Дебиторлық кредиторлық активткрдің есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 19:45, дипломная работа

Описание работы

Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті өндірістік активтермен қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты. Өндірістік активтер активтерді басқару бірқатар факторлармен анықталады: ұзақ және қысқа мерзімді активтердің құрамы мен көлемі, олардың өтімділігі, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтерді қалыптастырудың меншікті және қарыз көздері, тұрақты және айнымалы активтердің қатынасы және басқа өзара байланысты факторлар.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Бухгалтерлік баланстың актив бөлімінің теориялық
негіздері
1.1. Активтер туралы жалпы түсінік......................................................................5

1.2. Ұзақ мерзімді активтер есебі...........................................................................7

1.3. Қысқа мерзімді (ағымдағы) активтер есебі...................................................15

2. «Кеңкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының ұзақ және қысқа мерзімді активтерін талдау
2.1. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның жалпы сипаттамасы және есеп саясаты....30

2.2. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның ұзақ және қысқа мерзімді активтерінің есебі мен талдауы................................................................................................................38

2.3. Баланс өтімділігін талдау..................................................................................52

Қорытынды..............................................................................................................57

Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................60

Қосымша...........................................................................

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 761.50 Кб (Скачать)

 

Материалдық  емес активтер – табиғи негізі жоқ, бірақ құндық бағасы бар және табыс әкелетін қасиеттері бар, ұзақ мерзімді пайдаланылатын объектілер.

  38 «Материалдық емес активтер»  ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына) және 28 «Материалдық емес активтер есебі» БЕС (бухгалтерлік есеп стандарттары) сәйкес материалды емес активтер әкімшілік  мақсатта және басқа субъектілергі жалға беруде, өндірісте және тауарларды өткізуе ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы  жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:

       а) анықтауға болады;

       ә) субъект бақылайды;

       б) қолданудан субъект болашақта пайда алуды күтеді.

       Материалдық емес бап материалдық емес актив болып саналады, егер:

       а) материалдық актив анықтамаларына сәйкес келсе;

       ә) белгі - өлшемдерге сай келеді және мынадай жағдайда есепте тіркеледі:

–               субъектінің осы активке тікелей байланысты күтілетін экономикалық пайда алу ықтималдығы жоғары болса;

–               актив құнын күмәнсіз сеніммен анықтауға болса;

–               материалдық емес активтерді тану сәтінде олардың бастапқы құн бойынша бағаланғанында.

              Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер.Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер, яғни бұл топқа «ноу-хоу», бағдарламалық қамтамасыз ету, ұйымдастыру шығындары, өнеркәсіптік шығындар, өнеркәсіптік үлгілер жатады.

              Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер.

         Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтерге тауар белгілері, тауардың шыққан жері жатады.

         Қолдану құқықтарымен  байланысты материалдық емес активтер.

         Бұл топқа патент, лицензияны пайдаланғаны үшін құқық, франшиза, рояльти, өнеркәсіптік үлгілер, т.б. кіреді.

Материалдық емес активтердің басқа да түрлері.

         Материалдық емес активтердің басқа да түрлеріне «Фирма бағасы» (гудвилл), интеллектуалдық меншік және т.б. кіреді.

              Материалдық емес  активтердің бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бұған оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайға  (сатып алу бағасы, орны толып өтелмейтін салықтар мен алымдар және т.б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.

Материалдық  емес активтерді мынандай түрлерге бөліп, жіктеуге болады:

      лицензиялық  келісімдер – кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе муниципалитет беретін және қоғамдық меншікті монополиялық пайдалануға (электр желілері үшін қоғамдық жерді пайдалануға  және т.б.) беретін құқытар;

      бағдарламамен қамтамасыз ету, ол әлде сатып алынады, не болмаса субъектінің өзі жасайды және  сыртқы немесе ішкі  мақсаттарға  арналады;

      патенттер – заңды  түрде танылған  және  тіркелген айрықша құқықтар. Патент белгілі бір өнімді шығаруға, не болмаса арнайы ерекше процесс пен технологияны пайдалануға эксклюзивтік құқық береді;

      ұйымдастыру шығындары (қалдырылған шығындар) – субъект шеккен  шығындар, олардан тек болашақта ғана нәтиже алынады немесе шығындар  болашақ кезеңдерге (ұйымның мекен-тұрақты ауыстыруына байланысты шығындар, ұзақ мерзімді  алдын ала төлеу – бірнеше жыл бұрын аванс болып төленетін) сақтандыру;

