Бухгалтерлік есепақпараттық жүйе ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 19:26, лекция

Описание работы

Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын белгілі-бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт бағдар беріп, алдағы уақыттардағы атқарылатын жұмыстарын жоспарлап және сонымен қатар осы ұйымдағы өткен есепті кезеңдерде (уақыттарда) орындалған жұмыстар туралы экономикалық талдау жасауға қажетті ғылым болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең бастысы, негізгісі болып саналынады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланылып келеді.

Содержание

1.1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
1.2. Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылыр және олардың ролі
1.3. Бухгалтерлік есеп пәні
1.4. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
1.5. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем түрлері

Работа содержит 1 файл

ЛЕКЦИЯ.docx

— 134.90 Кб (Скачать)

АКТИВ – МІНДЕТТЕМЕ = МЕНШІКТІ КАПИТАЛ

Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа  қарай негізделіп айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалынады. Баланстың  актив бөлімі ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер -деп аталынатын екі тараудан тұрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, негізгі  құралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестициялары), ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал ағымдағы активтер тарауында ұйымның материалдық  құндылықтары, тауарлары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақшалары және басқада ағымдағы активтері  қарастырылады. Бухгалтерлік баланстың пассив - деп аталатын бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірі меншікті капитал - деп аталып, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі. Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары тиісінше ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер -деп аталынады. Ұзақ мерзімді міндеттемелер қатарына кәсіпорынның ұзақ уақытқа алған несиелері мен қарыздары жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелер тарауында ұйымның алдағы кезеңдерінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы - мердігерлерге қарызы, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқада кредиторлық борыштары көрсетілінеді. Жоғарыда айтқандарымыз түсініктірек болу үшін үлгі ретінде “ККК” фирмасының 2008-жылғы 1-қаңтарға жасалынған бухгалтерлік балансын қарастырайық.

“ККК” фирмасының 2008-жылдың 1-қаңтарына

БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСЫ (өлшем бірлігі  мың тенге)

активтері

сомасы

Пассивтері

сомасы

ағымдағы активтер:

Материалдық қорлар

Дайын өнімдер

Тауарлар 

Аяқталмаған өндіріс

Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар

Қысқа мерзімді қаржы салымы (инвестиция)

Алдағы уақыт шығындары

Берілген аванстар

Ақша қаражаттары

жиыны

ұзақ мерзімді активтер:

Материалды емес активтер

Негізгі құралдар

Ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестиция)

Ұзақ мерзімді дебиторлық борыш

жиыны

барлығы

 

3500,0

7000,0

2500,0

10000,0

6500,0 

 

5000,0 

 

1000,0

1500,0

9500,0

46500,0 

 

2000,0

27000,0

3000,0 

 

4500,0

36500,0

83000,0

меншікті капитал:

жарғылық қор

резервтік қор

бөлінбеген пайда немесе зиян

жиыны

Ұзақ мерзімді міндеттемелер:

Ұзақ мерзімді несие

Ұзақ мерзімді қарыз

жиыны

Қысқа мерзімді міндеттемелер:

Бюджетпен есеп айырысу

Бюджеттен тыс төлемдермен  есеп айырысу

Жабдықташылармен есеп айырысу

Жұмысшылармен еңбек ақы  бойынша есеп айырысу

Жиыны

барлығы

 

50000,0

5500,0

3500,0

59000,0 

 

9000,0

2000,0

11000,0 

 

2500,0 

 

1500,0 

 

7000,0 

 

2000,0

.13000,0

83000,0 


Осы жоғарыда келтірілген  ККК фирмасының бухгалтерлік балансынан көретініміз бұл ұйымның активтері  мен пассивтері 83000,0 мың теңгеге  тең. Мұндағы кәсіпорынның меншікті капиталы 59000,0 мың теңгені, ал міндеттемелері 24000,0 мың теңгені құрайды. Жоғарыда берілген теңдіктің орнына (формулаға) осы сандарды орналастыратын босақ мына түрде болады.

АКТИВ = МЕНШІКТІ КАПИТАЛ + МІНДЕТТЕМЕ

83000000,0 = 59000000,0 + 24000000,0

Біз бұл мысалымызда, яғни жоғарыда берілген бухгалтерлік баланста Қазақстан Республикасының заңдарына  сай жасалынған баланстың үлгісін  қарастырдық. Кейбір батыс елдерінде  баланстағы тараулардың, баптардың  орындары ауысыпта келтіріледі.

Мысалы: Кейбір елдерде ағымдағы активтер баланстың актив бөлімінің басында орналастырылатын болса, оның баптары өтімділіктеріне қарай кезекпен құрастырылады. Сонымен қатар кейбір баланста активтер мен міндеттемелер баланстың сол жағында көрсетілініп (орналастырылып), оң жағында тек қана кәсіпорынның меншікті капиталы көрсетіледі. Баланстың мұндай түріне мына теңдік негізделген:

АКТИВ – МІНДЕТТЕМЕ = МЕНШІКТІ КАПИТАЛ

83000000,0 – 24000000,0 = 59000000,0

Бұл теңдік бухгалтерлік баланста ұйымның  иесінің меншігін көрсетуге негізделген. Жоғарыдағы мысалымызға сәйкес баланстың  бұл түрін құрастыратын болсақ баланс кестесінің екі жағыда 59000,0 мың теңгеге  тең болады.

3.2. Бухгалтерлік  баланстың түрлері

Өзінің жасалыну уақытына, қолданылу барысына қарай бухгалтерлік баланс әр түрлі болып келеді. Кәсіпорынның жаңадан құрылған уақытындағы жасалынған бухгалтерлік балансы кіріспе баланс -деп аталады. Кіріспе баланста ұйымның  қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі көрсеткіштер кәсіпорынның иелерінің, яғни құрылтайшыларының, акционерлерінің  осы ұйымды жаңадан құру (ашу) уақытындағы  ақшалай немесе заттай салған салымдарынан тұрады. Сондықтанда көп жағдайларда  кіріспе баланста кәсіпорынның меншіктіті капиталы мен активтері тең болуы  ықтимал.

АКТИВ = МЕНШІКТІ КАПИТАЛ

Бұл теңдік егер кәсіпорын  құрылуы барысында ешқандай жеке немесе заңды тұлғалардың алдында  мінтетті, яғни қараз болмаған жағдайда тура болып есептелінеді.

Ұйымның бухгалтерлік балансы  ілгеріде айтылғандай белгілі-бір  уақытқа, яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Осыған сәйкес кәсіпорынның өз қызметі барысында  әрбір белгіленген есеп беретін  уақыттағы (айдың, тоқсанның немесе жылдың басына) құрастырылған балансы  ағымдағы бухгалтерлік баланс болып  саналынады (есептелінеді).

Кәсіпорынның жойылу балансы осы  ұйым өз қызметін тоқтатар кезде, таратылатын  уақытта жасалынады (құрастырылады). Осы аталған жойылу балансының өзі  әр түрге бөлінеді. Жойылу балансын еліміздегі бухгалтерлік есеп және аудит  мамандарын даярлауда көп еңбек  сіңіріп жүрген белгілі ғалым  Әбдіғали Әбдіманапов өзінің “Бухгалтерлік  есеп теориясы және принциптері” атты еңбегінде екі түрге бөлінеді және оның бірі ұйымның жабылуына  байланысты, ал екіншісі ұйымның жабылғандығын қорытындылау үшін құрастырылады -деп жазған болатын. Сонымен қатар Ресей ғалымдары Л.А. Крятова мен Х.Х. Эргашев өздерінің “Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері” атты еңбегінде жойылу балансын үш кезеңнен тұрады және олардың біріншісі кәсіпорынның жабылуы алдында, екіншісі жабылуы барысында ал үшіншісі кәсіпорын жұмысын тоқтатқаннан кейін жасалынады - деп атап өткен. Жалпы бұл айтылғандарды талдай отырып авторлардың бірінің айтқаны дұрыс, ал екіншісінікі қате деп қарауға болмайды. Бұдан шығатын қорытынды жоғарыда аты аталған авторлардың қай-қайсыныңда пікірлері дұрыс деуге болады. Себебі кәсіпорынның жойылу балансының саны, яғни оның жасалыну кезеңдері ұйымның таратылуына кететін уақытпен тікелей байланысты. Егер кәсіпорынның таратылуы, яғни жабылуы ұзақ уақытқа созылатын болса, жойылу баланстарының саныда соған сәйкес және қажеттілігіне қарай арта түс

3.3. Шаруашылық  операцияларына сәйкес баланс  баптарының өзгеріске ұшырауы

Кез-келген кәсіпорындарда күнделікті жұмыстар істеліп, қызметтер  атқарылып отырылатындығы белгілі. Осы операциялардың орындалуы ұйымның  бухгалтерлік балансының баптарына  тікелей әсер етеді. Нақтырақ айтатын  болсақ ұйымдағы әрбір орындалатын  операцияға сәйкес баланс баптарындағы сома өзгеріске ұшырап отырады. Бірақта  бухгалтерлік баланстың актив пен  пассив бабтарының теңдігі әрдайым  сақталынады. Сонымен қатар кәсіпорында  әрбір орындалған операциядан кейін  жаңадан баланс жасалмайтындығы  белгілі және ол мүмкін емес. Себебі  ұйымда бір күннің өзінде бірнеше операция орындалуы мүмкін. Тіпте әрбір операция түгіл, күн сайын кәсіпорынның бухгалтерлік балансын жасап тұру үлкен күшті, көп уақытты қажет етеді. Сонымен қатар балансты күнделікті немесе әрбір орындалған операциядан кейін жасап отыру тиімсіз және қажетте емес. Міне осы себептен кәсіпорынның бухгалтерлік балансы белгілі-бір уақытқа, яғни есеп беретін кезеңге қарай (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) жасалынып отырылады. Жалпы бухгалтерлік есепте баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларын төрт түрге бөліп қарастырады.

Бірінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана актив -деп аталатын бөліміне әсер етеді. Бұл жағдайда актив бөліміндегі бір бап қандайда бір сомаға азайса, екінші бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы сомасымен баланстың сомасы ешқандай өзгермейді.

Мысалы: Кәсіпорынның банктегі есеп айырысу шотынан кассаға 100 (жүз) мың теңге алынды.

Бұл жағдайда есеп айырысу  шоты бабындағы сома 100 (жүз) мың теңгеге  азайса, касса -деп аталатын баптың сомасы 100 (жүз) мың теңгеге артады. Баланстың активі мен пассиві  арасындағы теңдік өзгермейді.

Екінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана пассив -деп аталатын бөліміне әсер етеді. Актив бөлімінде өзгеріс болмайды. Бұл жағдайда пассив бөліміндегі бір бап қандайда бір сомаға азайып, екінші бап тура сондай сомаға артады. Ал пассивтің жалпы сомасымен баланстың сомасы ешқандай өзгермейді.

Мысалы: Ұйым өзінің жабдықтаушы-мердігерлердің алдындағы 500 (бес жүз) мың теңге қарызын банк мекемесінен алынған несие арқылы қайтарды делік.

Бұл уақытта кәсіпорынның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу -деп аталатын бабындағы  сома 500 (бес жүз) мың теңгеге азайып, ал банк несиесі бабындағы сома 500 (бес жүз) мың теңгеге артады. Ал баланстың активі мен пассиві  арасындағы теңдік өзгермейді.

Үшінші түріне жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екі түрден айырмашылықтары, бұл операциялар барысында баланстың активі мен пассиві бірдей сомаға артады. Яғни бұл жағдайда операция әсерінен баланстың актив бөліміндегі бір баптың сомасы қандайда сомаға көбейсе, пассив бөліміндегі баптыңда сомасы осындай сомаға артады.  

Мысалы: Жабдықтаушы-мердігерлерден кәсіпорынға 200 (екі жүз) мың теңгенің материалдары келіп түсті.

Бұл уақытта ұйымның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу -деп аталатын бабындағы  сома және матариалдар -деп аталатын бабындағы сома бір уақытта 200 (екі  жүз) мың теңгеге көбейеді. Яғни кәсіпорынның материалдарының артуына сәйкес жабдықтаушыларға қарызыда көбейеді. Сонымен қатар 200 (екі жүз) мың  теңгеге баланстың сомасыда өсті.

Баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларының  төртінші түрі, үшінші түріне жатқызылатын операцияларға ұқсас болып келеді. Бұл уақыттада баланстың актив  және пассив жағындағы баптары бір  уақытта бірдей сомаға өзгереді. Айырмашылығы үшінші түрге жататын операциялар  барысында баланс сомасы (актив және пассив бөлімдері) белгілі бір сомаға көбейсе, төртінші түрге жаттатын операциялар  әсерінен актив пен пассив сондай-ақ баланстың сомасы қандайда бір сомаға кемиді.

Мысалы: Кәсіпорынның есеп айырысу шотынан бюджетке қосылған құнға салынатын салық үшін 50 (елу) мың теңге борышы төленді.

Осыған байланысты есеп айырысу  шотындағы ақшалары және бюджетпен  есеп айырысу (қосылған құнға салынатын  салық үшін қарыз) - деп аталатын баптарының сомалары бір уақытта 50 (елу) мың теңгеге азайады. Сонымен  қатар баланстың сомасыда 50 (елу) мың теңгеге кемиді.

4. БУХГАЛТЕРЛІК  ЕСЕП ШОТТАРЫ ЖӘНЕ ЕКІ ЖАҚТЫ  ЖАЗУ ӘДІСІ

4.1. Бухгалтерлік  есеп шоттары туралы түсінік

4.2. Бухгалтерлік  есеп шоттарының құрылымы мен  түрлері

4.3. Екіжақты  жазу жүйесі

4.4. Ағымдағы  есеп мәліметтерін қорытындылау

4.1. Бухгалтерлік  есеп шоттары туралы түсінік 

Кез-келген кәсіпорынның бухгалтерлік балансында сол ұйымның меншігіндегі шаруашылық құралдары мен олардың  қорлану көздерінің есеп беретін  уақыттағы жағдайы көрсетілінеді. Әйтседе ұйымның шаруашылық қызметін басқару үшін оның мүліктерімен қаржыларының және олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Яғни кәсіпорынның қызметін басқару үшін оның шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есепті кезең барысындағы, яғни күнделікті өзгерісін біліп, қадағалап отыру қажет болып табылады. Кәсіпорында әрбір күнтізбелік жұмыс күні барысында бірнеше операцияның орындалуы мүмкін. Бұл операциялардың барлығыда ұйымның капиталына қандайда бір дәрежеде әсерін тигізеді. Ал осы операцияларға сәйкес бухгалтерлік баланстың баптарындағы сандарды өзгертіп отыру, яғни әрбір операциядан кейін кәсіпорынның жаңа бухгалтерлік балансын жасау мүмкін емес және олай жасау тиімді болыпта табылмайды. Осыған дейін айтылғандай бухгалтерлік баланс әрбір айдың (тоқсанның, жылдың) бірінші жұлдызына қарай жасалынады. Міне осыған сәйкес ұйымдардағы орындалатын әрбір операцияларды және олардың негізінде болатын өзгерістерді жіктеп (топтастырырып) есептеп отыру үшін бухгалтерлік шоттар қолданылады.

Бухгалтерлік есеп шоттары  кәсіпорынның шаруашылық қызметін басқарып отыру үшін шаруашылық құралдары  мен қорлану көздерін белгілі-бір  ұқсастықтарына қарай біріктіріп, олардың  орындалған операциялардың әсерінен өзгеріске  ұшырауын есептеп отыратын ақпаратты  мәліметтер әдісі болып табылады.

Шоттар ұйымдағы орындалған операцияларды жинақтап, тіркеп кейіннен бухгалтерлік баланс және басқада есеп беру мәліметтерін құру үшін пайдаланылады. Кәсіпорынның әрбір мүліктері мен  қорлану көздерінің ұқсас топтары  үшін белгілі-бір шот ашылады.

Мысалы: Ұйымның қолда бар нақты ақшаларын есептеу үшін “касса” -деп аталатын шоты, Кәсіпорынның өндіріп шығарған, дайындаған өнімдерін есептеу үшін “дайын өнімдер” -деп аталатын шоты және тағыда басқа шоттар қолданылады.

Бухгалтерлік шоттардың қарапайым  жай түрі үлкен “Т” әріпі сияқты болып көрінеді. Ал шоттың аты оның үстіңгі жағына жазылады. Барлық шоттар қарама-қарсы болып есептелінетін “активтік” және “пассивтік” болып екі түрге бөлінеді. Активтік шоттар ұйымның қолда бар мүліктерін, ал пассивтік шоттар осы ұйымның меншікті капиталы мен міндеттемелерін есептеуге арналған. Әдетте шоттың сол жағы “дебит”, ал оң жағы “кредит” болып аталады. Шоттардың қолданылуы барысында бұл “дебит” және “кредит” сөздері қысқаша Дт (дебит), Кт (кредит) түрінде жазылады.  Жалпы шоттың түрі мына түрде болып келеді. 

Информация о работе Бухгалтерлік есепақпараттық жүйе ретінде