Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 15:30, дипломная работа
Субъектінің экономикалық табыс таппауынсыз, экономикада әрі қарай болуы мүмкін емес. Табыстың арқасында мемлекеттік бюджет толады, капиталдың айналымдылығы көтеріледі, құрылтайшылар мен жұмыскерлердің әкімшілік, материалдық сұраныстары қанағаттандырылады, төлемқабілеттілік пен инвестициялық тартымдылық көтеріледі. Шаруашылықтың жаңа шаттары бойынша әдіснамалар мен бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың маңызды өзгерістері болып жатыр. Қазіргі заманғы қазақстандық есептің негізгі көрсеткіштері – табыстар, пайда, өзіндік құн болып табылады. Сонымен, нарықтық жағдайда кәсіпорынның табыстар мен шығындар есебіне ерекше рөл бөлінеді.
КІРІСПЕ ..................................................................................................................... 6
1 табыстар мен шығындар есебі және аудитінің теориялық аспектілері
1.1 Табыстар мен шығындар есебінің теориялық негіздері .................................. 8
1.2 Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жіктеу .................................... 12
1.3 Табыстар мен шығындардың танылуы ............................................................ 17
1.4 Табыстар мен шығындар аудитінің әдістемесі ............................................... 24
2 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-ДА ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ЖАҒДАЙЫ
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастыру – экономикалық сипаттамасы ........................ 28
2.2 Кәсіпорын табыстарының есебі ..................................................................... 36
2.3 Шығындар есебі ................................................................................................. 40
2.4 Қаржылық нәтиже есебі және оның қаржылық есептілікте көрініс табуы .................................................................................... ............................................... 44
3 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-да ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР АУДИТІ
3.1 Табыстар аудиті ................................................................................................. 48
3.2 Шығындар аудиті .............................................................................................. 50
3.3 «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ табыстар мен шығындар есебін жетілдіру бағыттары ................................................................. 55
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................... 59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ ................................................................ 61
ҚОСЫМШАЛАР .........................................................................................
140 бапта «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар көрсетілген. Ол Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес есептеледі. [20, 258 бет]
3 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ – ДА ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР АУДИТІ
3.1 Табыстар аудиті
Табыстарды тексеру, аудитордың аталған кезең арқылы шаруашылық операциялардың өтуі туралы куәландыратын ақпаратты үйрене отырып, қаржы қорытындыларын жүзеге асыру және қалыптастыру кезеңі бойынша аудитті қарастырады.
Қаржы қорытындыларын жүзеге асыру және қалыптастыру кезеңі дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер), негізгі құралдарды, материалдық емес және басқа да активтерді сату және шығарып алуды жүзеге асыруға байланысты шаруашылық операциялардан тұрады. Бұл операциялардың қорытындысы бойынша, кәсіпорындардағы дебиторлық берешек пайда болады және қаржы қорытындысы анықталады.
Аталған кезеңнің шаруашылық операцияларына аудит жүргізу үшін, аудитор ішкі көздерден сияқты (жүзеге асырылған өнімдердің таза құнының есеп айырысулары, дайын өнімдерді және тауарларды шығаруға ілеспе құжаттар, негізгі құралдарды тарату актілері), сыртқы көздерден де деректердің растығына дәлелдеме алады (банктен үзінді, дебиторлардан берешектердің сомаларын растау).
Осы кезеңнің аудитінің орталығы «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешектері» 1210 шоттардың дебетін және кредитін растау болып табылады.
1210 шоты сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен көрсетілген есеп айырысулар және тиелген өнімдер (тауарлар), орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу құжаттарымен төлеуге банкпен қабылданғаны туралы ақпараттарды көрсетуге арналған.
Тұтасымен алғанда, «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешектері» 1210 шотын сипаттай келе, олардың қысқа мерзімді таратылатыны активтер болып отырып, жүзеге асырудың қорытындысында пайда болатындығын атап өтуге болады және сондықтан оларды сауда міндеттемелері деп те атайды.
Қаржы қорытындыларын жүзеге асыру және қалыптастыру кезеңіне аудит жүргізудің негізгі бағыттарының бірі – дайын өнімдерді кіріске алудың толықтығын, жүзеге асырылған өнімдерді, тауарларды және қызмет көрсетулерді жүзеге асырудан және өзіндік құнынан алынған табыстарды дұрыс есептеу, сондай-ақ дебиторлық берешектердің пайда болуын орнату.
Аудиттің сәйкестік мақсатына жету үшін, аудитор олардың тиімділігіне және бухгалтерлік есепке алу, есепке алу саясаты принциптеріне сәйкестігіне көз жеткізу үшін, кәсіпорындардағы саясатты және бақылау рәсімін зерттейді.
Орындалған жұмыстарды жүзеге асырудың ішкі бақылау рәсімдері мынадай негізгі бөліктерден тұруы мүмкін:
- орындалған жұмыстарды жүзеге асыру бойынша қызметті жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау, есепке алу және талдау бойынша ұйымдардың қызметкерлерінің белгілі бір ортасының іс-әрекеттерінің және өзара қарым-қатынастарының тәртібін анықтау және құжаттық бекіту (лауазымдық нұсқаулықтар);
- қызметкерлердің өз қызметтерінің орындалу туралы куәландыратын деректер көрсетілген алғашқы құжаттардың тізімін құрастыру;
-орындалған жұмыстарды жүзеге асыру бойынша нақты операцияларды жүзеге асырудың әртүрлі аспектілерін бағалау үшін, «бақылау объектісін» және бақылауды жүргізу әдісін таңдау.
Ішкі бақылау рәсімдерімен танысу үшін, аудитор мына жайларға мүмкіндік беретін алдында тұрған тексеріс материалдарын оқып үйренеді:
а) жүйені, блок-сызбанұсқаларды, құжат айналымын, сауалнамаларды сипаттау арқылы ішкі бақылаудың жүйесі туралы ақпаратты алуға;
б) ағымдағы жылы жаңаруды қажет ететін тексеріс бөліктерін белгілеуге.
Ішкі бақылаудың жүйелерінің сәйкес келетін рәсімдерін үйренгеннен кейін, тәуекелді анықтау мақсатында, аудитор жүзеге асыру кезеңі бойынша оны жүзеге асыруға баға беру қажет.
«Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ туралы ақпараттарды алу үшін, бұдан арғы жоспарлауды қамтамасыз ету үшін, келесі кестеде көрсетілген тестілеудің келесі жүйесі қолданыла алады (14–кесте).
Кесте 14
Қоғамының қаржы-шаруашылық қызметінің жағдайын тексеруге арналған анықтама
№ |
Сұрақ |
Жауаптар |
1 |
2 |
3 |
1 |
Тапсырыс берушілердің алдында келісім-шарт міндеттемелерінің фирмамен орындалу дәрежесін қандай жолмен сипаттауға болады? |
Жұмыстар келісім-шарт міндеттемелерін-дегі мерзімде орындалады |
2 |
Жобалық-сметалық құжаттамамен бекітілген жұмыстар бағдарламалары қалай қамтамасыз етілген? |
95-85% |
3 |
Қосалқы қатардағы ұйымдармен келісім-шарт міндеттемелерінің орындалу дәрежесін қандай жолмен сипаттауға болады? |
Жұмыстар келісім-шартта көрсетілген мерзімде орналады |
4 |
Ұйымдардың өндірістік қуаттылығы қандай дәрежеде қолданылуда? |
80% |
14 кестенің жалғасы
1 |
2 |
3 |
5 |
Құрылыс жұмыстарының орындалу сапасын техникалық бақылаудың жүйесі қандай? |
Жоғары дәрежедегі бақылау |
Ескерту: кәсіпорының |
Анықтаманың сұрақтарына жауап ретінде мынадай ақпарат көздері қолданылды: бекітілген жобалық-сметалық құжаттама; мердігердің және қосалқы мердігердің бекіткен келісім-шарттары; орындалған жұмыстарды қабылдау-беру актілері; сапасыз орындалған жұмыстар, бухгалтерлік есептілік бойынша актілер және кемшін тізбелер.