      гудвилл – субъектінің  жағымды сипаттамасына  байланысты сатып алуышының сауда сәтінде пайда болған құндылығы. Ол сатып алушының бухгалтерлік балансында сатылым (субъектінің тұтастай алғандағы құны) мен таза активтердің жеке-жеке нарықтық құн сомасы  арасындағы айырма ретінде  анықталады. Есеп мақсаттары үшін гудвилл фирманың алған нақты бағасы мен таза активтердің сәйкес теңестірілген әділ нарықтық бағасы  арасындағы  айырма ретінде қарастырылады. Таза капитал: «капитал минус міндеттемемлер» болып анықталады;

      басқадай (авторлық құқықтар – шығарма, әзірлеме және т.б. авторларға заңмен берілетін қорғау формалары, сауда маркалары немесе тауарлық белгілер – ұйымдарға, өнімге (көрсетілген қызметке) берілген, атаулар, рәміздер немесе сәйкестендіруді білдіретін басқалары); франшизалар – мемлекеттік меншікті пайдалану құқығына ие болу немесе коммуналдық қызмет көрсету және т.б. үшін үкіметтік органдар береді.

Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа ноу-хау, ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бip формуланы пайдалану технологиясы немесе сырткы бейнесі, өнеркәсіптік үлгілері, сервитуттары және тағы басқалары жатады.Кең мағынасында ноу-хау техникалық құжаттама түрінде рәсімделген, біpaқ патенттелмеген, белгілі бip өндірістің түpін ұйымдастыруға қажеттi өндірістік тәжipибeciнің техникалық, коммерциялық және басқа да қыр-сырларын көрсететін білім жиынтығы. Лицензиялық келісім-шарттарда, техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизингте, "кілті қолма - қол" тапсырылатын құрылыста және т.б. қызмет керсетудің сан алуан түрлерінде кеңінен қолданылады. Жаңалықтар патенті, тауар белгілері, авторлық құқықтар мен патенттік ақпараттар субъектінің менісі болып табылады. Кәсіпорын ноу-хаудың құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табыстарын бақылай алған жағдайда ғана материалдық емес активтің анықтамасына жауап бере алады.

Материалдық емес активтердің түсуі мен құрылуын есептеу

Материалдық емес активтер мыналардың нәтижесінде алынады:

Мысалы: Бағдарламалық қамтамасыз ету алынды:

а) нақты өзіндік құнға:

2732 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті             

3310 «Еншілес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шот кредиті                                                                    60 000;

ә) ҚҚС сомасына:

1420 «Өтелетін ҚҚС» шот дебеті;

         3310 «Еншілес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шот кредиті                                                                    (12%)                                                             9 000;

          б) объектіні  дайын жағдайға дейін жеткізу бойынша шыққан шығындар сомасына:

2732«Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті;

3150 «Әлеуметтік салық», 3390 «Басқадай кредиторлық берешек»                                                                  8 000;

Негізгі құралдар деп – өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Мұнда мынадай баптар ашылуға тиіс:

1) жер;

2) ғимараттар мен құрылыс-жайлары;

3) машиналар мен жабдықтар, беріліс құрылғылары;

4) көлік құралдары;

5) өзге де негізгі құралдар;

6) аяқталмаған құрылыс.

Бұған қоса түсіндірме жазуларда ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар мен төлемі кейінге қалып, сатып алынған негізгі құралдар бөлек көрсетіледі.

              Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар былай бөлінеді:

              Инвентарлық – бұл заттай  нысанға ие және айырбастау мен заттай санауға болатын объектіер (үйлер, ғимараттар, машиналар).

              Инвентарлық емес – бұл жер, орман және су дақылдарына арналған күрделі салым, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер участкесін жоспарлау, егістік алаңның өндеу).

              Негізгі құрал – жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.

              Өзіндік құн – төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаттарының эквиваленттері не болмаса активті сатып алу немесе салу сәтінде оны алуға берілген басқадай төлемдер әділетті құны.

              Бастапқы құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан,            сондай – ақ орнату, жеткізіп беру, пайдалануға қосу шығындары және т.б. шығындарынан тұрады.

              Ағымды құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

              Баланстық құн – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардық бастапқы немесе ағымдық құны.

              Әділетті құн – бір-бірінен жақсы хабардар тәуелсіз жақтардың арасында операцияны жүзеге асыру кезінде активті айырбастауға болатын сома.

              Сату құны -  бірін – бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.

              Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардық құны.

              Негізгі құралдар алғаш есепке алынған кезде оның өзіндік (бастапқы) құны мен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны есепке алған уақыт пен қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалынатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбек ақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі – бір себептермен өзгеріп отырады.

Осыған байланысты есепті мерзімге негізгі құралдардың баланстық құнының әділетті (нарықтық) құннан елеулі айырмашылығы болмау үшін кәсіпорында негізгі құралдарды қайта бағалау түрі қажет. Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі әділетті құны анықталады. Егер машиналар мен жабдықтардың ерекше сипатының болуына байланысты олардың нарықтық құны жөніндегі ақпараттар болмаса, не болмаса бұл активтер сирек сатылатын болса, онда олар тозуды алып тастағаннан кейінгі жаңғырту құны бойынша бағаланады.

              Тозу дегеніміз – негізгі құралдардың табиғи және сапалық сипатын (қасиетін) жоғалтуы.

     Негізгі құралдардың тозуы табиғи және сапалық тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы материалдық жағынан тозуы болып табылады. Жұмыс процесінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектері қажалады. Үйлер мен құрылыстар тозығы жетіп құлауға айналады. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың барынша көп пайдалануға ғана байланысты емес, сонымен қатар басқа табиғи факторлардың әсерінен де болады. Негізгі құралдардың сапалық тозуы машиналармен құралдардың толық табиғи тозығы жетпей-ақ құнсызданып, өндіріс процессінен шығып қалатындығы болып табылады. Бұл ең алдымен техникалық процесінің нәтижесі. Техникалық процестің нәтижесінде біршама арзан және өнімді машиналар пайда болып жұмысты арзан, шапшаң және сапалы орындауға мүмкіндік береді. Мұның өзі бұрын қолданып келген машиналарды табиғи тозығы жетпей-ақ ескеріп, құнсыздануына әкеліп соқтырады.

Барлық кәсіпорындар өздерінің негізгі құраладрының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп шығарып отырады.

Негізгі құралдар (ғимараттар, машиналар, көлік құралдары, т.б.) шаруашылық процесінде пайдалану нәтижесінде бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндірілетін өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл процесс «амортизация» - деп аталады.

Бухгалтерлік есептің №6 «Негізгі құралдардың есебі» деп аталатын ұлттық стандартына және №16-«Негізгі құралдар» деп аталатын қаржылық есеп беру халықаралық стандартына сәйкес амортизация дегеніміз – активтердің амортизацияланған құнын олардың пайдалану мерзімі ішінде тұрақты таратып отыратын тозудың ақшалай көрінісі.

Негізгі құралдардың қайта қалпына келтіру үшін олардың тозған бөлігінің құны дайын өнімнің өзіндік құнына амортизациялық аударымдар ретінде қосылады.

Бастапқы құны-жойылу құны/пайдалану мерзімі

Амортизациялық аударымдар дегеніміз – негізгі құралдардың амортизацияланушы құнынан есептеп шығарылған амортизацияның жылдық сомасы.

Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:

-                пайдалы кезең қызметі – бұл кезең ішінде негізгі құралдары пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;

-                нормативтік қызмет кезеңі – бұл кезең ішінде белгіленген нормаға сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.

              Негізгі құралдардың бухгалтерлік жазбаларда көрсетілуі:

              Негізгі өндірісте пайдаланылатын меншік және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша есептелінген тозу сомасына:

   Дт 8045 «Негізгі құралдардың тозуы»

   Кт 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» бөлімшесінің тиісті шоттары

   Жалпы шаруашылық мақсатқа пайдаланылатын меншікті және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдарға есептелген тозу сомасына:

   Дт 7210 «Әкімшілік шығыстар»

   Кт 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» бөлімшесінің тиісті шоттары

              Ұзақ мерзімді инвестициялар – кәсіпорындар мен ұйымдардың табысты активтеріне (акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздар, депозитке салған ақша-қаражаттары), жарғылық қорына және басқа кәсіпорын мен ұйымға салған ұзақ мерзімді (бір жылдан астам мерзімге) салымдары (инвестициялары), өзге кәсіпорындар мен ұйымдарға берілген қарыздар көрсетіледі.

Информация о работе Дебиторлық кредиторлық активткрдің есебі