Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 19:45, дипломная работа
Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті өндірістік активтермен қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты. Өндірістік активтер активтерді басқару бірқатар факторлармен анықталады: ұзақ және қысқа мерзімді активтердің құрамы мен көлемі, олардың өтімділігі, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтерді қалыптастырудың меншікті және қарыз көздері, тұрақты және айнымалы активтердің қатынасы және басқа өзара байланысты факторлар.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Бухгалтерлік баланстың актив бөлімінің теориялық
негіздері
1.1. Активтер туралы жалпы түсінік......................................................................5
1.2. Ұзақ мерзімді активтер есебі...........................................................................7
1.3. Қысқа мерзімді (ағымдағы) активтер есебі...................................................15
2. «Кеңкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының ұзақ және қысқа мерзімді активтерін талдау
2.1. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның жалпы сипаттамасы және есеп саясаты....30
2.2. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның ұзақ және қысқа мерзімді активтерінің есебі мен талдауы................................................................................................................38
2.3. Баланс өтімділігін талдау..................................................................................52
Қорытынды..............................................................................................................57
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................60
Қосымша...........................................................................
Мазмұны:
Кіріспе.......................
1. Бухгалтерлік баланстың актив бөлімінің теориялық
негіздері
1.1. Активтер туралы жалпы түсінік.......................
1.2. Ұзақ мерзімді активтер есебі.........................
1.3. Қысқа мерзімді (ағымдағы) активтер есебі.........................
2. «Кеңкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының ұзақ және қысқа мерзімді активтерін талдау
2.1. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның жалпы сипаттамасы және есеп саясаты....30
2.2. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның ұзақ және қысқа мерзімді активтерінің есебі мен талдауы.......................
2.3. Баланс өтімділігін талдау........................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Қосымша.......................
Кіріспе
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы ұзақ және қысқа мерзімді активтердің кәсіпорын өмірінде аса маңызды роль ойнайтынының айғағы болып табылады. Бұл, өз кезегінде, дипломдық жұмыстың кәсіпорындар үшін ең көкейтесті болып табылатын мәселелерінің біріне арналғанын көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты –ұзақ және қысқа мерзімді активтер есебінің теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, ұзақ және қысқа мерзімді активтерін талдау, қолдану тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес жұмыс өз алдына келесідей сұрақтарды қарастыруды міндет қойып отыр:
- Бухгалтерлік баланстың актив бөлімінің теориялық негіздері;
- Ұзақ және қысқа мерзімді активтердің есебі;
- «Кенкияқмұнай» МГӨБ-ның ұзақ және қысқа мерзімді активтерінің есебі мен талдауы;
1. Бухгалтерлік баланстың актив бөлімінің теориялық негіздері.
1.1. Активтер туралы жалпы түсінік.
Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады.
Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымының, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік – бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы – яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымды активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай – ақ басқа да ақша қаражаттары.
Баланстың негізгі элементтері келесідей анықталады:
Актив дегеніміз – бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.
Пассив – бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстарының шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.
Капитал – бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты.
Баланс 5 бөлімнен тұрады:
1) Ұзақ мерзімді активтер;
2) Ағымдағы активтер;
3) Меншікті капитал;
4) Ұзақ мерзімді міндеттемелер;
5) Ағымдағы міндеттемелер.
Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған екі элемент – табыс және шығын – қаржы – шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі. Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес активтерге – мүлік, субъектінің құндық бағасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктері мен құқықтары жатады. Активке айналған болашақ экономикалық пайда субъектісі ақшалай қаражат түсуіне тікелей немесе жанама болуы ықтимал салым.
Болашақ экономикалық пайда егер актив:
ұйым өткізетін дайын өнім (тауар, жұмыс, кызмет көрсету) өндірісінде басқа активтермен косылып немесе жеке қолданылса;
басқа активтерге айырбасталса;
міндеттемелерді өтеу үшін пайдаланылса;
ұйымның меншіктеушілері арасында бөлінсе алынуы мүмкін.
АКТИВ:
І. Ұзақ мерзімді активтер.
ІІ. Қысқа мерзімді (ағымдағы) активтер.
Активтер былайша жіктеледі:
1. Ұзақ мерзімдік (пайдалану мерзімі бір жылдан астам), бұларға мыналар жатады:
- материалдық емес активтер (лицензиялық келісімдер, бағдарламамен камтамасыз ету, патенттер. гудвилл, басқа да материалдық емес активтер),
- негізгі құралдар (жер, ғимараттар мен үйлер, машиналар мен жабдық, көлік құралдары, басқа да негізі құралдар);
- ұзақ мерзімдік инвестициялар (еншілестерге, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңдық тұлғалар);
- ұзақ мерзімдік дебиторлық берешек
- алдагы кезең шығындары;
- басқа да ұзақ мерзімді активтер.
2. Қысқа мерзімді (ағымдағы) активтердің қолдану мерзімі - бір жылдан кем болып келеді. Олар:
- қайта өңдеу мен өткізу мерзіміне тәуелсіз тауарлы-материалдық қорлар;
- жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін болашак кезеңдер шығыны;
- ақшалай қаражат;
- егер ол баланстық кұннан басқа болса, ағымдағы кұнын көрсеткен қысқа мерзімдік қаржылық инвестициялар;
- есепті уақыттан санағанда бір жыл ішінде алынған дебиторлық берешек. (ағымдағы активтерді сатып алғаны үшін аванстық төлемдер; алуға арналган шоттар; алынған вексельдер; негізгі серіктестіктер мен олардың еншілес тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалары арасындағы топ ішілік операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық берешек; акционерлік қоғам лауазымды адамдардың дебиторлық берешегі; басқа да дебиторлық берешек);
- басқа да қысқа мерзімді активтер.
1.2. Ұзақ мерзімді активтер есебі
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заңына сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтер есебін ұйымдастырады. Және де қаржылық есеп беру халықаралық №38 «Материалдық емес активтер», №16 «Негізгі құралдар», Бухгалтерлік есеп №6 «Негізгі құралдар», №28 «Материалдық емес активтер» деп аталатын стандарттар негізінде есепті жүргізеді.
Ұзақ мерзімді активтер деп – кәсіпорынның шаруашылық қызметінде бір жылдан артық мерзімге пайдаланылатын және қайта сатып-өткізуге жатпайтын құралдарды айтады. Егер қандай да бір құндылықтар қайта сатып-өткізуге арналған болса, оларды тауарлы-материалдық босалқыларға, яғни айналым құралдарына жатқызу қажет. Ұзақ мерзімді активтерге: ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, басқа да ұзақ мерзімді активтер жатады.
Шоттар жұмыс жоспарынан үзінді
2010 | Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар Ұзақ мерзімді ұсынылған қарыздар |
2020 | Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар |
2030 | Сатуға арналған қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар |
2040 | Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер |
2110 | Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек Сатып алушылар мен тапсырушылардың ұзақ мерзімді берешегі |
2120 | Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі |
2130 | Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді берешегі |
2140 | Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі |
2150 | Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі |
2160 | Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек |
2170 | Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар |
2180 | Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек |
2210 | Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар |
2310 | Жылжымайтын мүлікке инвестициялар Жылжымайтын мүлікке инвестициялар |
2320 | Инвестициялардың амортизациясы және құнсыздануы |
2330 | Инвестициялардың құнсыздануынан болған зиян |
2410 | Негізгі құралдар |
2411 | Жер |
2412 | Ғимараттар |
2413 | Машиналар мен жабдықтар |
2414 | Көлік құралдары |
2415 | Басқа да негізгі құралдар |
2416 | Аяқталмаған құрылыс |
2420 | Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы |
2421 | Ғимараттардың тозуы |
2422 | Машиналар мен жабдықтардың тозуы |
2423 | Көлік құралдарының тозуы |
2424 | Басқа да негізгі құралдардың тозуы |
2431 | Ғимараттардың құнсыздануы |
2432 | Машиналар мен жабдықтардың құнсыздануы |
2433 | Көлік құралдарының құнсыздануы |
2434 | Басқа да негізгі құралдардың құнсыздануы |
2510 | Биологиялық активтер Өсімдіктер |
2520 | Жануарлар |
2610 | Барлау мен бағалау активтері |
2620 | Барлау мен бағалау активтерінің амортизациясы |
2630 | Барлау мен бағалау активтерінің құнсыздануынан болған зиян |
2710 | Материалдық емес активтер Гудвилл |
2720 | Гудвилл құнсыздануы |
2730 | Өзге материалдық емес активтер |
2740 | Өзге материалдық емес активтердің тозуы |
2750 | Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануы |
2810 | Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер |
2910 | Өзге ұзақ мерзімді активтер Берілген ұзақ мерзімді аванстар |
2920 | Алдағы кезеңдердің шығыстары |
2930 | Аяқталмаған құрылыс |
2940 | Өзге ұзақ мерзімді активтер |
Информация о работе Дебиторлық кредиторлық активткрдің есебі