Дебиторлық кредиторлық активткрдің есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 19:45, дипломная работа

Описание работы

Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті өндірістік активтермен қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты. Өндірістік активтер активтерді басқару бірқатар факторлармен анықталады: ұзақ және қысқа мерзімді активтердің құрамы мен көлемі, олардың өтімділігі, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтерді қалыптастырудың меншікті және қарыз көздері, тұрақты және айнымалы активтердің қатынасы және басқа өзара байланысты факторлар.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Бухгалтерлік баланстың актив бөлімінің теориялық
негіздері
1.1. Активтер туралы жалпы түсінік......................................................................5

1.2. Ұзақ мерзімді активтер есебі...........................................................................7

1.3. Қысқа мерзімді (ағымдағы) активтер есебі...................................................15

2. «Кеңкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының ұзақ және қысқа мерзімді активтерін талдау
2.1. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның жалпы сипаттамасы және есеп саясаты....30

2.2. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның ұзақ және қысқа мерзімді активтерінің есебі мен талдауы................................................................................................................38

2.3. Баланс өтімділігін талдау..................................................................................52

Қорытынды..............................................................................................................57

Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................60

Қосымша...........................................................................

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 761.50 Кб (Скачать)

              Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады – кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебитрлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінене кәсіпорынның “өтімділігін”, яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы – материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. 

              Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады:

              П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттеме-лер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көле-мінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын (несиелерін) өз мақсаты бойынша пайдаланбағанлдығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

              П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

              П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

              П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады3:

 

              Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс  өтімді емес.

              Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздікті “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді. 

              Баланстың топтастырылған баптарын 4-кесте түрінде көрсету орынды болады.

              Төлем қаражаттарының бірінші тобы (А1) төлем міндеттемелерін айтарлықтай жауып тұрған жоқ, ал екінші бөлігі керісінше.

              Жалпы алғанда баланс активі мен пассиві баптарының I және II топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкінділік береді. Ол қарастырылып отырған мезгілге жақын уақыттағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін (төлем қабілетсіздігін) көрсетеді. Талданып отырған кәсіпорынның жыл басында да төлем қабілеттілігінің болмағандығын, ал аяғында төлеу қабілеттілігі бар екенін көреміз. Ең өтімді және тез өткізілетін активтердің сомасы жыл басында 1 983 641 622 теңгені (88 989 514 +1 894 652 108) құрады, ал тез қайтарылуға тиіс және қысқа мерзімді міндеттемелердің, яғни жалпы ағымдағы активтер – 898 448 275 теңге, бұл 1 085 193 347 теңгеге  [(1 983 641 622 - 898 448 275) немесе (+1 894 652 108 - 809 458 761)] төлем қаражатынан аз болып тұр. Жыл соңында төлем жеткіліктілігін  4245 606 187 теңгені   [(1 202 361 893 + 3 528 614 552) – (138 124 702 + 347 245 556) = 4 730 976 445 – 485 370 258 немесе (1 064 237 191 +3 181 368 996)] құрады.

              Баяу өткізілетін активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді және болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яғни

67

 



4-кесте

«Кеңкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының

мәліметтері негізінде баланс активінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы.

теңге

Актив

                 Сомасы

Пассив

                 Сомасы

Төлеу артықтығы (+), жетіспеушілігі (-)

Жыл басында

Жыл соңында

Жыл басында

Жыл соңында

Жыл басында

Жыл соңында

1. Ең өтімді активтер

88 989 514

 

1 202 361 893

 

1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер

898 448 275

138 124 702

-809 458 761

1 064 237 191

2. Тез өткізілетін активтер

1 894 652 108

3 528 614 552

 

2. Қысқа мерзімді міндеттемелер

-

347 245 556

 

+1 894 652 108

+3 181 368 996

3. Баяу өткізілетін активтер

612 741 661

 

1 086 102 117

 

3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

-21 035 830

155 900 776

+633 777 491

+930 201 341

4. Қиын өткізілетін активтер

3 673 663 171

 

4 561 281 061

 

4. Тұрақты міндеттемелер

5 392 634 009

 

9 737 088 589

 

-1 718 970 838

-5 175 807 528

Жиыны

6 270 046 454

10 378 359 623

Жиыны

6 270 046 454

10 378 359 623

-

-

67

 



кәсіпорынның бұдан да алыс алдағы уақытқа қаржылық жағдайының жақсаруы немесе нашарлауын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді.              

              Талданып отырған кәсіпорында жыл басында да, соңында да төлем қаражаттарының айтарлықтай артықшылығы болған. Егер жыл басында оның мөлшері  633 777 491 теңге болған болса, жыл аяғында  930 201 341 теңгені құрады, немесе есепті жылы 1,5 есе өскен.

              Баланс активі мен пассиві баптарының төртінші тобының жиындарын салыстыру кәсіпорынның оның иеленушілері алдындағы міндеттемелерін жаба

алу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіздік принциніп сақтау немесе жұмыс жасап жатқан кәсіпорын үшін шаруашылық болуы талап етіледі. Ол үшін жоғарыда келтірілген теңсіздік сақталуы тиіс: А4 < П4, яғни меншікті қаражаттардың көзі иммобильді активтерден көп болуы керек.  Біз талданып отырған «Кенкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасында бұл теңсіздік сақталған, яғни меншік иелері алдындағы міндеттемелерді жаба алу мүмкіндігін көрсетеді.

              Жыл басы мен аяғында баланс активінің баптарының жиыны пассив баптарының  жиынынан сәйкесінше -1 718 970 838 теңге және -5 175 807 528 теңгеге аз болып тұр, бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының жоғары, өзінің үздіксіз қызметін жүзеге асыра алатындығын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж.

Қорытынды.

 

              Бұл дипломдық жұмыста кәсіпорынның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтерін талдау және оны жақсарту жолдары қарастырылды. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтерін талдау қаржылық жағдайды талдаудың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.

              Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеттерінің) ішіне: активтер мен олардың қалыптастыру көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу, кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу, ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің айналымдылық есебі, оның ішіндегі, дебиторлық борыш және қорлар есебі, баланс өтімділігі.

              Активтердің артуы кәсіпорынның жұмысын жақсы жағынан сипаттайды, өйткені оның одан әрі дамуына дәлел болады.

              Алайда ұйым активтері құнының артуы себептерінен талдаған кезде инфляция әсерін де ескерген жөн, өйткені оның деңгейі жоғары болса бухгалтерлік баланста көрсетілген деректердің нақты деректерден айтарлықтай ауытқуына алып келеді.

              Активтер саласы олардың қайтарымдылығы (несие портфелі үшін) және уақытында әрі шығынсыз төлем құралына айналуы (құнды қағаздар мен негізгі құралдар) тұрғысынан бағаланады.

              Талдау жұмыстары «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның құрамына кіретін «Кеңкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының бухгалтерлік баланс және басқа да қаржылық есеп беру құжаттарының ақпараттары негізінді жүргізілді.
              Инвесторлардың келуімен бұрын анықталған кен көзі 2000-2002 жылдары жаңадан бұрғыланып, мұнай өндіріле бастады. Бұл жерде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жұмыстарының үш бағытын атауға болады, біріншіден- мұнай мен газ өндірудің өсуіне байланысты ескі зауытты қайта құру және жаңа зауыт салу арқылы өндірісті кеңейту, екіншіден-Кенкияк тұз асты мұнай өндіру қарқынын арттыру, үшіншіден- осы өнім арқылы дүние жүзі нарығына шығу.

              Тұз асты терең қабаттарын игеру  Кеңкияқ кенішінің екінші тынысы екендігі бүгінгі таңда айтпаса да түсінікті. Осы бір мәнді  мәселені дұрыс түсініп, еңбектің алдыңғы қатарда жүрген цех бастықтары еліміздің экономикалық қуатына өзінің қомақты үлесін жылдан-жылға еселей түсуде.

