Бухгалтерлік есепақпараттық жүйе ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 19:26, лекция

Описание работы

Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын белгілі-бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт бағдар беріп, алдағы уақыттардағы атқарылатын жұмыстарын жоспарлап және сонымен қатар осы ұйымдағы өткен есепті кезеңдерде (уақыттарда) орындалған жұмыстар туралы экономикалық талдау жасауға қажетті ғылым болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең бастысы, негізгісі болып саналынады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланылып келеді.

Содержание

1.1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
1.2. Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылыр және олардың ролі
1.3. Бухгалтерлік есеп пәні
1.4. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
1.5. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем түрлері

Работа содержит 1 файл

ЛЕКЦИЯ.docx

— 134.90 Кб (Скачать)

Бір рет қолданылатын құжат  арқылы бір ғана операция құжатталады  немесе ондай құжат орындалған операцияның  соңында бір қана толтырылады. Мысалы: тауарды босату үшін толтырылатын накладнойлар.

Жинақталған құжаттарда белгі бір  мерзім аралығында орындалған біртектес  операциялар жазылады. Мысалы: Акционерлік қоғамнан бір күнде босатылған өнімге толтырылатын зоборлық карта.

 

6.4. Мүлікті  және міндеттемелерді түгендеу

Құжаттаумен алғашқы есепке алу мүліктің нақты қозғалысы  мен оның қорлану көздерінің (міндеттемелердің) есепте толық көрсетілуін қамтамасыз ете алмайды. Бухгалтерлік есеп пен  есеп берудің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдарда мүліктерге және қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізіліп отырылады. Түгендеу жүргізудің негізгі мақсаттары мыналар:

  • нақты қолда бар мүліктерді анықтау;
  • нақты қолда бар мүлікті бухгалдтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру;
  • есепте міндеттемелердің толық көрсетілуін анықтау.

Жалпы кәсіпорындардағы мүлікті  және қаржылық міндеттемелерді түгендеу бойынша әдістемелік құралдарға сәйкес кәсіпорындағы түгендеуге жататын мүліктер дегеніміз - бұл негізгі құралдар, материалдық емес активтер, қаржы салымдары, өндірістік қорлар, дайын өнімдер, тауарлар, ақшалар мен басқада қаржы активтері болып табылады. Ал қаржылық міндеттемелерге - банк несиелері, заемдар және басқада кредиторлық борыштар жатқызылады.

Түгендеуге кәсіпорынның қай жерде тұрғандығына қарамастан барлық мүлкі мен қаржылық міндеттемелері жатады. Сонымен қатар түгендеуге ұйымның меншігіне жатпайтын, бірақ  оның бухгалтерлік есебінде есепте тұрған басқа да мүліктердің түрлері  мен өндірістік қорлар (жауапты сақтауда тұрған, жалға алынған, қайта өңдеуге  алынған және тағы басқадай мүліктер), сондай-ақ қандайда бір себептермен  есепке алынбай қалған мүліктер жатады.

Түгендеу барысында құжатталмаған  фактілер анықталуы мүмкін. Мысалы: тауарлардың табиғи кемуі, тауарлардың  шығынға ұшырау және ұрлау нәтижесінде  кемуі, өлшеу мен операцияларды  ресімдеу кезіндегі жіберілген қателіктер және тағыда басқа.

Мүліктер мен міндеттемелерге  дұрыс және уақытылы түгендеу жүргізуге  кәсіпорынның басшысы жауапты болады. Ол қысқа мерзім ішінде нақты қолда  бар құндылықтардың толық және дәлме-дәл  тексерілуін қамтамасыз ететіндей  етіп жағдайлар жасауға міндетті (жүктерді өлшеу мен тасу үшін жұмыс  күшімен қамтамасыз ету, техникалық жағынан жұмыс істейтін таразы жабдықтарымен  қамтамасыз ету).

Түгендеу жүргізу тәртібі (бір есеп беру жылында жүргізілетін түгендеу санын, оларды жүргізу уақыты, олардың әрқайсысында тексерілетін мүлік пен қаржылық міндеттемелер  тізімі), түгендеуді міндетті түрде  жүргізу қажет болған жағдайда басқа  ретте ұйым басшысымен анықталады.

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңға сәйкес мына жағдайларда кәсіпорынның мүліктері  мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізу  міндетті болып табылады:

  • ұйымның мүлкін жалға бергенде, сатып алғанда, сатқанда, сондай-ақ мемлекеттік немесе муниципалды (унитарлы) кәсіпорындарын қайта құрғанда,
  • жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп жасауы алдында (есепті жылдың қазан айының 1-жұлдызынан кейін жүргізілген түгендеуден басқасы),
  • тауарлы-материалдық қорларға жауапты тұлғалар ауысқанда (қабылдау-өткізу жүргізілген күні),
  • мүлікті ұрлау, зиян келтіру немесе бүлдіру фактілері анықталғанда,
  • кенеттен болған апатқа, өртке, аварияға ұшырағанда немесе басқа да төтенше жағдайлар болғанда,
  • ұйым қайта құрылғанда немесе таратылған кезде бөлу (тарату) балансын құру алдында жүргізіледі,
  • нормативтік актілерімен қарастырылған өзге де жағдайларда.

Белгіленуі мен сипатына байланысты түгендеу жоспарлы және ағымдағы түгендеу болып бөлінеді.

Жоспарлы түгендеуді (оларды сонымен  бірге кезеңдік деп те атайды) жоспарға (кестеге) сәйкес алдын-ала белгіленген мерзімде жүргізеді.

Жоспардан тыс түгендеу тауарлы-материалдық  қорларға, ақшаға жауапты тұлғалардың  қызметттен ауысқанда және ұйым басшысының немесе жоғарғы тұрған органның, тергеу жүргізетін немесе басқа да бақылау  жүргізетін органдардың өкімі бойынша  ерекше қажет болған жағдайда жүргізеді.

Қамту көлеміне қарай түгендеу толық, ішінара, іріктеп түгендеу және тұтас түгендеу болып төрт түрге  бөлінеді.

Толық түгендеу нұсқауда қарастырылған  мерзімде жүргізіледі. Мұнда тек  тауарлық-материалдық қорлар мен  ақшаларды ғана тексеріп қоймай, сонымен  бірге басқа заңды немесе жеке тұлғалармен есеп айырысудың дұрыстығын тексереді. Толық түгендеу кезінде  тексерілуге тиісті материалдардың, тауарлардың барлық түрлері тексеріледі.

Ішінара түгендеу -деп түгендеу үшін (тексеру үшін)  кәсіпорынның құндылықтарының белгілі бір бөлігін бөліп қарастыруды айтады. Мысалы: тауарларды қайта бағалаған кезде түгендеу бағасы өзгерген тауарларға ғана жүргізіледі.

Іріктеп түгендеу, ішінара  түгендеудің бір түрі болып табылады. Мұндай түгендеу тауарлық-материалдық  қорларға жеке-жеке аттары бойынша  натуралдық есеп жүргізілетін қоймаларда, өндірістік цехтарда және басқа да ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде жүргізіледі. Мұндай түгендеу егер барлық материалдық қорларды толығымен  түгендеу қажет болмаған жағдайда, құжаттарды тексеру кезінде жүргізіледі.

Тұтас түгендеу бір жүйеге жататын бірқатар кәсіпорындарда бір  уақытта жүргізіледі. Дұрыс ұйымдастырылған  және уақыттылы жүргізілген түгендеу, материалдық жауапты түлғалардың  жұмыстарын бақылау құралы ретінде  қарастырылады, сондай-ақ тауарлық-материалдық  қорлардың жетіспеуін анықтап қана қоймай, олардың ұрлану, жоғалу мүмкіндігінен  сақтандырады.

Түгендеу және басқа да тексерулер барысында анықталған нақты  қолда бар мүлік пен бухгалтерлік есеп мәліметтері арасындағы айырмашылықтар келесідей тәртіпте реттеледі:

Артық шыққан мүлік (негізгі  құралдар, тауарлы-материалдық қорлар, ақшалар және басқалары) түгендеу жүргізілген  күнгі нарықтық құн бойынша табыс  есебінде кіріске алынады. Түгендеу барысында артық шыққан мүліктің пайда болу себебі мен ол үшін кінәлі адамдар анықталады.

Табиғи шығын нормасы (заңда белгіленген тәртіпте) шегіндегі  жетіспейтін және бұзылған мүлік  ұйым басшысының өкімі бойынша немесе өндіріс және айналым шығындарына  жатқызылады, ал нормадан тыс кемшіліктер  – жауапты тұлғалардың есебінен орны толтырылады.

Түгендеу кезінде тауарлар мен материалдардың аттарын дұрыс  жазбағандақтан бірімен-бірінің ауысып кетуінен пайда болған жетіспеушілік  саны, осы себептен артық шыққан сондай тауарлар мен материалдардың артық шыққан саны бойынша жабылады.

Артық шыққан құндылықтар  мен кем шыққан құндылықтарды  өзара жабу бір кезеңде анықталған, тексеріп отырған тек бір ғана жауапты адамда, аттары бір тауарлық-материалдық  қорларға ғана рұқсат етіледі.

Шығын нормасы нақты жетіспеушілік  анықталғанда және сол жетіспеушілік  шегінде ғана қолданылады. Норма  болмаған кезде мүліктің жетіспеуі  нормадан тыс деп саналып кінәлі тұлғалардың есебінен есептен шығарылады.

Кінәлі тұлғалар анықталмаған немесе кінәлі тұлғалардан шығындарды талап ету сот тарапынан шешілмеген жағдайларда мүліктің жетіспеуінен немесе бүлінуінен болған шығын бюджеттік  ұйымдардан басқа кәсіпорындарда ұйымның  ағымдағы шығынына жатқызылады, ал бюджеттік  ұйымдарда қаржыландырудың (қордың) азаюы ретінде есептен шығарылады.

Жоғалуы, ұрлануы салдарынан кем  шыққан құндылықтарды немесе кему мөлшері  табиғи нормадан артық  шығындарды есептен шығаруды ресімдеу үшін ұсынылатын құжаттардың ішінде тергеу немесе сот органдарының ешкімнің кінәлі еместігін немесе кінәлі тұлғалардан шығынның орнын толтыруды талап етуді бас тартқандығы жөніндегі шешімі сондай-ақ техникалық бақылау немесе сәйкес мамандандырылған ұйымдардан (сапа жөніндегі инспекция және басқалар) алынған құндылықтардың бұзылу фактісі жөніндегі қорытынды болуы тиіс.

6.5. Бағалау  және калькуляциялау

Бухгалтерлік есептің  басқа ғылымдардан ерекшелігі, онда ақшалай өлшем кеңінен қолданылады. Бұл өз кезегінде кәсіпорындардың  активтері мен қорлану көздері  туралы ақпараттарының жинақы түрде, яғни белгілі-бір экономикалық талдау жасауға  ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді. Жалпы  бухгалтерлік есеп жүйесінде барлық объектілер тек қана ақшалай өлшемде  көрсетілді.

Бағалау – объектілер есебінің ақшалай көрінісі (мүліктер, міндеттемелер және шаруашылық операциялар). Ол бухгалтерлік есеп беруде шығындарды есептеу арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы бағалау мынандай жолдармен жүргізіледі:

  • Ұйымның сатып алған мүліктері оны сатып алуға жұмсалған шығындардың қосындысы бойынша бағаланады.
  • Басқа заңды немесе жеке тұлғалардын ақысыз, тегін берген мүліктері сол кіріске алынған уақыттағы нарықтық құны (бағасы) бойынша бағаланады.
  • Ұйымның өз өндірісінде өндіріріліп кіріске алынған мүліктері сол өнімді өндіруге кеткен шығындардың құнына сәйкес бағаланады.

Нақты өндірістік шығындардың  құрамына мынадай шығындар жатқызылады:

  • мүлікті кіріске алу барысында жұмсалынған шығын,
  • коммерциялық несиені алғаны үшін төленетін процент сомасы,
  • үстеме баға, үстеме (наценки, надбавки),
  • делдалға төленетін ақы (қызмет көрсетудің құны),
  • кедендік баж салдықтары,
  • тасымалдауға (жеткізіп беруге) және сақтау үшін кететін шығындар.

Басқалардан ақысыз, тегін, қайтарымсыз алынған мүліктің нарықтық бағасы сол мүлікті кіріске алған  күнгі баға негізінде құрылады. Ол баға туралы мәліметтер экспертті жолмен расталып жәнеде оған сәйкес құжаттар болуы қажет.

Өндіріліп шығарылатын (дайындалатын) өнімнің құны сол өнімді өндіруге кеткен нақты шығындардан тұрады. Ал бұл шығындардың құрамы өндіріс  процесінде пайдаланылатын негізгі  құралдардың амортизациясы, материалдар, жанармай, энергия, еңбек ресурстары және басқа да өнімді өндіруге кететін  шығындардан құралады. Ұйымдағы дайын  өнімдер бухгалтерлік есеп шоттарында және баланста нақты өзіндік немесе нормативтік (жоспарлы) құнымен есептелінеді.

Кәсіпорындар өздері сатып  алған тауарларды бухгалтерлік есеп шоттарында олардың сатылып алынған  құны (бағасы) бойынша, ал баланста тек  қана сатылып алынғандағы құны бойынша  көрсетеді.

Материалдық ресурстар (шикізат, негізгі және көмекші материалдар, жанармай, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер  және тағы басқалары) бухгалтерлік баланста нақты құнмен есептелінеді. Ал материалдық  ресурстардың нақты құны оларды кіріске  алуға кететін нақты шығындармен  анықталынады.

Ұйымдар негізгі құралдарын бухгалтерлік есеп шоттарында бастапқы немесе қалпына келтіретін құны бойынша  есептейді, ал баланста  - қалдық құны бойынша, яғни бастапқы құнынан тозу сомасын алып тастап көрсетеді. Бюджеттік кәсіпорындарда – бастапқы құнымен көрсетіледі.

Материалдық емес активтер кәсіпорынның бухгалтерлік есеп шоттарында бастапқы құн бойынша, ал балансында - қалдық құны бойынша көрсетіледі.

Белгілі бір орындалған жұмыстар бойынша жұмсалған шығындарды топтастырыу  тәсілін және қандайда бір объектінің өзіндік құнын анықтау тәсілін  калькуляциялау -деп атаймыз.

Кәсіпорынның белгілі  бір материалдық объектіні жасап  шығаруға жұмсаған ақша қаражаттарының көлемі - өзіндік құн деп аталады. Ал оның көлемін есептеу мүмкіндігі өзіндік құнның калькуляциясы болып  табылады.

Калькуляциялау көмегімен  ұйымдардағы әр түрлі есеп объектілерінің, яғни негізгі құралдардың, материалдық  емес активтердің, өндірілген дайын  өнімнің, сатып алынған материалдық  ресурстардың, көрсетілген қызметтің, орындалған жұмыстың және тағыда басқалардың  өзіндік құны анықталады.

Калькуляциялау, яғни өнімнің  нақты өзіндік құнын анықтау  мәліметтері кәсіпорынды басқаруға, жоспарланған жұмыстардың (нормативті) орындалуына бақылау жасауға, шаруашылық әрекеттерінің рентабельдігін арттыруға, резервтерді құру және еңбек шығындарын төмендету жолдарын қарастыруда  кеңінен қолданылады.

Калькуляция – бухгалтерлік есеп әдісінің бір элементі бола отырып, басқа элементтермен тығыз байланыста болады. Бірінші кезекте бухгалтерлік есептің шоттарымен себебі, объект есебінің өзіндік құнын (әр түрлі шығындардың сомасы) анықтау үшін, алдын-ала шоттарда көрсетіледі.

Информация о работе Бухгалтерлік есепақпараттық жүйе ретінде