Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 19:26, лекция
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын белгілі-бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт бағдар беріп, алдағы уақыттардағы атқарылатын жұмыстарын жоспарлап және сонымен қатар осы ұйымдағы өткен есепті кезеңдерде (уақыттарда) орындалған жұмыстар туралы экономикалық талдау жасауға қажетті ғылым болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең бастысы, негізгісі болып саналынады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланылып келеді.
1.1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
1.2. Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылыр және олардың ролі
1.3. Бухгалтерлік есеп пәні
1.4. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
1.5. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем түрлері
1. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
1.1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
1.2. Бухгалтерлік
ақпараттарды пайдаланушылыр
1.3. Бухгалтерлік есеп пәні
1.4. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
1.5. Бухгалтерлік есеп жұмысын
1.1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын белгілі-бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт бағдар беріп, алдағы уақыттардағы атқарылатын жұмыстарын жоспарлап және сонымен қатар осы ұйымдағы өткен есепті кезеңдерде (уақыттарда) орындалған жұмыстар туралы экономикалық талдау жасауға қажетті ғылым болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең бастысы, негізгісі болып саналынады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланылып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі V-ші ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Ал біздің заманымызға дейінгі ІІ-ші ғасырда Грецияда салынған құрлысқа кеткен шығындар есептелініп, салынған үйдің (ғимараттың) қабырғасына жазылатын болған. Рим империясының квесторлары мемлекеттік бухгалтерлерді бақылап, оның қортындысы емтихан қабылдаушымен тыңдалған. Осыдан “аудитор” -деген термин пайда бола бастаған. Міне осы жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып бухгалтерлік есептің текқана кәсіпорынның жұмысының бір бөлігін атқарып қана қоймай тұтастай мемлекетті басқаруға қатысы бар екендігін дәлелдеуімізге болады. Сондықтанда болар көрнекті ғалым Б.Де Солозаноның “Бухгалтерлік есеп болмаса әлемді басқару мүмкін емес және онсыз адамдар бірін-бірі түсінбес еді” -деп айтуы.
Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру” -туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп берумен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтарымен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағындағы жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есептеумен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.
Кез-келген ұйымдарда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімдермен жасалынып шығарылған бұйымдарды есепке алуға, сатып өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық процесстердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық процестердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығыныңда есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорындарда мынандай қызметтерді атқарады:
Көп жағдайларда бухгалтер мен есепшінің арасындағы айырмашылықты білмегеннің салдарынан бұл екеуін шатастырып алатындар да жие кездеседі. Бұлар іс-тәжірибеде өз қызметтері барысында бірін-бірі ауыстырып отыратындығы әрине рас. Бірақ есепшінің негізгі міндеті шаруашылық операцияларын тіркеу, бухгалтерлік ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңдеп, оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушыға тиімді етіп жеткізу бухгалтердің міндеті болып табылады. Жалпы кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп жұмысын атқарушы мамандар іс-тәжірибеде дәлелденгендей мынандай үш түрлі қиындыққа тап болуы мүмкін:
Бухгалтерлік есеп мамандығына қайшы келетін екі түрлі пікір бар:
Кәсіпорындардағы бухгалтер
1.2. Бухгалтерлік
ақпараттарды пайдаланушылыр
