Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 15:30, дипломная работа
Субъектінің экономикалық табыс таппауынсыз, экономикада әрі қарай болуы мүмкін емес. Табыстың арқасында мемлекеттік бюджет толады, капиталдың айналымдылығы көтеріледі, құрылтайшылар мен жұмыскерлердің әкімшілік, материалдық сұраныстары қанағаттандырылады, төлемқабілеттілік пен инвестициялық тартымдылық көтеріледі. Шаруашылықтың жаңа шаттары бойынша әдіснамалар мен бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың маңызды өзгерістері болып жатыр. Қазіргі заманғы қазақстандық есептің негізгі көрсеткіштері – табыстар, пайда, өзіндік құн болып табылады. Сонымен, нарықтық жағдайда кәсіпорынның табыстар мен шығындар есебіне ерекше рөл бөлінеді.
КІРІСПЕ ..................................................................................................................... 6
1 табыстар мен шығындар есебі және аудитінің теориялық аспектілері
1.1 Табыстар мен шығындар есебінің теориялық негіздері .................................. 8
1.2 Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жіктеу .................................... 12
1.3 Табыстар мен шығындардың танылуы ............................................................ 17
1.4 Табыстар мен шығындар аудитінің әдістемесі ............................................... 24
2 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-ДА ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ЖАҒДАЙЫ
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастыру – экономикалық сипаттамасы ........................ 28
2.2 Кәсіпорын табыстарының есебі ..................................................................... 36
2.3 Шығындар есебі ................................................................................................. 40
2.4 Қаржылық нәтиже есебі және оның қаржылық есептілікте көрініс табуы .................................................................................... ............................................... 44
3 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-да ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР АУДИТІ
3.1 Табыстар аудиті ................................................................................................. 48
3.2 Шығындар аудиті .............................................................................................. 50
3.3 «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ табыстар мен шығындар есебін жетілдіру бағыттары ................................................................. 55
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................... 59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ ................................................................ 61
ҚОСЫМШАЛАР .........................................................................................
Өзінің сипатына байланысты қоғамда операциялық шығындар былай жіктеледі:
– матералдар және қызметтер; – персоналдармен есеп-айырысу шығындары; – амортизация;
– салықтар, жеке табыс салығын есептемегенде;
– негізгі құралдарды есептен шығару шығындары;
– құнсызданудағы резерв;
– өзге де операциялық шығындар.
Операциялық емес шығындарға:
– қаржыландыруға кеткен шығындар;
– негізгі құралдар мен ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын
шығындар;
– бағамдық айырмашылық бойынша шығындар;
– өзге де шығындар.
Қоғамның әкімшілік шығындарына жатады:
«Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ –да әкімшілік шығындармен байланысты операциялар бойынша шоттар корреспонденциясы 10- кестеде келтірілген.
Кесте 10
«Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ – да әкімшілік шығындарын есепке алу бойынша шоттар корреспонденциясы, 2009 жыл
Операциялар мазмұны |
Сомасы, мың тг |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дт |
Кт | ||
1 |
2 |
3 |
4 |
Еңбекақы төлеу бойынша |
51456 |
7210.01 |
3350 |
Әлеуметтік қажеттілікке жұмсалған шығындар |
15647 |
7210.01 |
3390 |
10 кестенің жалғасы
1 |
2 |
3 |
4 |
Басқару аппаратын материалдық-техникалық қамтамасыз етумен байланысты шығындар |
28784 |
7210.01 |
1310 |
Басқару аппаратының көлік шығындары (бензин, бөлшектер) |
6475 |
7210.01 |
1310 |
Басқа кәсіпорындарға байланыс қызметі үшін төлемдер |
1456 |
7210.01 |
3310 |
Құралдардың тозуы |
65 |
7210.01 |
2420 |
Басқа да шығындар |
12850 |
7210.01 |
3390 |
Барлығы |
116733 |
||
Ескерту: кәсіпорының мәліметтерімен негізделген |
Қоғамда әкімшілік шығындар шоттар жоспарына сәйкес 7210.01, өндірістік бағыттағы жалпы шаруашылық шығындар 7210.02, әлеуметтік бағыттағы жалпы шаруашылық шығындар 7210.03 және бюджетке төленетін төлемдер, салықтар алымдар 7210.05 шотында есепке алынады.
10–кесте мәліметтері негізінде қоғамда әкімшілік шығындар 116733 мың тг-ні құрады және олар типтік шоттар жоспарына сәйкес 7210.01 шотында есепке алынады. Әкімшілік шығындардың ішінде еңбекақы төлеу бойынша шығындар 51456 мың тг-ні құрады, әлеуметтік қажеттілікке жұмсалған шығындар 15647 мың тг , басқару аппаратын материалдық -техникалық қамтамасыз етумен байланысты шығындар 28784 мың тг, басқару аппаратының көлік шығындары 6475 мың тг, басқа кәсіпорындарға байланыс қызметі үшін төлем 1456 мың тг, құралдардың тозуы 65 мың тг, басқа да шығындар 12850 мың тг-ні құрады.
