Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 15:30, дипломная работа
Субъектінің экономикалық табыс таппауынсыз, экономикада әрі қарай болуы мүмкін емес. Табыстың арқасында мемлекеттік бюджет толады, капиталдың айналымдылығы көтеріледі, құрылтайшылар мен жұмыскерлердің әкімшілік, материалдық сұраныстары қанағаттандырылады, төлемқабілеттілік пен инвестициялық тартымдылық көтеріледі. Шаруашылықтың жаңа шаттары бойынша әдіснамалар мен бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың маңызды өзгерістері болып жатыр. Қазіргі заманғы қазақстандық есептің негізгі көрсеткіштері – табыстар, пайда, өзіндік құн болып табылады. Сонымен, нарықтық жағдайда кәсіпорынның табыстар мен шығындар есебіне ерекше рөл бөлінеді.
КІРІСПЕ ..................................................................................................................... 6
1 табыстар мен шығындар есебі және аудитінің теориялық аспектілері
1.1 Табыстар мен шығындар есебінің теориялық негіздері .................................. 8
1.2 Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жіктеу .................................... 12
1.3 Табыстар мен шығындардың танылуы ............................................................ 17
1.4 Табыстар мен шығындар аудитінің әдістемесі ............................................... 24
2 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-ДА ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ЖАҒДАЙЫ
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастыру – экономикалық сипаттамасы ........................ 28
2.2 Кәсіпорын табыстарының есебі ..................................................................... 36
2.3 Шығындар есебі ................................................................................................. 40
2.4 Қаржылық нәтиже есебі және оның қаржылық есептілікте көрініс табуы .................................................................................... ............................................... 44
3 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-да ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР АУДИТІ
3.1 Табыстар аудиті ................................................................................................. 48
3.2 Шығындар аудиті .............................................................................................. 50
3.3 «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ табыстар мен шығындар есебін жетілдіру бағыттары ................................................................. 55
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................... 59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ ................................................................ 61
ҚОСЫМШАЛАР .........................................................................................
2–кесте мәліметтерінен зерттеліп отырған кәсіпорын бойынша ағымдағы салықтық активтер жылдан жылға азайып отырғанын көруге болады. Оның көлемі 2007 жылы 70702 мың теңге болса сәйкесінше кейінгі екі жылда төмендеп 1880 мың теңгеге дейін жеткен. Кәсіпорын бұрынғы жылдары алдын ала салықтарын төлеп қойған болса, кейінгі есепті жылы оны тура есептеп алдын ала жасалатын артық төлемдер сомасын азайтқан.
Қоғам мүлкі қатысушының жарғылық капиталға жеке салымы есебінен құралады, негізгі және айналымдағы қаржыдан өндірген өнімнен, шаруашылық қызмет нәтижесінде алынған кірістер, құнды қағаз кірістері мен ҚР заңнамаларымен жол берілетін негіздер бойынша алынған басқа мүліктен болады. Жарғылық капитал мөлшері Қатысушы шешімі бойынша көбейтілуі немесе азайтылуы мүмкін жарғылық капиталды ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі мөлшерден азайтуға жол берілмейді. Бұл ретте жарғылық капиталды азайту белгіленген тәртіпте серіктестік несиешілерінің қарсылығы болмаған және бұл туралы жарияланымынан кейін ең кемі бір айдан соң жүргізілуі мүмкін.
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
− жарғылық капитал;
− резервтік капитал;
− бөлінбеген пайда.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің ( кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:
Кәсіпорындардың «толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Қосымша төленген капитал – қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал – кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өсен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.
Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал - келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасын (табысынан) бөлінген меншіктік капиталдың бір бөлігі. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның жарғысында қаралады (көрсетіледі).
Бөлінбеген пайда (табыс) – кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынанан) барлық жұсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқа дай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады. [18, 450 бет]
Кәсіпорынның мүлкінің құралу көздерінің құрамы мен динамикасы
3-кестеде келтірілген.
