Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 00:50, реферат

Описание работы

Мен 23 ақпан мен 3 мамыр аралығында өндірістік тәжірибеден «Локомотив сервис орталығы» Акционерлік Қоғамының «Астана локомотив сервис орталығы» филиалында өттім. Мекеме Қазақстан Республикасының Астана қаласы бойынша Әділет Министрлігінде 2004 жылдың 01 қарашада тіркелген (Мемлекеттік тіркеу бойынша куәлік 17532-1901-АҚ). Акционерлік қоғамның шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 13 мамырда қабылданған «Акционерлік коғамдар» туралы заңымен және басқа да нормативті құқықтық актілермен реттелінеді.

Работа содержит 1 файл

БУХУЧЕТ.doc

— 530.00 Кб (Скачать)

      1.Күндік орташа еңбек ақыны (жұмыс істелмейтін және мереке күндерін қоспағанда);

      2.Орташа сағаттық еңбек ақы пайдаланылады;

   Күндік орташа еңбек ақы, еңбеккке  ақы төлеу мен демаыс үшін  өтемақы төлеуден басқа барлық  жағдайда есепті кезеңде есептелген  еңбек ақы сомасын жұмыс күндерінң  сомасына бөлу жолымен анықталады.

     Нақты жұмысшының орташа еңбек ақысының мөлшері  күндік орташа  еңбек ақыны төленуге тиіс күндер сомасына көбейту жолымен анықталады.

     Күндік  орташа еңбек ақы есепеті кезеңде  есептелген еңбек ақы сомасын  жыл сайынғы жұмыс уақытының  балансына сәйкес осы кезеңдегі  жұмыс сағаттарына бөлу жолымен  есептеледі. Нақты қызметкердің орташа еңбек ақысынң мөлшері орташа сағаттық еңбек ақыны төленуге тиіс кезеңдегі жұмыс сағатының санына көбейтілу жолымен анықталады. Егер:

   1. Қызметкердің орташа еңбек ақысы төленсе немесе сақталса (ҚР заңына сәйкес);

   2. Қызметкер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақы аласа (жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық) және басқадай болса орташа еңбек ақыны есептеуге арналған есептік кезеңнен уақыт, сондай - ақ  төленген сомалар аланып тасталынады.

   Ынталандырушы сипаттағы сыйақылар мен басқа төлемдер есептеу уақыты бойынша ораташа еңбек ақыны есептеген кезде қосады, жылдық сыйақылар мен сыйлықтар есепті кезеңнің әрбір айы үшін 1/12 мөлшерінде ескеріледі.

     1. Мемелекеттік және  қоғамдық міндеттемелерді  орындау уақыты. Төлем орташа сағаттық немесе орташа күндік міндеттемелерді орындаған мекеменің табелінің, анықтамасының немесе құлықтандыруының негізінде жүргізіледі.

     2. Жасөспірімдердің  жеңілдік сағаттары. 5 күндік жұмыс аптасы кезінде 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін күніне 7 сағат 12 минуттан апауы керек (16-дан 18 дасқа дейін – аптасына 36 сағат, 15 –тен 16 жасқа дейін – аптасына 24 сағат). Олар:

а) кесімді ақы алушы жасөспірімдерге кесімді ақы алушының тарифтік ставкасы бойынша;

б) мерзімдік ақы алушы жасөспірімдерге тиісті разрядтың ставкасы бойынша төленеді.       

      3. Нәрестені тамақтандыдуға  арналған үзіліс. Мұның өзі медицина мекемсі емізетін аналар мен 1 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге берген наықтамамен рәсімделеді. Демелыс пен тамақтануға берілетін жалпы үзілістен әрбір 3 сағат сайын нәрестені тамақтандыруға арналған 30 минуттық қосымша үзілістер беріледі. Бұл үзілістер орташа еңбек ақы бойынша төленеді.

      19.11.2009 күні мен 2007-2008 жылдардағы ҚР-ның  еңбекақының жалпы  қорын қарастырдым.

        20.11.2009 күні мен кәсіпорында еңбек демалысының ақысын есептеуді үйрендім. Сонымен қатар кәсіпорынның жұмысшыларына еңбекақы есептеп, лицевой шот құжатын толтырдым.  Ол әрбір адам жұмысқа қабылданар алдында бұйрық бойынша толтырылады. Бұл құжатта жұмысқа алынған күні, жұмысқа қабылданған адам туралы толық қанды мәлімет,  мамандығы көрсетіледі және оған әр ай сайын еңбекақы, сонымен қатар еңбек демалысының ақысын, сыйақы мөлшерін анықтап есептеп отырады. Лицевой счет работника (Қосымша).

      Қызметкерлермен есеп айырысуды рәсімдеудің тәртібі. Депоненттелген еңбек ақының есебі:

   Есеп айырысу және есеп  айырысу  -  төлем ведомостері еңбек  ақы бойынша есеп айырысудың  негізгі тіркелімі болып табылады. Бұл еңбек ақы бойынша әрбір  қызметкерден ұсталатын барлық ұсталымдардың түрлері бойынша деректер көрсетілетін жиынтық деректер.

   Қызметкерлермен есеп айырысудың 4 түрі бар:

  1. Т – 49 нысынындағы есеп айырысу – төлем ведомосі бойынша, мұнда еңбек ақыдан ұсталатындардың барлығы көрсетіледі және еңбек ақыны төлеу жүргізіледі.
  2. Т – 50 нысаындағы есеп айырысу ведомосі бойынша,   мұнда еңбек ақы мен барлық ұсталымдардың есебі жүргізіледі. Еңбек ақыны беру тікелей жазылған төлем ведомосі бойынша дара жүргізіеледі.
  3. Т – 2 нысанындағы «Еңбек ақымен есеп айырысу» қағаздары бойынша, мұнда бір қызметкерге есептеу мен ұстап қалулар жүргізіледі. Еңбек ақыны төлеу төлем ведомосі бойынша жүргізіеді.
  4. Жылдың есеп айырысу ведомостері, кітап болып түптелген салым қағаздары бойынша. төлем еңбек ақы төлеу ведомосі бойынша жүргізіледі.

       Төлем ведомостері бойынша еңбек  ақы төлеу есеп айырысу шотына  кассаға ақша алу күнін қоса  алғанда, белгіленген үш күн  ішінде жүргізіледі. Төлем ведомосіне  басшы мен бас бухгалтер қол  қояды. 3 күн өткеннен кейін төлем  ведомосі жабылады. Бұл орайда берілген еңбек ақының сомасы жолдар бойынша тексеріледі және жалпы сомаы есептеледі. Еңбек ақысын алмаған адамдардың аты – жөнінің тұсына «депоненттелді« деген жазу жазыады және берілмеген еңбек ақының жалпы сомасы банкке өткізіледі. Бұл орайда кассир берілмеген еңбек ақылардың ведомосін жасайды.

Еңбек ақы есебінің аудиті

   Еңбек ақы есебінің аудитін тексеру  мыналар болып табылады:

  1. Еңбек ақы аударымдары кезінде нормативтік-құқықтық актілердің дұрыс сақталуын тексеру;
  2. Еңбек ақыдан ұсталымдарды дұрыс жүргізу.

   Тексеру келесілер арқылы жүзеге асырылады:

  1. Синтетикалық және аналитикалық есептің баланс жазуындағы 681 шот бойынша көрсеткіштері орнатылады.
  2. Алғашқы құжаттардың дұрыс толтырылуы, қажетті тұлғалардың қолдары бар болуы оқытылады.
  3. Еңбек ақы аударымдарының дұрыстығын тексеру таңдап алу әдісімен жүзеге асырылады.
  4. Қарапайым төлем, жұмысына қосымша төлем.
  5. Уақытша жұмысқа қабілетсіздігіне байланысты жәрдемақының аударылуы.
  6. Еңбек ақыдан ұсталымдардың дұрыстығын тексеру.

   Мен практикада жүрген кезімде, есеп айырысу - төлем ведомостын, шоттық кесте, жұмыс уақытының есеп табелін толтырумен таныстым.

     Еңбекақының аналитикалық есебі. Есеп парағы. Есеп-төлем  ведомосты.

Қызметкерлер  құрамының есебін кадрлар бөлімі немесе арнайы тағайындалған адам жүргізеді. Әрбір жұмысқа қабылданған (тұрақты, уақытша, маусымдық түрде) адамға жеке карточка толтырылады ж/е оған өзінің табельді нөмірі беріледі. К/о басшысының бұйрықтары немесе ұйғарымдары негізінде бухгалтер әрбір қызметкерге есеп парағын ашады. Онда қызметкердің анықтама мәліметтері көрсетіледі ж/е есептелген сомалар мен ұсталымдар туралы барлық мағлұматтар жинақталады.

Жұмыс уақытының есебі белгіленген  үлгідегі жұмыс уақытын пайдалану  табельдерінде жүргізіледі.

Есептелген  сомалар мен ұсталымдар туралы мәліметтер есеп парағының барлық қызметкерлер бойынша қосылатын белгіленген үлгідегі есептеу-төлем ведомостыларына көшіріледі. Бұл ведомостің негізінде синтетикалық есепте №3350 «еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шотында кредит бойынша – есептелген сомалар, дебет бойынша – кассадан қолма-қол ақша беру, табыс салығын ұстау, еңбекақыны заттай түрде беру, басқа ұсталымдар ж/е т.б белгіленеді. Бұл ведомость бойынша басшы мен бас бухгалтердің қол таңбалары қойылғаннан соң берілуге тиіс барлық сомада шығыс кассалық ордер толтырылып, еңбекақы беріледі.

     Еңбекақы  бойынша есеп айырысудың синтетикалық есебі.

