Касипорын табысынын таладуы мен аудити

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 15:30, дипломная работа

Описание работы

Субъектінің экономикалық табыс таппауынсыз, экономикада әрі қарай болуы мүмкін емес. Табыстың арқасында мемлекеттік бюджет толады, капиталдың айналымдылығы көтеріледі, құрылтайшылар мен жұмыскерлердің әкімшілік, материалдық сұраныстары қанағаттандырылады, төлемқабілеттілік пен инвестициялық тартымдылық көтеріледі. Шаруашылықтың жаңа шаттары бойынша әдіснамалар мен бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың маңызды өзгерістері болып жатыр. Қазіргі заманғы қазақстандық есептің негізгі көрсеткіштері – табыстар, пайда, өзіндік құн болып табылады. Сонымен, нарықтық жағдайда кәсіпорынның табыстар мен шығындар есебіне ерекше рөл бөлінеді.

Содержание

КІРІСПЕ ..................................................................................................................... 6

1 табыстар мен шығындар есебі және аудитінің теориялық аспектілері
1.1 Табыстар мен шығындар есебінің теориялық негіздері .................................. 8
1.2 Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жіктеу .................................... 12
1.3 Табыстар мен шығындардың танылуы ............................................................ 17
1.4 Табыстар мен шығындар аудитінің әдістемесі ............................................... 24

2 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-ДА ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ЖАҒДАЙЫ
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастыру – экономикалық сипаттамасы ........................ 28
2.2 Кәсіпорын табыстарының есебі ..................................................................... 36
2.3 Шығындар есебі ................................................................................................. 40
2.4 Қаржылық нәтиже есебі және оның қаржылық есептілікте көрініс табуы .................................................................................... ............................................... 44

3 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-да ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР АУДИТІ
3.1 Табыстар аудиті ................................................................................................. 48
3.2 Шығындар аудиті .............................................................................................. 50
3.3 «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ табыстар мен шығындар есебін жетілдіру бағыттары ................................................................. 55

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................... 59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ ................................................................ 61

ҚОСЫМШАЛАР .........................................................................................

Работа содержит 1 файл

Дипломная работа.doc

— 1,009.00 Кб (Скачать)

   Аудиторлық дәлелдеме бақылаудың тесттерін және мәні бойынша рәсімдердің сәйкес келетін кешенін өткізудің қорытындысында алады. Дәлелдемелердің кейбір жағдайларында мәні бойынша рәсімдердің негізінде толығымен алынуы мүмкін.  

   Бақылаудың тесттері дегеніміз - ұйымдардың жарамдылығына және бухгалтерлік есептің және ішкі бақылаудың жүйелерін жүзеге асырудың тиімділігіне аудиторлық дәлелдемелерді алу мақсатында орындалатын тесттерді айтады.   

   Мәні бойынша рәсімдер - қаржылық есептіліктегі маңызы бар бұрмалауларды анықтау үшін аудиторлық дәлелдемелерді алу мақсатында орындалатын тесттер, қателерді анықтамау жоспарланған тәуекелді төмендету үшін қолданылады. Олар үш түрге бөлінеді:

   1. Операцияларды егежей-тегежейлі тесттері.

   2. Сальдо шоттардың тесттері (сальдо балансқа тест жүргізу).

   3. Талдау рәсімдері.

   Аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін, аудитор мәні бойынша келесі рәсімдердің біреуін немесе көбісін орындайды:

   - инспекциялау – жазбаларды, құжаттарды немесе материалдық активтерді тексеру. Тексеріс, олардың сипатына және көзіне, сондай-ақ оларды өңдеу процесіндегі ішкі бақылаудың тиімділігіне байланысты сенімділіктің әртүрлі дәрежесін қамтамасыз етеді. 

   - бақылау - басқа тұлғалармен орындалатын процестерге немесе рәсімдерге бақылау жасау, мысалы аудитор субъектінің қызметкерлерімен тауарлы-материалдық қорлар есебін жүргізуге немесе аудиторлық іздерді қалдырмайтын бақылаушы рәсімдердің орындалуына қадағалау жүргізе алады. 

   - сұрау салу – субъектінің аясында немесе аясынан тыс хабардар тұлғалардан ақпарттарды іздеу. Сұрау салулар үшінші тараптарға жіберілген жазбаша сұрау салулар секілді және субъектінің ішіндегі тұлғаларға бағытталған ресми емес ауызша сұраулардан тұрады. Сұрау салулар бойынша жауаптар бұрын қолда болмаған немее аудиторлық дәлелдемелерді растайтын ақпараттарды аудиторға ұсына алады.    

   - растау – есептеме жазбалардағы ақпараттарды растау үшін сұрау салу бойынша жауаптарды ұсыну. Мысалы, аудитор негізінен тікелей дебиторлардан дебиторлық берешектер туралы растауды сұрайды. 

   Есептің қорытындысы – алғашқы құжаттардың және есептеме жазбалардың немесе тәуелсіз есеп айырысулардың орындалуының арифметикалық нақтылығына тексеріс жүргізу.  

   Талдау рәсімдері – басқа релеванттық ақпарттармен дәйекі немесе болжанып отырған сомалардан айырмашылығы бар, сондай-ақ  ерекше баптардың барлығына бухгалтерлік жазбаларды мұқият қарастыратын ауытқуларды және өзара байланыстарды зерттеуден келіп шығатын маңызды коэффиценттерге және бағыттарға талдау жасау.

   Қаржылық ақпараттарды қалыптастыру кезінде ақпараттарды тіркеуді жинау, өңдеу және жүйелеу сәтінен бастап, қаржылық есептілік түріндегі жүйеленген ақпараттарды ұсынғанға дейін есепке алудың объектісі ғана емес, ақпараттарды жинау және өңдеудің барлық рәсімдерін жүзеге асыратын субъекті де маңызды болып табылады.  

   Табыстар мен шығындарды есепке алу аудитінің мақсаты:

   - алдында тұрған мерзімдерге компаниялардың жеке қаржы есептілігі сияқты басқа компаниялардың қаржы есептілігімен қатар қойылатын, пайдаланушылар үшін пайдалы қаржы есептілігін дайындау және ұсыну;

   - компаниялардың қаржы жағдайын дұрыс және толық көрсететін қаржы есептілігін дайындау және ұсыну.

   Осыған қоса, қаржы есептілігі кейбір дәрежеде «есепке алу объектісі туралы субъектілі ұсыныстың» қорытындысы бар болғандықтан, сыртқы қолданудың әдейі немесе әдейі емес қауіпі туады. 

   Тексеріс жасауға түсе отырып, аудитор табыстар мен шығындарды және басқаларды жинау, есепке алу, қалыптастыру және мойындауға қатысты барлық нормативтік құжаттарды үйренуі қажет.  

   Дипломдық жұмыстың аталған тарауы бойынша қорытынды жасай келе, кәсіпорындардың табыстары мен шығыстарын дұрыс есептеуді ұйымдастыру үшін, олардың экономикалық, бухгалтерлік және салық жіктелімдерін, тану өлшемдерін және қаржы есептілігінің ұлттық және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес табыстар мен шығындарды есепке алудың тәртібін білу қажет.

   Бұдан басқа, кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепті және есептілікті жақсарту мақсатында көрсетілетін кірістердің және шығыстардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және жүргізу мәселелері жөніндегі кеңес беруден тұратын кәсіпорындар қызметтеріне мемлекеттік емес бақылау жасау нысаны болып табылатын тексеріс, олардың коммерциялық қызметтерінің тиімділігін арттырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-ДА ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ЖАҒДАЙЫ

 

 

   2.1 Кәсіпорынның ұйымдастыру – экономикалық сипаттамасы

 

 

   «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылады:

   – орта жылдық қызметкерлер саны жүзден   асатын және одан жоғары;

   – активтердің орташа жылдық құны жыл бойынша үш жүз жиырма бес мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын және одан жоғары.

   Қоғам мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңды тұлға мәртебесіне ие болды. Қоғам өз мөріне, өзіндік балансына, банктердегі есепшоттарға, өзінің атауы бар бланктерге ие. Қоғам өз қызметінің мақсаттарына жету үшін өзінің атынан келісімшарттарға отыруға құқылы, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие, міндеттер атқаруға, сотта арызданушы және жауапкер болуға құқылы. Қоғам Қазақстан Республикасы аумағында филиалдар және өкілдіктер құруға, басқа занды тұлғалармен бірлестіктер (ұйымдар) құруға, сонымен қатар басқа заңды тұлғалардың қатысушылары болуға құқылы. Қоғам өзінің міндеткерліктері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты. Қоғам мемлекет қарыздары бойынша жауап бермейді. Қоғам өзінің қатысушыларының міндеткерліктері бойынша жауапты емес, қолданыстағы заңнамамен қарастырылған жағдайлардан басқа. Қоғам қатысушылары Қоғам міндеткерліктері бойынша жауап бермейді және өздерінің салымдары құнының деңгейінде ғана серіктестік қызметіне байланысты шығындарға жауапты.

   Қоғамның атқарушы органы болып күнделікті қызметті басқаратын және оның қаржылық – шаруашылық жылдық жоспарына және стратегиялық даму жоспарына сәйкес келуін қамтамасыз ететін бас директор болып табылады.

   Кәсіпорының мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Сарыарқа даңғылы, 48.

   Қоғамның басты мақсаты болып Жарғыда атап көрсетілген өз қызметтерін жүзеге асырудан табыс табу болып табылады. Қоғамның басты қызмет түрлері болып мыналар табылады:

   – құрылыс–монтаждау жұмыстары;

   – құрылыс материалдары, бұйымдарды және конструкцияларды шығару (өндіру);

   – жоба-іздеу қызметі;

   – жол құрылысы;

   – көгалдандыру;

   – сәулет, қала құрылысы және құрылыс жұмыстары саласында сараптамалық және инжинирингтік қызметтер;

   – жабдық-сату, сауда-сату және комерциялық қызмет, оның ішінде құрылыс материалдары, жабдықтар және басқа тауарларды жеткізумен байланысты қызметтер;

   – өнеркәсіптік және халықтық тұтыну тауарларын өндіру, сатып алу және сату;

   – металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл бұйымдарды шығару;

   – ағашты өңдеу және ағаш бұйымдарын шығару;

   – қолданыстағы ҚР заңнамасына қайшы келмейтін басқа коммерция түрі.

   Қоғамның қызметін қамтамасыз ету үшін Қатысушылар Заңға сай ақшалай түрдегі салымдары мен мүліктерін қайтарымсыз Қоғамның жеке меншігіне өткізіп тіркеу сәтінде тоқсан бір мың тоғыз жүз (91 900) теңге көлеміндегі Жарғылық капиталды құрады. Қоғам қатысушылардың жалпы жиналысы шешімімен жарғылық капитал көлемін өзгертуге (азайтуға немесе ұлғайтуға) құқылы. Жарғылық капитал көлемін азайту несие берушілерді бұл жөнінде 2 айдан кеш емес мерзімде хабарлаудан кейін және регистрге сәйкес жазбаны енгізгеннен кейін жүзеге асырылады. Жарғылық капитал көлемін ұлғайту туралы Қоғам жалпы жиналыс шешімі қабылданғаннан кейін 3 ай ішінде мемлекеттік тіркеуді жүргізген органға хабарланады. Хабарлау сәтінде жарғылық капитал ұлғаятын соманың жартысынан аз емес көлеміндегі салымдар жасалуы тиіс. Егер Қоғам аталған органды жарғылық капиталдың ұлғаюы жөнінде хабардар етпесе жарғылық капиталдың ұлғаюы жүзеге асырылмайды.

   Қоғам мүлкін оған жеке меншік құқығы негізінде тиесілі негізгі қорлар және айналымдағы қаржы, сонымен қатар қоғамның өзіндік балансында  құны көрсетілетін құндылықтар құрайды. Қоғамның жарғылық капиталдың 50% құрайтын қорды құра алады, ол үшін табыстың 5% резервтік қорға белгілі бір деңгейге жеткенге дейін жүйелі түрде бөлініп тұру арқылы жүргізіледі. Резервтік қор ақшасы шығындарды жабу, бюджет алдындағы міндеттемелерді орындау, несие төлеу, ол бойынша қоғам қаржысы жетпеген жағдайда пайыздарды өтеу үшін қолданылады.

   Қоғам бухгалтерлері өз қызметін жүзеге асырғанда келесідей нор-мативтік құжаттарды басшылыққа алады:            - «Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы Заңы» 2007 жылдың 28 ақпанынан, № 234-III ЗРК ;   

   - Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі;       

   - Қаржылық есептің халықаралық стандарттары;     

   - Қазақстан Республикасының «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» заңы (салық кодексі);       

   - Қаржылық есеп берудің ұлттық стандарты № 2;     

   - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі бекіткен типтік шот-тар жоспары.           

