Касипорын табысынын таладуы мен аудити

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 15:30, дипломная работа

Описание работы

Субъектінің экономикалық табыс таппауынсыз, экономикада әрі қарай болуы мүмкін емес. Табыстың арқасында мемлекеттік бюджет толады, капиталдың айналымдылығы көтеріледі, құрылтайшылар мен жұмыскерлердің әкімшілік, материалдық сұраныстары қанағаттандырылады, төлемқабілеттілік пен инвестициялық тартымдылық көтеріледі. Шаруашылықтың жаңа шаттары бойынша әдіснамалар мен бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың маңызды өзгерістері болып жатыр. Қазіргі заманғы қазақстандық есептің негізгі көрсеткіштері – табыстар, пайда, өзіндік құн болып табылады. Сонымен, нарықтық жағдайда кәсіпорынның табыстар мен шығындар есебіне ерекше рөл бөлінеді.

Содержание

КІРІСПЕ ..................................................................................................................... 6

1 табыстар мен шығындар есебі және аудитінің теориялық аспектілері
1.1 Табыстар мен шығындар есебінің теориялық негіздері .................................. 8
1.2 Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жіктеу .................................... 12
1.3 Табыстар мен шығындардың танылуы ............................................................ 17
1.4 Табыстар мен шығындар аудитінің әдістемесі ............................................... 24

2 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-ДА ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ЖАҒДАЙЫ
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастыру – экономикалық сипаттамасы ........................ 28
2.2 Кәсіпорын табыстарының есебі ..................................................................... 36
2.3 Шығындар есебі ................................................................................................. 40
2.4 Қаржылық нәтиже есебі және оның қаржылық есептілікте көрініс табуы .................................................................................... ............................................... 44

3 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-да ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР АУДИТІ
3.1 Табыстар аудиті ................................................................................................. 48
3.2 Шығындар аудиті .............................................................................................. 50
3.3 «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ табыстар мен шығындар есебін жетілдіру бағыттары ................................................................. 55

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................... 59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ ................................................................ 61

ҚОСЫМШАЛАР .........................................................................................

Работа содержит 1 файл

Дипломная работа.doc

— 1,009.00 Кб (Скачать)

   Ай өтуі бойынша, бөлімшенің жоспарлы көрсеткіштерімен қоса, шығындарының фактілі көрсеткіштеріне салыстыру жүргізіле отырып, бюджеттің орындалуына талдау жасалады. Егер ауытқушылықтар белгіленген шектен шығып кетсе (ертерек анықталған шектен), барлық есеп беру мерзімінің аяғына дейін ауытқудың себептеріне талдау және бөлімшенің     мақсатына, іс-шараларына және бюджетіне түзету жүргізіледі.

   Кәсіпорындардағы қаржы қорытындыларын басқарудың тежегіші,  таза құнды санау қиындығының салдарынан тек есеп беру мерзімінен кейін қалыптасатын жалпы қаржы қорытындысының фактісі болып табылады.

   Алайда, кәсіпорындардағы пайданың қалыптасуына бақылау жасау мақсатында, жедел талдау жүргізілу қажет. Осыған байланысты, осы арқылы шығындарды есепке алудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін ұсынатын бағдарламалық кешендер қолданылады. Осындай жүйелер кәсіпорынның қызметіне мұқият жедел бақылау жасауды және қаржы қорытындыларымен басқарудың тиімділігін арттыруды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін уақыттың кез-келген сәтінде жүзеге асырулар, дебиторлық берешектер, таза құн, қаржы қорытындылары туралы толық жедел ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. [31, 25 бет]   

   Аталған кәсіпорындағы бюджеттік жоспарлаудың жүйесі тиімді болу үшін, мынадай жұмыс түрлерін орындау қажет:

   1) жауапкершіліктің орталығын анықтау. Жауапкершіліктің орталығы – табыстар мен шығындарды басқаруға жауап беретін басшысы бар ұйымдасқан құрылым. Әрбір орталықты қалыптастырудың міндетіне оның басшысына белгілі бағытта жауапкершілікті беру жатады.  Кәсіпорында жағдайға қарай, жауапкершілік орталығының осындай және басқа сатысын құруға болады;

   2) жауапкершілік орталықтары бойынша бюджеттің құрылымын қалыптастыру. Бюджет – мысалы, тасымалдау жұмыстарының өндірісі сияқты белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылған жоспар. Бюджетте оның шығындалатын баптарының құрылымын анықтайтын қаржылық, еңбек және материалдық ресурстар көрсетіледі. Өз кезегінде, сатылымдардың көрсеткіштері бюджеттің табыс баптарының құрылымын анықтайды;   

   3) барлық бөлімшелер келісілген бюджетті қабылдау үшін, сондай-ақ оның орындалуына бақылау жасау үшін, жұмыстың осы бағытына жауап беретін арнайы органды құру (мысалы, жоспарлы-қаржылық комиссия) қажет;

   4) басқару есепке алуларындағы шоттардың жоспарына бюджеттік баптар бойынша фактілі деректердің жиналуын автоматтандыру. Басқару есепке алуларындағы шоттардың жоспарына бюджеттің фактілі көрсеткіштерін автоматты түрде алу үшін, «Бюджеттің баптары» аналитикалық есепке алу объектісінің арнайы түрін қарастыру қажет. Бұдан әрі, бұл Жоспарда аталған түр бойынша есепке алу жүзеге асырылатын және бюджеттің нақты орындалуы туралы ақпарат жинақталатын синтетикалық шоттарды анықтау қажет.[32,203б]

 

   ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

   Бухгалтерлік есепте көрініс табатын кәсіпорынның шаруашылық өмірінің барлық фактілері екі топтан құрылады: табыстар мен шығындар.

   Табыстар мен шығындар – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесіне әсер ететін фактілер болып табылады. Олар экономикалық, заңгерлік және бухгалтерлік жағынан қаралуы мүмкін.

   Экономикалық жағынан, табыс – кәсіпорын билігіндегі қорлардың түсімі.

   Шығын, экономикалық көзқарас бойынша, кәсіпорын билігінен қорлардың кез келген шығарылымы, яғни шығын – активтің азаюы болып табылады.

   Қандай операциялар нәтижесінде бұл азаю пайда болатыны маңызды емес. Шаруашылық айналымнан қорлардың шығуы оны шығын деп мойындауға жеткілікті болады. Осылайша, экономикалық көзқарас бойынша, кәсіпорынның тауар сатқаны, жұмыс, қызмет көрсеткені үшін сатып алушылардың қарызының пайда болуы – шығын болып табылады. Осы жағдайда, экономикалық көзқарас бойынша, бұл шығын (тауар берілген), бірақ табыс жоқ (ақша алынбаған).

   Табыстар мен шығындардың бухгалтерлік есебінің негізгі міндеті – кәсіпорынның бухгалтерлік есептілігінде табыстар мен шығындардың мөлшері ұсынылуы тиіс. Бірақ бұл міндет экономикалық ғылымда ең қиын болып саналады. Оны шешудің үш кезеңі  бар: табыстар мен шығындар сияқты сәйкестендірілген шаруашылық өмірінің фактілерін таңдау, яғни табыстар мен шығындардың пайда болу (мойындау) уақытын анықтау; табыстар мен шығындарды қаржылық нәтижеге есептелетін есептік кезеңге жатқызу; табыстар мен шығындарды бағалау.

   Қазақстандық ұйымдарда табыстар мен шығындар есебі №1 және №2 ұлттық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі. Осы стандарттарға сәйкес субъектінің табысы алынған немесе алынуға тиісті өтеудің әділ құнымен өлшенуі қажет. Алынған немесе алынуға тиісті өтеудің әділ құны субъектімен ұсынылған көтерме және сауда жеңілдіктерінің кез-келген сомалары шегерілуі қажет.

   №2 ұлттық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес шығындардың құрамына залал, сонымен қатар субъектінің кәдуілгі қызметі нәтижесінде пайда болған шығындар.

   Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінде табыстар мен шығындардың әртүрлі классификациялары бар.

   Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ қаржы-экономикалық сипаттама берілген. Бұл бөлімде 2007-2009 жж. бойынша бухгалтерлік баланстардың құрылымы мен динамикасы талданған, қаржылық өтімділік коэффициенттері есептелген, қаржылық тұрақтылық, табыстылық көрсеткіштері есептелген. Талдау нәтижесі бойынша, АҚ төлемқабілетті және залалсыз, өз міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі бар кәсіпорын болып табылады.

   Табыстар мен шығындар есебінің тәртібін зерделеу кезінде келесілер анықталды:

   1) құрылыс жұмыстарын жүргізу, құрылыс материалдарын сату серіктестіктің табыс алудың негізгі көздері болып табылады. Кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтерінің табыстар мен шығындар есебі типтік шоттар жоспарында қарастырылады (6 «Табыстар», 7 « Шығындар»)

   2) кәсіпорынның табыстар мен шығындар туралы мәлімет пайдалар мен зияндар туралы есепте ашылады.

   Үшінші бөлімде табыстар мен шығындар аудитінің тәртіптері зерттелген. Оларды қолдану барысында табыстар мен шығындар есебі бойынша бірқатар ескертулер анықталған. Табыстар есебі бөлігінде:

   - құрылыс-монтаждау жұмыстарына келісім-шарттардың жоқтығы, сонымен қатар олардың дұрыс рәсімделмеуі;

   - көрсетілген қызмет үшін аванс алған кезде шот-фактура толтырылады. 5610 «Қорытынды пайда» шотында аванс сомасы табыс ретінде ескеріледі, бірақ менің ойымша, аванс сомасы 3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» шотында ескерілуі тиіс. 

   - дебиторлық берешектер бойынша тапсырыс берушілерге салыстыру актілерінің көрсетіліміне қадағалау жүргізілмейді.

   Қоғамда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру деңгейі жоғары. Негізінен барлық бухгалтерлік операциялар автоматтандырылған, бас бухгалтердің компьютері сервер болып табылатын желіге бухгалтерия қызметкерлерінің  компьютерлері қосылған. Бұдан басқа, барлық қажетті ақпарат қағаздық нысанда және басылып шығарылған түрде, хронологиясына сәйкес жинақталған және тігілген.     

   Ұсыныс: Табыстар мен шығындар есебін жетілдіру мақсатында есеп саясатында уақытша және тұрақты айырмалардың тәртібін көрсету.

        Бұл мақсатқа  жету үшін бухгалтерлік қызмет келесілерді орындау қажет:

– қайта бағалауға тиісті есептің  негізгі баптарын сыныптау;

– тұрақты және уақыттық айырмашылықтардың  қолданылуын бағалау;

– атап айтылған шешімдерді кәсіпорын  есеп саясатында бекітуі қажет.

   Бұдан басқа, табыстар мен шығындарды жедел басқару үшін бюджет жүйесін енгізуі тиіс. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ

 

 

   1 «Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру

   туралы Заңы» 2007 жылдың 28 ақпанынан, № 234-III ЗРК, 36 бет

   2 Қаржылық есеп беру туралы №2 стандарт, Қазақстан Республикасының

   қаржы Министрлігінің 2007 жылдың 21 маусымындағы бұйрығымен

   бекітілген, № 217, 136 бет

   3 Кеулімжаев К.К, Әжібаева З.Н. Қаржылық есеп, Алматы, Экономика,2001,

   214 бет

   4 Пошерстник Н.В. Финансовый учет. Учебник, Астрахань, 2007, 420 бет   

   5 Ковалев В.В Введение в финансовый менеджмент. – Москва. Финансы и

   статистика, 2008, 306 бет

   6 Терехова В.А. Финансовый анализ. – 4-е изд., прераб. и доп. – Москва.

   Бухгалтерский учет , 2007, 357 бет

   7 Мюллер Г. Финансовый анализ: методы и процедуры. – Москва. Финансы и

   статистика, 2006, 425 бет

   8 Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп, Алматы, Экономика, 2006,

   450 бет

   9 Әбдіманапов Ә. Қаржылық есеп Алматы, Экономика, 2007, 452 бет 

   10 Международные стандарты финансовой отчетности. Алматы, №6

   Бюллетень бухгалтера, 2008, 60 б

   11 Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. – М.: Кәсіпорындағы

   бухгалтерлік есеп. – Алматы, Экономика, 2004, 655 бет .

   12 Байболтаева Н.Ә. Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы, Экономика,

   2006, 482 бет

   13 Бухгалтерлік есеп жүргізу  ережелері (2007жылдың 22 маусымынан,

   № 221). - Алматы, TOO «Издательство LEM», 2008. 28 бет.

   14 Методические рекомендации  к международным стандартам

   бухгалтерского учета.  № 7 шығарылым – Алматы, 2007, 325 бет

   15 Каморджанова Н.А., Карташова И.В.. Бухгалтерский финансовый учет.

   Питер, 2006, 420 бет

   16 Қаржылық есеп беру  туралы №1 стандарт, Қазақстан Республикасының

   каржы Министірлігінің 2007 жылдың 21 маусымындағы бұйрығымен

   бекітілген, № 218, 36 бет

   17 Қазақстан Республикасының «Салық және басқа да бюджетке міндетті

   төлемдер туралы» заңы (салық кодексі) 01. 01.2009, 350 бет

   18 Бухгалтерский  учет:  П.С. Безруких, В.Б. Ивашкевич, 576 бет

   Н.П.Кондраков и др. – Москва, 2006. – 576 бет.

   19 Сейдахметова Ф.С. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп. Алматы,

   Экономика, 2008, 498бет

   20 Мырзалиев Б.С. Әбдішүкіров “Бухгалтерлік есеп жүргізудің тәжірибелік

   әдістемесі” Алматы, Экономика, 2005ж 362бет.

   21 Д.О. Абленов “Аудит негіздері” Алматы, Рауан, 2005ж. 236бет.

22 Көкенов І.Ж. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі. Алматы. Рауан. 1992 ж;

257бет

23 Головизнина А. Т., Архипова О.И. Теория бухгалтерского учета. Курс

Лекций, Киев, 2004 г; 187бет

  1. Хаймудилина Ж.Б. Бухгалтерлік есеп және аудит, Алматы , Экономика,

2005, 450 бет

   25 МСФО, Бюллетень бухгалтера  №7, 2009, 57 бет

   26 1 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты «Қаржы есептілігін

ұсыну», 50 бет

   27 Финансовый учет на предприятии / Под ред. Р.М.Рахимбековой. Алматы

   Экономика, 2005, 367 бет

   28 Шеремет А.Д., Суйц В.П. Аудит. – Москва. ИНФРА М,

   2006, 206 бет 28

   29 МСФО Теория и практика, справочное руководство Алматы, 2007, 403 бет

   30 Қаржылық есеп беру туралы № 2 стандарт, Қазақстан Республикасының

   каржы Министірлігінің 2007 жылдың 21 маусымындағы бұйрығымен

   бекітілген, № 217, 136 бет

   31 Халықаралық бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы

   стандарттарды қолдануға  нұсқаулар. – Алматы, Юрист, 2007. Книга 1, 364 б

   32 Назарова В.Л. Бухгалтерский учет в отраслях: Учебник - Алматы.

Экономика. 2005ж; 264бет.

 

 

 

 

 

 

  

  

  

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   ҚОСЫМШАЛАР

 

 

   «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ –нің 2009 ж. Бухгалтерлік балансы

 

БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС

2009 жылғы 31 желтоқсан айына жағдай бойынша

 

( № 1-форма)

Ұйымның атауы АҚ «Астана қалалық коммуналдық    шаруашылығы»

     

Ұйымның қызмет түрі - Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу

         

Ұйымдастыру-құқықтық нысаны - жеке меншік

   

Ұйымның заңды мекен  жайы  Астана к., Сарырқа даңғылы, 48

 
         

 АКТИВТЕР 

Жол

2009 ж.  31 желтоқсанға  

2008 ж.  31 желтоқсанға  

 

коды

 

1

2

3

3

 
         

І. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР

 

 
     

Ақша қаражаты және оның эквиваленті 

010

                      4 579

                  20 264

 

Қысқа мерзімді қаржы  инвестициялары

011

                    16 478

                  21 123

 

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

012

                   724 343

                258 570

 

Баска да дебиторлык берешек

       

Қорлар

013

                  506 213

                 918 788

 

Ағымдағы салық активтері 

014

                       1 880

                   51 231

 

Сату үшін тағайындалған  ұзақ мерзімді активтер

015

     

Берiлген борышакы

       

Қысқа мерзімді өзге активтер

016

                  114 313

                112 224

 

Алдагы кезен шыгындары

       

Қысқа мерзімді активтердің жиыны

100

                1 367 806

              1 382 200

 

Берiлген борышакы

       

ІІ. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР

 

 
     

Ұзақ мерзімді қаржы  инвестициялары

020

     

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек 

021

     

Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар

022

     

Инвестициялық жылжымайтын  мүлік 

023

     

Негізгі қаражат 

024

                              209

                            250

 

Биологиялық активтер

025

     

Барлау және баға беру активтері 

026

     

Материалдық емес активтер

027

                                71

                              82

 

Қалдырылған салық активтері 

028

     

Ұзақ мерзімді өзге активтер

029

     

Аякталмаган курылыс

       

Ұзақ мерзімді активтердің жиыны

200

                             280

                           332

 

БАЛАНС (жол100+жол200)

 

 

               1 368 086

              1 382 532

 
         

ПАССИВТЕР

Жол

2009 ж.  31 желтоқсанға  

2008 ж.  31 желтоқсанға  

 

коды

 

1

2

     

ІІІ. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

030

     

Қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері

031

     

Енбек толемiне байланысты кредиторлык берешек

       

Салық бойынша міндеттемелер

032

-                            577

-                          573

 

Сату үшін тағайындалған  ұзақ мерзімді пассивтер

034

     

Қысқа мерзімді кредиторлық берешек

034

                350 632

             346 367

 

Қысқа мерзімді баға беру міндеттемелері

035

     

Алынган борышакы

036

     

Қысқа мерзімді өзге міндеттемелер 

037

               1 009 483

            1 029 787

 

Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны

300

                1 359 538

              1 375 581

 
         

IV. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР 

       

Ұзақ мерзімді қаржы  міндеттемелері

040

     

Ұзақ мерзімді кредиторлық  берешек

041

     

Ұзақ мерзімді баға беру міндеттемелері

042

     

Қалдырылған салық міндеттемелері

043

     

Ұзақ мерзімді өзге міндеттемелер

044

     

Банк несиесi

045

     

Ұзақ мерзімді міндеттемелер жиыны 

400

     
         

V КАПИТАЛ

       

Шығарылған капитал 

050

                                92

                              92

 

Эмиссиялық кіріс

051

     

Сатып алынған меншікті үлестік құралдар

052

     

Резервтер

053

     

Кезеңдегі пайда/залал 

       

Бөлінбеген кіріс (орны толтырылмаған залал)

054

8 456

6 859

 

Азшылық үлесі 

055

     

Капитал жиыны

500

8 548

6 951

 

БАЛАНС (жол300+жол400+жол500)

 

 

1 368 086

         1 382 532

 
         
         

Информация о работе Касипорын табысынын таладуы мен аудити