Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 19:45, дипломная работа
Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті өндірістік активтермен қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты. Өндірістік активтер активтерді басқару бірқатар факторлармен анықталады: ұзақ және қысқа мерзімді активтердің құрамы мен көлемі, олардың өтімділігі, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтерді қалыптастырудың меншікті және қарыз көздері, тұрақты және айнымалы активтердің қатынасы және басқа өзара байланысты факторлар.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Бухгалтерлік баланстың актив бөлімінің теориялық
негіздері
1.1. Активтер туралы жалпы түсінік......................................................................5
1.2. Ұзақ мерзімді активтер есебі...........................................................................7
1.3. Қысқа мерзімді (ағымдағы) активтер есебі...................................................15
2. «Кеңкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының ұзақ және қысқа мерзімді активтерін талдау
2.1. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның жалпы сипаттамасы және есеп саясаты....30
2.2. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның ұзақ және қысқа мерзімді активтерінің есебі мен талдауы................................................................................................................38
2.3. Баланс өтімділігін талдау..................................................................................52
Қорытынды..............................................................................................................57
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................60
Қосымша...........................................................................
Есепті кезеңде қысқа мерзімді дебиторлық қарыз 1,75% (1 202 633 852/ 685 272 546) есе өсті. Бұл қысқа мерзімді активтердің жалпы құнындағы оның меншікті салмағы 5,72 пунктке азайды (20,67-26,39).
67
2-кесте
«Кенкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының қысқа мерзімді активтерінің құрамы мен құрылымы 2006ж. 31 желтоқсандағы жағдайы
теңге
№ |
Көрсеткіштер | Есепті кезеңнің басында | Есепті кезеңнің соңында | Тармақтарда-ғы құрылым өзгерістері (4-т. – 2-т.) | ||
сома, мың теңге | Меншікті салмақ,% | сома,мың теңге | Меншікті салмақ,% | |||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қысқа мерзімді активтер, оның ішінде: | 2 596 383 283 | 100,00 | 5 817 078 562 | 100,00 | - |
1.1 | Ақшалай қаражат және оның баламасы | 88 989 514
| 3,43 | 1 202 361 893
| 20,67 | +17,24 |
1.2 | Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз | 685 272 546
| 26,39 | 1 202 633 852
| 20,67 | -5,72 |
1.4 | Қорлар | 349 400 381
| 13,46 | 468 658 465
| 8,06 | -5,4 |
1.5 | Ағымдағы салық активтері | 263 341 280
| 10,14 | 617 443 653
| 10,61 | +0,47 |
1.7 | Басқа да қысқа мерзімді активтер | 1 209 379 562
| 46,58 | 2 325 980 700
| 40 | -6,59 |
67
Қысқа мерзімді дебиторлық қарызды бейнелейтін (1210-1280) бухгалтерлік есепшоттарының деректері бойынша, оның өсу себептерін зерттеу қажет, өйткені ұйымның қысқа мерзімді активтерінің жалпы құнындағы дебиторлық қарыз үлесі оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Ұйымның қаржылық жағдайына дебиторлық қарыздың өзінің болуы емес, оның көлемі, қозғалысы мен формасы, яғни осы қарыздың неден шыққандығы әсер ететіндігін атап айтқан жөн.
Дебиторлық қарыздың пайда болуы – несиелік қарыздың пайда болуы сияқты шаруашылық қызметіндегі ақшасыз есеп айырысу жүйесіндегі объективті процесс. Дебиторлық қарыз әрқашан тек есеп айырысу тәртібінің бұзылуы салдарынан ғана пайда болмайды және үнемі қаржы жағдайын нашарлатпайды. Сондықтан оның бір бөлігі банктік несиелеу объектісі қызметін атқаратындықтан және ұйымның төлем қабілеттілігіне әсер етпейтін болғандықтан, оның барлық сомасын айналымнан дерексізденген жеке қаражат деп санауға болмайды.
Осыған қарамастан, талдаушы аталған бапқа байсалды назар аударғаны жөн, өйткені оның үлесі әлі де болса жоғары болып отыр. Борышты өтеу келешегін бағалап, егер болса, оның құрамындағы күмәнді үмітсіз борыштарды анықтау керек.
Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі есер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайда нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.
Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылымын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.
Дебиторлық борыштың құрамы және құрылымымен толық танысып шыққаннан кейін оны нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық борыштың барлығы бірден өндіріліп алмауы мүмкін. Оның қайтарымдылығы өткен тәжірибенің, сондай – ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады. Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірибесі болашақтағы зиянға сай келмеуі мүмкін немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескерілмей қалуы мүмкін. Нәтижесінде зияндар елеулі дәрежеде болады. Талдаушы дебиторлық борыштың қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын білуі керек.
Кәсіпорынның қорына келетін болсақ, есепті жылда 1,3 есе өсті, бірақ қысқа мерзімді активтердің жалпы құнындағы оның меншікті салмағы -5,4 пунктке азайды (8,6-13,46). Бұл жағдайда, материалды айналым қаражаттарының құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқ па, соны анықтау үшін олардың құрамы мен құрылымына тереңдетілген талдау жүргізуді қажет етеді.
