Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 15:30, дипломная работа
Субъектінің экономикалық табыс таппауынсыз, экономикада әрі қарай болуы мүмкін емес. Табыстың арқасында мемлекеттік бюджет толады, капиталдың айналымдылығы көтеріледі, құрылтайшылар мен жұмыскерлердің әкімшілік, материалдық сұраныстары қанағаттандырылады, төлемқабілеттілік пен инвестициялық тартымдылық көтеріледі. Шаруашылықтың жаңа шаттары бойынша әдіснамалар мен бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың маңызды өзгерістері болып жатыр. Қазіргі заманғы қазақстандық есептің негізгі көрсеткіштері – табыстар, пайда, өзіндік құн болып табылады. Сонымен, нарықтық жағдайда кәсіпорынның табыстар мен шығындар есебіне ерекше рөл бөлінеді.
КІРІСПЕ ..................................................................................................................... 6
1 табыстар мен шығындар есебі және аудитінің теориялық аспектілері
1.1 Табыстар мен шығындар есебінің теориялық негіздері .................................. 8
1.2 Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жіктеу .................................... 12
1.3 Табыстар мен шығындардың танылуы ............................................................ 17
1.4 Табыстар мен шығындар аудитінің әдістемесі ............................................... 24
2 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-ДА ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ЖАҒДАЙЫ
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастыру – экономикалық сипаттамасы ........................ 28
2.2 Кәсіпорын табыстарының есебі ..................................................................... 36
2.3 Шығындар есебі ................................................................................................. 40
2.4 Қаржылық нәтиже есебі және оның қаржылық есептілікте көрініс табуы .................................................................................... ............................................... 44
3 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-да ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР АУДИТІ
3.1 Табыстар аудиті ................................................................................................. 48
3.2 Шығындар аудиті .............................................................................................. 50
3.3 «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ табыстар мен шығындар есебін жетілдіру бағыттары ................................................................. 55
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................... 59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ ................................................................ 61
ҚОСЫМШАЛАР .........................................................................................
Осылайша, қоғамда материалдық шығындарды есепке алу жүйесіне жоғары баға беруге болады.
Еңбекақы шығындарының аудитін жүргізу бойынша анықтаманың сауалнамасы 17–кестеде келтірілген.
Кесте 17
Еңбекақы шығындарының аудитін жүргізу бойынша анықтаманың сауалнамасы
№ |
Анықтаманың |
Жауаптар |
Тесттердің мағынасы | |
Иә |
Жоқ |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Еңбекті төлеуді есептеу және тарату жөніндегі мәліметпен алғашқы құжаттар бойынша есептелген төлемдердің сомасына бақылаушы жинақтау жасалады ма? |
х |
Еңбекті төлеу бақыланады, бақылау амалдарының тәуекелі азаяды | |
2 |
Орындалған жұмыстарға мердігер бөлімінің бастығы қол қояды ма? |
х |
Еңбектің өнімділігі бақыланады, бақылау амалдарының тәуекелі азаяды |
17 кестенің жалғасы
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
3 |
Еңбекті төлеуді есептеу және тарату
бойынша операцияларға арналған
шоттардың ұқсас |
х |
Еңбекті төлеуді есептеу бақыланады, бақылау амалдарының тәуекелі азаяды | |
4 |
Әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы қоры бойынша шоттардағы деректермен еңбекті төлеудегі есептелімдер салыстырылады ма? |
х |
Еңбекті төлеуді есептеу бақыланады, бақылау амалдарының тәуекелі азаяды | |
5 |
Еңбекті төлеу банк мекемесі арқылы төленеді ме? |
х |
Ішкі шаруашылық тәуекелі артады | |
6 |
Еңбек демалыстарын ұсыну уақытында басқа тұлғаларға міндеттерді орындау беріледі ме? |
х |
Анықтамаудың тәуекелі артады | |
7 |
Кадрлар бөлімі жұмыстан шығарылған қызметкерлердің тізімін бухгалтерияға ұсынады ма? |
х |
Ішкі шаруашылық тәуекелі азаяды | |
8 |
Кадрлар бөлімі еңбекақыны төлеуге тізімдемеге қол қояды ма? |
х |
Ішкі шаруашылық тәуекелі артады | |
9 |
Жұмыскермен алынбаған еңбекақы «Еңбекті төлеуді сақтауға беру» шоты 3350 шотында сақтауға беріледі ме және ескеріледі ме? |
х |
Ішкі шаруашылық тәуекелі азаяды | |
10 |
Лауазымдық жалақылар, тарифтік мөлшерлемелер, бағалаулар штат-тық кестемен, еңбекті төлеу туралы ережелермен анықталады ма? |
х |
Басшымен еңбекті төлеудің мөлшерлемелері бекітіледі, ішкі шаруашылық тәуекелі азаяды
| |
11 |
Кадрлар бөлімі ұйымға жаңадан қабылданған қызметкерлер туралы бұйрықтарды бухгалтерияға ұсынады ма? |
х |
Ескерілген операциялар шынайы және құжатталған, анықтамаудың тәуекелін азайтады | |
Ескерту: кәсіпорының мәліметтерімен негізделген |
Өгізілген анықтаманың қорытындысы бойынша еңбекті төлеуге кеткен шығындарды есепке алу жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанын және ішкі шаруашылық тәуекелі төмен екендігін көреміз.
