Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 00:50, реферат
Мен 23 ақпан мен 3 мамыр аралығында өндірістік тәжірибеден «Локомотив сервис орталығы» Акционерлік Қоғамының «Астана локомотив сервис орталығы» филиалында өттім. Мекеме Қазақстан Республикасының Астана қаласы бойынша Әділет Министрлігінде 2004 жылдың 01 қарашада тіркелген (Мемлекеттік тіркеу бойынша куәлік 17532-1901-АҚ). Акционерлік қоғамның шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 13 мамырда қабылданған «Акционерлік коғамдар» туралы заңымен және басқа да нормативті құқықтық актілермен реттелінеді.
Демалыс уақытын төлеу. Еңбек заңдарына сәйкес жұмыс (күнтізбелік емес) жылында жұмысшылар мен қызметкерлерге бір рет демалыс беріледі. Демалыс алу құқығы сол кәсіпорында 11 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін туындайды. Демалыстың ұзақтығын шаруашылық субъектісі белгілейді және кестеге сәйкес беріледі. Демалыс бұйрықпен немесе демалыс беру туралы жазбамен рәсімделеді де, онда оның қандай мерзімге берілетіндігі мен ұзақтығы көресетіледі. Демалысты төлеуге және пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлеуге арналған күндік орташа еңбек ақысы демалысқа кетер алдындағы 12 күнтізбелік айдың еңбек ақысына орай анықталады (18.09.97 ж. №17/9340 Нұсқаулық).
Егер бір жылдан кем жұмыс істесе, онда демалысқа кетер алдындағы күнтізбелік айлардың еңбек ақысына орай анықталады. Күндікорташа еңбек ақы есепті кезеңдегі еңбек ақы сомасын жұмыс уақытының жыл сайынғы балансындағы жұмыс жұмыс күндерінің айлық орташа санына бөлу жолдарымен есептеліп шығарылады. (1997 жылы – 25,0; 1998 жылы – 25,67).
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыны есептеу. Сырқаттанғанда, отбасы мүшесі ауырғанда және оған күтім жасау қажет болғанда, карантинде, кәсіби ауырғанда ауру күндері белгіленеді. Аурулық куәлік (еңбеккке жарамсыздақ қағазы) жәрдемақы тағайындауға негіз болады. Еңбек ақының 100% мөлшеріндегі жәрдемақы мертіккенде, кәсіби аурумен ауырғанда, 8 жыл және одан астам үздіксіз жұмыс стажы бар қызметкерлерге, сондай – ақ асырауында 16 жасқа жетпеген (18 жасқа дейінгі оқушылар) 3 және одан көп балалары бар қызметкерлерге беріледі: 80% - ті мөлшерінде – үздіксіз жұмыс стажф 5-8 жыл болса; 60% - үздіксіз стажы 5 жыл болса беріледі. Орташа еңбек ақыны есептеген кезде мынадай төлемдер ескерілмейді (ҚР Үкіметінің 26.03.97ж. №419 қаулысы):
Табыс салығын ұстау. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туаралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес (01.01.98 ж. өзгерістерін ескергенде) жылдық орташа кіріс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептелген кіріс салық салу объектісі болып табылады.29- бапқа сәйкес табыс салығын есптеу салық жыл ішінде біркелкі (ай сайын) жүргізіледі. Соған байланысты 1.01.97 ж.бастапқы қайта есептеу коэффициенті өндіріледі. Мұның өзі 12 саныны салық салынатын кірістің сомасы анықталатын айлар санына қатынасы болып табылады. Қаңтар = 12 (12/1), ақпан = 6 (12/2), наурыз = 4 (12/3), желтоқсан = 1 (12/12). Салық жылы аяқталғанға дейін қызметкер жұмыстан кететін болса, ол алған нақты табысқа орай табыс салығын қайта есептеу керек. Қажет болған жағдайда кірістің есептік сомасынан аванспен ұсталған табыс салығының сомасын қайтару қажет.
Халықтың соттың шешіміне, нотариалыд
органдардың атқарушы
Несиеге сатылған тауарлар үшін ұстап қалу саудаласушы ұйымның жазбаша тапсырмасы, міндеттемесі негізінде жұргізіледі. Есептеудің екі әдісі бар:
1 - әдіс. Субъект банктен (немес өз құжаттары есебінен) қарыз алады және саудаласушы кәсіпорынмен талықтай есеп айырысады да, тауарды өз қызметкеріне сатып әпереді. Осы тауарларды алған қызметкерлердің еңбек ақысынан ай сайын белгілі бір сома ұстап отырады. Мұның өзі қызметкердің шаруашылық субъектісі алдындағы берешегін кемітуге жатады.
2 - әдіс. Сауда жасаушы ұйымның
жазбаша тапсырма –
Материалдық залалды (кемшілік, ұрлық – қарлық) өтеу бойынша ұстап қалу көшірмелердің, жалпы жиналыстың хаттамасының сот органдары шешімінің негізінде жүргізіледі. Мұнда ұстап қалудың мөлшері мен мерзімі көрсетіледі. Ақаудан және бүлінуден болған ысыраптар ақау туралы актінің негізінде өтеледі.
Кәсіподық жарналарын ұстап
Берілген жоспарлы және
Дебиторлық борыштардың есебі өз алдына бөлек шоттармен, әр қайсысының түрімен және борышкермен жүргізіледі. Кәсіпорында жұмысшылардың борышы мына келесі операциялардан пайда болады.
Бухгалтерия
жұмысшыға қызметтік
в)
Әлеуметтік салық
және әлеуметік сақтандырулар
есебі
6. Қаржылық нәтиже және меншікті капитал есебі.
а) Жарғылық қор және резервтік капитал есебі
Ұйымның
барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы)
айналыстан тыс және айналыстағы
активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді
қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі
(айналымнан тыс) активтер» және айналымдағы
активтер» деп екіге бөледі.
Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі
қүралдардан, материалдық емес активтерден,
қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан,
аяқталмаған қүрылыстан құралады. Жалпы
айналымнан тыс активтер кәсіпорынның
материалдық-техникалық базасын жасауға
және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлы-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер жатады.
Кәсіпорын мүліктерінің құралу көздері.
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарын да пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал – келешекте, яғни алдағы уақыттағы болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі ҚР Заңдары мен ұйымның жарғысында қаралады.
Бөлінбеген пайда (табыс) – кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын) шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.
Жарғылық капитал есебі.
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі.
Кәсіпорындарда жарғылық капиталдың есебі «Жарғылық қор» бөлімінің:
деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.
Акционерлердің акцияға жазылған сомасына жарғылық қорды құрғанда, сондай-ақ қосымша эмиссия жасау арқылы жарғылық қор мөлшерін өсіргенде немесе акциялардың атаулы құнын өсіргенде жарғылық қордың өскен сомасына:
Дт: «Төленбеген капитал» шоты
Кт: «Жай акциялар» немесе «Артықшылығы бар акциялар» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін ақшалай түрде салған жағдайда:
Дт: «Ақшалар» шоты
Кт: «Төленбеген капитал» шоты түріндегі екі жақты жазуы жазылады.
Бұл жағдайда еліміздегі бас шоттар кестесіне сәйкес:
Деп аталатын шоттардың тиістілері дебеттеледі.
Ал егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін «Материалдық емес активтер», «Негізгі құралдар», «Материалдық құндылықтар» және тағы да басқа түрде салатын болса:
Дт: «Материалдық емес активтер»;
«Негізгі құралдар»;
«Материалдық құндылықтар» және т.б шоттардың тиістілері;
Кт: «Төленбеген капитал» деп аталатын шот түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Сондай-ақ серіктестіктердің қоғамдық жарғылық қорға қосқан үлестері мен жарналарының сомасына:
Дт: «Материалдық емес активтер»;
«Негізгі құралдар»;
«Материалдық құндылықтар»;
«Ақшалар» және т.б шоттардың тиістілері.
Кт: «Салымдар мен жарналар» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылуы тиіс.
«Қайтарылып алынған капитал» деп аталатын шот акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алған акциялардың есебін жүргізу үшін арналған. Бұл жағдайда кәсіпорын акционерлерден өз акцияларын сатып алған уақытында бухгалтерлік есепте:
Дт: «Қайтарылып алынған капитал» шоты;
Кт: «Ақшалар» шоты түрінде екі жақты жазу жазылады.
Егер акционерлік қоғам өз акцияларын айналымнан алып тастаған уақытта, айналымнан алынған акцияның құнына:
Дт: «Қарапайым акциялар» немесе «Артықшылығы бар акциялар» шоттарының тиістісі;
Кт: «Қайтарылып алынған капитал капитал» шоты түрінде бухгалтерлік жазба жазылады.
Резервтік капиталдың есебі.
Акционерлік қоғамдар менбасқа да ұйымдар өздерінің таза пайдасы есебінен резервтік капитал құрады. Резервтік капиталдағы жинақталған сома алдын ала болжанбаған, төтенше жағдайлардан болатын шығындарды жабу үшін жұмсалады. Резервтік капиталдың жұмсалуына байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында көрсетілген мөлшерге тең етіп қайта қалыптастыруды қажет етеді. Кәсіпорында резервтік капиталдың есебі «Резервтік капитал» бөлімінің:
«Заңмен белгіленген резервтік капитал»,
Информация о работе Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру