Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 19:26, лекция
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын белгілі-бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт бағдар беріп, алдағы уақыттардағы атқарылатын жұмыстарын жоспарлап және сонымен қатар осы ұйымдағы өткен есепті кезеңдерде (уақыттарда) орындалған жұмыстар туралы экономикалық талдау жасауға қажетті ғылым болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең бастысы, негізгісі болып саналынады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланылып келеді.
1.1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
1.2. Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылыр және олардың ролі
1.3. Бухгалтерлік есеп пәні
1.4. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
1.5. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем түрлері
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары – түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық.
Түсініктілік (понятность).
Бухгалтерлік есептің ақпаратты мәліметтері
оны пайдаланушыларға шешім қабылдауы
барысында түсінікті болу керектігімен
түсіндіріледі. Ол үшін бұл мәліметтерді
пайдаланушылар бухгалтерлік есеп жайында
белгілі бір дәрежеде білімді болулары
қажет. Дегенменде түсініктілік принципі
ақпаратты мәліметтерді жәй қарапайым
адамдардың, кәсіпқой емес тұлғалардың
пайдалануы үшін сапасын төмендету деген
түсінікке сай емес. Сонымен қатар осы
мақсат үшін оны қаржылық есептен алынып
тастауға болмайды. Ақпаратты пайдаланушы
тұлғалар бұл мәліметтерді түсіну үшін
алдын-ала кеңес алулары қажет.
Орындылық (уместность).
Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттары
пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыруы
қажет. Сондай-ақ пайдаланушылардың кәсіпорын
жұмысына (қызметіне) баға беруіне көмектесуі
керек.
Сенімділік (надежность).
Берілген ақпараттық мәліметтерде қате
болмаса, сондай-ақ пайдаланушылар оған
сенімді болса, онда бұл сенімді ақпарат
болып табылады.
Салыстырмалық (сопоставимость).
Қандайда бір кезеңнің бухгалтерлік есеп
мәліметтері (қаржылық есебі) өткен уақыттардағы
мәліметтермен салыстырылып көрсетілген
кезде ғана оның пайдалығы мен мазмұндылығы
арта түседі.
2.3. Қаржылық есептілік элементтері
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік – деп аталатын 28.02.2007-жылғы №234-III заңының 3-тарау 13-бабында қаржылық есептің мына төмендегідей элементтері белгіленіп көрсетілген:
Актив – кәсіпорынның өткен уақыттардағы шаруашылық операцияларының нәтижесінде пайда болған, алдағы уақыттарда экономикалық табыс (пайда) табу үшін пайдаланылатын ресурстары болып табылады.
Міндеттеме - кәсіпорынның өткен уақыттардағы шаруашылық операцияларының нәтижесінде пайда болған, басқа заңды және жеке тұлғалар алдындағы өтеуге тиісті қарызы (берешегі) болып табылады.
Капитал - кәсіпорынның акивтерінен барлық міндеттемелерін шегеріп тастағандағы бөлігі болып табылады.
Кірістер - есепті кезең ішінде активтердің көбейуі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзге капиталдың ұлғаюы болып табылады.
Шығыстар - есепті кезең ішінде активтердің қолдан кетуі, яғни немесе азаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзге капиталдың азаюы болып табылады.
Басқаша айтатын болсақ кәсіпорынның активінің құрамына - ақшаға (құнмен) бағаланатын игіліктері мен құқықтарын, мүліктерін (заттарын) жатқызады Олар ұйымның өткен уақыттардағы қызметінің нәтижесі болып есептеледі. Кәсіпорындар өзінің меншігіндегі активтерін сол кәсіпорынды басқару, өнім өндіру, басқадай заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету, яғни ұйымның алдағы уақыттарда табыс табуы үшін пайдаланады. Осы активтерді пайдалану арқылы алдағы уақыттарда алынатын кіріс (пайда) – кәсіпорынның ақшаларына тікелей немесе жанама түрде келіп қосылып оның көлемін (үлесін) арттырып отырады. Жалпы бұл үлестің көбейуі (артуы) кәсіпорынның негізгі немесе негізгі емес қызметтері нәтижелерінде пайда болуы мүмкін. Кәсіпорынның активтерді пайдалану арқылы табатын кірістері (пайдалары):
2.4. Бухгалтерлік есептің әдістері
Кәсіпорындар мен ұйымдарда
болып отыратын күнделікті операциялардың,
процестердің маңызы әртүрлі. Осы процестермен
операцияларды бухгалтерлік есептің
көмегімен бақылап, тексеріп олардың
дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай
жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып
отыруға болады. Осы айтылғандардың
орындалуы барысында
Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден тұрады:
Құжаттау
Барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысы барысында әр түрлі шаруашылық операциялары орындалады. Ал бұл операцияларды бухгалтерлік есепке алу үшін оларға алдымен құжаттар толтырылуы қажет. Құжат орындалған операцияның жазбаша түріндегі анықтамасы болып табылады. Құжатқа орындалған операцияның аталынуы, мазмұны орындалған уақыты, өлшем бірлігі, орындаушы немесе тапсырушымен қабылдап алушы адамдардың аты-жөні тағы басқа деректер толтырылады. Құжаттар заңды түрде белгіленген дәлелді ақпаратты мәлімет болып есептелінеді. Құжатта міндетті түрде көрсетілуге тиісті мәліметтерді реквизит-деп те атайды.
Түгендеу.
Ұйымның шаруашылық операцияларының
орындалуы барысында барлық операцияларын
сол сәтінде құжатқа жазуға мүмкіндік
бола бермейді. Тіпті құжаттар толтырылғанның
өзінде де қателіктер кетуі мүмкін
және материалдарды сақтау кезінде
олар табиғи кему мөлшеріне сәйкес
азайып отырады. Сонымен қатар өндіріліп
шығарылған дайын өнімдерді, басқа
кәсіпорындардан алынған
Шоттар.
Бухгалтерлік есеп шоттары дегеніміз - шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына және маңызы мен көрсеткіштеріне сәйкес жинақтап топтау болып табылады. Жалпы шоттар ұйымның шаруашылық процестерінің сондай-ақ активтермен олардың қорлану көздерінің түрлеріне қарай ашылады. Кәсіпорында күнделікті болып отыратын операцияларды үздіксіз жазумен жазып отырмай, оларды экономикалық маңызына қарай шоттар түрінде жазады. Жалпы айтқанда ұйымның активтерімен міндеттемелеріндегі және меншікті капиталындағы әрдайым болып отыратын операцияларды бір жүйеге келтіріп ақшалай түрде есептеу үшін бухгалтерлік есепте қолданылатын әдісті шоттар –деп атайды.
Екі жақты жазу әдісі.
Шаруашылық процестері барысында орындалатын әрбір операция негізінде кәсіпорынның қаржылары мен олардың пайда болу көздерінде екі жақты және тең өзгерістер болып отырады. Олар екі жақты жазуды керек етеді, яғни бір шоттың дебитінде, екінші шоттың кредитінде бірдей сомада көрсетілінуі қажет. Ұйымдардағы мұндай күнделікті болып отыратын операцияларды, процестерді бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазып есептеп отыру үшін қолданылатын әдіс бухгалтерлік есепте екі жақты жазу әдісі - деп аталады.
Калькуляциялау әдісі.
Қандай ұйым болмасын белгілі
бір қызметпен айналысатындығы
белгілі (өнім өндіру, қызмет көрсету,
сатып алып-сату тағы басқалары сияқты).
Осы процестерді орындау
Бағалау әдісі.
Бухгалтерлік есепте материалдық құндылықтар ақшалай өлшеммен есептелінеді. Кәсіпорындағы мүліктердің (активтердің) және міндеттемелердің құның ақшалай өлшемге айландырып есептеу әдісін бухгалтерлік есептің бағалау әдісі - деп атайды.
Бухгалтерлік баланс.
Кәсіпорынның активтерімен
(шаруашылық қорларымен) олардың қорлану
көздерінің белгілі бір мерзімге
бір жүйеге келтіріліп, ақшалай өлшем
түрінде теңестіріліп екі жақты
кестеде бейнеленуін
Қортынды есеп.
Ұйымның қандайда бір өткен уақыт аралығындағы, есепті кезеңдегі операцияларының, шаруашылық процестерінің қортындыланып, белгілі-бір есеп беретін күнге бір жүйеге келтіріліп көрсетілінуі қортынды есеп - деп аталады. Қорытынды есептің құрамына
Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және ҚР-ның бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңының талаптарына сәйкес белгіленеді.
3. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС
3.1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы
3.2. Бухгалтерлік баланстың түрлері
3.3. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы
3.1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы
Бухгалтерлік есептің негізгі атқаратын қызметінің, функциясының бірі пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі - деп бухгалтерлік балансты атауға болады. “БАЛАНС” сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда “таразы” немесе “тепе-тең” - деген мағнаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив - деп аталатын екі бөлімді кесте болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай шығарылған шығындары көрсетілінсе (орналастырылған болса), оң жағында, яғни пассив бөлімінде қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақыттарда табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның потенциальды табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві -деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәлімет жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал - деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал -дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни кредиторларға берешек борыштары болып табылады. Кредиторлар қатарына заңды немесе жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы қарыздарын уақтылы төлей алмаған жағдайда, кредитор болып табылатын заңды немесе жеке тұлғалар осы ұйымнан активтерін сату арқылы қарыздарын қайтаруды талап ете алады. Кәсіпорынның меншікті капиталы инвесторлардың қызығушылығын танытады және ол активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тең болады. Инвестордың кредитордан айырмашылығы, кредитор өз алашағын алу үшін жанталасатын (тырысатын) боса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға ие жәнеде кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтанда бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.
АКТИВ = МЕНШІКТІ КАПИТАЛ + МІНДЕТТЕМЕ
Бұл теңдікті кейбір шет елдерде келесідей түрде көрсетеді:
Информация о работе Бухгалтерлік есепақпараттық жүйе ретінде