Бақылау құралдарының тәуекелі орташа (төменге талпыну), ішкі шаруашылық тәуекелі төмен екендігіне байланысты, анықталмау тәуекелін жоғары деп бағалауға болады. Бұл тексеріс кезінде аз құжаттардың қарастырылғанымен түсіндіріледі, себебі ішкі бақылау және есепке алу жүйесінде мүмкіндіктің үлкен үлесіне сенуге болатыны мойындалды.
Ұйымдардың жалпы шаруашылық шығындарына аудиторлық тексеріс жүргізу рәсімдерінің тізімі 18– кестеде көрсетілген.
Кесте 18
Жалпы шаруашылық шығындарға аудиторлық тексеріс жүргізу рәсімдерінің тізімі
№ |
Тексерсерістің рәсімі |
Құжаттама шоттар |
Шоттар |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Негізгі құралдарды дұрыс есептеуге және көрсетуге тексеріс жүргізу |
Есепке алу саясаты жөніндегі
бұйрық, негізгі құралдардың тозуына
есеп айырысу бойынша жасап |
2410 2420 7210 7410 7420 |
2 |
Негізгі құралдарды ағым-дағы
жөндеуге кеткен шы-ғындардың
негізділігіне және олардың |
Есепке алу саясаты жөніндегі бұйрық, жобалық-сметалық құжаттама,кемшілік тізілімдері, қабылдау-тапсыру актілері, шот-фактуралар |
3310 3390 |
3 |
Ағымдағы жалға алуды төлеу бойынша шығындарды дұрыс көрсетуді тексеру |
Жалға алу келісімдері, жалға алынған құралдарды есепке алу карточкалары |
3360 7450 |
|
Шығындарға ТМҚ-ды есептен шығарудың дұрыстығына тексеріс |
ТМҚ-ды есептен шығару актілері |
1310 1330 |
5 |
Іссапар және өкілдік шығындарды дұрыс есептен шығаруға тексеріс жүргізу |
Аванстық есептер, өкілдік шығындардың сметалары, әкімшіліктің бұйрықтары |
1250 |
6 |
Еңбекақы төлемдерін дұрыс есептеудің дұрыстығына, еңбекті төлеу шығындарын жатқызудың дұрыстығына тексеріс жүргізу |
Еңбекақы төлемдерінің есеп айырысулары, орындалған парақтар бойынша есеп айырысулар, 8, 10 журналдар, бас кітап |
3350 |
18 кестенің жалғасы
1 |
2 |
3 |
4 |
7 |
Әлеуметтік салықтың және бюджетке басқа да міндетті аударымдардың дұрыс есептелуіне тексеріс жүргізу |
Еңбекақы төлемдерінің есеп айырысулары, орындалған парақтар бойынша есеп айырысулар, бас кітап |
3350 3150 3210 |
Ескерту: кәсіпорының мәліметтерімен негізделген |
Негізгі құралдардың өтелімдерін есептеу кезінде Дт 7210 Кт 2420 шоттары корреспонденциясын дұрыс құрастыру тексеріледі. Қалыпты өтелім мерзімінің ішіндегі тозуларды есептеудің тәртібі зерттеледі, өтелімдердің бірыңғай нормаларын сақтау түсіндіріледі.
ТМҚ-ды есептен шығару бойынша шығындарды есептеуге аудиторлық тексеріс жүргізудің талдауы мына жайларды анықтайды:
- ТМҚ-ды есептен шығарудың дұрыстығына;
- ТМҚ-ды есепке алу және шығарып алу бойынша бухгалтерлік есеп тізбелерін дұрыс толтыру;
- ұйымдардың шығындарына ТМҚ-ды есептен шығарудың құқыққа сәйкестігі.
Еңбекақы төлемдерін есептеу бойынша шығындарды тексерудің негізгі міндеті, ҚР заңнамасында қарастырылған нормативтік-құқықтық актілерді сақтау болып табылады. Тексеріс кезінде шығындарға еңбекақы төлемдерін және бюджетке салық аударымдарын жатқызудың дұрыстығы және құқыққа сәйкестігі тексеріледі.
«Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ табыстары мен шығындарына тексеріс жүргізу барысында, мен келесі қорытындылар жасалды.
Қоғамда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру деңгейі жоғары. Негізінен барлық бухгалтерлік операциялар автоматтандырылған, бас бухгалтердің компьютері сервер болып табылатын желіге бухгалтерия қызметкерлерінің компьютерлері қосылған. Бұдан басқа, барлық қажетті ақпарат қағаздық нысанда және басылып шығарылған түрде, хронологиясына сәйкес жинақталған және тігілген. [22, 203 бет]
3.3 «Астана қалалық коммуналдық
шаруашылығы» АҚ табыстар мен
шығындар есебін жетілдіру
Ұйымдардың шаруашылық қызметі процесінде, оның ішінде осы дипломдық жұмыста талданып отырған қоғамда осындай уақытша айырмашылықтар және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ақ тұрақты және кейінге шегерілген салық міндеттемелері және кейінге шегерілген салық активтері туындауы мүмкін.
Уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ақ тұрақты және кейінге шегерілген салықтық міндеттемелері және салық активтері, құрылыс мердігерінің келісімі бойынша жұмыстарды орындауда (сыртқы айналым активтерінде салымдарды жүзеге асырудың әртүрлілігі сияқты) жөндеу жұмыстарының (өтелімдерді, материалдық-өндірістік қорларды есептеу және т.б. кезінде) таза құнын қалыптастыру кезінде, сондай-ақ олардың шығып қалуы кезінде туындауы мүмкін.
Сондықтан, ұйымдардың қаржылық қорытындыларын есепке алуды жетілдіру үшін, жоғарыда аталған айырмашылықтарды ұйымдастыру және жүргізу қажет.
Бақылаушы және аналитикалық рәсімдердің жеделдігін және нақтылығын арттыру үшін, менің ойымша, уақытша айырмашылықтардың әрбір ашылатын қосалқы шоттарына «Тұрақты салық міндеттемесі», «Кейінге шегерілген салық активтері» немесе «Кейінге шегерілген салық міндеттемелері» түрлері бойынша шоттар ашылуы мүмкін. [23, 104 бет]
Қоғамының есеп саясатында қаржы есептілігіндегі пайдада салықты көрсетудің тәртібі анықталуы қажет. Қаржы есептілігінде мына жайларды ашу қажет:
- пайдаға салық бойынша шығындардың құрамдас бөліктерін;
- бухгалтерлік табыспен (шығынмен) салық табысына салыстыру жүргізу;
- шығын келтірілген уақытша активтердің әр түріне қатысты мерзімі ұзартылған активтер немесе міндеттеме.
Салық бойынша мерзімі ұзартылған шығындарды ашу кезінде, бұрын танылмаған мерзімі ұзартылған салық активтері, мерзімі ұзартылған салық активтерін есептен шығару, компанияның есепке алу саясатының өзгеруі немесе іргелі қателерді анықтау кезіндегі салық бойынша шығындардың туындауы және қалпына келтірілуі көрсетілуі қажет.
Бұдан басқа, кәсіпорынға жетістіктерге жету үшін басшылықтың алға қойған мақсаттарына қажетті мұқият түрде қаржы жоспарларын құрастыру процесін көрсететін бюджеттеу жүйесін енгізу ұсынылады. Сондай-ақ, бюджеттеу кәсіпорынның әртүрлі бюджеттерін жүргізуді қамтамасыз ететін қаржылық, ақпараттық және ұйымдастыру технологиялары болып табылады. Ол бизнесті жоспарлауда, сондай-ақ қаржылық, бухгалтерлік, басқару және жедел есепке алуларда қолданыла алады.
Табыстар мен шығындарды бюджеттеу – тұтасымен ұйымдардың да, есепке алудың бөлінген объектілерінің арасындағы да (бөлімшелер) анықталған уақыт аралығындағы қаржы қорытындысы түрінде жүйеленген жоспарлы-бақылаушы есеп айырысулардың жиі рәсімі. [24, 203 бет]
Табыстар мен шығындарды бюджеттеу жүйесінің негізгі мақсаты мен міндеті мыналардан тұрады:
- ақшалай түсімнің, шығындардың, өтеу сомаларының, есеп айырысу пайдаларының, табыстылықтың және т.б. анықталған деңгейіне жету тұрғысынан ұйымдардың жүзеге асырылатын мақсатын бағалау;
- бөлімшелердің және тұтасымен алғанда ұйымдардың табыстар мен шығындар бюджетін жоспарлау;
- бөлімшелердің және тұтасымен алғанда ұйымдардың табыстар мен шығындар туралы есепті құру;
- «жоспар / факті» түріндегі ауытқушылық себептеріне талдау жасау.
Аталған жүйені жүзеге асыруға жауапкершілік әдетте қаржы бөліміне жүктеледі. [25, 203 бет]
Кәсіпорындардағы тығыз өзара байланыстың салдарынан, көп жағдайда бюджеттеу жүйесінің әртүрлілігі болып табылатын қаржы қорытындылары мен басқарудың әкімшілік үлгісі енгізіледі.
Аталған үлгі бойынша егер кәсіпорындардың шығындары белгіленген бір шектен шықса, онда кәсіпорын күтіліп отырған жалпы қаржы қорытындысына жетеді. [26, 38 бет]
Осы мақсатта шығындарды жоспарлау және бақылаудың арнайы жүйесі құрылады.
Есеп беру мерзімінің басына дейін құрылымдық бөлімшелердің бастықтары, бюджеттеуге жауап беретін адамдар келесі айға өзінің бөлімшесінің шығындар сметасын қаржы қызметінің кәсіпорынына ұсынады. [27, 258 бет]
Аталған смета шығындардың жеке сомаларын ашудан, тасымалдаушылардың атауынан, шығындарды жүзеге асырудың негізділігінен тұруы қажет. Бөлімшенің барлық шығындары қаржы бөлімінде тексерілуі және талдануы қажет.
Бөлімшенің шығындарының жоспарланған сметаларының, сондай-ақ өткен мерзімге арналаған есеп беру ақпараттарының негізінде оларды келесі айға тұтасымен алғандағы ұйымның шығындарының мәлімет бюджетіне шоғырландыру жүзеге асырылады. [28, 16 бет]
Осыған қоса, шығындар мына баптар бойынша топтастырылады: шикізат, негізгі өндірістің көмекші материалдары, тарап ұйымдардың қызмет көрсетулері, көмекші бөлімшелердің негізігі материалдары, көліктік қызмет көрсетулері, жарнама және өкілділік шығындары, іссапар шығындары, құрылғылар, коммуналдық қызмет көрсетулер, еңбекақы, жалға беру, басқалар.
Айға арналған кәсіпорынның жалпы шығындары жоспарының жүйесі аясында, өндірістік бағдарламамен және жүзеге асырудан түскен ақшалай түсімдермен сәйкестігі келтіріледі. Егер жүзеге асырудан түскен ақшалай түсім шығындардың жалпы сомасын жаппаса, онда бөлімшенің шығындары алынып тасталынады немесе келесі есеп беру мерзіміне қалдырылады. [29, 258 бет]
Шығыстарды бюджеттік бақылау, қаржы қызметінің шығыстарды жүргізудің бекітілген жоспарлы шегінің аясында жүргізуге құқық беретіндігінен тұрады (жоспарлы шек деп бекітілген бюджетке сәйкес бөлімшенің шығындарының сомаларын айтады). Бюджеттің табыс бөлігінің орындалмауы жағдайында, қаржы қызметі шығын бөлігін қысқартуға құқығы бар. Жоспардан тыс шешімдерді, әдетте аталған шығындардың мақсаттылығынан және ағымдағы активтердің бар болу фактісінен шығып отырып, осындай төлемдердің әрбір нақты жағдайлары бойынша қаржы директоры қабылдайды.
Қорытындысында, аталған жүйе, ай ішіндегі ақша қаражатын дұрыс шығындауға және жоспарланып отырған қаржы қорытындысына нақты жетуге әкеледі. [30, 25 бет]