Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 19:45, дипломная работа
Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті өндірістік активтермен қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты. Өндірістік активтер активтерді басқару бірқатар факторлармен анықталады: ұзақ және қысқа мерзімді активтердің құрамы мен көлемі, олардың өтімділігі, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтерді қалыптастырудың меншікті және қарыз көздері, тұрақты және айнымалы активтердің қатынасы және басқа өзара байланысты факторлар.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Бухгалтерлік баланстың актив бөлімінің теориялық
негіздері
1.1. Активтер туралы жалпы түсінік......................................................................5
1.2. Ұзақ мерзімді активтер есебі...........................................................................7
1.3. Қысқа мерзімді (ағымдағы) активтер есебі...................................................15
2. «Кеңкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының ұзақ және қысқа мерзімді активтерін талдау
2.1. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның жалпы сипаттамасы және есеп саясаты....30
2.2. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның ұзақ және қысқа мерзімді активтерінің есебі мен талдауы................................................................................................................38
2.3. Баланс өтімділігін талдау..................................................................................52
Қорытынды..............................................................................................................57
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................60
Қосымша...........................................................................
Мұнда мынадай баптар ашылады:
1) еншілес ұйымдарға берілген инвестициялар;
2) тәуелді ұйымдарға берілген инвестициялар;
3) бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға берілген инвестициялар;
4) жылжымайтын мүлікке инвестициялар.
Шаруашылық жүргізуші субъект акцияға ие болуға жолымен немесе үлестік қатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерге қаржылық жұмсалымды тудыра алады.
ә) құндық әдіспен – инвестиция сатып алу сәтінде сату құны бойынша көрініс табатын есеп әдісі. Инвестициядан түсетін табыс инвестордың кіріс және шығыс туралы есебінде сатып алған күннен кейін пайда болған шаруашылықты серіктестікте жиналған таза табыстың жалпы сомасынан тиесілі дивиденттер көлемінде танылады.
Ағымдағы активтер тарауында ұйымның материалдық құндылықтары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымдары, алдағы кезең шығындары, ақшалары және басқа да ағымдағы активтері қарастырылады.(кесте-2) Ағымдағы активтер кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелерін өтеу барысында қабілеттілігі жоғары, яғни тез арада өзінің құнын басқа заттарға айырбастай (өзгерте) алатын мүліктер болып табылады.
Ағымды және ұзақ мерзімді активтер кәсіпорынның өндірістік процесіне тікелей қатысып, нәтижесінде өндірілген өнімнің нақты өзіндік құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады. Сол себепті, кәсіпорындардың өндірілген өнімінің және жалпы кәсіпкерлік қызметінің рентабельділігі қысқа (ағымды) активтерді басқару жүйесін тиімді ұйымдастыруды талап етеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған, бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активтері болып табылады.
Шоттар жұмыс жоспарынан үзінді
1010 | Ақша қаражаты Кассадағы ақша қаражаты |
1020 | Жолдағы ақша қаражаты |
1030 | Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты |
1040 | Қарт – шоттардағы ақша қаражаты |
1050 | Жинақтау шоттарындағы ақша қаражаты |
1060 | Өзге де ақша қаражаты |
1110 | Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары Қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар |
1120 | Сауда арналған қысқа мерзімді қаржылық активтер |
1130 | Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді инвестициялар |
1140 | Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы инвестициялары |
1150 | Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары |
1210 | Қысқа мерзімді дебиторлық берешек Сатып алушылар мен тапсырушылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі |
1220 | Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі |
1230 | Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі |
1240 | Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі |
1250 | Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі |
1260 | Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек |
1270 | Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар |
1280 | Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек |
1290 | Күмәнді талаптар бойынша резерв |
1310 | Қорлар Шикізат және материал |
1320 | Дайын өнім |
1330 | Тауарлар |
1340 | Аяқталмаған өндіріс |
1350 | Өзге де қорлар |
1360 | Қорларды есептен шығару бойынша резерв |
1410 | Ағымдағы салық активтері Корпоративтік табыс салығы |
1420 | Қосылған құн салығы |
1430 | Өзге де салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер |
1510 | Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер |
1520 | Сатуға арналған істен шығатын топтар |
1610 | Өзге қысқа мерзімді активтер Берілген қысқа мерзімді аванстар |
1620 | Алдағы кезең шығындары |
1630 | Өзге де қысқа мерзімді активтер |
Ақша қаражаттары – пайдалануына шек қойылған ақша қаражаттарынан шектеулер бір жыл ішінде алынып тасталса, олар ағымдағы активтерге қосылады.