Өндірістік бағыттағы жалпы шаруашылық шығындарына байланысты операциялар 11–кестеде келтірілген. [19, 423 бет]
Кесте 11
Қоғамдағы өндірістік бағыттағы жалпы шаруашылық шығындарына байланысты шоттар корреспонденциясы
Операциялар мазмұны |
Соммасы, мың тг |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дт |
Кт | ||
1 |
2 |
3 |
4 |
Банк қызметтері үшін төлемдер |
2939 |
7210.02 |
1040 |
11 кестенің жалғасы
1 |
2 |
3 |
4 |
Жалпы шаруашылық персоналдың сақтандырылуы |
716 |
7210.02 |
3310 |
Cоттық шығындар мен |
334 |
7210.02 |
3390 |
Басқа да шығындар |
645 |
7210.02 |
3390 |
Ескерту; Автормен құрастырылған |
11–кесте мәліметтері негізінде қоғамда өндірістік бағыттағы жалпы шаруашылық шығындар 4634 мың тг-ні құрады. Оның ішінде банк қызметтері үшін төлемдер 2939 мың тг, жалпы шаруашылық персоналдың сақтандырылуы 716 мың тг, соттық шығындар мен арбитраждық төлемдер 334 мың. тг, басқа да шығындар 334 мың тг-ні құрады.
«Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ – да 7210.01, 7210.02, 7210.03, 7210.05 кәсіпорынның әкімшілік шығындарына жатқандықтан 7210 шотына апарыла-ды және кезең соңында әкімшілік шығындар жылдық жиынтық табысқа апарылады.
Қоғамда бюджетке төленетін міндетті төлемдер, салықтар, салықтар, алымдар бойынша шығындарға байланысты операциялар 12–кестеде қарастырылған.
Кесте 12
Төленген салықтар, алымдар, бюджетке міндетті төлемдер бойынша шоттар корреспонденциясы:
Операциялар мазмұны |
Соммасы, мың тг |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дт |
Кт | ||
1 |
2 |
3 |
4 |
Көлік құралдарына салық |
69 |
7210.05 |
3170.01 |
Мүлік құралдарына салық |
2456 |
7210.05 |
3180.01 |
Әкімшілік шығындар бөлігіндегі қоршаған ортаны ластаған үшін төленетін төлемдер |
800 |
7210.05 |
3230.07 |
Бюджетке төленетін айыппұлдық санкциялар |
145 |
7210.05 |
3390.01 |
Барлығы |
3470 |
||
Ескерту: кәсіпорының мәліметтерімен негізделген |
12-кесте мәліметтері негізінде бюджетке төленген көлік құралдарына салық 69 мың тг-ні құрады, мүлік құралдарына салық 2456 мың тг , әкімшілік шығындар бөлігіндегі қоршаған ортаны ластаған үшін төлемдер 800 мың тг, бюджетке төленетін айыппұлдық санкциялар 145 мың тг-ні құрады.
Қоғамның өзге де шығындарына бағамдық айырмашылықтан болған шығындар, резервті құру мен үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығындар, негізгі құралдарды өткізу, жою бойынша шығындар жатады.
Қоғамда бағам айырмасы бойынша шығындар бұл шетелдің конверттелетін валюталарына қатынасы кезінде пайда болатын теріс бағамдық айырманы есептеуге арналған. Бағам айырмасы бойынша шығындар қоғамның типтік шоттар жоспарының 6 бөлімінде 7430.01 шотында есепке алынады.
Қоғамда қаржыландыруға шығындар жұмсалды. Бұл шығындарға қоғамның қаржылық жалдау бойынша пайыздарға кеткен шығындар жатады. 2009 жылы қоғамда қаржыландыруға кеткен шығындар 12789 мың тг-ні құрады. Бұл операцияны шоттар корреспонденциясы келесідей:
Д-т 7320.01 «Қаржылық жалдау бойынша пайыздарды төлеуге арнал-ған шығыстар» - 12789 мың тг;
К-т 3360.01 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек -12789 мың тг.
2.4 Қаржылық нәтиже есебі және оның қаржылық есептілікте көрініс
табуы
«Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ – да құрылыс–монтаждау жұмыстарын жүргізуден алынған қаржылық нәтижені есептеу шоттар жоспарына сәйкес 5610 «Жиынтық табыс» шотында есепке алынады. Бұл шоттың дебетіне өндірілген өнімнің өзіндік құны, әкімшілік шығындар, қаржыландыруға кеткен шығындар, басқа да шығындар апарылады, ал кредитіне көліктік-экспедиторлық қызметтен түскен табыс, өзге де табыстар апарылады.