Табыстар аудитін жүргізу үшін қажетті ақпараттар көзі 15–кестеде келтірілген.
Кесте 15
Табыстар аудитін жүргізу үшін ақпараттардың көзі
№. |
Нысанның атауы |
1 |
2 |
1 |
Бизнес-жоспар |
2 |
Жұмыстарды орындауға келісім-шарттар, шарттар, мәміле төлқұжаттары |
3 |
Қаржы есептілігі |
4 |
1210, 3130, 5610, 5510 шоттар бойынша тіркеме тізбелер (тізімдемелер, журнал-ордерлер, машинограммалар) |
5 |
Тапсырыстар, төлем құжаттарының көшірмелері |
6 |
Шот-фактуалар |
7 |
Есеп айырысулардың салыстырып тексеру актілері |
8 |
Орындалған жұмыстардың (қызмет көрсетулер) актілері, орындалған жұмыстарды қабылдау-тапсыру актілері |
Ескерту: автормен құрастырылған |
Жұмыстардың орындалуы және табысты алу бойынша алғашқы құжаттарға аудит жүргізудің қорытындысында, келесі бұрмалаушылықтар анықталды:
- құрылыс жұмыстарын жүргізуге келісімдердің жоқтығы, сондай-ақ оларды қате рәсімдеу байқалды;
- жұмыстарды орындау, қызмет көрсету бойынша авансты алу кезінде шот-фактура рәсімделеді, бұның өзі «Қорытынды пайда» 5610 шотындағы кіріс секілді соманы ескеруге міндеттейді, біздің ойымызша, аванстың сомасы «Алынған қысқа мерзімді аванстар» 3510 шотында ескерілуі қажет;
- сатып алушылар және тапсырыс берушілермен салыстырып тексеру актілерін ұсыну жолымен дебиторлық берешектерге бақылау жүргізілмейді.
Тұтасымен алғанда, табыстардың синтетикалық есепке алуларының шоттары бойынша сальдо және айналымдар аналитикалық есепке алуларының шоттары бойынша сальдо және айналымдарға сәйкес келеді және толығымен бухгалтерлік есепке алу тізімінен Бас кітапқа ауыстырылады.
3.2 Шығындар аудиті
Қоғамда орын алған шығындарға аудит жүргізудің мақсаты болып мыналар табылады:
– шығындарды жатқызудың заңдылығына тексеріс жүргізу;
– шығындарды құжаттарда дұрыс көрсету;
– үстеме шығындардың сомаларын және оларды тарату әдістерін есептен шығару;
– шығыстардың әр түрін таза құнға қосу (іссапарға, жарнамаға, өкілдік шығындарға кадрларды дайындауға төлеу).
