Касипорын табысынын таладуы мен аудити

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 15:30, дипломная работа

Описание работы

Субъектінің экономикалық табыс таппауынсыз, экономикада әрі қарай болуы мүмкін емес. Табыстың арқасында мемлекеттік бюджет толады, капиталдың айналымдылығы көтеріледі, құрылтайшылар мен жұмыскерлердің әкімшілік, материалдық сұраныстары қанағаттандырылады, төлемқабілеттілік пен инвестициялық тартымдылық көтеріледі. Шаруашылықтың жаңа шаттары бойынша әдіснамалар мен бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың маңызды өзгерістері болып жатыр. Қазіргі заманғы қазақстандық есептің негізгі көрсеткіштері – табыстар, пайда, өзіндік құн болып табылады. Сонымен, нарықтық жағдайда кәсіпорынның табыстар мен шығындар есебіне ерекше рөл бөлінеді.

Содержание

КІРІСПЕ ..................................................................................................................... 6

1 табыстар мен шығындар есебі және аудитінің теориялық аспектілері
1.1 Табыстар мен шығындар есебінің теориялық негіздері .................................. 8
1.2 Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жіктеу .................................... 12
1.3 Табыстар мен шығындардың танылуы ............................................................ 17
1.4 Табыстар мен шығындар аудитінің әдістемесі ............................................... 24

2 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-ДА ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ЖАҒДАЙЫ
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастыру – экономикалық сипаттамасы ........................ 28
2.2 Кәсіпорын табыстарының есебі ..................................................................... 36
2.3 Шығындар есебі ................................................................................................. 40
2.4 Қаржылық нәтиже есебі және оның қаржылық есептілікте көрініс табуы .................................................................................... ............................................... 44

3 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-да ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР АУДИТІ
3.1 Табыстар аудиті ................................................................................................. 48
3.2 Шығындар аудиті .............................................................................................. 50
3.3 «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ табыстар мен шығындар есебін жетілдіру бағыттары ................................................................. 55

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................... 59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ ................................................................ 61

ҚОСЫМШАЛАР .........................................................................................

Работа содержит 1 файл

Дипломная работа.doc

— 1,009.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ..................................................................................................................... 6

 

1 табыстар мен шығындар есебі және аудитінің  теориялық аспектілері

1.1 Табыстар мен шығындар есебінің теориялық негіздері .................................. 8

1.2 Кәсіпорынның табыстары мен  шығындарын жіктеу .................................... 12

1.3 Табыстар мен шығындардың танылуы ............................................................ 17

1.4 Табыстар мен шығындар аудитінің әдістемесі ............................................... 24 

 

2 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-ДА ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ЖАҒДАЙЫ

2.1 Кәсіпорынның ұйымдастыру – экономикалық сипаттамасы ........................ 28 

2.2 Кәсіпорын  табыстарының  есебі ..................................................................... 36

2.3 Шығындар есебі ................................................................................................. 40

2.4 Қаржылық нәтиже  есебі  және оның қаржылық есептілікте көрініс табуы .................................................................................... ............................................... 44

 

3 «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АҚ-да ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР   АУДИТІ

3.1 Табыстар аудиті ................................................................................................. 48

3.2 Шығындар аудиті .............................................................................................. 50

3.3 «Астана қалалық коммуналдық  шаруашылығы» АҚ табыстар мен  шығындар есебін жетілдіру бағыттары  ................................................................. 55 

 

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................... 59

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ ................................................................ 61

 

ҚОСЫМШАЛАР ..................................................................................................... 63

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

   кІРІСПЕ

 

 

   Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі.

   Субъектінің экономикалық табыс таппауынсыз, экономикада әрі қарай болуы мүмкін емес. Табыстың арқасында мемлекеттік бюджет толады, капиталдың айналымдылығы көтеріледі, құрылтайшылар мен жұмыскерлердің әкімшілік, материалдық сұраныстары қанағаттандырылады, төлемқабілеттілік пен инвестициялық тартымдылық көтеріледі. Шаруашылықтың жаңа шаттары бойынша әдіснамалар мен бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың маңызды өзгерістері болып жатыр. Қазіргі заманғы қазақстандық есептің негізгі көрсеткіштері – табыстар, пайда, өзіндік құн болып табылады. Сонымен, нарықтық жағдайда кәсіпорынның табыстар мен шығындар есебіне ерекше рөл бөлінеді.

