Дебиторлық кредиторлық активткрдің есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 19:45, дипломная работа

Описание работы

Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті өндірістік активтермен қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты. Өндірістік активтер активтерді басқару бірқатар факторлармен анықталады: ұзақ және қысқа мерзімді активтердің құрамы мен көлемі, олардың өтімділігі, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтерді қалыптастырудың меншікті және қарыз көздері, тұрақты және айнымалы активтердің қатынасы және басқа өзара байланысты факторлар.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Бухгалтерлік баланстың актив бөлімінің теориялық
негіздері
1.1. Активтер туралы жалпы түсінік......................................................................5

1.2. Ұзақ мерзімді активтер есебі...........................................................................7

1.3. Қысқа мерзімді (ағымдағы) активтер есебі...................................................15

2. «Кеңкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының ұзақ және қысқа мерзімді активтерін талдау
2.1. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның жалпы сипаттамасы және есеп саясаты....30

2.2. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның ұзақ және қысқа мерзімді активтерінің есебі мен талдауы................................................................................................................38

2.3. Баланс өтімділігін талдау..................................................................................52

Қорытынды..............................................................................................................57

Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................60

Қосымша...........................................................................

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 761.50 Кб (Скачать)

Тауарларды   сату   мен   сатып   алу   кезіңдегі   барлық   қатынастар, жеткізу   келісімдері, консигнация   туралы   келісімдер   мен   сату   және   сатып   алу   келісімдері, келісім   шарттары   рәсімделінеді. Келісімнің   басты   объектісі   тауар   болып   табылады. Сондықтан   келісім   шартта   олардың   сипаттамасы   толығымен   көрсетіліп, оның   бағасы, келісілген   жалпы   құны   аталып   көрсетіледі.

Келісім-шартта   қосылған   құн   салығы   көрсетілмейді, алайда   шот–фактурада   салықтық   сомасы   болуы   міндетті.

Жұмысшылардың дебиторлық берешегінің есебі.

Жұмысшылардың дебиторлық берешектерінің есебі 1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» және 2150 «Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттарда жұмысшылардың дебиторлық берешектерінің қозғалысымен байланысты операциялар көрсетіледі:

-         активтерді сатып алу, қызметтерді төлеу, қызметтік іссапарлар және басқалар бойынша берілген есепті ақша қаражаттары бойынша;

-         жұмысшыларға берілген қарыздар бойынша, және сонымен қатар келтірген материалдық зияндарын өтеу бойынша (жетіспеушілік, ұрлау, бүліну, т.б.) берешек, өзге де жұмысшылардың дебиторлық берешктері.

Күмәнді   дебиторлық   борыштар   есебі

Сатып   алушылар   мен   тапсырыс   берушілер   заңды   немесе   жеке   тұлғалармен   төлем   қабілеттілігін   анықтау   нәтижесін   арттырғанымен, оларға   несиеге   сатылған   тауарлар   немесе   көрсетілген   қызмет   үшін   уақытында   есеп   айырыспай, және   де   алынуға   тиісті   сомалардың   бір   бөлігі   ғана   өтеліп, қалған   бөлігінің   алынбай   қалуы   іс-тәжірибеде   кездесіп   отырады.

Мұндай   жағдайлардың    алғашқы   нысандары   болып   борышкер  кәсіпорындардың    банкрот   болуы   немесе   ол   кәсіпорындардың   таратылуы, сондай-ақ   борышты   талап   ету   мерзімі   өтіп   кетуі   болып   табылады. Сатып   алушылардың   келісім-шартқа   сәйкес   белгіленген   мерзімде   төлемеген   шоттары   күмәнді   қарыздары   деп   аталады. Күмәнді   қарыздарға   уақытында   төленбеген, жабылмаған   және   тиісті   кепілдікпен    қамтамасыз   етілмеген   дебиторлық   борыштар   жатады. Қазақстан  Республикасының  заңына   сәйкес   талап  ету   мерзімі   өтіп   кеткен    дебиторлық   берешек   күмәнді   қарыз   болып   саналады. Өтелу-өтелмеуі  белгісіз, күмәнді    тудыратын   борыштарды   есептен   шығару   екі   әдіс  арқылы   жүзеге   асырылады.

Біріншісі  - тікелей   есептен   шығару   әдісі, мұнда   шығындар   нақты   шоттардың   үлгісі   деп   танығаннан   кейін   ғана   тікелей   есептен   шығарылады. Екіншісі – резервтік   әдіс,  бұл   жағдайда   шығындар   алдын–ала   қарастырылған   тәсілмен   есептелінеді.

              Кәсіпорындар   күмәнді   қарыздарға   шығындардың   есебінен   резерв   құра   алады. Күмәнді   қарыздар   бойынша   резервтердің   есебі   1290 “Күмәнді талаптар   бойынша    резерв” шотында есеп   беретін   жылдың   соңында   жабдықтаушылар   мен   сатып   алушылар   арасындағы   дебиторлық   борышқа   түгендеу   жүргізу   нәтижесінде   жасалынады.

              Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай: қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өciмi немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай турган жылжымайтын мул!ктер де жатады. Каржылык инвестицияның 6ip түpi болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді— ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай eтiп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс 6ip мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) кұнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (6ip жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.

Қаржылық инвестициялар мыналарға жіктеледі:

                       қысқа мерзімді – баланста не белгілі бір күні ғана әрекет есетін ағымдағы нарық бағасымен, не ағымдағы сатудың төмен бағасымен ескеріледі. Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдық сатудың төмен бағасы бойынша ескерілсе, баланстық құн не тұтастай құнды қағаз портфелі негізінде, не инвестиция түрінде немесе жекелеген инвестиция негізінде анықталады.

                       ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайта бағалау барысында бағалау сомасы өзіндік капиталдың өсуіне қатысты болады. Арзандатулар сомасы (сумма уценки) бір ғана сол инвестицияның бағалау сомасы есебінен жүзеге асырылады, ал бағалау сомасы болмаған кезде оның кеміген сомасы залалға жатады. 

1310 «Материалдар» есебі мына шоттарда жүргізіледі:

1)                      шикізат және материалдар;

2)                      сатып алынатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар мен тетіктер;

3)                      отын;

4)            ыдыс және ыдыстық заттар;

5)            қосалқы бөлшектер;

6)            өзге де материалдар;

7)            өңдеуге берілген материалдар;

8)            құрылыс материалдары және басқалар.

«Шикізаттар мен материалдар» шотында - өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның негізін жасайтын немесе өнімді дайындағанда оның керекті құрастырушысы болып табылатын шикізаттар мен негізгі материалдардың, өнім өндіруге қатысатын немесе шаруашылық қызметіне, сондай-ақ техникалық мақсатқа пайдаланатын, өнім өндіру үдерісіне әсер ететін материалдардың ұйымдардағы есебі, олардың кіріске алынуы мен шығыс етілуі есептеледі.

«Сатылып алынған жартылай фабрикаттар» шотында - өндіріліп шығарылатын өнімді жинақтау үшін сатылып алынған өңдеу және жинақтауды керек ететін жартылай фабрикаттардың, жинақтауыш бұйымдардың, бөлшектердің кәсіпорындағы есебі жүргізіледі.

«Отын» деп аталатын шотта – тасымалдау құралына пайдаланатын, сондай-ақ өндірістің технологиялық қажетіне, энергия өндіруге және үйді жылытуға пайдаланатын (мұнай өнімдері мен фтор, газ, көмір және т.б.) отындардың қалдығы және кірісі мен шығысы есептеледі.

«Ыдыс және ыдыстық материалдар» шотында ұйымдағы ыдыс және ыдыстық материалдардың барлық түрлерінің (шаруашылық құралы ретінде пайдаланатындардан басқасы), сондай-ақ ыдыстарды өндіріп (жасап) шығаруға, оларды жөндеуге арналған материалдар мен бөлшектердің кіріске алынуы мен шығыс етілу есебі жүргізіледі. Жабдықтаушы, өткізуші немесе саудамен айналысатын кәсіпорындар тауарлар салынған ыдыстарды «атылып алынған тауарлар» шотында есептейді.

«Қосалқы бөлшектер» деп аталатын шотта ұйымның пайдалануындағы машиналар мен жабдықтарды, тасымалдау құралдарын және т.с.с. жөндеуге, мүжілген жерлерін ауыстыруға арналған қосалқы бөлшектердің кірісі мен шығысы және қалдығы есептеледі.

«Өзге де материалдар» деп аталатын шотта өндіріс қалдықтары, түзілмейтін өндіріс ақаулары, ұйымның өзінде материал, отын немесе қосалқы бөлшек ретінде пайдалануға жарамайтын есептен шығарылған негізгі құралдарды бұзғаннан алынған материалдардың, металл сынықтарының есебі жүргізіледі. Сонымен қатар бұл шотта ауыл шаруашылық кәсіпорындары өз өндірісіне қажетті тұқымдарды, отырғызылатын көшеттерді, мал азығын дайындаудағы тыңайтқыштарды, ауыл шаруашылық дақылдарын дайындауда зиянын тигізетін жәндіктермен күресу үшін пайдаланатын улы химикаттар мен дәрі-дәрмектерді және т.б. материалдарды есептейді.

«Өңдеуге берілген материалдар» шотында қайта өңдеу үшін басқа ұйымдарға берілген, келешекте өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнының құрамына кіретін материалдар есептеледі.

«Құрылыс материалдары және басқалар» атты шотта тікелей құрылыс салуға және монтаж жұмыстарына, сондай-ақ құрылыс бөлшектерін дайындауға пайдаланатын материалдар және құрылыс қажетіне керекті басқадай материалдар есептеледі.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер құрамында есептеледі, оларды қысқа мерзімді дебиторлық борыштар деп атаймыз. Олардың қатарына жататындар:

1)                      тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;

2)                      вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;

3)                      негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;

4)                      ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық борышы;

5)                      ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;

6)                      басқадай дебиторлық борыштар. 

Алдағы кезең шығындары деп – есеп беретін кезеңде шығарылған, бірақ келесі есеп беретін кезеңнің шығындарына жататын шығындарды айтады, есепті күннен бастап бір жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін. Олардың қатарына жататындар:

1)                      алдын ала (мерзімінен бұрын) төленген сақтандыру полисінің  сомасы;

2)                      келесі кезеңдерге жазылған газет, журнал және басқа да ақпарат құралдарының құны;

3)                      маусыммен жұмыс істейтін өндірістердің маусымдық шығындары және тағы да басқалар.

Осы айтылғандармен қатар алдағы кезең шығындарына жаңа өндірісті дайындау және меңгеруге байланысты шығындар, кен өндіруші өнеркәсіпті пайдалануға дайндау жұмыстарының шығындары, жаңа кәсіпорындарды іске қосу шығындары жатады.

«Сақтандыру полисі» шотында төленген сақтандыру полисінің сомасы есептеледі.

«Жалдау ақысы» шоты алдағы кезеңдер үшін төленген жал төлемдерінің сомасын көрсетеді.

«Басқадай алдағы кезең шығындары» шоты «Сақтандыру полисі» мен «Жалдау ақысы» деп аталатын шоттарда аталмай кеткен басқадай алдағы кезең шығындары жайлы ақпараттарды есептеу үшін арналған.

Қысқа мерзімді қаржы салымына бір жыл мерзім аралығында пайдаланатын қаржы салымдары жатады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың өздерінің салған қысқа мерзімді қаржы салымы негізінде шығын шегуі қаржы салымының қор биржаларындағы немесе биржадан тыс нарығындағы ағымдағы құны кеміген жағдайда ғана болуы мүмкін1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1В.Л. Назарова. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» / Оқу құралы. – Алматы: Экономика -2005ж.

 

2. «Кеңкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтерін талдау

2.1.  «Кеңкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының жалпы сипаттамасы және есеп саясаты.

 

 

              Ақтөбе облысы мұнай кеніштерін игеруді іске қосуды жеделдетіп жүргізу мақсатымен мұнай өнеркәсібі министрлігінің 1981 жылғы 10 наурыздағы бұйрығымен «Ақтөбемұнай» өндірістік бірлестігі құрылды.

              Оның құрамында Октябрьск МГӨБ, «Кеңкияқмұнай» МГӨБ, сондағы құрылыс монтаж басқармасы, технологиялық транспорт басқармасы, Жақсымай өндірістік – техникалық қызмет көрсету басқармасы кірді. «Ақтөбемұнайгаз» АҚ балансында мұнай қоры өте көлемді. Кеңкияқтағы тұз үстіндегі кеніш 1966 жылдан игеріліп келеді.

              Тұз үстіндегі терригендік юра бор және жоғары пермтриас түзілімдері кешендеріндегі мұнай кеніштерін іздестіру мен барлау Кеңкияқ, Ақжар, Қаратөбе және басқа кеніштердің мұнайын зерттеу тұз астындағы және тұз үстіндегі түзілімдердің генетикалық бірлігін айқын дәлелдеді. Кейбір пайда болған жәйттерден кейін мынадай жағдай да болуы мүмкін, бұл кезде тұз басқаша бөліске түседі, ондайда тұз үстіндегі түзілімдер тұз астындағы қалыңдықтармен контакт жасайды. Олардың бөлшектенуі терең шөгінділердің қақ айырылған тұстар арқылы өтеді. Тұз үстіндегі түзілімдердің мұнай кешінтерінде таралу заңдылығын оның терең тектоникадағы көрінісімен байланыстыру керек, тұз үстіндегі кешендегі терең түзілімдердің қақ айырылу белсенділігі көмірсутегінің тұз астындағы түзілімдерден тұз үстіндегі түзілімдерге көшуімен тікелей байланысты. Бұдан әрі мұнай кені пайда болады да, одан соң деградацияға ұшырап, ақыр соңында қалыпты және жоғары жабысқақты мұнай және мұнай битумды жыныстар кенішінің орналасуына алып келеді. Ең бастысы шетел инвестициясының берер пайдасы, әкелер жетістігі ғана межелі биікке жетуге мүмкіндік жасай алады.

              1913 жылы бұл өңірге «Ағайынды Нобельдер» мұнай компаниясы келіп, жер қойнауына алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мұнай көздері бар екендігін жобалаған.

              1997 жылдың маусым айынан бастап «Ақтөбемұнайгаз» ашық акционерлік қоғамы, акцияларының бақылау пакетінің 60,3% бөлігін сатып алған Қытай Ұлттық Мұнай Корпорациясы құрамына өтті. Қазақстан Үкіметімен келісім шартқа отырған КҰМК алдағы 20 жыл мерзім ішінде мұнайгаз өндіру саласына 4 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуға уәде еткен.

Информация о работе Дебиторлық кредиторлық активткрдің есебі