Кесте 3 – «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ-ң мүлкінің құралу көздері, жыл соңына
Мүліктің құралу көздері |
Сомасы, мың тг | |||
2006 жыл |
2007 жыл |
2008 жыл |
2009 жыл | |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Міндеттемелер: |
1279536 |
1354729 |
1375581 |
1359538 |
1.Салықтық міндеттемелер |
-382 |
-396 |
-573 |
-577 |
2. Қысқа мерзімді кредиторлық берешек |
391625 |
372147 |
346367 |
350632 |
3. Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер |
889293 |
982978 |
1029787 |
1009483 |
Капитал: |
892 |
2044 |
6951 |
8548 |
1.Жарғылық капитал |
92 |
92 |
92 |
92 |
2.Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) |
800 |
1952 |
6859 |
8456 |
Барлығы |
1280428 |
1356773 |
1382532 |
1368086 |
Ескерту: кәсіпорының мәліметтерімен негізделген |
3-кесте мәліметтерінен көрініп тұрғанындай кәсіпорын капиталы толықтай міндеттемелер, оның ішінде ағымдық міндеттемелерден құралған. Кәсіпорынның меншікті капиталы тек жарғылық капитал мен бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) сомасымен ғана көрсетілген. Меншікті капитал көлемі 2009 жылы 8548 мың теңгені құрайды. Жарғылық капитал әр жылда да өзгеріссіз қалып отыр.
Кәсіпорын уәкілетті органның келісімінсіз өзіне тиесілі ғимараттар мен құралдарды, басқа да негізгі қорларды біреуге сатуға, несиеге беруге, айырбастауға, қайтарымсыз уақытша пайдалануға беруге, филиалдар мен еншілес кәсіпорындар құруға, кәсіпорынмен біріккен өндіріс ашуға, оларға өздерінің және ақша капиталын салуға құқығы жоқ.
Кәсіпорынның 2009 жылғы ағымдық міндеттемелері 1361247 мың теңгені құрап отыр, оның негізгі бөлігін қысқа мерзімді кредиторлық берешек пен басқа да міндеттемелер құрап отыр.
Кәсіпорын мүлкінің құралу көздерінің толықтай міндеттемелерден құралуы оның қаржылық тұрақсыздығын, атап айтқанда сыртқы қарыз көздерінен тәуелділігін көрсетеді. Міндеттемелер сомасының жоғары болуы кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне кері әсер етері де сөзсіз. Себебі кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығын сипаттаушы негізгі критерийлердің бірі болып саналады және онымен тығыз байланысты.
Кәсіпорынның болашақта күтілетін төлем қабілеттілігіне сипаттама беру үшін баланс негізінде активтердің өтімділігіне талдау жасау қажет.
Өтімділік түсінігі активтерге және кәсіпорынның өзіне қатысты айтылады. Активтердің өтімділігі – бұл активтердің ақша қаражаттарына айналу мүмкіншілігі мен жылдамдығы, ал кәсіпорынның өтімділігі – бұл кәсіпорынның өз міндеттемелерін уақытында өтеу мүмкіншілігі. Баланс өтімділігін талдау өтімділік дәрежесі бойынша топтастырылған актив топтарын өтелу мерзіміне байланысты топтастырылған пассив топтары мен салыстыруға негізделеді..
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі - бұл оның өз міндеттемелерін уақытында өтеу мүмкіншілігі. Кәсіпорын төлем қабілетті болуы үшін оның қаражаты өз міндеттемелерін уақтылы өтеуге және өз қызметін үздіксіз қаржыландыруға жеткілікті болуы керек.
Кәсіпорынның ағымдық және күтілетін төлем қабілеттілігі ажыратылады.
Ағымдық төлем қабілеттілік балансты құру уақытына анықталады, ал күтілетін төлем қабілеттілік нақты алдағы кезеңге келіп түсуі тиіс төлемдерді есепке ала отырып анықталады.
Кәсіпорынның нақты сәттегі төлем қабілеттілігі төлем қабілеттілік коэффициенті арқылы бейнеленеді.
Ол төлем құралдарының сомасын белгілі бір кезеңдегі мерзімдік төлемдер сомасына бөлу арқылы анықталады.
Егер коэффициенттің мәні бірден жоғары болса, онда кәсіпорын төлем қабілетті болып саналады.
Төлем құралдарына, әдетте, ақша қаражаттары, құнды қағаздар, дебиторлық берешектің өтелуі сенімді бір бөлігі жатады.
Төлем қабілеттілік деңгейіне қысқа мерзімді перспективада салыстырмалы баға беру үшін төлем қабілеттіліктің бірнеше көрсеткішін есептеуге болады.
Аталған көрсеткіштердің мәні мен динамикасы 4-кестеде келтірілген.
Кесте 4
«Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ-ң төлем қабілеттілігінің көрсеткіштері, жыл соңына
Көрсеткіштер |
Мәндері |
Шекті мәні | ||
2007 жыл |
2008 жыл |
2009 жыл | ||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
4 кестенің жалғасы
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1.Абсолютті өтімділік коэффициенті |
0,02 |
0,01 |
0,003 |
≥0,2 |
2.Жылдам өтімділік коэффициенті |
0,03 |
0,21 |
0,54 |
≥1,0 |
3.Ағымдық өтімділік коэффициенті |
1,00 |
0,99 |
0,99 |
≥ 2,0 |
Ескерту: кәсіпорының мәліметтерімен негізделген |
4-кестеде келтірілген мәліметтер кәсіпорынның төлем қабілетсіз екендігін көрсетеді. Есептелген абсолюттік, жылдам және ағымдық өтімділік коэффициенттерінің бірде-бірінің мәні көрсеткіштердің шекті мәндеріне сәйкес келмейді. Атап өткенде, 2009 жылы зерттеліп отырған кәсіпорын өзінің ағымдық міндеттемелерінің азғантай ғана бөлігін, небәрі 0,3 пайызын ақша қаражаттарымен өтей алады, өйткені осы сәтте кәсіпорынның ақша қаражаттары 4579 мың теңге болса, оның ағымдық міндеттемелері 1361247мың теңгені құрайды, ақша қаражаттарының ағымдық міндеттемелерге қатынасы 0,003 (4579/1361247).
Абсолюттік өтімділік коэффициенті ағымдық міндеттемелердің қай бөлігі ақша қаражаттарымен бірден өтеле алатындығын бейнелейді, бұл көрсеткіштің мәні жоғары болған сайын қарызды қайтару сенімділігі де жоғары.
Жылдам өтімділік коэффициенті белгіленген талап бойынша ағымдық міндеттемелердің 100 теңгесіне 100 теңгеден кем емес абсолютті активтер мен дебиторлық берешек сомасы келуі тиіс. Ал осы көрсеткішке қойылатын талап бойынша ағымдық міндеттемелердің 1 теңгесіне ең кемі 0,20 теңге ақша қаражаттары мен оның баламасы келуі керек.
Ағымдық өтімділік коэффициенті ағымдық міндеттемелердің бірлігіне келетін ағымдық міндеттемелер сомасын көрсетеді. Яғни, кәсіпорын төлем қабілетті болуы үшін ағымдық активтер сомасы ағымдық міндеттемелер сомасынан ең кемі екі есе көп болуы тиіс.
Ағымдық өтімділік көрсеткішіне қойылатын талап бойынша ағымдық міндеттемелердің бір теңгесіне ең кемі 2 теңге ағымдық активтер келуі қажет, яғни ағымдық активтер ағымдық міндеттемелерден екі есе көп болуы қажет. Соңғы 3 жылда кәсіпорында бұл көрсеткіштің мәні 1, демек ағымдық міндеттемелердің бір теңгесіне 1 теңге ағымдық активтер келеді. Егер ағымдық қорлардың құны құнсызданса, дебиторлық берешектің бір бөлігі өтелмей қалса, кәсіпорын өз міндеттемелерін өтей алмайды деген сөз. Бұл кәсіпорынның сыртқы мүдделі пайдаланушылар алдында өзінің төлем қабілетсіздігін білдіретін көлем. Егер бұл тенденция сақталса кәсіпорынның қаржылық жағдайына қауіп төнеді. Кәсіпорындарға ақша қаражаты негізінен өнім өткізуден, қызмет көрсетуден түсім ретінде түседі.
2.2 Кәсіпорын табыстарының есебі
«Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ-да табыстар есебі ХҚЕС №18 «Кіріс» және №2 ұлттық стандартқа сәйкес құрылады.
Табыстар –есепті кезең ішінде активтердің түсімі немесе өсімі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.
Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады, олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім шартта анықталады.
«Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ –нің операциялық қызметінен түскен табысына жатады:
– құрылыс–монтаждау қызметтерінен табыс;
– құрылыс материалдарын сатудан түскен табыс;
– қосымша-көмекші қызметтен түскен табыстар.
Операциялық емес қызметтен түскен табыстарға:
– қысқа мерзімді инвестициялардан және банктік салымдардан пайыз ретінде түскен табыс;
– оң курстық айырма;
– инвестицияның есептен шығуынан түскен табыс;