   Қазақстандық бухгалтерлік есеп маңызды және қызықты кезеңді өтіп жатыр, яғни нарықтық экономика елдерінде қабылданған есеп стандарттарымен біртіндеп жақындасты. Мемлекеттік органдармен бірқатар маңызды құжаттар қабылданды. Оның бірі – «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» заң болып табылады. Бухгалтерлік есепте позитивтік өзгерістерге келесілерді жатқызуға болады: халықаралық стандарттардың талаптарына бейімделу, есеп саясаты ойларының дамуы, бухгалтерлік есеп формаларының өзгеруі, жаңа шоттар жоспарына көшу және тағы басқалар жатады.

   Нарық экономикасына көшу кәсіпорыннан өндіріс нәтижесінің жоғарлауын, ғылыми-техникалық прогрестерді енгізу жетістіктері негізінде өнім өткізу мен қызмет көрсетудегі бәсекеқабілеттілігін, нәтижелі шаруашылық формаларын және өндірісті басқаруды, кәсіпкерлік қызметті активизациялау мен қолданылмаған резервтерді мобилизациялауды талап етеді. Бірақ, кәсіпорын алдына қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін ақшалай түрде немесе басқа мүлік түрінде тұрақты табыс құйылымы қажет. Егер кәсіпорын уақытында табыс алмаса, онда ол кейін банкроттылыққа ұшырауы мүмкін.

   Бухгалтерлік есепте көрініс табатын кәсіпорынның шаруашылық өмірінің барлық фактілері екі топтан құрылады: табыстар мен шығындар. Табыстар туралы ғана айтудың маңызы жоқ. Олардың қарама-қарсысын – шығындарды ескеру қажет. Олар табыстар сияқты кәсіпорынның экономикалық қызметінің маңызды рөлін атқарады. Сондықтан, оларды ұмытпау қажет. Шығындарға қарағанда табыстардың жоғарлауы оң әсерді көрсетеді. Ол өз кезегінде, кәсіпорын жұмысының жақсаруына және қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға түрткі болады.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан  халқына жолдауында «Үкімет,  Ұлттық банк, қаржылық бақылау агенттігі  мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық  қатерлеріне қарсы жүйелі де іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы керек.

   Дипломдық жұмыстың мақсаты – табыстар мен шығындар есебінің ұйымдастырылуын оқу, оның аудитіне баға беру мен есепті жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.

   Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін дипломдық жұмыста келесідей  міндеттерді шешу алға қойылған:   

   –  ұйымның табыстар мен шығындардың мәні мен мазмұнын ашу;

   – ұйымның табыстар мен шығындар есебінің әдіснамалық нормалар мен ережелерін зерттеу;

   – ұйымның табыстар мен шығындар классификациясының негізгі прин-циптерін зерттеу;

   – ұйымның экономикалық- қаржылық жағдайын қарастыру;

   – ұйымда  табыстар мен шығындар есебінің ұйымдастырылуы мен оның жағдайына баға беру;

   – табыстар мен шығындар есебінің аудитін жүргізу;

   – ұйымда  табыстар мен шығындар есебін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстарды беру.

   Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі – «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ. Зерттеу барысында қоғамының  экономикалық – ұйымдастырылу сипаты қарастырылады, қаржылық есепті құру тәртібіне ерекше мән беріліп, соның негізінде кәсіпорынның табыстылығы төлем қабілеттілігі бағаланды. Зерттеудің логикалық, экономикалық статистика, экономикалық талдаудың классикалық әдістері қолданылды.

   Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы болып ҚР Бухгалтерлік есеп пен есеп беру аясындағы заң актілері, шетелдік және отандық авторлардың еңбектері; статистикалық мәліметтер; «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ  қаржылық, статистикалық есеп мәліметтері табылады. 

   Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдын, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   1 табыстар мен шығындар есебі және аудитінің теориялық аспектілері

 

 

    1.  Табыстар мен шығындар есебінің теориялық негіздері

 

 

   Экономикалық әдебиеттерде табыс пен шығын негізгі категория ретінде қарастырылады, сол себепті табыстар мен шығындарды тану, бағалау, есепке алу, талдау, жіктеуге арналған зерттеулер жиі кездеседі.  

   Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңына сәйкес:

   Кірістер – есепті кезең ішінде активтердің түсімі немесе өсімі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.

   Шығындар - есепті кезең ішінде активтердің қолдан кетуі немесе азаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты азаюдан  өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.  Кірістер мен шығындар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерінің өлшемімен тікелей байланысты элементтер болып табылады.[1, 6 бет]

   18 ХҚЕС-да табыстардың келесі анықтамасы берілді: 

   «Табыс - компанияның әдеттегі қызметі барысында, осындай ағын акционерлердің жарналары есебінен болатыннан өзге капиталдың ұлғаюына әкеліп соқтырғанда туындайтын кезең ішіндегі экономикалық пайданың жалпы ағыны». Қаржы есептілігін дайындау және таныстыру принциптерінде акционерлердің салымдарымен қатысы жоқ капиталдың көбеюіне әкеліп соқтырған есепті кезеңінің ішінде активтердің көбеюі немесе азаюы немесе міндеттемелердің азаюы нысанында табыс экономикалық пайданың ұлғаюы ретінде танылады. Табысқа компанияның түсімі де, басқа түсімдер де кіреді. Компанияның түсімі - олар қызметтің әдеттегі түрлерінен келіп түскен қаражаттың түсуі, олар әр түрлі аталады, оның ішінде сату, сыйақы, пайыздар, дивидендтер және лицензиялық төлемдер.  Бұл стандарт бойынша табысқа тек компаниямен алынған және оның өз жеке шотына түсуі міндетті экономикалық түсімдер кіреді. Үшінші тараптың пайдасына түскен сатылым салығы, тауарлар және қызметтерден алынатын салық және қосымша құн салығы сияқты сомалар компанияға түсетін экономикалық пайда болып табылмайды, және жеке капиталдың өсуіне әкелмейді. Сондықтан олар түсімнен алынып тасталды. Агенттік қарым-қатынас кезінде тап осылай экономикалық пайданың жалпы ағыны компанияның өз капиталының ұлғаюына әкеліп соқтырмайтын принципал пайдасына жиналатын сомадан тұрады. Принципал пайдасына алынған сомалар табыс   болып табылмайды. [2, 25 бет] 

   Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес: «Жылдық жиынтық табыс, салық мерзімінің ішінде Қазақстан Республикасындағы және оның шекарасынан тыс жерлердегі заңды тұлғамен алуға жататын (алынған) табыстардан тұрады.

   Кеулімжаев оқулығында табыстарға төмендегідей түсінік берілген: «Шаруашылық субъектісінің табыстары – есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндеттемелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін (үлес қосушылардың қосқан жарналарынан басқа) яғни экономикалық пайда табуды айтамыз». [3, 22 бет]

   Кәсіпорындар мен ұйымдардың сатқан өнімдерінің, тауарларының басқа да активтерінің өзіндік құны, сондай-ақ оларды сату, есептен шығару барысында пайда болатын шығындар сомасының жиынтығы  субъектінің шығыстары болып табылады.

   Н.В.Пошерстник: «Қатысушылардың салымдарын қоспағанда, ұйым-дардың капиталының өсуіне әкелетін активтердің түсу және міндеттемелерді өтеудің қорытындысында экономикалық пайданың артуы ретіндегі ұйымдардың табыстарын анықтайды. Ол ұйымдардың шығындарын  активтардың шығып қалуы және міндеттемелердің пайда болуының қорытындысында экономикалық пайдалардың төмендеуімен түсіндіреді». [4, 22 бет]

   В.В.Ковалев «Табыстарды қысқа мерзімді активтердің ережесі секілді өтімділігі жоғары ретінде түсіндірілетін ақша қаражатының және баламаларының ағымына тікелей және жанама айналымы ықтималдығында орнаған табыстармен түсіндіреді». [5, 55 бет]    

   Шығындар - мерзім аралығында қаржы қорытындысын есептеу кезінде есеп беру мерзіміне жататын ақшалай бағалауда көрсетілген капиталға айналдырылмайтын және капиталдан айырылатын шығындар және есептелімдер.

   В.К.Терехова табыстарға мынадай түсінік береді: «Табыстар – өнімдерді, тауарларды сатудан және орындалған жұмыстар, қызмет көрсетулерден түскен ұйымдардың ақшалай түсімдері.

