Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 15:30, дипломная работа
Субъектінің экономикалық табыс таппауынсыз, экономикада әрі қарай болуы мүмкін емес. Табыстың арқасында мемлекеттік бюджет толады, капиталдың айналымдылығы көтеріледі, құрылтайшылар мен жұмыскерлердің әкімшілік, материалдық сұраныстары қанағаттандырылады, төлемқабілеттілік пен инвестициялық тартымдылық көтеріледі. Шаруашылықтың жаңа шаттары бойынша әдіснамалар мен бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың маңызды өзгерістері болып жатыр. Қазіргі заманғы қазақстандық есептің негізгі көрсеткіштері – табыстар, пайда, өзіндік құн болып табылады. Сонымен, нарықтық жағдайда кәсіпорынның табыстар мен шығындар есебіне ерекше рөл бөлінеді.
КІРІСПЕ ..................................................................................................................... 6
1 табыстар мен шығындар есебі және аудитінің теориялық аспектілері
1.1 Табыстар мен шығындар есебінің теориялық негіздері .................................. 8
1.2 Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жіктеу .................................... 12
1.3 Табыстар мен шығындардың танылуы ............................................................ 17
1.4 Табыстар мен шығындар аудитінің әдістемесі ............................................... 24
2 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-ДА ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ЖАҒДАЙЫ
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастыру – экономикалық сипаттамасы ........................ 28
2.2 Кәсіпорын табыстарының есебі ..................................................................... 36
2.3 Шығындар есебі ................................................................................................. 40
2.4 Қаржылық нәтиже есебі және оның қаржылық есептілікте көрініс табуы .................................................................................... ............................................... 44
3 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-да ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР АУДИТІ
3.1 Табыстар аудиті ................................................................................................. 48
3.2 Шығындар аудиті .............................................................................................. 50
3.3 «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ табыстар мен шығындар есебін жетілдіру бағыттары ................................................................. 55
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................... 59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ ................................................................ 61
ҚОСЫМШАЛАР .........................................................................................
Сатудан түскен түсім сомасы өндірілген өнімдердің өзіндік құнын, сатуға байланысты операциялық шығындар сомасын жабуды немесе міндетті түрде табыс алуды қамтамасыз етуі керек. Сатылған өнімдердің өзіндік құнымен сатудан түскен артық айырманы жалпы табыс деп атаймыз. [10, 120 бет]
Радостовецтің айтуы бойынша: «Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады; олардың құны тараптар аясында жасалған келісім –шартта анықталады. [11, 145 бет]
Байболтаеваның анықтауына сәйкес: «Табыстар (кірістер) дегеніміз-акционерлік капитал қатысу-шыларының салымымен байланысты емес меншікті капиталдың кобеюімен көрсетілетін, активтердің қосылуы (кірісі) немесе көбеюі не болмаса міндеттемелердің азаюы нысанында пайда болатын экономикалық пайданың есепті кезең ішіндегі өсімі. Егер сенімді түрде өлшенуі мүмкін активтердің көбеюуімен немесе міндеттемелердің азаюымен байланысты болашақ экономикалық пайданың өсуі туындайтын болса, онда қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепте табыстар (кірістер) есепке алынады. Шын мәнінде бұл, табыстың (кірістің) есепке алынуы (танылуы) активтердің көбеюінің немесе міндеттемелердің азаюының есепке алынуымен (танылуымен) бір уақытта болатындығын көрсетеді. Шығындар құн-белгілі бір мақсатпен жұмсалған ресурстер сомасының ақшалай өлшемі. [12, 225 бет]
Ұйымның шығындары болып активтердің есептен шығуы және міндеттемелердің туындауы нәтижесіндегі экономикалық игіліктердің азаюы табылады.