Бухгалтерлік есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға берілетін қаржылық ақпаратты мәліметтерінің көлеміне және мінездемесіне байланысты болып келеді. Бұл ақпаратты мәліметтерді пайдаланушылардың қатарына қаржы салымшыларын (инвесторларды), несие берушілерді (банк немесе банктен тыс мекемелер) және бірлесіп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындардың ақпараттарын пайдаланушылар маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның қаржылық есебіне сүйенеді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық ақпараттық мәліметтерін пайдаланушылар негізінен мынандай екі топқа бөлінеді:
Сондай-ақ осы қаржылық ақпаратты мәліметтерді пайдаланушылардың өзі төмендегідей категорияларға бөлінеді:
Кәсіпорынды басқарушыларға -осы ұйымның алдына қойған мақсатына жетуіне және оның қызметіне толық жауапберетін адамдар жатқызылады. Бұндай адамдарға: кәсіпорынның иесі, кәсіпорынның басшысы, директорлар кеңесінің мүшелері, менеджер, бөлім басшылары тағыда басқалар жатқызылады. Бұл аталған категорияға жататын адамдарды кәсіпорынның:
Кәсіпорыннан тыс орналасқан, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей қызығушылығы бар тұлғалар болып: қаржы салымшылары (инвесторлар), несие берушілер, жабдықтаушылар және басқалар есептелінеді. Бұл тұлғалар өздерінің салған салымдары мен сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ берген несиелерінің уақтылы қайтарылатындығын білу үшін ұйымның қаржы тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін зерттейді. Ал кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама қызығушылығы бар тұлғалардың қатарына: салық органы, министрліктер мен агенттіктер, аудиторлар, сақтандыру компаниялары, сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және тағыда басқа заңды немесе жеке тұлғалар жатқызылады. Кәсіпорынның бюджет және бюджеттен тыс мекемелерге берешек төлемдерін уақтылы төлейтіндігін, қаржылық ақпараттық мәліметтерінің дұрыстығын және өз жұмысшы-қызметкерлерімен еңбекақы бойынша уақтылы есеп айырысатындығын қадағалау осы, яғни кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама қызығушылығы бар тұлғалардың жұмысы болып табылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық ақпаратты мәліметтерін пайдаланушылардың әртүрлі топтарының болуы, біртұтас бухгалтерлік есеп жүйесін екі бөлікке бөлді. Соңғы жылдары біздің елімізде де халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік есепті қаржылық есеп және басқарушылық есеп -деп екіге бөліп қарастыра бастады. Бұндағы қаржылық есеп ұйымның ішкі және сыртқы пайдаланушылары қолданатын қаржылық ақпаратты мәліметтерді толық қамтитын болса, басқарушылық есеп тек қана кәсіпорынның ішкі пайдаланушыларына керекті өнім өндіру, табыс табу және оның алдағы кезеңдегі нәтижесінің артуына байланысты ақпаратты мәліметтерді қарастырады. Белгіленген заңға сәйкес, дұрыс жасалынған қаржылық ақпаратты мәліметтерді дер кезінде пайдаланушыларға жеткізіп беріп отыру кез-келген кәсіпорындағы бухгалтердің кәсіби міндеті болып табылады.
1.3. Бухгалтерлік есеп пәні
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы
болып отыратын барлық процестерді
алдымен бақылап, орындалған жұмыстармен
атқарылған қызметтердің нәтижесінде
өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалынған
материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды
сандық өлшемге келтіріп және оны
арнаулы құжаттарға қарай реттеп
соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі
бухгалтерлік есептің басты міндеті
болып табылады. Қандай да болмасын
шаруашылыққа қажетті күнделікті қолданылатын
есеп жұмысының белгілі бір
Бухгалтерлік есептің қандай
1.4. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік –деп аталатын 28.02.2007-жылғы №234-III заңының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесі» - деп аталатын 2-тарауының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты» - деп аталатын 4-бабында бухгалтерлік есептің мақсаты белгіленіп көрсетілген:
Онда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты кәсіпорын бухгалтерлік ақпаратты мәліметтерін пайдаланушыларды осы ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады делінген.
Бухгалтерлік есептің
негізгі мақсаты барлық кәсіпорындарда
орындалатын операциялардың уақытылы
есепке алынып, олардың қазіргі күнгі
уақыт талаптарына сай
Бухгалтерлік есеп ұйымның
есеп беру мен басқару, сондай-ақ экономикалық
талдау жұмыстарының нақты түрде
жүзеге асырылуын қажетті
Информация о работе Бухгалтерлік есепақпараттық жүйе ретінде