Есепте кассалық операцияларды жүргізу мен көрсету тәртібі
Ақшалай каражатты басқарудың қаржы нарығындағы өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялык процестерді заманға сай жанғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етеді. Сондықтан ақшалай қаражатпен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субьект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.
Касса - бұл акша сақталуын камтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме. Операция жүргізетін уакытта есіктер ішкі жағынан жабылады, сейфтің кілттері кассирде сақталады, ал кілттердін көшірмелері мөрленген пакетте кәсіпорын басшысында болады. Қабылдаған құндылықтардың сақталуы үшін материалдық жауапты кассир кассалық операцияларды жүргізеді. Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін басшы оны кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен таныстыруға міндетті және толық жеке жауапкершілік жайлы шарт жасасады. Кәсіпорындар өздерінің есеп шоттарынан қолма-қол ақша алады, бұл мақсаттар үшін оларға банк чектік кітапша береді. Субъект чек жаза отырып, онда талап етілетін соманың тағайындалуын (еңбекақы төлеуге, жәрдемақыға және шаруашылык шығындарына және т.б.) көрсетуге міндетті. Қолма-қол ақша алу үшін субъект банкке алдын ала талап етілген сомаға тапсырыс жолдайды.
Кассалық операцияларды құжаттық рәсімдеу мен есептеу. Кассалық операциялар қолма-қол ақша қабылдаған соң бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға кол қойған кіріс кассалық ордермен (ККО) (ф. № КО-1) ресімдейді.
Кіріс касса ордерін бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер немесе уәкілетті тұлға және кассир қол қояды, кассирдің мөрімен куәландырады, кірістік және шығыстык кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі және ақша тапсырушының қолына беріледі, ал ордер кассада қалады.
Қолма-қол ақша берумен байланысты операциялар шығыс касса ордерімен (ШКО) № КО-2 ф. немесе басқа кұжаттармен (төлем тізімдемесі, ақша беру туралы өтініш) және фискальды коды бар бақылау-кассалық аппараттар арқылы жүргізіледі. Бухгалтерия кызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер мен ұйым басшысы немесе соған уәкілетті тұлға қол қояды, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі.
Ақша беру туралы құжаттарға басшы және бас бухгалтер қол қояды. Бұл құжаттардың түзетілген жері болмауы керек. ККО, ШКО-лерінде оны жасау үшін негіз көрсетіледі және оларға тіркелетін құжаттар аталады.
ККО, ШКО кассаға тапсырылуға дейін (№КО-3ф.) тіркеледі.
Кассалық ордерлер бойынша ақша қабылдау мен беру оларды толықтырған күні ғана болады. ККО, ШКО–лерді алған кезде кассир мыналарды тексеруге міндетті:
құжаттарда бас бухгалтердің қолы бар-жоқтығын, растығын тексеру;
құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын;
құжаттарда аталған тіркемелердің бар жоқтығын.
Егер осы талаптардың бірі орындалмаса, кассир құжаттарды бухгалтерияға қайтарады.
Түсу мен жұмсау бойынша барлық операцияларды кассир бір жылға ашылатын (№КО-4ф.) кассалық кітапқа жазылады, оны ашқан кезде кітаптың барлық парақтары номерленіп, жіппен қайымдалуы тиіс және парақтардың жалпы саны кассалық кітаптың соңғы бетінде көрсетілуі тиіс. Кітап мөрімен мөрленіп, бас бухгалтермен басшының қолдарымен бекітіледі. Кассалық кітаптағы жазбалар көшірме арқылы екі дана болып жүргізіледі. ККО, ШКО жазбаларын бастамас бұрын кассалық кітапта күн басындағы ақша қалдығы көрсетіледі. Жұмыс күнінің соңында кассир күні бойғы операциялардың қорытындысын есептейді және күн соңындағы ақшаның қалған қалдығын шығарады. Кассалық кітап беттерінің екінші даналары жыртылады және кассирдің есебі болып қызмет етеді. Есеп оған тіркелген бастапқы құжаттармен бірге бухгалтерияға тапсырылады. Егер кәсіпорында күніне көп емес кассалық операциялар атқарылса, онда кассалық есептер 3-5 күнде бір рет жасалады. Кассирден қабылданған есеп пен құжаттарды бухгалтерия қызметкерлері тексереді, ал кассалық кітаптың дұрыс жүргізілуін бас бухгалтер бақылайды.
Кассалық операциялардың синтетикалық есебін 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты», 1020 «Кассадағы валютамен ақша қаражаты» шоттарында жүргізіледі.
Бұл шоттардағы операцияларды жазу үшін кассалық есептер (кассалық кітаптың екінші данасының жыртылған парақтары) негіз болып табылады.
Субъектілерге заң рұқсат еткен жағдайларда шетелдік валютамен кассалық операциялар жасауға рұксат беріледі. Валютаның әр түрі бойынша атқарылған операциялар шетелдік валютамен көрсетілетін жеке кассалық кітапта жүргізу қажет.
Шетелдік валютамен операциялар жөніндегі бухгалтерлік есептегі жазбалар операция атқарылған күні ҚР Ұлттық банкінің бағамы бойынша саналған ҚР валютасымен бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі тиіс.
Есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз түрлері
Өзіндік балансы бар және меншікті айналымдық қаражатқа ие, заңды тұлға болып табылатын әрбір субъект Қазақстан Республикасы Ұлтгық банкі Басқармасының 2000 I маусымдағы №266 «Клиенттердің Қазақстан Республикасы банктерінде банктік, шот ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулық» Каулысына сәйкес бос ақшалай қаражатты сақтау мен есеп жүргізу үшін банктерде ағымдағы корреспонденттелетін немесе жинақ шоттарын ашады.
Ағымдық және жинақ шоттары - жеке және заңды тұлғалардың жекелеген бөлімшелерінің (филиалдарының және өкілдіктерінің) банктік шоттары.
Корреспонденттік шоттар - банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын банктер мен ұйымдардың банктік шоттары. Аударымдық операцияларды жүзеге асыратын субъектілерге корреспонденттік шоттар Ұлттық банктің операцияларға лицензиясы бар болса ғана ашылады.
Банктік шоттар банк шоты шарты бойынша ашылады.
Ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарды ашқан кезде банк клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомасын аудару (беру) туралы ұйғарымын орындауға және банктік шот шартында қарастырылған басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.
Банктік шотты ашу үшін клиент банкке мынадай құжаттар ұсынады:
1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - резиденттер мен олардың жекелеген бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері):
• қаражат бөлушілердің (басшының, бас бухгалтердің) қойған қолдарының үлгілері бар құжат және нотариалды куәландырылған, екі дана мөр бедерлемесі;
• клиенттің салықтық есепке (СТТН) қойылған фактісін растайтын салық кызметі органы берген құжаттың түпнұсқасы;
• мемлекеттік тіркеуден (кайта тіркеуден) өту фактісін растайтын (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, статистикалық карточка), уәкілетті орган берген, белгіленген формадағы құжаттың көшірмесі;
• фирмалар мен өкілдіктер үшін - Қазакстан Республикасы заңды тұлға резиденті филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;
• жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі, не болмаса клиенттің үлгі жарғы негізіндегі кызмет фактісін растайтын құжат;
• банк белгілеген үлгідегі өтініш
Банктік шотқа субъектіге хабарланатын нөмір беріледі және ол операцияны ресімдейтін барлық құжаттарға койылады.
Ағымдағы шотқа оның иесіне тиесілі төлемдерінің негізгі массасы – тауарларды, қызмет көрсетулерді, материалдық кұндылықтарды өткізуден түсксн түсімдер, банктен несие алу және т.б. түседі.
Информация о работе Дебиторлық кредиторлық активткрдің есебі