Негізінен, табыстар мен шығындар қаржылық талдауды қалыптастыруға әсер етеді. Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мағызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Табыстар мен шығындардың түсіндірмесі XX ғасырдың аяғында АҚШ жаңа есеп беру көрсеткішінің, яғни ХҚЕС талаптарына сәйкес, 2009 жылдың 1 қаңтарынан басталатын мерзімдерге арналған есептілікке енгізілетін толық пайданың пайда болуына алып келді. Бұл көрсеткіш барлығымен мойындалған есеп беру кезіндегі кірістер және шығындардан құрылады. Ұсынылған жаңа болжаммен анықталған 1 ХҚЕС (IAS) есеп беру құрылымында ол бухгалтерлік қаржылық есептілікті пайдаланушыларға ұйымның, сол сияқты оның басшысының қызметінің қорытындысын барабар бағалауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындарындағы табыстар мен шығындарды бухгалтерлік есепке алудың міндеттері мыналар болып табылады:
- категорияларға табыстар мен шығындарды есепке дұрыс жатқызу: негізгі және негізі емес қызметтен түскен табыстар мен шығындар;
- категориялар бойынша табыстар мен шығындарды есепке дұрыс жатқызу (негізгі және негізі емес қызметтен түскен табыстар мен шығындар);
- келесі мерзімдерде табыстар мен шығындарды есепке дұрыс жатқызу;
- таратылмаған табысты есепке дұрыс жатқызу (есеп беру мерзіміндегі және өткен жылдардағы);
- қорытынды табысын дұрыс анықтау;
- бюджеттің алдындағы барлық міндеттемелерді өтегеннен кейінгі кәсіпорын өкімінде қалған таза табысты дұрыс шығындауға бақылау жасау.
- корпорациялық табыс салығының сомаларын дұрыс анықтау.
Осылайша, кәсіпорындардағы табыстар мен шығындарды бухгалтерлік есепке алудың негізгі міндеттерінің бірі, табыстар мен шығындарды дұрыс анықтауда және жатқызуда, ұйымдардың барлық активтерін дұрыс және ұтымды қолдануда есепке алудың бақылаушы қызметтерін жүзеге асыру болып табылады. [13, 258 бет]
1.2 Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жіктеу
Қазіргі уақытта қолданыстағы Қазақстан Республикасындағы нормативтік актілерде ұйымдардың табыстары мен шығындары әртүрлі жіктеледі.
Нормаларды жазу кезінде негізінен басқа да міндеттер қойылатындықтан, қандай да бір амалмен бұл жіктелімдерді тұжырымдау және жүйелеу оңайға соқпайды. Сол уақытта нормативтік актілерге әртүрлі түсініктер түрінде ұсынылған осындай жіктелімдер қаржыгердің, бухгалтердің және аудитордың жұмысын әжептәуір жеңілдете алады
Шаруа немесе фермерлік шаруа қожалықтары, заңды тұлғалар – ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратындар үшін арнайы салық режимдерін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына, сондай-ақ жеңілдетілген декларацияларға сәйкес қолданатын бухгалтерлік есепті жүргізудің тәртібін анықтау және шағын кәсіпкерліктің қаржы субъектілерімен құру мақсатында жасалып шығарылған №1 қаржы есептілігінің ұлттық стандарты табыстар мен шығындардың мынадай жіктелімдерін анықтайды:
1. Тауарды сатқаннан түскен табыс.
Төменде көрсетілген барлық шарттар қанағаттандырылған жағдайда табыс кірді деп саналады:
- субъект тауардың жеке меншік құқығына байланысты маңызды тәуекелдерді және сыйақыларды сатып алушыға берген жағдайда;
- субъект негізінен жеке меншік құқығына ұқсайтын дәрежеде басқаруға қатыспайтын және сатылған тауарларға бақылау жасамайтын жағдайда;
- табыстың сомасы сенімді түрде өлшенуі мүмкін жағдайда;
- операцияларға байланысты экономикалық пайдалар субъектіге түседі деп болжанған жағдайда;
- операцияларға байланысты келтірілген немесе күтіліп отырған шығындар сенімді түрде өлшенуі мүмкін жағдайда.
Компанияның сатып алушыға иеленумен байланысты елеулі тәуекелдерді және сыйақыларды аударғанда беру кезін бағалауы мәміленің шарттарымен танысуын талап етеді. Көпшілік жағдайда иеленумен байланысты елеулі тәуекелдерді және сыйақыларды аударғанда меншіктенудің заң құқығын берумен немесе меншікті сатып алушыға берумен сәйкес келеді. Бұл көбінесе бөлшектеп сатуда болады. Иеленумен байланысты елеулі тәуекелдерді және сыйақыларды аударудың басқа жағдайларында бір уақытта меншіктенудің заң құқығын берумен немесе меншікті сатып алушыға берумен сәйкес келмейді.
Егер компания иеленудің елеулі тәуекелдерін сақтап қалса, мәміле сату болып табылмайды және ол бойынша түсім танылмайды. Компания бірқатар жағдайда иеленудің елеулі тәуекелін сақтай алады. Компанияның иеленумен байланысты елеулі тәуекелдерді және сыйақыларды сақтап қалу жағдайлары:
– стандартты кепілдеме міндеттерімен өтелмейтін қанағаттандырылмаған қызмет үшін жауапкершілікті сақтап қалғанда;
– нақты сатудан алынған түсімдер тауарларын сату нәтижесінде сатып алушымен алған түсімімен байланысты болғанда;
– түсірілген тауарлар орнатуға жатпаса, ал әлі орындалмаған келісім-шарттың маңызды бөлігін орнату құраса;
– сатып алушы сату шартында анықталған себептермен және компанияның пайда алуына сенімі болмаған жағдайда сату мәмілесін бұзуына құқығы бар.
Егер компания иеленумен байланысты елеусіз тәуекелдерін сақтап қалса, мәміле сату болып табылады және ол бойынша түсім танылады. Мысалы, сатушы оған тиесілі соманың жинақталуын қамтамасыз ету үшін өзіне меншіктік заң құқығын қалдыруы мүмкін. Осындай жағдайда егер компания иеленумен байланысты елеулі тәуекелдерін және сыйақыларын аударса, мәміле сату болып табылады және түсім танылады. Иеленудің елеусіз тәуекелін сақтайтын компанияның тағы бір мысалы ретінде, клиенттің сатып алғанына қанағаттанбаған жағдайда, ақшаның қайтарылуына кепіл болатын бөлшек сауда дүкені бола алады. Егер сатушы болашақ қайтарымдарды сенімді бағалай алса және алдыңғы тәжірибе мен басқа да елеулі факторлар негізінде қайтару бойынша міндеттемені өзіне алса, мұндай жағдайда табыс сату кезінде танылады.
2. Қызмет көрсетуден түскен кірістер.
Қызмет көрсетуді ұсынатын операциялардың қорытындыларын сенімді өлшеген кезде, баланстың күніне операциялардың аяқталу кезеңін көрсету жолымен табыс танылады. Егер келесі шарттар орындалатын болса, операциялардың қорытындысы сенімді деп есептеледі:
– табыстың сомасы сенімді түрде танылады;
– операцияға байланысты экономикалық пайдалар субъектіге түседі деп болжанса;
– баланстың күніндегі жағдай бойынша операциялардың аяқталу кезеңі сенімді түрде танылса;
– операцияларды жүзеге асыруға арналған шығындар және оның аяқталуына қажетті шығындар сенімді түрде өлшенетін болса. [14, 299 бет]
Операциялардың аяқталу кезеңі орындалған жұмысты сенімді бағалауды қамтамасыз ететін тәсілмен анықталуы қажет, атап айтқанда:
– орындалған жұмыс туралы есептер;
– қызметтердің жалпы көлеміне пайызбен есеп беру күніне ұсынылған қызметтер;
– есеп жасау күнгі келтірілген шарт бойынша шығынның мәміле бойынша жалпы шығынның бағалау шамасына теңбе-тең арақатынасы. Есеп дайындау күнінде келтірілген шығындарға тек осы күні көрсетілген қызметті көрсететін шығындар жатады. Шарт бойынша бағалау жиынтық шығындарға тек көрсетілген немесе көрсетілуі тиісті қызметтерді көрсететін шығындар кіреді.
Тәжірибелік мақсат үшін, белгілі бір кезең аралығында қызметтер саны белгісіз мөлшерде көрсетілсе, егер қандай да болмасын басқа бір әдіс аяқталу сатысын жақсырақ көрсеткені туралы дәлелдеме болмаса, белгілі бір кезең ішінде түсім түзу сызықты әдіс негізінде танылады. Белгілі бір әрекет басқаға қарағанда маңызды болып саналса, түсімді тану осы әрекетті жүзеге асырғанға дейін кейінге қалдырылады.
Мәмілені орындаудың бастапқы кездерінде оның нәтижесін сенімді бағалау көп ретте қиын болады. Соған қарамастан мәмілені жүзеге асыру барысында жұмсалған шығындар компаниямен өтелу ықтималдығы болуы мүмкін. Сондықтан шарт бойынша жұмсалған шығындардың күтілетін орнын толтыру қаншалықты деңгейде болса, түсім соншалықты танылады. Мәміле нәтижесін сенімді бағалау мүмкін болмағандықтан, пайда танылмайды.
№2 қаржы есептілігінің ұлттық стандартымен пайыз, роялити және дивидендтер түріндегі табыстар қарастырылған.
Субъект пайыздар, роялити және дивидендтер әкелетін субъект активтерінің басқа да жақтарымен қолданудан туындайтын табыстарды мына жағдайларда мойындау қажет:
- операциялармен байланысты экономикалық пайдаларды субъектінің алу мүмкіндігі бар болған жағдайда;
- табыстың сомасы сенімді түрде өлшенген болса.
Субъект келесі негіздерді қолдана отырып, табысты мойындау қажет:
- пайыздардың тиімді мөлшерлемелері әдісін қолдана отырып, пайыздар мойындалады;
- роялти сәйкес келетін келісім-шарттың мазмұнына сәйкес, есептеу әдісімен мойындалуы қажет;
- дивидендтер төлемді алуға акционерлердің құқығы анықталған жағдайда мойындалуы қажет.
3. Қаржыландырудан түскен табыстар. №1 қаржы есептілігінің ұлттық стандартында қаржыландырудан түскен табыстар қарастырылған.
Қаржыландырудан түскен табыстарға табыстардың келесі түрлері жатады:
- қаржылық активтер бойынша (ақша қаражаттарын ұсыну және пайдалану үшін алынғандар, осы банктің шотында жатқан ақша қаражатын банктің қолдануы үшін пайыздар) табыстарды алуға байланысты, операциялар көрінетін сыйақыландыру жөніндегі табыстар;
- бағалы қағаздар бойынша дивидендтермен алынған табыстарды алумен байланысты операциялар көрінетін дивидендтер жөніндегі табыстар;
- қаржылық жалға берілген активтер бойынша табыстарды алуға байланысты операциялар көрінетін қаржылық жалға беру активтері;
- капиталдың немесе басқаның құнының өсуінен жалға беру төлемдерін немесе табыстарын алу мақсатында, өкімде жатқан (жалға беру келісім-шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) жылжымайтын дүние-мүліктен (жер, ғимарат немесе олардың бөліктері) табыстарды алуға байланысты операциялар көрсетілетін жылжымайтын дүние-мүлік инвестицияларымен жасалған операциялардан түскен табыстар;
- табыстардың басқа түрлерінде көрсетілмеген, қаржыландырудан түскен басқа да табыстарда көрсетілетін қаржыландырудан түскен табыстар.
4. Басқа да табыстар. Аталған стандартта қарастырылған басқа да табыстарға мына табыстар жатады:
- активтерден шығып қалуынан түскен кірістер;
- ақысыз активтерден алынған;
- мемлекеттік субсидиялардан;
- оң курстық айырмашылықтар;
- қаржылық жал бойынша кірістер;
-келісім-шарттардың шарттарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, айып ақылар. Келісім-шарттардың шарттарын бұзған үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, айып ақылар, оларды өндіріп алу туралы соттың шешімі шыққаннан кейін немесе егер олар борышкермен мойындалса, есеп беру мерзімінде;
- Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы бекітілген заңнамасымен мерзімі өтіп кеткен кредиторлық берешектерінің сомасы. Қазақстан Республикасының қазірігі қолданыстағы бекітілген заңнамасымен мерзімі өтіп кеткен есеп беру мерзімінде мойындалады.
- түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың қалдықтары;
- субъектіге келтірілген шығындардың орнын толтыруға түсімдер. Өткен есеп беру мерзімінде анықталған кемшіліктер бойынша түсімдер шығынды өз еркімен түрде өтеу туралы жұмыскердің өтініш берген күнінде немесе борышкермен өз еркімен мойындалған сомадағы сот шешімі күшіне енген немесе оларға сотпен жаза салынған күнінде көрсетіледі.