Ағымдағы салықтар активтер 2,3 есе өскен және қысқа мерзімді активтер жалпы құнындағы оның меншікті салмағы 0,47 пунктке өскен.
Есепті жылда басқа да қысқа мерзімді активтер шамасы айтарлықтай (1,9есе)өсті, нәтижесінде олардың меншікті салмағы 46,58%-дан 40%-ға,яғни 6.59 тармаққа азайды..
Қысқа мерзімді берілген аванстар, келешек кезеңдер шығыны және басқа қысқа мерзімді автивтер тиісінше есепке алынатын 1610, 1620 және 1630 есепшоттар деректері бойынша осы құбылыстың себептерін зерттеп, қысқа мерзімді активтердің жалпы құнында басқа да қысқа мерзімді активтер үлесін азайту жолдарын іздестірген жөн.
«Кеңкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының ұзақ мерзімді активтерінің есебі мен талдауы
Енді шамамен төмендегідей талдауыштық кестені құру арқылы ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен құрылымы серпінін талдау керек.
3-кесте
«Кеңкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының
ұзақ мерзімді активтерінің құрамы мен құрылымы 2006ж. 31 желтоқсандағы жағдайы
теңге
№ |
Көрсеткіштер | Есепті кезеңнің басында | Есепті кезеңнің соңында | Өсім (+), Азаю (-), | ||
сома, мың теңге | Меншік-ті салмақ,% | сома, мың теңге | Меншік-ті салмақ,% | |||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Барлық ұзақ мерзімді активтер, оның ішінде: | 3 673 663 171
| 100,00 | 4 561 281 061
| 100,00 | - |
1.1 | Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары | - | - | - | - | - |
1.2 | Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз | - | - | - | - | - |
1.3 | Үлестік қатысу әдісімен есептелген инвестициялар | - | - | - | - | - |
1.4 | Инвестициялық жылжымайтын мүлік | - | - | - | - | - |
1.5 | Негізгі құралдар | 3 670 717 181 | 99,92 | 4 560 536 709
| 99,98 | +0,06 |
1.6 | Биологиялық активтер | - | - | - | - | - |
1.7 | Барлау мен бағалау активтері | - | - | - | - | - |
1.8 | Материалдық емес активтер | 2 945 990 | 0,08 | 132 441 | 0,003 | -0,07 |
1.9 | Кейінге қалдырылған салық активтері | - | - | - | - | - |
1.10 | Басқа да ұзақ мерзімді активтер | - | - | 611 911 | 0,01 | - |
Талданып отырған кәсіпорында есепті кезеңде ұзақ мерзімді активтер 1,2% өсті. Олардың баптары қатарындағы басқа да ұзақ мерзімді активтер операциялары тек есепті жыл аяғында берілген. Осы бап бойынша осындай өзгерістер болу себептерін анықтау керек. Бұл үшін төмендегі бухгалтерлік есепшот есептеріне назар аударған жөн:
2910 – «Берілген ұзақ мерзімді аванстар», мұнда активтер жеткізу үшін, сондай – ақ тапсырыс берушіден жартылай дайын күйінде бір жылдан артық уақытқа қабылданған өнімге, қызметке төленетін аванстар және басқа берілген ұзақ мерзімді аванстар есепке алынады;
2920 – «Келешек кезең шығындары», мұнда есепті кезең ішінде жүзеге асқан (тау-кен дайындау жұмыстары, жаңа кәсіпорындарды игеру, т.б.), алайда келешек есепті кезеңге жататын және бір жылдан астам уақыт ішінде өтелетін шығындар есепке алынады;
2930 – «Аяқталмаған құрылыс», бұнда аяқталмаған құрылыс бойынша шығындар, мысалы:
негізгі құралдар құрылысына байланысты;
келешекте жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде пайдалануға болжанатын объект құрылысына байланысты шығындар есепке алынады;
2940 – «Басқа да ұзақ мерзімді активтер», мұнда жоғары топтарда аталмаған басқа да ұзақ мерзімді актив топтары есепке алынады.
Ұзақ мерзімді активтердің ішінде бұл жылы қолданыста негізгі құралдар, материалды емес активтер, басқа да ұзақ мерзімді активтер ғана болғанын көреміз. Мысалы, материалдық емес активтер 0,08%-дан 0,003%-ке азайды. Негізгі құралдар – 0,06 - ға артқан. Яғни бұл мерзімде операциялардың аз болғанын білеміз.
2.3. Баланс өтімділігін талдау
Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Ал екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.
Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойьшша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:
А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.
Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) – айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма – қол ақшаға тез айналады.
А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар дща өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез келген дебитор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алмайды.
Күмәнді дебиторлық борыштың көп болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.
Сатуға арналған дайын өнім және материалдық құндылықтар қорының өтімділігі бұдан да төмен болады, олар негізінен келесі топты құрайды.
А3. Баяу өткізілетін активтер. Бұларға тауарлы-материалдық қорлар жатады.
А4. Қиын өткізілетін активтер. Бұлардың құрамында ұзақ мерзімді активтер жатқызылады. Баланс активінің I бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. I бөлім жиынынан “Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар” бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.
Информация о работе Дебиторлық кредиторлық активткрдің есебі