Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 19:45, дипломная работа
Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті өндірістік активтермен қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты. Өндірістік активтер активтерді басқару бірқатар факторлармен анықталады: ұзақ және қысқа мерзімді активтердің құрамы мен көлемі, олардың өтімділігі, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтерді қалыптастырудың меншікті және қарыз көздері, тұрақты және айнымалы активтердің қатынасы және басқа өзара байланысты факторлар.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Бухгалтерлік баланстың актив бөлімінің теориялық
негіздері
1.1. Активтер туралы жалпы түсінік......................................................................5
1.2. Ұзақ мерзімді активтер есебі...........................................................................7
1.3. Қысқа мерзімді (ағымдағы) активтер есебі...................................................15
2. «Кеңкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының ұзақ және қысқа мерзімді активтерін талдау
2.1. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның жалпы сипаттамасы және есеп саясаты....30
2.2. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның ұзақ және қысқа мерзімді активтерінің есебі мен талдауы................................................................................................................38
2.3. Баланс өтімділігін талдау..................................................................................52
Қорытынды..............................................................................................................57
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................60
Қосымша...........................................................................
Ағымдағы шоттан жабдықтаушылардың алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін қойған шоттары төленеді, бюджет пен есеп айырысулар, еңбекақыға, зейнетақыға, жәрдемақыға және шаруашылық қажеттіліктерге қолма-қолсыз ақша беру жүргізіледі. Ағымдағы шотқа соманы есептеп жазу немесе есептен шығару жөніндегі операциялардың шоттың жазбаша құжаты негізінде ақшалай немесе олардың (жабдықтаушылардың, мердігерлердің төлем құжаттарын төлеу) келісімімен, шаруашылық істері жөніндегі алқаның, соттардың, салық және қаржы органдарының шешімі бойынша даусыз тәртіппен өндірілетін төлемдерден басқасы, жүргізіледі. Ағымдық шоттағы қаражат жеткіліксіз немесе мерзімінде төленбеген барлық құжаттар қаржы түскен мүмкіндігіне қалай төленеді.
Банктегі ақшаны пайдаланғаны үшін банк шартпен белгіненетін мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлейді.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асады. Осы заңнамалық және нормативтік құжаттармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мынандай негізі формалары ұсынылады:
1. төлем тапсырмасы;
2. чек;
3. вексель;
4. төлемдік талап-тапсырма;
5. аккредитив;
6. инкассолық өкім, салық қызметі органдары мен кеден органдарының инкассолық өкімі.
7. Ұлттық банктің кұқықтық-нормативтік актілерімен белгіленген басқа да төлем құжаттары.
Төлеуші мен алушы арасындағы қаражат есептеу формалары шартпен немесе келісіммен белгіленеді.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу дегеніміз - ақша жіберушінің тапсырмада көрсетілген сомада бенефициар (ақшалай қаражатты алушы) пайдасына ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы-банкке тапсырмалары.
Ақша жіберуші қызмет көрсететін алушы-банкке белгіленген формадағы бланкпен төлем тапсырмасын ұсынады.
Ақша жіберуші «төлем белгілеуі» жолында атауды, негізінде ақша аудару атқарылатын құжаттың нөмірі мен ай-күні, жылын, сондай-ақ «Төлем белгілеуінің коды» жолында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 16 мамырындағы №195 қаулысына сай - төлемнің кодтық белгілерін көрсетуге міндетті.
Тапсырмалар тауарлық емес есептеулер немесе көрсетілген қызметпен алдын ала төлеу бойынша операциялар жүргізе алады. Төлем тапсырмасы/ақша аудару өтініші банк жазылған ай-күні, жылы көрсетілуімен он күнтізбелік күн ішінде қабылдайды. Сонымен қатар төлем кұжаттарына төлем негізділігін растайтын кұжаттар тіркеледі.
Төлемдік талаптар-тапсырмалармен есеп айырысуда бенефициар (қаражатты алушы) банкке тиелген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін толеу туралы ақша жіберушіге талабы бар, көрсетілген талапты растайтын құжаттар негізінде ұсынылатын есептік құжат береді. Бенефициар бенефициардың банкісіне төлем талап-тапсырмаларын және төлем талап-тапсырмалары тізілімін ұсынады. Бенефициардың барлық деректемелерін толық толтырудың тексеріп, оны ақша-берушінің банкісіне жөнелтеді.
Бұл есеп айырысулар төлеушінің акцепті (келісімі) бойынша немесе акцепсіз атқарылады. Төлемдік талап-тапсырмасын төлеуші толығымен немесе бөліп төлеуге қарсылығын оған қызмет көрсететін банк төлемдік талап-тапсырма алғаннан бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды. Төлеуге немесе төлеуші алған төлемдік-тапсырмасына тиісті қолдар қойылған, мөр бедерлемесімен барлық данада рәсімдейді, оны қызмет көрсететін банкке тапсырады.
Инкассолық өнім ақша өндіру туралы сот шешімдері, үкімдері, белгілеулері мен қаулылары немесе сот бұйрығы бойынша берілетін орындау қағазының түпнұсқалары тіркеліп, заңнамалық актілерде (сызба) қарастырылған жағдайларда, осы өндірудің негізділігін растайтын көшірмелерді қосып, сондай-ақ салық пен кеден қызметі органдарының инкассолық өкімдері, оларға растаушы кұжаттар тіркелмейді, бюджеттік сыныптауыш код пен операция түрі көрсетіледі, ақша жіберушінің келісімінсіз банк шоттарынан ақша алу үшін қолданылады.
Инкассолық өнім ақша жіберілетін банкісіне үш дана болып, ал бенефициар банкіне - төрт данамен ұсынылады.
Аккредитив дегеніміз - шарт бойынша контрагенттің пайдасына клиенттің тапсырмасымен берілетін банктің шартты ақшалай міндеттемесі, ол бойынша аккредитив ашқан банк көрсетілген бенефициармен төлем жасайды немесе аккредитивте көзделген кұжаттарды ұсынған жағдайда немесе аккредитивтің басқа шарттарын орындағанда басқа банкке мұндай төлемдерді атқаруға өкілеттілік беру.
Банк Занды тұлғалармен келісім бойынша белгіленген мерзімде немесе күнделікті оған үзінді көшірме, яғни банк шотындағы ақшалай қаражаттың қозғалысы жөнінде жазылған жазбалардың көшірмесін береді. Мұнда негізіне сүйеніп, ақшалай қаражаттың есепке алынғаны немесе есептен шығарылған құжат нөмірлері көрсетіледі Банк ақшалай-есеп құжаттарын өзі жүргізген банк шоттары операцияларын дәлелдеу үшін үзінді көшірмеде көрсетілген сомалардың дұрыстығын тексереді және қате табылса, бұл жайында бірден банкке хабарлайды.
Ағымдық шоттағы операцияны көрсету үшін 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты», 1050 «Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты», шоттары қолданылады. Бұл шоттардың дебеті бойынша ақшалай қаражаттың түсуі, ал кредиті бойынша - азаюы көрсетіледі. Банктің ақтаушы кұжаттармен тіркелген үзінді көшірмелері есеп шот бойынша жазбаға негіз болады. Банктің үзінді көшірмелері тексеріледі және өңделеді, яғни сомалармен қатар шот корреспонденциялары жасалады.
Есеп шотта деп саналатын ақшалай қаражатты сақтау мен пайдаланудан бос занды тұлғалар банктерде арнайы шоттарда қаржы ұстайды. Бұл қаражатты есептеу үшін 1060 «Депозиттік банк шоттарындағы ақша қаражаты», 1070 «Арнайы шоттардағы ақша қаражаты» шоттары қарастырылған.
Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау, ақшалай қаражатты түгендеу
Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау жүйесі активтерді қорғау; субъектінің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету; бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар болып табылады.
Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ұрлық тәуекелі кейбір адамдардың есеп жүйесіне қолы жетіп, ақшалай қаражатты тузетуге рұқсат алу мүмкіндігіне тікелей байланысты. Ақшалай қаражаттың қозғалысын ішкі бақылау мынандай функцияларды орындауы тиіс:
- ақшалай қаражатты жеке сақтау мен жеке есептеу;
- қолма-қол есеп айырысу жасалған операциялардың барлығын есептеу;
- кассада тек қажетті қалдықты сақтау;
- кассадағы қалдықты мезгіл-мезгіл тексеріп есептеу;
- ақшалай қаражатты физикалық бақылау. Түсімді бақылау;
- ақшалай қаражаттардарды бақылау;
- есеп шоттардағы ақшалай қаражатты бақылау;
- кассалық қалдықты салыстыру;
- есеп шоттардағы ақшалай қаражатты бақылау;
- кассалық қалдықты салыстыру;
- есептік (валюталық) шоттарды салыстыру.
Кассадағы ақшалай қаражатты кассада деп саналатын ақшалай қаражаттың бар-жоғын айқындау және қатаң есептегі банктерді парақтау санап шығу жолымен түгендейді. Түгендеу корытындыларын «Ақшалай қаражаттың бар-жоғын түгендеу актісімен» жеке рәсімдейді
Кассаны түгендеу кассалық операцияларды жүргізудің шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен және дайындалған ережелерге сәйкес өткізіледі. Қатаң есептегі құжаттар мен бланкілер (авиа және теміржол билеттері, бензинге талон және басқалары) кассаларын түгендеу, әдетте кенеттен, кассир мен бас бухгалтердің қатысуымен, кассада сақталатын басқа құндылықтарды тексеріп және қолма-қол ақшаны түгел парақтап санау арқылы жүргізіледі. Түгендеу басталғанға дейін (бірнеше касса болған жағдайда) олар мөрленіп жабылады. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп жасап, ақшалай қаражаттың қалдығын кассалық кітап бойынша шығарады. Кассирден барлық кірістік және кассада кіріске алынбаған және есептен шықпаған сома жоқ деген қолхат алынады. Ақша саналғаннан соң кассадағы ақшалай қаражатты түгендеу актісі жасалады. Алынған түгендеу қорытындысы бухгалтерлік есептің мәліметтерімен кассалық кітап бойынша салыстырылады. Актіде кассирдің табылған бұрмалаулар туралы түсініктемесі мен түгендеу қорытындысы бойынша бұдан былайғы шешімі туралы басшысының қарары (резолюция) жазылады.
Ақша қаражатының туралы есеп беру қаржылық есеп-қисаптың міндетті құрамдас бөлігі болып табылады және ақша қаражаттары мен олардың экиваленттерінің келіп құйылуы мен шығуы. Ақша экиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары және облигация, вексель және т.б. жатады. Ақша түсімді туралы ақпарат, біріншіден кәсіпорынның ақша қаражаттары мен олардың экиваленттерін табу қабылеті , сондай – ақ ақша түсімдерін пайдалануға кісіпорынның мұқтаждығын бағалауға көмектеседі. Екіншіден, кәсіорынның таза активтеердегі өзгерісті, оныың қаржы құрылымын, сондай-ақ өтімділік пен төлем қабылетін бағалауға көмектеседі . Үшіншіден, әр түрлі кәсіпорындағы операциялық қызмет туралы есеп берулерді салыстыруға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаты - субъектінің кассада және банктерде шоттарында жатқан барлық ақшасы.
Ақша қаражатының қозғалысы – олардың келіп түсуі мен шығуы . Ақша қаражатының туралы есеп Субъектінің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құраында беріледі.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп берудің негізгі мақсаты:
заңды тұлғаның есеп беру кезеңі ішінде ақша қаражатының келіп түскені және шыққаны туралы;
заңды тұлғаның есеп беру кезеңіндегі операциялық, инвестициялық жән қаржылық қызметтері туралы ақпарат беру болып табылады.
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдалануы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттры мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдалануы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдалануы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянға ағымды активтер мен міндеттемелерге, ақша операцияларының өзгерісіне , сондай-ақ инвестициялық немесе қаржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын кірістеріне немесе зияндарына қарап түзетулер енгізіледі.
Дебиторлық борыш деп белгілі бір қарым–қатынасқа байланыстызаңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субьектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субьектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай–ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субьектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады. Осы субьектіге берешек борышы бар кәсіпорындар мен ұйымдар және тұлғалар дебиторлар болып табылады.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарына есептелінеді. 1 жылдан астам уақыт ішінде алынатын дебиторлық борыштар ұзақмерзімді активтерге жатады.
Дебиторлық берешектер қатарына жататындар:
- сатып алушылар мен тапсырысшылардың дебиторлық берешегі;
- еншілес ұйымдардың дебиторлық берешегі;
- қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың, филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің дебиторлық берешегі;
- қызметкерлердің дебиторлық берешегі;
- жалдау бойынша дебиторлық берешек;
- алуға сыйақылар;
- күмәнді талаптар бойынша резервтер;
- өзге де дебиторлық берешек.
Есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді. Саудалық дебиторлық берешек - негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген кызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы. Саудалық емес дебиторлық берешек іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (субъект қызметкерлеріне немесе филиалдарына аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер, алуға арналған депозиттер мен проценттер, үкімет органдарына салықтарды қайтару жөніндегі тілек-талап және басқалар) пайда болады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар жүйесінде дебиторлық берешектің пайда болуы субъектінің шаруашылық іс-әрекетіндегі объективті процесс болып саналады. Дебиторлық берешек пайда болу сипатына қарай қалыпты және ақталмайтын болып бөлінеді. Субъектінің өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айырысудың қолданыста жүрген нысандарымен пайда болғандары қалыптыға жатады. Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек ақталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшіліктер, тауарлық-материалдық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.
Сатып алушылар мен тапсырысшылардың дебиторлық берешегінің есебі.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінің есебі 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқамерзімді дебиторлық берешегі» және 2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақмерзімді дебиторлық берешегі» шоттарында жүргізіледі, және олар сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға бережақ қарыздары туралы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Бұл шоттар активті шоттар, олардың дебетінде борыштың сомасы жазылса, кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар сатып алушыларды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, оларға көрсетілген қызметтері сомасын білдіреді.
Сатып алушылармен, тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары арнаулы тізімдемелерде есептелініп, сатылған айналымнан тыс активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлық–материалдық қорлар бойынша шот - фактуралары жинақталып, топтастырылады. Тізімдемелердегі жазулар шот-фактуралар негізінде активтердің топтары бойынша жазылады. Тізімдеменің сатып алушылар бойынша ай басындағы қалдығы көшіріледі және ай ішіндегі сатылған активтердің сандық көрсеткіштері көрсетіледі.
Информация о работе Дебиторлық кредиторлық активткрдің есебі