Келесі 13–кестеден бухгалтерлік есепте қаржылық нәтижені есептеуге
арналған шоттар корреспонденциясын көруге болады.
Кесте 13
«Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ-да қаржылық нәтижені анықтау бойынша шоттар корреспонденциясы, 2009 жыл
Операция мазмұны |
Соммасы, мың.тг |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дт |
Кт | ||
1 |
2 |
3 |
4 |
Өнім өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табысты жылдық жиынтық табысқа апару |
735471 |
6011.01 |
5610 |
13 кестенің жалғасы
1 |
2 |
3 |
4 |
Өнім өткізу мен қызмет көрсетудің өзіндік құнын жылдық жиынтық табысқа апару |
556474 |
7010 |
5610 |
Қаржыландырудан түскен табысты жылдық жиынтық табысқа апару |
12456 |
6110.01 |
5610 |
Өзге де табысты жылдық жиынтық табысқа апару |
6458 |
6250.01 6280.01 |
5610 |
Өнімді өткізуге және қызметтерді көрсетуге шығындарды жылдық жиынтық табысқа апару |
39745 |
5610 |
7110 |
Әкімшілік шығындарды жылдық жиынтық табысқа апару |
116733 |
5610 |
7210 |
Қаржыландыруға кеткен шығындарды жылдық жиынтық табысқа апару |
12789 |
5610 |
7320 |
Өзге де шығындарды жылдық жиынтық табысқа апару |
15667 |
5610 |
7440.01 7410.04 7430.01 |
Корпоративтік салық шығындарын жылдық жиынтық табысқа апару |
2595 |
5610 |
7710 |
Таза табыс анықталды |
10382 |
5610 |
5510 |
Ескерту: кәсіпорының мәліметтерімен негізделген |
Табыстар мен шығындар туралы ақпарат «Пайда мен зиян (форма №2) туралы есепте ашылады.
Форма №2 «Пайда мен зиян туралы» есептің маңызы өте зор, себебі бұл есепте кәсіпорынның жалпы қаржылық нәтижесі туралы және оның құрамалары туралы ақпарат ашылады. Бұл нысанның құрылу мақсаты –кәсіпорынның табысы бар ма, әлде ол зиян шегіп отыр ма сол жөнінде ақпарат алу. Есептілік табыстар мен шығындарды жеткілікті деңгейде жіктеу арқылы нақтылы есеп беру кезеңінің ішіндегі экономикалық субъектінің қызмет нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етеді. Пайда мен зиян туралы есепті қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп деп те атайды.
010 бап «Өнімді өткізу мен қызмет көрсетуден түскен табыс» , бұл бапта көліктік-экспедиторлық қызметтен түскен табыс, яғни жолаушылар тасымалы, жүк тасымалдауы, багаж тасымалдауынан түскен табыс, тасымалдау шартын бұзған үшін айыппұлдардан түскен табыс көрсетіледі.
Басқа сөзбен айтқанда, бұл бапта 6010 «Өнім өткізу мен қызмет көрсетуден түскен табыс» шотының кредиттік айналымы көрсетіледі.
020 бап «Өткізілген өнім мен қызмет көрсетудің өзіндік құны» есептеуге арналған . Ол типтік шоттар жоспарының 7010 шотында есепке алынады.
030 бап «Жалпы табыс» өнімдерді өткізу мен қызмет көрсетудің қаржылық нәтижесі болып табылады және ол өнімді өткізу мен қызмет көрсетуден түскен кіріс пен өткізілген өнімнің өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
040 бапта «Қаржыландырудан түскен табыс» есепке алынады.
050 бапта «Басқа да табыстар» есепке алынады. Оған бағам айырмасынан түскен табыс, сақтандыру төлемдері» жатады.
070 бапта «Әкімшілік шығындар» есепке алынады. Әкімшілік шығындарға серіктестіктің өндірістік процестерге байланысы жоқ басқару және шаруашылық шығындары жатады және олар 7210 шотында есептеледі.
080 бапта «Қаржыландыруға кеткен шығындар» есепке алынады.
090 бапта «Басқа да шығындар» есепке алынады. Оларға бағам айырмасынан болған шығындар, негізгі құралдарды жою бойынша шығындар, резерв құру мен үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығындар кіреді.
110 бапта «Жалғастыратын қызметтен түскен пайда /зиян» есептеледі. Ол жалпы табыс қосу қаржыландырудан түскен табыс қосу басқа да табыстар алу әкімшілік шығындар алу қаржыландыруға кеткен шығындар алу басқа да шығындар анықталады.
130 бапта «Салық салынғанға дейінгі пайда» есептеледі. Ол арифметикалық жолмен алдағы баптардағы табыстарды қосу мен шығындарды алу жолымен есептеледі.