Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 00:50, реферат

Описание работы

Мен 23 ақпан мен 3 мамыр аралығында өндірістік тәжірибеден «Локомотив сервис орталығы» Акционерлік Қоғамының «Астана локомотив сервис орталығы» филиалында өттім. Мекеме Қазақстан Республикасының Астана қаласы бойынша Әділет Министрлігінде 2004 жылдың 01 қарашада тіркелген (Мемлекеттік тіркеу бойынша куәлік 17532-1901-АҚ). Акционерлік қоғамның шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 13 мамырда қабылданған «Акционерлік коғамдар» туралы заңымен және басқа да нормативті құқықтық актілермен реттелінеді.

Работа содержит 1 файл

БУХУЧЕТ.doc

— 530.00 Кб (Скачать)

   б) жеткізушілермен есеп айырысу есебі

   Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты  жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-базасын жасайды, яғни  өндіріске қажет қорларын құрады. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісім-шартқа отырады.

   Демек, кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейінде және нысандарына (алдын ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) қарамастан, жабдықтаушылардан алынған материалдық, босалқы қорлар, атқарылған жұмыстар мен қызыметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 671- шоттың кредиті бойынша – есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.

  Сауда мекемелерінде тауарларды қабылдау, біріншіден кімнен тауар жеткізілген  және ол қандай түрде – упаковка жасалған немесе упаковкасы алынған күйде ме.

  Сандық  және сапалық тауарды жергілікті жабдықтаушылардан қабылдағанда жабдықтаушының қоймасында егер тауарлар менеджерлермен немесе жүргізушімен, онда қоймада, егер тауарлар көліктік жеткізушілермен  әкелінсе.

  Тауарларды саны мен сапасы бойынша сату кәсіпорындарда боса, тауарлардың «тауарлардың сапасы мен саны және өнімнің қабылдауы»бекітілген тәртіпке сүйене отырып қабылданады, ол ҚР Министрлер кабинетінің қаулысымен бекітілген № 1240 09.11.1994 ж  және т.б. нормативтік актілерге байланысты. Тауарды қоймадан мекеме өкілі алуы үшін ол міндетті түрде сенімхат және куәлік көрсетуі тиіс. Жабдықтаушылармен тауар жіберілген кезде сенімхат алынады, ол менеджерге керекті тіркемелі құжаттар және тауарларды қабылдағанда жатғқан тауарлар қабылдағанда тауар көлемі, сапасы құжатқа сәйкес тексеріледі. Егер қабылданып жатқан тауар упаковка ішінде болса, онда міндетті түрде ілеспе құжат жазылуы тиіс «Тауар массасы брутто және орын мөлшері нақты тексерілмеген» және «Тауар құжаттама келтірілген сапаға сәйкес нақты тексерілмей қабылданды», бұл құжат тапсырған және қабылданған адамдардың қолдарымен рәсімделеді.

  Егер  тауарларды қоймаға жабдықтаушы  немесе жүргізуші үш – төрт тауарлы  – көлік накладнойымен жеткізеді.

  Түскен  тауарларды қоймада қабылдауды қойма меңгерушісі және МЖА сапасы және санын тексеріп қабылдайды. Жергілікті жабдықтаушылардан тауарларды қабылдау мерзімі тауар түскеннен бастап 10 күн, басқа қалалардағылардан – тауарлар станцияға түсу күннен кейін – 20 күн. Тез бұзылатын тауарларды 24 сағат ішінде сапасы мен санына сәйкес қабылданады. Егер тауарды қабылдау мерзімі кешіктірілсе, ол тауарайналымының көлемі азаюына әкеледі, ол дегеніміз шығындардың ұлғаюына және табыстың азаюына әкеліп соғады. Қабылдап алынағн қоймадағы тауарларды бағытталағн түрде тіркейді, ал ілеспе жабдықтаушы тауарлардың құжаттарырын қолдана отырып. Бұл үшін қойма меңгерушісі арнайы штамп қояды, онда келесілер көрсетіледі:

  Тауар қабылдау күні, нөмірі және ілеспе құжат  күні, нақты өзіндік құны және бөлек  ыдыстар, ал материалды жауапкершілік адам қолымен расталады.