   Кәсіпорынның экономикалық жағдайы мен оның тұрақтылығы белгілі деңгейде кәсіпорынның капиталы қандай активтерге салынғанынан, олар қандай табыс әкелетіндігінен тәуелді. Сол себепті кәсіпорынның экономи-калық жағдайын талдау кәсіпорын активтерінің құрамы мен құрылымын талдаудан бастауы тиіс. Кәсіпорын активтерінің орналасуы туралы ақпарат баланс активінде қамтылады.        

   Баланс мәліметтері бойынша 2007-2009 жылдары  актив баптарының құрамы мен орналасуын 1-кестеден көруге болады. 

 

   Кесте 1

   «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ активтерінің құрамы мен құрылымы

 

Баланс баптары

Сомасы, мың тг

Құрылымы, %

2007 ж

2008 ж

2009 ж

2007 ж

2008 ж

2009 ж

1

2

3

4

5

6

7

1.Қысқа мерзімді активтер

1356390

1382200

1367807

100,0

100,0

100,0

Ақша қаражаттары

26544

20264

4579

2,0

1,5

0,3

Қысқа мерзімді қаржылық салымдар

3456

21123

16478

0,2

1,5

1,2

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

4312

258570

724343

0,4

18,7

53,0

Қорлар

1075863

918788

506213

79,4

66,5

37,0

Ағымдағы салықтық активтер

70702

51231

1880

5,2

3,7

0,1

Басқа да қысқа мерзімді активтер

175513

112224

114313

12,8

11,8

8,4

2.Ұзақ мерзімді активтер

383

332

279

100,0

100,0

100,0

Негізгі құралдар

290

250

209

76,5

75,3

75,0

Материалдық емес активтер

93

82

70

23,5

24,7

25,0

Баланс

1356773

1382532

1368086

х

х

х

Ескерту: кәсіпорының мәліметтерімен негізделген


 

   1-кесте мәліметтері бойынша кәсіпорын мүлкінің құны 2009 жылы 1368806 мың теңгені құрап отыр және ол 2008 жылмен салыстырғанда 13725 мың теңгеге не 0,9 пайызға кеміген. Кәсіпорын мүлкі толықтай ағымдық активтерден тұрады деп айтуға болады. Атап өткенде 2009 жылы ұзақ мерзімді активтердің құны бар болғаны 280 мың теңгені ғана құрап отыр, бұл барлық мүліктің 0,02 пайызын ғана құрайды. Қысқа мерзімді активтердің негізгі бөлігін қорлар құрап отыр, егер 2007 жылы барлық мүліктің ішінде қорлардың үлес  салмағы 79,3% болса, 2009 жылы оның үлес салмағы 12,2 пунктке кеміп, 37 % болып отыр. Керісінше 2007 жылы дебиторлық берешектің үлес салмағы өте төмен болса, 2008-2009 жылдары қысқа мерзімді дебиторлық берешек барлық мүліктің 54 пайыз үлесін алып отыр.

   Дебиторлық берешектер көлемінің өсуі кәсіпорын үшін тиімді жағдай емес. Өйткені кәсіпорын қаражаты айналымнан шығып кеткендігін көрсетеді. Егер бұл жағдай жалғаса беретін болса кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне әсер етіп, оның көрсеткіштерінің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан болашақта кәсіпорын дебиторлық берешектердің уақытында қайтарылып отыруына көңіл бөліп, үнемі бақылып отыруы қажет.

   Кәсіпорынның ағымдық активтерінің құрамы мен құрылымы 2-кестеде келтірілген.

 

   Кесте  2

   Кәсіпорынның ағымдық активтерінің 2007–2009 жж. құрамы мен құрылымы, жыл соңына

 

Ағымдық активтер

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

мың тг

%

мың тг

%

мың тг

%

1

2

3

4

5

6

7

1.Ақша қаражаттары

26544

2,0

20264

1,5

4579

0,3

2. Қысқа мерзімді қаржылық салымдар

3456

0,2

21123

1,5

16478

1,2

3. Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

4312

0,4

258570

18,7

724343

53,0

4. Қорлар

1075863

79,3

918788

66,5

506213

37,0

5.Ағымдағы салықтық активтер

70702

5,2

51231

3,7

1880

0,1

6. Басқа да қысқа мерзімді активтер

175513

12,9

112224

8,1

114313

8,4

Қысқа мерзімді активтердің жиынтығы

1356390

100,0

1382200

100,0

1367807

100,0

Ескерту: кәсіпорының мәліметтерімен негізделген

Информация о работе Касипорын табысынын таладуы мен аудити