монтаждау жұмыстары

451245

1210.01

6011.01

Жол жөндеу

128478

1210.01

6011.01

Құрылыс материалдарын сату

106451

1210.01

6011.01

Өнім жеткізу шартын бұзғаны  үшін айыппұлдар

4564

1280.06

6280.04


 

   6 кестенің жалғасы

1

2

3

4

Қосымша-көмекші қызметтен түскен табыс (ағымдағы жөндеу)

44733

1210.07

6013.01

Барлығы

735471

   

Ескерту: кәсіпорының мәліметтерімен негізделген


  

   6-кесте мәліметтері негізінде қоғамының негізгі қызметтен түскен табысы 735471 мың.тг-ні құрады, оның ішінде құрылыс–монтаждау жұмыстарын жүргізуден түскен табыс  61% болды, жол жөндеу жұмыстарынан түскен табыс  17%, құрылыс материалдарын сатудан табыс 14%,  алынған айыппұлдар үлесі  0,6%, қосымша көмекші қызметтен түскен табыс үлесі 6% болды. 

   Өзінің шарушылық қызметі барысында «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ –нің табыс алудың басқада көздері бар. Олардың есебі типтік шоттар жоспарының 6 бөлімінде жүргізіледі. Бұл табыстарға қаржыландырудан түскен табыс, бағам айырмасынан түскен табыс және сақтандыру төлемдерінен  табыстар және өзге де табыстар жатады.  

   Бағам айырмашылығынан түскен табыс айырбасталатын конверттелетін шетелдік валюталарына шаққандағы теңге бағамының өзгерісі кезінде пайда болатын бағамдық айырманы есепке алуға арналған. Жыл аяғында бағам айырмашылығынан түскен шотында қалдық болмайды. Жыл аяғында бағам айырмашылығының сомалары жылдық жиынтық табыс шотына көшіріліп жазылады.          

   «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ – да бағам айырмасынан түскен табыстарға арналған шоттар корреспонденциясын 7–кестеден көруге болады.   

 

   Кесте 7

   Бағам айырмасынан түскен табыстар бойынша  шоттар корреспонденциясы

 

Операция мазмұны

Соммасы, мың. тг

Шоттар корресподенциясы

Дт

Кт

1

2

3

4

Ақша қаражаттары бойынша бағамдық айырмашылық

1254

1040.01

6250.01

Депозиттер бойынша бағамдық айырмашылық 

2356

1060.01

6250.01

Дебиторлық берешек бойынша  бағамдық айырмашылық 

1456

1210.01

6250.01

Кредиторлық берешек бойынша бағамдық айырмашылық

1392

3310

6250.01


 

7 кестенің жалғасы

1

2

3

4

Барлығын жылдық жиынтық табысқа  апару

6458

6250.01

5610

Ескерту: кәсіпорының мәліметтерімен негізделген


 

   Кесте мәліметтері негізінде 2009 жылы бағам айырмашылығынан түскен табыс 6458 мың  теңге  болды және бағам айырмашылығынан түскен табыс 6250.01 «Бағам айырмашылығынан түскен табыс» шотында есептеледі.

   Қоғамда қаржыландырудан түскен табыстарына мыналар жатады:

   – қаржылық активтер бойынша (ақша қаражаттарын ұсыну және пайдалану үшін алынғандар, осы банктің шотында жатқан ақша қаражатын банктің қолдануы үшін пайыздар) табыстарды алуға байланысты, операциялар көрінетін сыйақыландыру жөніндегі табыстар;

   – бағалы қағаздар бойынша дивидендтермен алынған табыстарды алумен байланысты операциялар көрінетін дивидендтер жөніндегі табыстар;

   – қаржылық жалға берілген активтер бойынша табыстарды алуға байланысты операциялар көрінетін қаржылық жалға беру активтерінен табыс.  

   Қоғамда қаржыландырудан түскен табыстарға мынадай шоттар корреспонденциясы беріледі (8–кесте).

 

   Кесте 8

   Қаржыландырудан түскен табыстар бойынша шоттар корреспонденциясы

 

Операция мазмұны

Соммасы,

мың тг

Шоттар корреспонденциясы

Дт

Кт

1

2

3

4

Депозит бойынша сыйақы-лардың есептелінуі 

3487

1270.07

6110.01

Депозит бойынша сыйақы-лардың төленуі

3487

1040.01

1270.07

Ақша қаржаттарының қалдықтары бойынша сыйақылардың есептелінуі

8969

1270.07

6110.01

Ақша қаражаттарының қалдықтары бойынша  сыйақылардың төленуі

8969

1040.01

1270.07

Қаржыландырудан түскен табысты жылдық жиынтық табысқа апару

12456

6110.01

5610

Ескерту: кәсіпорының мәліметтерімен негізделген


  

   8–кесте мәліметтері негізінде қаржыландырудан түскен табыс 12456 мың тг құрады және ол серіктестіктің шоттар жоспарына сәйкес 6110.01 «Қаржыландырудан түскен табыс» шотында есептеледі. Қоғамда 1270.07 шоты «Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар бойынша дебиторлық берешекті есептеуге арналған», ал 1040 шоты «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарын есептеуге арналған.  

 

   2.3 Шығындар есебі

 

 

   Шығындар есепті кезең ішінде активтердің қолдан кетуі немесе азаюы  немесе міндеттемелердің пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы салдарынан болады.  Кірістер мен шығындар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерінің өлшемімен тікелей байланысты элементтер болып табылады.

   Жұмсалу бағытына байланысты шығындар келесідей топтастырылады:  

   –  сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны;

  • өнімдерді өткізу мен қызмет көрсетуге арналған шығындар;   
  • әкімшілік шығындар;        
  • қаржыландыруға арналған шығындар;     
  • корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар;   

– басқа да шығындар.         

   Шығындарының динамикасы 9–кестеде көрсетілген.

 

   Кесте 9

   Шығындарының динамикасы, мың теңге

 

Көрсеткіштер

2007 жыл

2008

жыл

2009

жыл

Базисті өсу қарқыны, %

2008 жыл

2009 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Өткізілген өнімнің өзіндік  құны

296748

305456

556474

102,9

187,5

2. Өнімді өткізуге және қызметтерді  көрсетуге шығынтар

28456

32487

39745

114,2

139,7

3. Әкімшілік шығындар

54093

58358

116733

107,9

215,8

4. Қаржыландыруға шығындар

6001

8147

12789

135,8

213,1

5. Басқа да шығындар

10449

8854

15667

84,7

149,9

Барлығы

395747

413302

741408

104,4

187,3

Ескерту: кәсіпорының мәліметтерімен негізделген


   

   9-кесте мәліметтері  бойынша қоғамда шығындар жыл сайын жоғары қарқынмен өсіп отыр, шығынның өсуі барлық бағыттар бойынша байқалады. 2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы өткізілген өнімнің өзіндік құны 87,5, әкімшілік шығындар 115, қаржыландыру шығындары 113, басқа да шығындар 50 пайызға өскен. Егер 2007 жылы аталып өткен шығындар сомасы 395747 мың теңгені құраса, 2009 жылы 741408 мың теңгені құрап отыр. Яғни шығын сомасы 345661 мың теңгеге немесе 87,35-ға өскен. Оның ішінде ең жоғары қарқынмен өнімнің өзіндік құны, әкімшілік шығындар мен қаржыландыру шығындары өсіп отыр.

Информация о работе Касипорын табысынын таладуы мен аудити