Дебиторлық кредиторлық активткрдің есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 19:45, дипломная работа

Описание работы

Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті өндірістік активтермен қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты. Өндірістік активтер активтерді басқару бірқатар факторлармен анықталады: ұзақ және қысқа мерзімді активтердің құрамы мен көлемі, олардың өтімділігі, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтерді қалыптастырудың меншікті және қарыз көздері, тұрақты және айнымалы активтердің қатынасы және басқа өзара байланысты факторлар.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Бухгалтерлік баланстың актив бөлімінің теориялық
негіздері
1.1. Активтер туралы жалпы түсінік......................................................................5

1.2. Ұзақ мерзімді активтер есебі...........................................................................7

1.3. Қысқа мерзімді (ағымдағы) активтер есебі...................................................15

2. «Кеңкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының ұзақ және қысқа мерзімді активтерін талдау
2.1. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның жалпы сипаттамасы және есеп саясаты....30

2.2. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның ұзақ және қысқа мерзімді активтерінің есебі мен талдауы................................................................................................................38

2.3. Баланс өтімділігін талдау..................................................................................52

Қорытынды..............................................................................................................57

Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................60

Қосымша...........................................................................

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 761.50 Кб (Скачать)

              Инвесторлар «Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның дамуы үшін салған қомақты қаржыны қайтарумен бірге, аз мерзімде мұнай өнімін өндіруді ұлғайту арқылы екі мемлекетке де зор пайда әкелуге мақсат тұтқан.

              Қазына байлығы халық игіліне жаратыла  бастағанына  қырық  жылдан асқан Кеңкияқ өңірінде Қытай Ұлттық Мұнай Корпорациясының  инвестиция жобасының кезеңінің бастау алуы  -бұл Кеңкияқ тұз үсті мен тұз асты кен орнын игеруі болды.

                   Инвестиция келуімен бұрын анықталған кен  көзі 2000 – 2002 жылдары жаңадан бұрғыланып, мұнай өндіріле бастады. Бұл жерде « СНПС –Ақтөбемұнайгаз» АҚ  жұмыстарының  үш бағытын атауға болады, біріншіден- мұнай мен газ өндірудің өсуіне байланысты ескі зауытты қайта құру және жаңа зауыт  салу арқылы  өндірісті кеңейту, екіншіден – Кеңкияк  тұз асты мұнай  өндіру қарқынын  арттыру, үшіншіден – осы өнім арқылы дүние жүзі  нарығына  шығу.

              Шыңжаң ғылыми – зерттеу институтының жобалауымен қолға алынған, жер асты қабатына бу айдаудың Қытай Ұлттық инженерлік – құрылыс компаниясымен (КНИСК) бірлесе қимылдаудың нәтижесінде жер асты қойнауына 2001 жылы 80 000 тонна бу айдалды.

              858 ұңғыдан 280 000тн мұнай өндіріліп, 723 000тн құрғақ бу айдалды. Мемлекеттік сұраныстың жоспарда көрсетілген 2 949 тн орнына 255 814 тн сапалы мұнай шикізаты тапсырылды.

              Үшінші мыңжылдықтың алғашқы жылын Кеңкияқ мұнайшылары  еселі табыстармен аяқтады, 470 ұңғысынан жоспарда көрсетілген 160 000 тн мұнай орнына 262 500 мұнай өндірілді. Мемлекеттік жоспар 245 601 тн орнына 250 635 тн асыра орындалды. Мұнай өндіру көрсеткіші 101%, мемлекеттік тапсырыс 102% құрады.

              2002 жылдан тұз асты қабаттарынан игеру басталды, пайдалануға №Г-234, Г-8001 ұңғылары берілді. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ құрамына – мұнай өндіру цехтары (МӨЦ), мұнай дайындау және айдау цехы (МДАЦ), ұңғыларды жер асты зерттеу цехы (ҰЖАЖЦ), электр құралдарын жабдықтау және жөндеу цехы (ЭҚЖжЖЦ), ұңғыларды зерттеу бөлімшесі (ҰЗБ), бумен жылумен әсер ету цехы (БЖӘЕЦ), құралдарды пайдалану цехы (ҚПЖЦ), Химиялық талдау лабораториясы, «Көкжиде» су бөгеті, орталық инженерлік – технологиялық қызмет (ОИТҚ).

              Кенкияк кенішінің  40 жыл мерзімі тарих  тұрғысынан қарағанда кеніш үшін ұзақ ғұмыр. 2006  жылы  мұнай  өнімі 470 ұңғыдан 350000 тонна  құраса, 2007  жылы  жыл  басынан өндіру жоспар көрсеткіші  2212700 тонна болса, нақтылы 2096873 тонна құрады. Оның ішінде  тұз үсті кешені бойынша 360920 тонна, тұз асты кешені бойынша 1735953 тонна өндірілді.   «КазтрансОйл» АҚ  мұнай құбырына  2001439  тонна мұнай тапсырылды, жоспар бойынша 2128844  тонна,  өткізілген мұнай  2003130 тонна құрап отыр.

                     Есепті  ай ішінде Кенкияк кеніші бойынша пайдалану қоры  1519 .мұнай ұңғыларын , оның ішінде тұз асты қоры 51.ұңғы,тұз үсті  1008 мұнай ұңғыларын құрайды.

                     Соңғы жылдардағы өндіріс қарқынын сан жүзінде көрсетер болсақ;

              1997 жыл  280,0  мың тн

               2000 жыл 262,5  мың тн

               2003 жыл  585,3 мың тн

               2004 жыл  1145,0 мың тн

               2005 жыл   1982,9 мың тн

              Диаграммадан да өндіріс қарқынының өскенін көруге болады.

Сурет – 1. Өндіріс қарқыны.

              «Кеңкияқмұнай» МГӨБ бойынша өндіріс қауіпсіздігін және қызметкерлердің еңбегін, денсаулығын қорғау жөнінде  біршама жұмыстар істелінуде. Жыл бойы « Өндіріс қауіпсіздігі бойынша айлық»,» Қауіпсіздік күні»  өткізілді, өткізу барысында  жеке қорғану құралдарын пайдалану тексерілді, еңбекті қорғау жәнеи қауіпсіздік құқықтық базасы түсіндірілді, яғни барлық цех пен қызметтер Қазақстан Республикасының  «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі»  Заңымен таныстырылды.  Цехтарда жұмысшылардың дайындығын қамтамасыз ету және  ПЧ -20 өрт сөндіру бөлімімен бірлесе өртке қарсы қауіпсіздік бойынша нұсқау және оқу дабылы  өткізілді.  Қытай Ұлттық  мұнайгаз барлау және игеру  Корпорациясының  HSE  басқару жүйесі жөнінде семинар өткізілді, анығында Н- денсаулықты қорғау,  S-өндіріс қауіпсіздігі, Е- қоршаған ортаны қорғау.  CNODC – тың басты міндеттерінің бірі –қоршаған ортаны,адамдардың денсаулығы мен қауыпсіздігін және қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын қорғау.  

                    Кеніштің экологиялық жағдайы қай кезде де күрделі болып келгені белгілі. Соңғы үш-төрт жылда  мұнайшылар ұжымымен  облыстық, аудандық экологтардың бірлесе қимылдауы арқасында көптеген игі шаралар жүзеге асты. Ұңғыларды жөндеу кезінде орын алып келген ұңғыларды ашық әдіспен жууға, жер бетінде мұнай қалдықтары мен өнімдерін ашық сақтау әдісіне қатаң тиым салынды. Өзен арнасын өндіріс қалдықтарымен бүлдіру жолдары кесілді. Экологиялық тұрғыдан шешімін тапқан кешенді істердің бірі--  өндіріс орындарын көгалдандыру  

              «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Ван Чжунцай бекіткен 2006 жылдың 1 шілдесінен енген «Ішкі бақылау басшылығы» негізінде «Кеңкияқмұнай» МГӨБ өз қызметінде «Ішкі бақылау жүйесін» құру және енгізуге көп көңіл бөліп отыр.

              «Ішкі бақылау жүйесінің» негізгі мақсаты «Кенкиякмұнай» МГӨБ –ның басқару деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді мақсатқа жету үшін міндеттері мен құқықтарын шектеу.

                «Кенкиякмұнай»  Мұнайгаз өндіру басқармасындағы өндірістік-шаруашылық қызметтің әрі қарай дамуы инвестициялық салымдардың көлеміне байланысты. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» Акционерлік қоғамы  Кенкияк кенішіндегі тұз үсті мен тұз асты мұнайын игеру үшін келесідегідей қаражатты бөлуде:

           2007 жыл -130 196 мың АҚШ доллары

           2008 – 2010 жылдары әр жылда 132 196 мың АҚШ  доллары

Сурет-2. Өндіріске бөлінген қаражат.

 

«Кенкияқмұнай»МГӨБ-ның ӨТҚЕ және ЖЖБ -нің есеп саясаты.

 

              Басқарудың әкімшілік – ұжымдық жүйенің құлауымен, нарықтық қатынасқа көшуімен Қазақстанда дамыған нарықтық қатын,астары бар елдерде қолданылатын іс – әрекет етуші халықаралық бухгалтерлік стандарттарға бағдарланған ұлттық есеп саясатының қалыптасуына қажеттілік туындады. Есеп саясатында бухгалтерлік есепті жүргізудің процесінде, қаржылық және өндірістік есептілік мәліметтері негізінде құру процесінде қолданылатын қабылдаулар,принциптер, дәстүрлер, ережелер және процедуралар жиынтығын түсіну керек.

              Есеп саясаты негізінде есеп және есеп беру ақпаратының нақты қолданушыларының мүдделері жатыр.

              Есеп саясатының қалыптасу тәртібі, қызмет мақсаты және сферасы, оның ашылуы №3 1996 жылы 13 қарашада бухгалтерлік есеп бойынша ҚР-ң ұлттық комиссиясымен расталған «Есеп саясаты және оның ашылуы» атты бухгалтерлік есеп стандартында анықталған.

              Қазақстан Республикасының экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінда есеп саясатының қалыптасуының 2 деңгейі туындады: ғаламдық және желілік.

              Есеп саясатын үлкен немесе кіші деңгейде анықтайды:

1.      ҚР-ң қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы бойынша Департамент.

2.      Кәсіпқойлардың қоғамдық ұйымдары.

3.      Салалық министрліктер.

4.      Шаруашылық етуші субъектілер.

              ӨТҚЕ және ЖЖБ - нің есеп саясаты бухгалтерлік есеп шоттары мен стандарттарының Типтік жоспарын қолдануда құрылған.

              ӨТҚЕ және ЖЖБ - нің есеп саясаты №2732 26.12.95 жылғы «Бухгалтерлік есеп туралы» Заң күші бар ҚР-ң президентінің бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептіліктің жүйесін реттеуші нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жасалған.

              Толық қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстан, қаржылық – шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есептен, ақша құралдарының қозғалысы туралы есептен, түсіндірме бетшеден тұрады.

              Қаржылық есептілік беріледі:

      Әр ай біткен соң 7 күн ішінде ай сайынғы есеп – бақылаушы кеңеске.

      Әр қаржылық тоқсан біткен соң 14 күн ішінде тоқсан сайынғы есеп берулер – бақылаушы кеңеске.

      Әр қаржылық жыл біткен соң 90 күн ішінде Дирекцияның жыл сайынғы есеп беру.

      Әр қаржылық жыл біткен соң 90 күн ішінде және жыл сайынғы Жалпы жиналысқа дейінгі 30 күннен кешіктірмей жыл сайынғы қаржылық есеп беру – табыстарды тарату мен шығындарды жабу бойынша ұсыныстармен бірге Жалпы жиналыспен расталуы үшін бақылаушы кеңеске.

      Сәйкес органдарға жылына бір реттен сирек емес және жылдың 31 наурызынан кешіктірмей.

              Бухгалтерлік баланс серіктестікте бар активтерді, жеке капиталды, міндеттемелерді сипаттайды. Активтер мен міндеттемелер ұзақ мерзімді және ағымдық ретінде жіктеледі. ӨТҚЕ және ЖЖБ - нің бухгалтериясымен жүргізіледі. Бас бухгалтер қызметіне басқарма басшысымен тағайындалады және жұмыстан босатылады. Бас бухгалтер бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығына жауапкершілік тартады, басқарманың есеп саясатын қалыптастырады және оны директордың растауына береді. Есеп саясатын құрастырудың және жүзеге асырудың дұрыстығына жауапкершілікті, бухгалтерлік есеп жағдайын басқарма директоры алады, ол бухгалтерия қызметінің оперативтік басшылығын жүзеге асырады және бас бухгалтермен бірге ақшалай және есеп айырысу құжаттарына, қаржылық және несие міндеттемелеріне қол қояды.

              Заңға сәйкес басқарманың бас бухгалтері қызметке тағайындалады және басқарма басшысымен қызметінен босатылады. Бас бухгалтер басқарма басшысына тікелей бағынады және есеп саясатының қалыптасуына, бухгалтерлік есепті жүргізуіне, толық және дұрыс бухгалтерлік есептіліктің уақытылы берілуіне жауапкершілік тартады. Басқармаларда бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға жауапкершілікті, шаруашылық операцияларды орындауда заңнаманы сақтауды басқарма басшысы алады.

              Шаруашылық операцияларды алғашқы есеп құжаттарын қолданумен жасалады. Алғашқы құжаттардың расталған формалары болмайтын есеп бойынша операциялар заңмен орнатылған талаптарға сәйкес басқармамен жасалған құжаттар формаларымен рәсімделеді. Басқарма бухгалтерлік есептің қарапайым формасын қолданады және «1с - кәсіпорын» компьютерлік бағдарламаны қолданады.

              Басқарма шоттардың типтік жоспарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын қолданады.

              Негізгі құралдар мен материалдардың инвентаризациясы 1-шы қаңтарға жағдайы бойынша жыл сайын жүргізіледі. Дебиторлық берешектің инвентаризациясы тоқсанның соңғы айға жағдайы бойынша әр тоқсан сайын жүргізіледі. Материалдық емес активтердің барлық түрлері бойынша амортизацияны есептеудің желілік тәсілі қолданылады. Егер эксплуатация мерзімі келісім – шартта немесе басқа ұқсас құжатта көрсетілмесе ұйым 10 жыл ішінде материалдық емес активтерді есепке алуда түрлері бойынша пайдалы қолданудың мерзімін орнатады2.

 

Мұнайды барлау және өндіру есебінің тәртібі.

 

              Мұнай барлау және өндіру есебінің тәртібі №20 “Мұнай – газ өндіру қызметіндегі есеп және есептілік” бухгалтерлік есеп стандарттарымен реттеледі. Бұл стандарттың мақсаты мұнай және газды барлау және өндірумен байланысты бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік қызметінің ерекшелігін анықтау болып табылады. Өндірістің жалпы көлемінде мұнай және газ өндіруде ерекше үлес салмағы жоқ заңды тұлғалар бұл стандартты қолданбайды. Бұл стандарт мақсатында заңды тұлғалар ең болмағанда олардың көрсеткіштері төмендегі талаптың біреуіне жауап берсе мұнай – газ өндірісінің айтарлықтай бар ретінде қаралады:

1.                      Салалас кәсіпорынның мұнай және газ өткізуін есептемегенде өндірілген иұнай және газ өткізуден табыс жалпы табыс салмағын 10 және одан үлкен % құрағанда;

2.                      Мұнай және газ өндіру бойынша қызметтен таза табыс (шығын), жалпы таза табыс (шығын) соммасынан 10 және одан да үлкен процент құрағанда;

3.                      Мұнай және газ өндіруге байланысты қызметке қатысты негізгі құралдардың құны негізгі құралдардың жалпы құнынан 10 және одан да көп процентті құрағанда.

              Талаптар әрбір жыл үшін жеке қолданылады. Бұл стандарт мұнай және газды тасымалдау, өңдеу және сату қызметіне қолданылмайды. Мердігер, егер бұл стандартқа қарсы келмеген болса, басқа бухгалтерлік стандарт қолданбайды. Мердігер ҚР-ң қолданыстағы заңдылықтарына сәйкес құзіретті органдармен келісім шарт жасаған пайдаланушы. Кен орны кез – келген түрдегі геологиялық резервуардағы 1 немесе бірнеше табиғи көмірсу тегінің жинақталуын білдіреді.

              Барлау – мұнайды іздеу және барлаумен байланысты кез – келген операцияны білдіреді. Далалық геологиялық геофизикалық зерттеу, құрылымдық бұрғылау, іздестіру және барлау скважиналарын барлау, сондай – ақ барлауда орналасқан кен орындарында тәжірибелік өнеркәсіптік жұмыстар. Өндіру мұнай қабатын алумен байланысты кез - келген операцияны білдіреді және оның ішінде:

-         Жер асты және жер үсті өнеркәсіптік құрал – жабдықтармен құрылыстың құрылысы және пайдалануы;

-         Мұнай қабатын тарту және пайдалану, скважиналарында жұмыс процесін ұйымдастыру және ұстау;

-         Мұнайды өңдеу және тазалау;

-         Мұнайдан жол жөнекей компоненттерді бөлектеп шығару.

              Коммерциялық табыс өңдеу үшін рентабельді бір және бірнеше кен орындарының келісім – шарттық аумағын білдіреді.

              Рентабельділік запастар қоршаған орта мен жер қойнауларын қорғау бойынша талаптарды сақтау мен қазіргі заманғы сынақтан өткен технология мен техниканы пайдаланады. Экономикалық тиімділігі бар запастар геологиялық запастың бұл бөлігі мұнай – газ және конденсатты алу коэффициентімен анықталады. Барлау скважиналары кен орнын өңдеуге дайындау мақсатында өнімді гаризонттардың өлшемдеуін анықтау жаңа кен орнының құрылысын зерттеу және бағамдау үшін қосылған скважиналар. Пайдалану скважинасы – бұл мұнай өндірумен байланысты кез келген операцияны жүзеге асыру үшін қазылған скважиналар.

Информация о работе Дебиторлық кредиторлық активткрдің есебі