  Тауарлы – материалдық қорларды жабдықтаушы  жөнелткенде оған келесі құжаттар толтырылады:

  Тауарлық, есептік жіне көліктік.

  Тауарлық  құжат – деп, жіберілген тауарлар саны мен сапасы, яғни толық мәлімет беріледі. Оларға: шоттар, счет – фактуралар, тауарлы – көліктік накладнойы, спецификасы. Жүк жіберуші түбіртегі және т.б.

  Есеп  айырысу құжаттары – бұл түскен тауарларды түсіргенде  есеп айырысу  және жүк жіберушімен олар банқа  беріледі. Мұндай құжаттарға: төлем талап – тапсырмасы.

  Көліктік  - бұл құжаттар тасымалданған жүк  көлемін және айқындайды және көліктік қызмет және көліктік органдарға есеп айырысуға арналған құжаттар.

  Тасымалдау  үшін қолданылатын транспорт  түрі:

  • теміржол накладнойы – теміржол көлігімен тасымалдайтын тауарлар.
  • Тауарлы – көліктік накладнойы – автокөліктік тасымалдайтын тасымалдайтын тауарлар екі бөлімнен тұрады: тауарлардың – транспорттық;
  • Коносамент – су жолымен тасымалданатын тауарлар;
  • Авиа накладнойы - әуе жолымен және су жолымен тасымалдайтын тауарларды жеткізгенде беріледі. Счет – фактураны сепке алу «Счет – фактураны тіркейтін журнал», бұл журнал есеп беру мерзіміне сәйкесті келесі түрде жүргізіледі.

  Тауар түріне байланысты және оның счет –  фактурасын немесе тауарлы – көліктік накладнойыа жабдықтаушы көптеген басқа құжаттар беріледі, бір бөлігі мөлшерді растайды және түскен тауарлар  санын, ал басқасы – сапасы және т.б. тауарлар бірлігі.

  ҚР  заңына сәйкес «Стандартизация және сертификация жайлы» тауарлардың халық  тұтыну үшін сертефикация жасалынады, ол тізімді Республика Парламенті тағайындайды.     

      Материалдық құндылықтар қоймаларға келіп түсіп, кіріске алынады: «Материалдар» бөлімшесінің шоттары (1310) дебеттеледі де, жабдықтаушылардың шоты кредиттеледі. ҚР-да ҚҚС төлеушілерден түскен материалдық материалдық материалдардың құнына, 1420-ші «Қосылған құн салығы» шоты дебеттеліп – жабдықтаушылардың жалпы салықтық шот-фактурасындағы саласына 3310- шоты белгіленеді.

Есеп  айырысу қолма-қолсыз нысанда банктік  ағымдағы шот арқылы жүргізіледі. 

                                5. Еңбекақы және  төлеудің есебі

   а) Жұмыс уақытының  есебі, құжатталуы

     Еңбек ақы –  бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбек ақының номаиналды және шынай түрлері болады.

      Номиналды еңбек ақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.

     Шынайы еңбек ақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.

    Жалақы  өнімінің өзіндік құнының негізгі  элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс  ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің  артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.

    Еңбек ақының мәні. Осы мәселеге байланысты экономикалық теорияда 2 тұжырымдама бар:

    1. Еңбек ақы еңбек бағасы,оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық  факторлар- сұраныспен және ұсыныспен анықталады.
    2. Еңбек ақы жұмыс күші-тауардың бағасы,еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды,еңбек ақы өндіріс жағдайымен де,рыноктық факторлар сұраныс,ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы еңбек ақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары,бірде төмен болатындығын көрсетеді.

     Еңбек ақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары  мен жүйелері

Еңбек ақы екіге бөлінеді:

  • негізгі;
  • қосымша;

   Негізгі -  бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін еңбек ақы. Негізгі еңбек ақының құрамына мыналар кіреді:

  • жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалар немесе орташа табыстар бойынша есептелген еңбек ақы;
  • қызметпен өткерген жылдары үшін үстеме;
  • жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет (материалдардың сәйксесіздігі, өңдеудің күрделілігі, құрал – сайман мен жабдықтың икемсіздігі);
  • кесімді ақы алушыларға үстемелі бағалар бойынша қосымша ақы;
  • ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
  • мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
  • түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;
  • жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер;

     Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелген жалақы. Қосымша еңбек ақының құрамына кіретіндер:

  • балаларын тамақтандырушы аналарын жұмысындағы үзіліс уақытына төлем ақы;
  • жасөспірімдердің жеңлдік сағаттарына төлем;
  • мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;
  • негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;
  • пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
  • шыққанда берілетін жәрдем ақы;

   Қызметкерлер  еңбек ақыдан басқа әлеуметтік сақтандыру қаражаттары есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінідегі жәрдемақыны алады.

     Негізгі және қосымша еңбек ақылар еңбек  ақы қорын құрайды. Еңбек ақы  қорының құрамына еңбек ақының барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немес натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер  қосылады.

     Кәсіпорынның  жоспарымен (болжамымен)  белгіленген, еңбек ақы төлеу шығыстарының сомасы жалақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал есепті кезеңде қызметкерлерге нақты төленуге тиісті еңбек ақының сомасы кәсіпорындағы еңбек ақының есептік қоры деп аталады.

     18.11.2009 күні мен жалпы кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің нысандарын қарастырдым.

      Бухгалтерлік есепте еңбек ақы  төлеудің 2 нысаны бар:

 1-нысаны – мерзімдік;

2-нысаны -  кесімді;

   Мерзімдік нысан кезінде еңбек ақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Еңбек ақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады:

  1. Жұмысшы өнім шығарудың артуаны тікелей әсер ете алмайды;
  2. Ксімді бағалауға қажетті шығарылымның көрсеткіштері толық емес;
  3. Жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген  уақытына қатаң есеп жүргізіледі;
  4. Жұмысшыларды дұрыс тарифтендірген кезде, яғни жұмысшының біліктілігі орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес келу;
  5. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін;

   Мерзімді еңбек ақы жай және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді.

     Жай мерзімдік еңбек ақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады:

  • Сағаттық;
  • Күндік ақы;
  • Айлық ақы;

     Марзімдік – сыйақылық еңбек  ақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі бір көрсеткішьерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді).

   Кесімді еңбек ақы төлеу – мұнда еңбекақы өндірілген өнімнің саны мен сапасына сәйкес, оның күрделілігі мен еңбек жағдайы ескеріліп, арнаулы бағалау арқылы төленеді. Бұл нысанда еңбек ақы төлеудің 5 жүйесі бар:

  1. Тікелей кесімді жүйе;
  2. Кесімді-  сыйақылық жүйе;
  3. Ілгерішіл – кесімді жүйе;
  4. Жанама – кесімді жүйе;
  5. Аккордық жүйе;

   Тікелей кесімді төлемде еңбек ақының мөлшері тек шығарылған бұйымның  саны мен өнім бірлігі үшін белгіленген бағалауға тәуелді болады.

     Кемісді – сыйақылық төлемде кесімді еңбек ақы сомасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы есептейдә.

     Ілгерішіл – кесімді төлемде өндірілген өнімді белгіленген нормалар шегінде тікелей бағалаулар бойынша төлеу көзделген. Ал нормадан тыс бұйымдарды шығару  көтермеленген бағалар бойынша (2 есе кесімді бағалаудан аспайтындай төленеді).

Информация о работе Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру