Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 19:45, дипломная работа
Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті өндірістік активтермен қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты. Өндірістік активтер активтерді басқару бірқатар факторлармен анықталады: ұзақ және қысқа мерзімді активтердің құрамы мен көлемі, олардың өтімділігі, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтерді қалыптастырудың меншікті және қарыз көздері, тұрақты және айнымалы активтердің қатынасы және басқа өзара байланысты факторлар.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Бухгалтерлік баланстың актив бөлімінің теориялық
негіздері
1.1. Активтер туралы жалпы түсінік......................................................................5
1.2. Ұзақ мерзімді активтер есебі...........................................................................7
1.3. Қысқа мерзімді (ағымдағы) активтер есебі...................................................15
2. «Кеңкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының ұзақ және қысқа мерзімді активтерін талдау
2.1. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның жалпы сипаттамасы және есеп саясаты....30
2.2. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның ұзақ және қысқа мерзімді активтерінің есебі мен талдауы................................................................................................................38
2.3. Баланс өтімділігін талдау..................................................................................52
Қорытынды..............................................................................................................57
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................60
Қосымша...........................................................................
Мұнайды барлау және өндіру есебі.
Мұнай – газ өндіру қызметінің ерекшелігі мынадай түрде ерекше активтерді құрумен шарттастырады. ҚР-ның заңдарына қарсы келмейтін лицензиялармен шарттарға қол қою немесе басқа жолдармен алынған пайдалы қазбаларды барлау және өндіруді жүзеге асыру құқығы:
2 «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ есеп саясаты
- Мұнайды өндіру, жинау және дайындауға байланысты қажетті пайдалану скважиналары мен техникалық құрылымдардың жиынтығы. Аталған активтерді құрумен байланысты барлық шығындар олардың туындау сәтінде есептеледі:
Қорларға құқық есебі тәртібін анықтау мақсатында мынадай түрде жіктеледі:
- Қорларға құқық;
- Дәлелденген қорларға құқық;
Дәлелденген қорларға алынған құқық құны мерзімдік және оған келтірілген зиян сомасына шығын ретінде жанылуы тиіс.
Дәлелденбеген қорларға құқық, егер дәлелденген қорлар табылса, дәлелденген қорларға құқыққа қайтадан жіктелуі тиіс.
Дәлелденген қорлармен құқық алуға жинақталған шығындар өндірістік әдіс бойынша шығындалуы тиіс. Амортизация әрбір құқық бойынша жеке есептеледі. Егер қорларға алынған құқық бөлігіне қатысты қорлар санын бағалау үшін ақпарат болмаса, амортизацияны есептеу үшін құнды есептен шығарудың тікелей жиілік әдісін қолдануға болады.
Дәлелденбеген қорларға құқықтан бас тартқан кезде оны алуға шығысдар, егер мұндай резерв құрылған болса немесе шығындар ретінде танылса, егер резерв құрылмаса немесе оның сомасы өндірілген шығысдарға сәйкес болмаса, бағалауға резерв есебінен шегерілуі тиіс.
Геологиялық және геофизикалық жұмыстарға мердігер тарапынан туындаған шығысдар әдетте шығындарға жатқызылады. Пайда, егер мердігер барлауды жүзеге асыру ғана құқығы болса, онда бұл жұмыстардың нәтижесін алғанша барлық шығыстар, коммерциялық табулар жүзеге асты ма, әлде аспады ма, соған қатысты орнын толтыруға ұсынылатын немесе шығындарына одан әрі қатысты аяқталмаған есебінде ескерілетін барлық жұмыс мердігердің мұнай өндіру бойынша жұмыстарда жүргізу мүдделілігі ескеріледі. Барлау скважиналары бұрғылауға байланысты шығындар жұмыс барысындағы кезекті шығындардың есептелуімен бұл скважина құрылысы аяқталғанға дейін аяқталмаған құрылыс есебінде есептеледі.
Қорларға және оның мүліктеріне барлық құқықтарды беруге табыстар мен шығыстар, бұли құқықтарды беру сәтінде танылады.
Қорларға құқықтық беруге байланысты кейбір операцияның мәні бойынша заем есебінде шығарылады және заем ретінде есептеледі.
Мұнай – газдың дәлелденген қорлары, олар арналған географиялық саегменттер көрсетілуі мен мердігердің қызмет саласына қатысты кен орындары бойынша бойынша жылдың басы мен соңына ашылуы тиіс.
Әр түрлі факторлардың нәтижесімен жыл ішінде туындаған мұнай мен газдың дәлелденген қорлары санындағы өзгерістер тиісті түсіндірулермен ашылуы тиіс. Мұндай фактордың мысалы мынадай болуы мүмкін:
1. Мұнай – газдың бұрынғы бағаларын қайта қарау;
2. Өндіруді жетілдіру.
3. Бұрын табылған жерлерді келесі табылу кезеңіне және келісім шарттық аймақтарда жаңа коммерциялық табылулардың ашылуы уақытына кеңейту.
4. Өндіру қорлар санын анықтауда егер кен орнын зерттеу бірнеше мердігерлер мен қатар жүргізілсе, олардың өздеріне тиісті қорлар үлесін ғана ашатындығын назарға алу керек.
Мұнай және мұнай өнiмдерi - бұл сұйық денелер. Олардың сапасы әртүрлі және спецификалық көрсеткіштерге байланысты туындайды: бөлікшелік құрамымен, тығыздығымен, су мөлшерімен, механикғалық қоспаларымен, бастапқы және соңғы қайнауымен т.б. Осының барлығы алынып жатқан мұнайшикізатының сапасы мен саны тіркелген құжаттарда және кіріс құжаттарында көрсетіледі. Сонымен қатар мұнай өндіретін кәсіпорындарда мұнайшикізаты өндірістің шығынында да, айналым құралдарында да үлкен көлемді алатынын ұмытпау керек. Сондықтан қабылдау және мұнай шикiзаттарының түсуінің құжатты ресiмделуіне ерекше мән беріп қарау керек.
Мұнайшикізаты зауытқа су және теміржол транспорты және құбырлар арқылы жеткізіледі.
Алынған мұнай өнiмдерi және талонның құнына: дт: 1311 талон бойынша мұнай өнiмдерi, 203 отын,аналитикалық шот «қоймадағы мұнай өнімдері», ал кт: 3310 (671) «жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек».
«Айналыста болған мұнай өнiмдерi» аналитикалық шотында пайдаланылған майлардың барлық түрлерi, қолданыс кезінде қажетті сапалы көрсеткіштерін жоғалтуы және берілген мерзім бойынша жұмыс істеуі де есепке алынады. Майларды, мұнайды қайта өңделіп кәсiпорындарға қабылданады.. Пайдаланылған майлар құны бойынша кәсiпорынның қоймасына қабылданды: 1310 (203) «материалдар» шоты дебеттеледі, 8312, 8412,2930 (921, 931, 126) шоттары кредиттеледі.
ҚҚС соммасы счет – фактурада көрсетілген жағдайда 3130 (633) «қосылған құн салығы» шоты дебеттеледі. Сатып алушылардың берешегі келіп түсті: 1030 (441) «ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты дебеттеліп, 1210 (301) «сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты кредиттеледі.
2.2.«Кеңкияқмұнай»МГӨБ-ның активтерін талдау.
«Кенкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының қысқа мерзімді активтерінің есебі мен талдауы.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай – ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым – қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайды бірден – бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеттерінің) ішіне: активтер мен олардың қалыптастыру көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу, кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу, ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішіндегі, дебиторлық борыш және қорлар есебі, баланс өтімділігі.
Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдаудың басына кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау, кәсіпорынның активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау, баланс өтімділігін талдау болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс активтерінін есебі мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Активтік шоттарының шоттар корреспонденциясы «Кенкияқмұнай»МГӨБ-ның 2007 жылғы қантар айындағы операциялар, яғни бухгалтерлік есептік жазбасын келесіден көруге болады:
№ | Шаруашылық операциялар мазмұны | Сомма, мың теңге | Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет | Кредит | |||
1 | ӨТҚЕ және ЖЖБ-нен материалдар келіп түсті | 238 430,15
| 1310(201)
| 3310/1(672)
|
2 | Жақсымай базасынан жанармай келіп түсті | 8 315 105,57
| 1310/1(203) | 3310/2(672) |
| жиынтығы | 8553535,72 |
|
|
3 | Бұрғылауға №8003(тұзасты) бұрғылау материалдары жіберілді | 328 811,39 | 1340(126) | 1310/6(207) |
4 | Бұрғылауға №8004(тұзасты) бұрғылау материалдары жіберілді | 463 298,46 | 1340(126) | 1310/6(207 |
| жиынтығы | 792 109,85 |
|
|
5 | Қысқамерзімді қаржылық инвестициялар алынды: -өтегенге дейінгі ұсталынатындары -сату үшін қолда барлары -өзге де қысқамерзімді қаржылық инвестициялар |
26 272 546
6 072 500 5 174 413 11 246 913 |
1130 1140 1150 |
1010 1010 1010 |
6 | Контор, баспа және телефон шығындары төленді: - ұйым әкімшілігінің - ұйым цехтарының |
150 000 55 700 94 300 |
7210 8040 |
1010 1010 |
7 | Сатып алушылардан сатылған өнімдер құны | 685 272 546 | 1210(301) | 6010(701) |
8 | Өнімдер өткізілуіне байланысты ҚҚС есептелді | 82 232 706 | 1210(301) | 3130(633) |
Халықаралық қаржылық есеп беру стандартына көшу: Негізгі құралдарды есепке алу жөніндегі шоттар корреспонденциясы
| Операцияның мазмұны | Құжат | ХҚЕС бойынша шоттар жоспары | Шоттардың үлгі жоспары | ||
дебет | кредит | дебет | кредит | |||
1 | Жеке тұлғалар мен ұйымдардан негізгі құралдар өтеусіз алынады | Қабылдау-өткізу актісі | 2410 | 6220 | 121-126 | 727 |
2 | Жарғылық капиталға салым ретінде негізгі құралдар алынды (тараптардың келісім шарт бойынша) | Құрылтай шарты. Жарғы қабылдау-өткізу актісі | 2410 | 5020 | 121-126 | 683 |
3 | НҚ сатып алынды: |
| ||||
• | Берілген есепті сомалар есебінен | Аванстық есеп, сатып алу актісі | 2410 | 1250, 2150 | 121-125 | 333 |
• | Жеке тұлғалардан | Сатып алу-сату шарты | 2410 | 3390 | 121-125 | 687 |
• | Жеткізушілерден | Төлем құжаттары | 2410 | 3310, 4110 | 121-125 | 671 |
• | Кеден бажы | Кеден декларациясы | 2410 | 3230 | 121-125 | 639 |
• | Комиссионерге комиссиялық сыйақы | Комиссионердің есебі | 2410 | 3390 | 121-126 | 687 |
• | Сатып алу жөніндегі шығындар | Төлем құжаттары | 2410 | 3310, 3390 | 121-125 | 671,687 |
4 | НҚ объектілері шаруашылық немесе мердігерлік тәсілмен жасалады: - материалдар есептен шығарылады | Актілер, жүкқұжаттар, талаптар | 2930 | 1310 | 126 | 201-206 |
Информация о работе Дебиторлық кредиторлық активткрдің есебі