              Компания өз қызметінде ылғи да  өзіне алған міндеттемелерін қатаң орындайды, жұмыс істеп жатқан елдің , яғни Қазақстан Республикасының  заңдарын сақтайды,әлеуметтік жұмыс беруші  және бизнес бойынша адал және ізгілікті әріптес ретінде болуға ұмтылады. Компания тұтасынан  қоғам алдындағы  бизнес жауапкершілігін , өз қызметкерлерінің бірінші кезектегі маңыздылығы мен құндылығын сезіне отырып, өзінің барлық қызметкерлері үшін еңбектің барынша қолайлы жағдайларымен қамтамасыз етуге, олардың әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді алуына  ерекше көңіл бөледі.

              Аяқтай келе істелінген жұмыстар бойынша қорытындылар жасау қажет. Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде кәсіпорынның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтерін талдау және активтердің өтімділігі жұмысы зерттелді.

Есепті жылда барлық активтер құны +4 108 313 170 теңгеге, немесе +124,05%-ға артқанын көрсетеді. Инфляциялық процестер орын алмағандықтан, активтердің өсуі кәсіпорын жұмысын жақсы жағынан сипаттайды және оның одан әрі даму үстінде екеніне, өндірістік әлуетінің күшею үстінде екеніне дәлел болады.

              Қысқа мерзімді активтерді қарастырсақ, ондағы активтер ұтқырлығының коэффициенті есепті кезеңнің басында 0,03, ал соңында 0,21-ті құрады, бұл кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің сенімділігіне дәлел болады.

              Ұзақ мерзімді активтердің ішінде бұл жылы қолданыста негізгі құралдар, материалды емес активтер, басқа да ұзақ мерзімді активтер ғана болғанын көреміз. Мысалы, материалдық емес активтер 0,08%-дан 0,003%-ке азайды. Негізгі құралдар – 0,06 - ға артқан. Яғни бұл мерзімде операциялардың аз болғанын білеміз.

              Менің қоятын ұсыныстарым:

              Бұл жылы кәсіпорынның айналым күші, яғни жұмыс күші ақырын жүргенге ұқсайды. Бұл актив құрылымының аз бөлігі ғана айналымда болғанын көрсетеді. Бірақ өтімділік теңсіздігі арқылы кәсіпорынның міндеттемелерін өтей алатынын және ақша қаражатының жоғары екенін көруге болады.

              Болашақта жақсы жетістіктерге жету үшін дебиторлар меншікті үлесін көбейткен, инвестицияны айналымда ұстаған жөн деп ойлаймын және бұл пікірді болашаққа қарасақ көруге болады.

              Болашаққа қарасақ, «Кеңқияқмұнай» МГӨБ –ғы өндірістік-шаруашылық қызметтің әрі қарай дамуы инвестициялық салымдардың көлеміне байланысты.

         «СНПС-Ақтөбемұнай» АҚ   Кеңқияқ тұз үсті және тұз асты Кен орындарын игеру үшін келесігідегідей қаражатты бөлуде:

2007   жыл -130 196 мың АҚШ доллары

2008   -.2010 жылдары әр жылда 132 196 мың АҚШ доллары.

              Қорытындылай келе, мынаны айтып кеткім келеді, толық және уақытылы қамтамасыз етілу кәсіпорынды қорлардың түрлері, сапалылығы және оларды сақталу және тасымалдау кезінде жоғалтуының, жетіспеушілігінің аздығы, қорларды қолдана білуді жақсарту саласы, шығыстардың азаюымен, жұмыскерлер мамандығының жоғарлауымен қамтамасыз етеді. Кәсіпорында уақтылы және толық резервтерді қолдана білу, бұл өнімді өндіру жоспарындағы негізгі қажет шарттары және өзіндік құнның төмендеуі, рентабельділіктің және пайдалану шарттарының орындалуы алда тұруы.

              Біздің ойымызша, «Кеңкиякмұнай» МГӨБ толық батылдықпен және сенімділікпен ілгермелі қозғалыспен алға жүруде, алғашқы жыл жаңа жүз жылдық, қоғамның тұрақты және ұзақ дамуына күмәніміз жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Дебиторлық кредиторлық активткрдің есебі