Кәсіпорын шығындарын есепке алуға тексеріс жүргізудің міндеттері болып мыналар табылады:
– жеке бөліктерді құрайтын шығындарға қосудың дұрыстығын анықтау;
– машиналарға және механизмдерге жеке меншік құқығын анықтау;
– материалдық шығындардың дұрыс есептелуін тексеру;
– негізгі құралдарға амортизация есептеудің дұрыстығын тексеру;
– құрастырылған шоттар корреспонденцияларының дұрыстығына тексеріс жүргізу;
– шығындарды есепке алудың қолданылып жүрген әдісінің негізділігін, шығындарды салыстырып есепке алу нұсқасын, жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындарын таратудың әдістерін бағалау;
– тікелей және жөнелтпе (жанама) шығындарды есепке алуда рәсімдеу және көрсетудің дұрыстығын растау;
– салыстыру есептерінің деректері бойынша таза құнның көреткіштерін арифметикалық бақылау;
– серіктестіктің есеп саясатында табыстар мен шығындар есебінің ұйымдастырылуымен танысу;
– шығындар бөлімінде аналитикалық және синтетикалық есептің жүргізілуімен және оларда қолданылатын шоттар корреспонденциясымен танысу;
– шығындар есебін ұйымдастыруда қолданылатын бастапқы құжаттармен танысу;
– еңбекақы шығындары мен еңбекақыдан аударымдардың дұрыс есептелуін тексеру;
Шығындарды есепке алу бөлігі бойынша ішкі шаруашылық тәуекелдерді бағалау үшін, тек материалдық шығындарды және еңбекті төлеуге кеткен шығындарды қарастыратын тестілеудің жүйесі жасап шығарылды.
Деңгейді бағалау үшін сандардың мына жүйелері қолданылады: 0 – есепке алу мүлдем жоқ; 1 – есепке алудың төмен деңгейі; 2 – орташа; 3 – есепке алудың жоғары деңгейі. Қорытындысы мына сандарға тең болса: 0-есепке алу жоқ; 0 - 15 — есепке алудың төменгі деңгейі; 16 - 23 — есепке алудың орташа деңгейі; 24 - 33 — есепке алудың жоғары деңгейі. [21, 130 бет]
«Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ – да материалдық шығындарына аудиторлық тексеріс жүргізудің анықтаманың сауалнамасы 16-кестеде келтірілген.
Кесте 16
Материалдық шығындады есепке алу шоттары бойынша сальдо және айналымдарға тексеріс жүргізу анықтаманың сауалнамасы
№ |
Сұрақтың мазмұны |
Жауаптың мазмұны |
Деңгей |
Ескерту |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Есепке алудың сәйкес келетін топтарына қорларды жіктеудің дұрыстығына бағалау жүргізу |
Материалдар жіктеу тобына бөлінбеген |
2 |
|
2 |
Тәжірибеде қолданылып жүрген әдістерге есепке алу саясатында таңдалған қор-ларды бағалау және есепке алу әдісінің сәйкестігін бақылау |
ФИФО әдісі қолданылады |
2 |
Аудитор қорларды бағалаудың баламалы нұсқаларын қолдану бойынша нұсқама беру қажет |
3 |
Қорларды есепке алу бойынша тағайындау жобасының және есепке алу жұмыстарының болуы |
Есепке алу автоматтандырылған |
3 |
|
4 |
Қорларды аналитикалық есепке алуды ұйымдастыру |
Қосалқы шоттардың толық тізімі |
3 |
|
5 |
Материалдық құндылықтардың айналымы туралы есептерді бухгалтерияға тапсырудың мерзімділігі |
Апта сайын, кешігулер жоқ |
3 |
16 кестенің жалғасы
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Қорларды есептен шығаруға актілердің барлығы және ресімдеудің дұрыстығы |
Комиссиямен бекітілген қорларды есептен шығару актілері бар |
3 |
|
7 |
Аналитикалық және синтетикалық есепке алулардың деректерін салыстырудың мерзімділігі |
Мерзімді емес |
2 |
|
8 |
Қорларға түгендеу жүргізудің қорытындыларын дұрыс көрсетуге тексеріс жүргізу |
Дұрыс |
3 |
|
9 |
Қорларға түгендеу жүргізудің мерзімділігі |
Тоқсан сайын, мерзімді |
3 |
|
10 |
Материалдық құндылықтар кіріске
алу кезіндегі ҚҚС орнын |
Тиісті дәрежеде ресімделмеген шот-фактуралар кездеседі |
2 |
|
Қорытынды (барлығы): |
25 |
|||
Ескерту: кәсіпорының |