   Шығындар дегеніміз -өнімдерді дайындауға және сатуға, тауарларды дайындауға және сатып алуға, жұмыстардың орындалуларына байланысты шығындар болып табылады. [6, 110 бет]

   Экономикалық көзқарас бойынша, Г.Мюллердің анықтауына сәйкес,   кәсіпкерлік табысты бір жағынан, кәсіпорын шығынын бөлісудің қорытындысы ретінде, екінші жағынан кәсіпкерлік қабілеттерді танытқаны үшін сыйақы ретінде қарастыру қажет. [7, 26 бет]

   Мыржақыпованың айтуына сәйкес: «Шығындар – бұл шаруашылық жүргізуші субъектіге тиесілі келісімшарттар және оқиғалардың ннәтижесінде, сонымен қатар шығынның немесе акционерлік капиталды  үйлестірудің нәтижесі болып табылатындарын қоспағандағы субъектіге  әсерін тигізетін барлық басқа да мәмілелер, оқиғалар мен жағдайлар нәтижесінен капиталдың азаюы».

   Табыс – есепті кезең аралығындағы активтер ағымы немесе өсуі немесе банк қызметінің табыс алуға бағытталаған және капиталды өзгерте алатын түрлерінің нәтижесінде орын алған, жалпы қабылданған есептілік қағидаларына сәйкес өлшенген және мойындалған несиелік қарыздың азаюы нысанындағы  экономикалық пайданың ұлғаюы. [8, 156 бет]

   Ә. Әбдіманаповтың  айтуы бойынша: «Ұйымдардың шаруашылық қызметтерінің нәтижесі –алынған табыстар мен жұмсалынған шығындардан қалыптасады. Табыстар мен шығындар ұйымның қаржылық нәтижесін өзгертіп отырады. [9, 187 бет]

   Экономикалық тұрғыдан қарағанда – табыс ұйымның меншігіне түсетін қаражаттар сапасында танылады. Қаражаттар активтердің көбеюін көрсетеді.Ұйымның құрылған күніндегі құрылтайшылырдың салған қаражаты табыс болып танылады. Нарықтық қатынастар жағдайында бастапқы кезеңде банктерден немесе басқа да заңды тұлғалардан уақытша алынған қаражаттарда табыс сипатында болады.

   Экономикалық маңызына сай –шығындар табыс алу мақсатында ұйымның меншігінен нақтылы жұмсалынған қаражаттар сапасында танылады. Жұмсалынған қаражаттар активтердің азаюын көрсетеді .

   Сатылған өнімдер, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер құны төленгенге дейін жұмсалған шығындар активті қаражаттар түрінде қаралады. Яғни, (өнімдер немесе тауарлар берілді) шығындар жұмсалады, ал табыстар ( ақща түспеді) алынбады деп те түсіндіруге болады.

   Бухгалтерлік есеп мазмұны тұрғысынан қарағанда табыстар түскен активтердің нәтижесінде (ақша қаражаттары, басқада құндылықтар) экономикалық пайда әкелетін және осы ұйым капиталан көбейтуші міндеттемелердің жабылуын  қамтамасыз етуші категория.

   Шығындар жұмсалған активтердің нәтижесінде (ақша қаражаттары , басқада құндылықтар) экономикалық пайданың азаюын және осы ұйымның капиталын азайтушы міндеттемелердің алынуын көрсетуші категория сапасында да танылады.

   Шаруашылық қызметінің фактілері нәтижесінде капиталдың өзгеруі табыстар мен шығындар арқылы есептелініп, пайда мен зиян сомасының (табыстар мен шығындар айырымы)  есебін көрсетеді. Осыдан табыстар мен шығындардың бухгалтерлік есебі қаржылық қорытынды нәтижесін шығару, пайда мен зиян процесіне бағындырылған деп те қарауға болады. «Табыстар мен шығындар» термині  қатар қолданылатын капитал мен пайданы анықтаушы бухгалтерлік есептің маңызды қатегоряларына жатады. Табыстың бухгалтерлік есебін жүргізу қарапайым, ал шығындар есебін жүргізу біршама күрделі жолдармен орындалады.

   Табыстар деп – есепті жылдағы түскен табыстардың сомасының жұмсалған шығындар сомасынан артық дәрежесін айтамыз. Егер шығындар сомасы табыстар сомасынан көп сомада болса,  онда ұйымдар зиян шегеді. Негізінен табыстар есепті жыл ішіндегі өнімдерді, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және басқалай құндылықтарды сатудан алынған түсіммен анықталады.

Информация о работе Касипорын табысынын таладуы мен аудити