Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 19:26, лекция
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын белгілі-бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт бағдар беріп, алдағы уақыттардағы атқарылатын жұмыстарын жоспарлап және сонымен қатар осы ұйымдағы өткен есепті кезеңдерде (уақыттарда) орындалған жұмыстар туралы экономикалық талдау жасауға қажетті ғылым болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең бастысы, негізгісі болып саналынады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланылып келеді.
1.1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
1.2. Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылыр және олардың ролі
1.3. Бухгалтерлік есеп пәні
1.4. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
1.5. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем түрлері
Калькуляция - бухглатерлік есептің бағалау әдісінің негізі болып табылады. Өйткені калькуляция көмегімен алынған мәліметтер кәсіпорындағы объектілерді бухгалтерлік есепте ақшалай өлшеммен есептеуде, яғни бағасын анықтауда негізгі дәлел болатын элемент ретінде қолданылады.
6.6. Шаруашылық
процестердің есебі және
Кәсіпорындардағы өндірістік немесе коммерциялық қызметтердің нәтижесінде болып отыратын әр түрлі өзгерістерді түсініп, бақылап отыру үшін сандық және сапалық деп аталатын есеп көрсеткіштері пайдаланылады.
Сандық көрсеткіштер - кәсіпорында орындалған қандайда бір шаруашылық процестерінің салдарынан болған өзгерістің сандық өлшемде қандай көлемде өзгергенін сипаттайды.
Сапалық көрсеткіштер - кәсіпорындағы орындалған жұмыстың және атқарылған қызметінің соңғы нәтижелерінің экономикалық тиімділігін сипаттайды.
Сандық көрсеткіштерге мыналар жатады:
Сапалық көрсеткіштердің ең маңыздысы кәсіпорынның орындаған жұмыстары мен атқарған қызметтерінің нәтижесін, қаржылық қорытындысын сипаттайтын табыс және рентабельдік (тиімділік, пайдалық) болып табылады.
Таза табыс (пайда) - бұл абсалютті экономикалық көрсеткіш. Ол барлық кәсіпорынның өндірістік, коммерциялық қызметінің нәтижесінде алынатын кірістерімен шығыстарының (шығынның) арасындағы айырмашылықпен анықталады.
Рентабельдік (немістің - rentabel - табыстылық деп аталатын сөзінен шыққан) - салыстырмалы көрсеткіш. Ол ұйымның белгі бір уақыт аралығындағы (есепті кезеңіндегі) атқарған жұмысын табысы жағынан сипаттайды.
Өндірісте рентабельдік табыстың абсалютті сомасының негізгі және айналым капиталының жалпы сомаларына қатынасын айқындайды. Бұл көрсеткіш негізгі және айналым капиталы сомасының 1 (бір) теңгесіне келетін (шаққандағы) табыстың (пайданың) экономикалық нәтижесін сипаттайды.
Өндірісте, ауыл шаруашылығында,
құрылыста және басқада халық
шаруашылығы салаларында
Сапалық көрсеткіштерді бақылау, нақтылы
орындалған жұмыс пен жоспардың
мөлшерін салыстыру шаруашылық қызметінің
экономикалық тиімділігінің динамикалық
дамуына аса маңызды роль атқарады.
Бұл еңбек өнімділігінің
6.7. Есеп регистрлері және жазбалары
Бастапқы есеп құжаттарындағы ақпаратты бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу қолмен жазу немесе автоматтандырылған құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Есеп құжаттарындағы операцияларды тіркеу үшін арнайы нысан кестелері:
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуге арналған карточкаларды, қалың қағаздан немесе картоннан дайындайды. Олар неізгі құралдарды, тауарлық-материалдық қорларды сақталу орны бойынша талдамалық (аналитикалық) есептеуге арналған. Әрбір карточкаға реттік номер беріліп және оларда карточканың ашылған уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіледі. Бұл карточкалар арнайы картотекалық-жәшіктерде сақталынады.
Кітаптар - өз алдына белгілі бір пішін мен жазбадағы брошюрленген қағаз беттері болып табылады. Оларды маңызды, яғни көбірек бақылау қажет деп есептелінетін бөлімдерде қолданады. Кітапты пайдалану әдетте бір бухгалтермен шектелген, себебі қажет болғанда, яғни бір кітаптағы мәліметпен екі немесе оданда артық адамдар жұмыс істейтін жағдайда оны бухгалтерия қызметкерлері арасында бөліп беруге болмайды. Бірақ кейбір жерлерде олардың баламасы жоқ (әрбір ұйымдарда міндетті түрде кассалық кітап жүргізілуі керек). Кітаптарды пайдаланудың артықшылығы – жеке беттерді жаңаға ауыстырудың мүмкін болмауы, яғни жауапты тұлғалар атынан қиянат жасау ықтималдығы төмендейді.
Жеке беттер - үлкен пішіндегі есеп тіркелімдері болып табылады және карточкаларға, кітаптарға (журналдарға) қарағанда үлкен есеп ақпаратын қамтиды. Олар біріктірілген тіркелімдер ролін атқарады, яғни синтетикалық (топтамалық) және аналитикалық (талдамалық) есепті жүргізуге арналған. Сонымен қатар бұлар, яғни әртүрлі ведомостар мен журнал-ордерлер бухгалтерия қызметкерлері арасында міндеттерді рационалды бөлуге мүмкіндік береді және пайдалануға ыңғайлы (қолайлы) болып табылады.
Есеп жазбалары тіркелім түрлері бойынша:
Хронологиялық - тіркелімдер шаруашылық операцияларын жұмыстардың орындалуы мен құжаттардың бухгалтерияға түсуіне қарай жазу үшін қолданылады. Бұндай тіркелімдер құжаттардың түгел сақталуы мен бухгалтерлік жазбалардың жоғалып кетпеуін бақылауды қамтамасыз етеді. Хронологиялық тіркелімге тіркеу журналын (регистрациялық), шаруашылық операцияларды есептеу кітабын және тағыда басқаларды жатқызуға болады.
Жүйелік тіркелімдер шаруашылық операцияларын мазмұны бойынша топтап және бірыңғайлығын анықтау үшін қолданады. Бұларды бухгалтерлік шоттарды жүргізу тіркелімдері депте атауға болады. Жүйелік тіркелімге бас кітапты жатқызуға болады. Пайдалануы барысында әрбір синтетикалық шот үшін оның ішінен жеке бет ашылады.
Біріктірілген тіркелімдерде хронологиялық және жүйелік жазбалар біріктіріліп қолданылады. Мысалы: Бухгалтерлік есепте кеңінен қолданылатын журнал-ордерлердегі жазбалар синтетикалық шоттар бойынша хронологиялық ретпен жүргізіледі.
Мазмұны бойынша (ақпаратты бөлшектеу дәрежесі) тіркелімдер:
Синтетикалық (топтамалық) тіркелімдерде жазба тек ақшалық нысанда құжат номері мен толтырылған уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіліп жүргізіледі. Бір-ақ әдетте оларда түсініктемелік мәтін (пояснительное текст) болмайды. Бұл тіркелімдердің қатарына бас кітап пен журнал-ордерлердің барлығын дерлік жатқызуға болады.
Аналитикалық (талдамалық) тіркелімдерді аналитикалық шоттар бойынша жазбаларды жазу үшін қолданады. Оның ішінде құжаттың номері, толтырылған уақыты (күні, айы, жылы), шаруашылық операцияларының қысқаша мазмұны көрсетіледі. Тауарлы-материалдық қорларды есептеу үшін олардың ішінде ақшалай және натуралдық өлшем көрсеткіштері қолданады. Бухгалтерлік есепте қолданылатын талдамалық тіркелімдерге карточкалар, кітаптар және ведомосттар жатқызылады.
Синтетикалық (топтамалық) және аналитикалық (талдамалық) есепте қатар қолданыла беретін тіркелімдер - біріктірілген тіркелімдер болып табылады.
Бастапқы құжаттардағы есепті
ақпаратты, автоматты өңдеу кезінде
тіркелімдер өз алдына карточкалар,
тізімдемелер, журнал-ордерлер және тағы
басқадай форма түрінде алына
алатын машинограммалар болып
Бухгалтерлік есепті қолмен жүргізу кезінде тіркелімдегі жазбалар жай немесе көшірмелі әдістер арқылы жүргізіледі. Жай жазбалар бір ғана дана етіліп жасалатын болса, ал көшірмелі жазбалар көшіргіш қағаздардың көмегімен біруақытта бірнеше дана етіліп жасалынады.
Есеп тіркелімдерінде
жазбалар өзгертулерсіз (түзетулерсіз)
және таза жазылып толтырылынуы керек.
Тіркелімдерді толтыру
Егер қате баланс құрылғанға дейін анықталса және шоттар корреспонденциясына өзгеріс енгізу қажет болмаса түзетпелі әдіс қолданылады. Осы жерде қате жазбаны (соманы немесе мәтінді) кейіннен оқылуға мүмкін болатындай етіп бір сызықпен сызады және қажет болған жағдайда сызылған жазба үстіне дұрыс жазба жазылады. Түзетілген жазбалар келісілген және бухгалтердің қолтаңбасымен бекітілген болу керек.
Егер шоттар корреспонденциясы дұрыс, бірақ шаруашылық операцияның сомасы дұрыс жазылмаса немесе бұл қате есеп тіркелімінде қорытынды жасалғаннан кейін анықталса, онда қатені түзету қосымша жазу (дополнительное проводка) әдісі арқылы жүргізіледі.
Мысалы: Кәсіпорынға басқалардан келіп түскен 130000 (бір жүз отыз мың) теңге материалдарға мына түрдегі екі жақты жазу жазылған делік.
Дт: Материалдар шоты 100000 тг.
Кт: Жабдықтаушы - мердігерлер шоты 100000 тг.
Бұл қатені түзету үшін айырма сомаға (130000-100000=3000 тенге) қосымша жазу жазылады.
Дт: Материалдар шоты
Кт: Жабдықтаушы мердігерлер шоты 30000 тг.
Егер қате бухгалтерлік балансты жасағаннан және оны тиісті органға тапсырғаннан кейін белгілі болса, ондай қате “қызыл түзетпе” (красное сторно) әдісі арқылы түзетіледі.
Мысалы: Кәсіпорынның кассасына жұмысшыларға еңбекақы төлеу үшін есеп айырысу шотынан 500000 (бес жүз мың) тенге келіп түсті делік. Осы операцияға мына түрде жазу жазылған.
Дт: “Материал” шоты 500000 тг.
Кт: “Есеп айырысу” шоты 500000 тг.
Қатені түзету үшін осындай жазу бірақ қызыл бояумен, яғни сторно етіліп жазыладыда.
Дт: “Материал” шоты 50000 тг.
Кт: “Есеп айырысу” шоты 50000 тг.
Одан кейін мына түрде дұрыс жазу жазылады:
Дт: “Касса” шоты
Кт: “Есеп айырысу” шоты 500000 тг.
Бұндағы қызыл түзетпе мәні бұрыс жазу теріс санмен алынып тасталып, оның орнына дұрыс сома жазылады.
6.8. Бухгалтерлік есеп формалары (нысандары)
Бухгалтерлік есептің формалары деп – белгі бір дәйектілікпен және өзара байланысты, екі жақты принципті пайдалана отырып бухгалтерлік есеп жазуын жүргізуге арналған есеп регистрларын айтады.
Бухгалтерлік есеп формаларын және есептелетін ақпаратты өңдеу технологиясын әрбір кәсіпорын өзі таңдайды және оны есеп саясатында көрсетеді.
Қазіргі кезде кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп формаларының келесідей түрлері қолданылады:
Бухгалтерлік есептің мемориалды-ордерлі формалары қазіргі кезде қолданылатын ескі нысандардың бірі болып табылады. Есептің бұл формаларында кітаптық және карточкалық тіркелімдер жүргізіледі. Синтетикалық (топтамалық) есеп үшін кітаптарды қолдану ыңғайлы болса, ал аналитикалық (талдамалық) есеп үшін көбінесе карточкалар қолданылады. Мұның себебі әрбір шаруашылық операциясы бойынша толтырылатын алғашқы құжат немесе бірыңғай алғашқы құжаттар үшін бухгалтерлік есепте екі жақты жазу жазылып және ол мемориалды-ордерлі нысан түрінде ресімделеді.
мысалы: Қоймадан материалдарды босату (жіберу) туралы әрбір жүк құжаттын (накладной) есептеуде жеке жазбамен көрсетудің орнына осындай бірнеше жүк құжатты жинақтаушы тізімдемеге жазады, одан кейін осы тізімдеменің қорытынды мәліметтері негізінде мемориалды-ордерлі бір ғана бухгалтерлік жазба жасалады. Оның ішінде жазбаның қысқаша мазмұны беріледі немесе құжатқа сілтеме жасалады, шот корреспонденциясы және сомасы көрсетіледі. Мемориалдық-ордерге оның жасалған уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіліп бас бухгалтер қол қояды. Сонымен қатар мемориалдық-ордерге солардың негізінде жазбалар жасалған басты құжаттар қоса беріледі. Барлық мемориалды-ордерлер жасалғаннан кейін арнайы тіркеме журналында тіркеледі. Әрбір мемориалды-ордерге реттік номер беріледі. Тіркемелі журналдағы жазбадан кейін мемориалды-ордер мәліметтері ай сайын синтетикалық (топтамалық) есептің тіркелімі болып табылатын бас кітапқа көшіріледі. Бас кітапта жазбаларды топтастырады. Әрбір синтетикалық (топтамалық) есептің дебит және кредит айналымдары корреспонденцияланушы шот бойынша сәйкес графиктерге бөлек жазылады.
Информация о работе Бухгалтерлік есепақпараттық жүйе ретінде