Еңбекақы 3350 «еңбекақы төлеу бойынша қ.м.берешек» пассивті баланстық шотында есепке алынады. Бұл шоттың кредиті бойынша есептелген еңбекақы мен әртүрлі жәрдемақылар, ал дебеті бойынша – ұсталымдар бейнеленеді. Кредиттік ж/е дебеттік жақтар арасындағы айырма к/о қызметкерлеріне берілуге тиіс сомаға сәйкес келеді. Оны кассадан берген соң шот жабылады.

Уақытында алынбаған еңбекақы депонирленеді. Еңбекақы беру үшін белгіленген 3 күн өткен соң кассир есеп-төлем ведомосында ақша алу жөнінде қол таңбаларын тексеріп алынған еібекақыны қосып шығады. Еңбекақысын алмағандардың фамилияларының қарсысына «алмау туралы қолтаңба қою» бағанасында таңба қойылады немесе қолмен «депонирленді» деп жазылады. Бұл жағдайда есеп-төлем ведомосы екі сома – қолма-қол ақша берілді және депонирленді бойынша жабылады.

Сұралмаған  депонирленген еңбекақыны кәсіпорыно 3 жыл бойы сақтайды, одан соң оны бюджетке аударады.

Еңбекақы бойынша шоттар корреспонденциясын құрдым:

Операция  мазмұны Дебет Кредит
1 Әкімшілік басқару  қызметкерлеріне тамыз айына  еңбекақы есептелді 7210 3350
2 Әкімшілік басқару  қызметкерлерінің еңбекақысына әлеуметтік салық есептелді 7210 3150
3 Қызметкерлердің еңбекақысынан әлеуметтік сақтандыру бойынша аударым жасалды 7210 3210
4 Еңбекақыдан ЖЗҚ-на міндетті жарна ұсталды 3350 3220
5 Еңбекақыдан ЖТС  ұсталды 3350 3120
6 Есепшоттан  әлеуметтік сақтандыыру бойынша  аударым аударылды 3210 1030,1010
7 Есепшоттан  ЖТС аударылды 3120 1010,1030
8 Қызметкерлер  еңбекақысы кәсіпорын кассасынан аударылды 3350 1010
9 Еңбекақы қызметкерлердің  карт шоттарына аударылды 3350 1040
10 Есепті кезеңдегі  шығындар жылдық жиынтық табыстың кемуіне  апарылды 5610 7210

         

   б) Еңбек демалысының және еңбекақыан ұстау мен ұсталымдардың есебі

           21.11.2009 күні еңбек демалысының мен еңбекақылардан ұстап қалулар мен төлемдерді есептеу тәртібімен жұмыс жүргіздім.

   Еңбек ақыдан ұстап қалу тек  заңда көзделген жағдайларда  жүргізіледі. Әрбір жалақы төлемі  кезінде барлық ұстап қалулардың жалпы мөлшері еңбек ақының 50% - нен аса алмайды.

   Қызметкердің еңбек ақысынан  бухгалтерия ұсталымдарының мынадай  түрлерін ұстап қалады:

  • Табыс салығын;
  • Орындаушы қағаздар бойынша;
  • Несие сатып алынған тауарлар үшін тапсырмалар мен міндеттемелер бойынша;
  • Жазбаша тапсырмалар, жеке сақтандыру шарттары бойынша;
  • Егер шаруашылық субъектісі кәсіподақтардың немес тәуелсіз кәсіподақтардың федерация кеңесінде тіркелегн болса, 1% - тік кәсіподақ жарнасы;
  • Еңбек ақы есебінен берілген авансты өтеу;
  • Жеке тұрын – үй құрылысына берілген несиені  өтеу есебінен;
  • Жұмысшының жазбаша келісімі бойынша шауашылық субъектісіне тиесілі тұрғын үй үшін пәрет ақы төлеу;
  • Демалыстың өтелмеген күндері үшін;
  • Кәсіпорынға келтірілген зияндыөтеу;
  • Айыппұлдар мен мойнындағы ақша;
  • Ведомстволық мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау үшін.

Есептелген  еңбекақыдан әртүрлі ұсталымдар мен шегерулер жасалады: табыс  салығы, алдын ала берілген ақшалар, кәсіпорын қызметкерінің келтірген материалдық зиянының орнын толтыру, еңбекақы есебінен босатылған тауарлар үшін ж/е орындау қағаздары бойынша ұсталымдар ж/е т.б

Табыс салығы бұрын айлық табыстардан  есептелген болса, енді 1 жылда алынған  жиынтық табысына негізделіп есептеледі. Бухгалтер ай сайын табыс салығын  ұстап оны бюджетке аударады, ал келесі жылдың басында (1сәуірден кеш қалмай) барлық төлемдер туралы мәліметтерді к/о орналасқан жері бойынша салық инспекциясына тапсырады. ҚР жеке тұлғалардан табыс салығы ережеде Заңда бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Мыс: штаттағы қызметкерлердің салық салынатын мөлшерінен бір айлық есептік көрсеткіші шегеріледі, ал оның бір, екі ж/е одан да көп балалары болса, онда соған сәйкес айлық есептік көрсеткіштерінің саны қоса шегеріледі.

Информация о работе Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру