Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 19:26, лекция
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын белгілі-бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт бағдар беріп, алдағы уақыттардағы атқарылатын жұмыстарын жоспарлап және сонымен қатар осы ұйымдағы өткен есепті кезеңдерде (уақыттарда) орындалған жұмыстар туралы экономикалық талдау жасауға қажетті ғылым болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең бастысы, негізгісі болып саналынады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланылып келеді.
1.1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
1.2. Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылыр және олардың ролі
1.3. Бухгалтерлік есеп пәні
1.4. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
1.5. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем түрлері
Бухгалтерлік есептің негізгі
мақсаты ұйымның өз экономикалық
және саяси жағдайына тән шаруашылық
қызметін тиімді жолдармен басқаруға
қажетті ақпаратты
1.5. Бухгалтерлік есеп жұмысын
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы күнделікті болып отыратын барлық операцияларды, шаруашылық процестерімен шаруашылық құралдарының қозғалысын олардың өнім өндіруге қатысуы мен оның нәтижесін есептеу үшін үш түрлі өлшем қолданылады.
Заттай (натуралдық) өлшем кәсіпорынның кіріске алынуға, есептен шығаруға және сонымен қатар түгендеуге тиісті өнімдерімен заттарын, материалдарымен негізгі құралдарын өлшеу, санау, көлемін анықтау үшін қолданылады. Бұл заттай (натуралдық) өлшемнің өзі өлшенілетін шаруашылық құралдарының түріне қарай әртүрлі болып келеді.
мысалы: ағашты өлшеу үшін -текше метр (куб/м), жерді өлшеу үшін -гектар, астықты өлшеу үшін -центнер және тағыда басқа өлшемдер қолданылады.
Мұндай заттай (натуралдық) өлшемді қолдану сандық өлшем арқылы есеп жұмысын жүргізу барысында қажет. Алайда өндірілген өнімдерді заттай (натуралдық) өлшемді пайдалану арқылы өлшеумен қатар олардың сапасына және түріне қарай есеп жүргізудің маңызы зор. Заттай (натуралдық) өлшеммен қоса өнімнің сапасын сипаттайтын сапалық өлшемдерді пайдалану арқылы өндірілген өнімнің төменгі және жоғарғы дәрежедегі сапасын анықтауға болады. Бірақта тек қана заттай (натуралдық) өлшем арқылы жүргізілген есеп мәліметтері негізінде ұйымның жұмысына толық және жан-жақты талдау жүргізуді жүзеге асыруға болмайды.
мысалы: Тоннамен есептелінген 100 (бір жүз) тонна отынға (көмірге) текше метрмен есептелінген 150 (бір жүз елу) текше метр отынды (мұнайды) қоса салып, 250 (екі жүз елу) тонна немесе 250 (екі жүз елу) текше метр отын -деп есептеу мүмкін емес.
Еңбек өлшемі өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытының санын өлшеуге арналған. Басқаша айтатын болсақ еңбек өлшемі бір дана өнімді өндіруге қажетті уақытты анықтауға немесе белгілі-бір уақыт (мезгіл) аралығында өндіріліп шығарылатын өнім санын анықтауға арналған. Бұл еңбек өлшемі жұмыс күнінің саны, сағаты және минуты сияқты уақыт өлшемдерін қолдану арқылы жүргізіледі. Жұмыс уақытының көрсеткіштері кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге тиесілі еңбекақы сомаларын және еңбек нормаларын оның өнімділігін есептеу үшін қажет. Алайда еңбек өлшемі жұмсалынған еңбек күшінің нақты санын анықтауға немесе өлшеуге толық түрде нәтиже бере бермейді. Олар көп жағдайларда заттай (натуралдық) өлшеммен бірге қосылып қолданылады.
мысалы: Жұмысшының өнімді өндіруге, жасап шығаруға кеткен уақыты (адам күні, сағаты) мен сол уақыттағы өндірілген өнімінің санын анықтау арқылы еңбек өнімділігі көрсеткішін есептеуге болады. Мұндағы өндірілген өнім саны заттай (натуралдық) өлшемге, ал оны өндіруге кеткен уақыт (адам/сағат) еңбек өлшеміне жатқызылады. Еңбектің ой еңбегімен қол еңбегі болып бөлінуіне және еңбекті атқаратын адамдардың жұмысының түріне байланысты оларға жұмсалынған барлық еңбекті ақшалай өлшемге айландыруға тура келеді.
Ақшалай өлшем кәсіпорындағы жұмсалынған шығындармен алынған табысты, өндірілген өнімдермен тағыда басқалардың есебін жүргізу үшін қажет. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында ақшалай өлшем көбіне заттай (натуралдық) өлшем және еңбек өлшемімен бірігіп барлық мәліметтерді жинақтап қорытындылау үшін қолданылады.
2.1. Бухгалтерлік
есептің стандарттары және
2.2. Бухгалтерлік
есеп пен қаржылық
2.3. Қаржылық есептілік элементтері
2.4. Бухгалтерлік есептің әдістері
2.1. Бухгалтерлік
есептің стандарттары және
Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары - дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының қай-қайсының болмасын өз мақсаты, қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) енген уақыты және мазмұны болады.
Мақсаты. Бұл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы және есеп мәселелері қысқаша бяндалады.
Қолданылу аясы (орны). Стандарттың пайдаланылатын жерлері мен қандай жағдайда (жерлерде) қолданылмайтындығы осы бапта жазылады.
Анықтамасы. Стандарттағы келтірілген негізгі терминдерге түсініктеме берілетін бап болып табылады.
Қолданысқа (күшіне) енген уақыты. Стандарттың қай уақыттан бастап күшіне енетіндігі осы бапта жазылады.
Мазмұны. Бұл бапта кәсіпорынның есеп саясатына түсінік беріледі.
Кей кездерде стандарттың
қосымшалары да жарыққа шығуы
мүмкін. Бұл қосымшада жаңа стандарттың
басқа қай елдерде
Қаржылық есептің мақсаты кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру. Сондай-ақ ұйымның қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпаратық мәліметтердің болуы қажет:
Қаржылық есеп ұйымның
бухгалтерлік ақпараттарының алғашқы
таратылым құралы болып есептелінеді.
Ал бұл қаржылық есеп бухгалтерлік
есептің жеті элементінен құралады.
Элементтердің алғашқы
Жалпы тұжырымдама (концепция) бұл бірнеше елдің бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын білдірсе, жеке тұжырымдама (концепция) тек қана бір елдің өз ішінде жүргізілетін бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын білдіреді.
Тұжырымдамалар (концепциялар)
халықаралық бухгалтерлік есеп және
қаржылық есеп беру стандартында қарастырылған
бухгалтерлік есеп принциптері, есеп саясаттары,
есеп берулер негізінде
Бухгалтерлік есептің
континентальдық (еуропалық) тұжырымдамасы
(концепциясы) кәсіпорынның жұмысына мемлекеттің
ықпал етуімен, араласуымен түсіндіріледі.
Бұл бойынша сол елдегі қызмет
атқаратын барлық ұйымдар мемлекет
бекіткен шоттар жоспары және басқада
нормативті құжаттар бойынша жұмыс
істеуі тиіс. Сондай-ақ кәсіпорынның бухгалтерлік
есеп берудегі қолданылатын ақпараттық
мәліметтері бұл
Америкалық тұжырымдаманың (концепцияның) континентальдық (еуропалық) тұжырымдамадан (концепциядан) өзгешелігі, бұл модельде кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі мәліметтері негізінен қаржы салымшылары мен несие берушілердің қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл жағдайда ұйымның салық жүйесі қаржылық есептен бөлек және оған тәуелсіз шешімін тауып отырады. Бүгінгі таңда бұл модельді АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Голландия, Австралия, Үндістан (Индия), Оңтүстік Африка Республикасы және тағыда басқа елдер қолданып отыр.
Міне осы жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ әрбір ел өзінің бухгалтерлік есебін континентальдық (еуропалық) немесе америкалық тұжырымдама (концепция) бойынша жүргізуі мүмкін екендігі анықталады. Біздің еліміздегі ұйымдардағы бухгалтерлік есеп кеңес одағы тұсында континентальдық (еуропалық) тұжырымдама (концепция) бойынша жүргізгендігі белгілі. Бүгінгі күннің өзінде осы қалыптасып қалған модель өз күшін жоймай келеді. Яғни барлық кәсіпорындардың есеп жұмысы мемлекеттің басшылығымен салық органының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жасалынып отырылады. Әйтседе 1997-жылдан бастап елдегі барлық ұйымдардың бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің ережесі, бағыты болып саналатын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттары Американдық (халықаралық) бухгалтерлік есеп стандарттарына барынша жақындатылып жасалынғандығында атап өтуге болады. Сонымен қатар біздің еліміз халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуге бетбұрыс жасап 2003-жылдан бастап еліміздегі ірі кәсіпорындар өз есептерін халықаралық стандарттың талаптарына сай етіп жүргізу керектігін қабылдады. Біріншіден осы тұрғыдан, ал екіншіден елдегі қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес болса керек, еліміздегі кейбір ұйымдардың қаржылық есеп берулері соңғы кездері қаржы салымшыларын (инвесторларды) ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз етуге негізделіп жасалынып отыр.
2.2. Бухгалтерлік
есеп пен қаржылық
Кез-келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік есептіңде өз принципінің болуы заңдылық. Латын тілінен аударғандағы принцип сөзі мағынасы жағынан - бастамасы, негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы (концепциясы) шаруашылық процесстері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы оқулықтар мен оқу құралдарын оқи отырып бухгалтерлік есептің жиырмадан астам принципін кездестіруге болады. Авторлар өз еңбегі барысында оларды кей кездері белгі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп отырады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік – деп аталатын 28.02.2007-жылғы №234-III заңының 2-тарау 5-бабында бухгалтерлік есептің мына төмендегідей принципі және негізгі сапалық сипаттамалары белгіленіп көрсетілген:
Информация о работе Бухгалтерлік есепақпараттық жүйе ретінде