Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 00:50, реферат

Описание работы

Мен 23 ақпан мен 3 мамыр аралығында өндірістік тәжірибеден «Локомотив сервис орталығы» Акционерлік Қоғамының «Астана локомотив сервис орталығы» филиалында өттім. Мекеме Қазақстан Республикасының Астана қаласы бойынша Әділет Министрлігінде 2004 жылдың 01 қарашада тіркелген (Мемлекеттік тіркеу бойынша куәлік 17532-1901-АҚ). Акционерлік қоғамның шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 13 мамырда қабылданған «Акционерлік коғамдар» туралы заңымен және басқа да нормативті құқықтық актілермен реттелінеді.

Работа содержит 1 файл

БУХУЧЕТ.doc

— 530.00 Кб (Скачать)

   Ақша  қаражаттарының қозғалысын ашу барысында  операциялар қозғалысының өсімін ашады, ақша қаражаттарының енуі және түсуімен байланысты, сондықтан корреспондеттік  шот бойынша ақша қаражаттарының операциясы ақша операциялары емес.

   Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтерді алу және сату, қаржылық инвестицияларды сату.

   Қаржылық  қызмет – меншікті капитал және қарыз қаражатының мөлшері және құрамының өзгеруі кәсіпорын қызметінің нәтижесі болып табылады.

    Мысалы. Кассаны түгендеу барысында 150 тенге артық шықты . Мұндай жағдайда кассалық кіріс ордері жазылып , мына жазулар бойынша ресімделетін субъект қызметінің нәтижесіне кірістеледі ( жатқызылады ) :

1010”  Кассадағы ұлттық валюта түріндегі  қолма - қол ақшалар” шот дебеті        6280 “Негізгі емес қызметтен алынған басқадай табыс” шот кредиті    150 теңге.  Егер кассаны түгендеу кезінде 5 000 тенге кем шықса , мұндай жағдайда :

-  анықталған  кем сомаға кассалық шығыс  ордері жазылады :

1260 “Бүлінген  құндылық шығыны , кем шығу” шот дебеті

1010 “Кассадағы  ұлттық валюта түріндегі қолма  - қол ақшалар” шот кредиті                                                                                                                   5 000 теңге  - кассирдің мойнына  ақшы салу ;

1250 “Материалдық  зиянның орнын толтыру бойынша  есеп айырысу” шот дебеті 

1260 “Бүлінген  құндылық шығыны , кем шығу” шот  кредиті      

5 000 теңге  - кассирмен кем шығуды жабу (кассалық  кіріс ордері жазылады) :

1010 “Кассалық  ұлттық валюта түріндегі қолма  - қол ақшалар” шот дебеті 1250 “Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысу” шот кредиті    5 000 теңге.

в) Есеп беруші тұлғалармен  есеп айырысу есебі.

Заңды тұлғалардан  тауар өткізгені, қызмет көрсеткені үшін аванстық отчет құру керек. Оның құрамына келесідей алғашқы құжаттар кіреді:

  • Шот-фактура
  • Накладнойлар
  • Тауарлық чек
  • Кіріс кассалық ордеріне квитанция
  • Фискальды чек.

Ал тауарды  жеке кәсіпкерден сатып алған  кезде мынадай алғашқы құжаттар тізімі керек болады:

  • Шот-фактура
  • Накладной
  • Тауарлық чек
  • Фискальды чек
  • Сатушының патент көшірмесі және кәсіпкерлік жүргізу туралы куәлігі.

Есеп  беруші тұлғалармен  есеп айырысу есебі  бойынша шоттар корреспонденциясы.

Операция мазмұны дебет Кредит
1. Кассадан есеп беруші тұлғаларға ақша аударылды 1252 1010
2. Іс-сапар шығындары әкімшілік шығындарға апарылды 7210 1250
3. Іс-сапар шығындары  тауар өткізу, қызмет көрсету бойынша  шығындарға апарылды 7110 1250
4. Негізгі жұмысшының іс-сапар шығындары өндіріс шығындарына  апарылды 8048 1250
5. Есеп беруші тұлғалар арқылы материал келіп түсті 1310 1250
6. Қызметкерлер  арқылы  ГСМ т.б отын алынды 1312 1250
7. Қызметкерлер  арқылы жартылай фабрикаттар, конструкторлар алынды 1311 1250
8. Қызметкерлерден ыдыс және ыдыстық заттар алынды 1313 1252
9. Қызметкерлерден резерв бөліктер алынды 1314 1252
10. Қызметкерлерден құрылыс материалдары алынды 1317 1252
11. Қызметкерлер  арқылы қайта сату үшін тауар сатып  алынды 1330 1252
12. Қызметкерлер  арқылы басқа да тауарлар алынды 1330 1252
13. Есеп беруші тұлғалармен түрлі материалдық емес активтердің құны төленді 2730 1252
14. Жер телімінің  құны есеп беруші тұлғалардан төленді 2411 1252
15. Есеп беруші тұлғалар арқылы негізгі құралдардың  әр түрлі түрлері кірістелді 2412-2417 1252
16. Есеп беруші тұлғалардан аяқталмаған құрылыс бойынша шығындар құны төленді 2930 1252
17. Тауар өткізу, қызмет көрсету, жұмыс атқаруға байланысты ҚҚС соммасы зачетқа алынды 1420 1252
18. Есеп беруші тұлғалардың ақшасымен жеткізушілер мен мердігерлердің алдындағы берешек  өтелді 3310 1252
19. Кәсіпорын қызметкерлерінің соммасынан ТМҚ түрлерін жеткізетін жеткізушілерге аванс берілді 1610 1252
20. Есеп беруші тұлғалардың соммасынан жұмыстар мен  қызмет түрлерін көрсеткен жеткізушілерге аванс берілді 1610 1252
21. Қызметкерлерден кассаға жұмсалмаған ақша қаражаттары қайтарылды 1010 1252
22. Материалды  тұлға есептеспеген соммалар сол  тұлғаның еңбекақысынан ұсталды 3350 1252
 

Іс-сапар  шығындарының есебі.

Жұмысшылардың іс-сапар мерзімін директор бекітеді, бірақ жол жүру уақытын қоспағанда, 40 күннен аспауы керек.

Іс-сапарға  жіберудегі негіздеме – директормен  бекітілген бұйрық болып табылады. Бұйрықта іс-сапарға жіберілуші жұмыскердің  аты-жөні, негіздемесі, кәсіпорын атауы, мақсаты және іс-сапар мерзімі  көрсетіледі. Бұйрық үлгісі. (Қосымша ).

Бұйрықтың негіздемесіне бухгалтерияда іс-сапар шығындары алдын-ала есептеліп, яғни калькуляциясы жүргізіліп көрсетіледі. Мұнда бухгалтер бару, келу билетінің құнын, іс-сапары бағытталған қаласындағы қонақ үйде тұру құнын, іс-сапар мерзімінің күндік мөлшерін есептейді. (93 бап)

Күндік  мөлшер 6 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспауы керек.

Алдын-ала  бухгалтермен есептелінген іс-сапар  шығындарының соммасын кәсіпорын басшысы  бекітеді. (Іс-сапар шығындарының сметасы. (Қосымша ).

Кәсіпорын басшысымен бекітілген смета шығыс кассалық ордеріне қыстырылып, іс-сапарға жіберілуші тұлғаға алдын-ала есептелген соммамен бірге беріледі.

Кассадан  есеп беруші тұлғаларға берілген ақша қаражаты мынадай шоттар корреспонденциясымен көрсетіледі: Дт 1252 – Кт 1010.

Іс-сапарға  жіберілу алдында жұмысшыға іс-сапар куәлігі беріледі. Куәліктің 2 жағы да толтырылып, 1-бетінде жұмысшы кәсіпорыннан іс-сапарға жіберілді деген бұрыштама соғылады.

Іс-сапарға  жіберілген жұмысшы іс-сапарға бағытталған  кәсіпорынға келгенін және сол кәсіпорынна  кеткенін білдіретін бұрыштама соқтыруы керек.

Іс-сапарға  шыққан және қайта оралған мерзімдері кәсіпорынның арнайы журналында тіркеледі. Іс-сапар куәлігі (Қосымша ).

Жұмысшы іс-сапарға жіберілу алдында мынадай  құжаттармен рәсімделеді: 
 
 
 

 

 

 

 
 

 
 
 
 

Іс-сапардан оралған қызметкерлер бухгалтерияға  аванстық отчетты (есеп) көрсетеді. (Қосымша  №).

Аванстық  отчет – бұл қызметкер іс-сапарда болған уақытында барлық нақты кеткен шығындарын көрсететін құжат. Барлық нақты кеткен шығындар құжаттармен рәсімделуі керек.

Аванстық  отчетқа келесідей алғашқы құжаттар тіркелуі мүмкін:

  • Авиабилеттер (егер әуе көлігі қажет болғанда)
  • Теміржол билеттері
  • Басқа да жолақы құжаттары
  • Қонақ үйден берілген квитанция
  • Тұрғын жерінен берілген шот-фактура
  • Іс-сапар куәлігі

Аванстық отчеттың деректемелері:

  • Кәсіпорын атауы;
  • Жұмысшының аты-жөні, лауазымы, жұмыс бөлімі
  • Аванстық отчеттың жасалу номірі және күні
  • Іс-сапар шығындары
  • Кассадан алған ақша қаражаттарының мөлшері
  • Нақты кеткен шығындар
  • Жұмсалмаған ақша қаражаттарының соммасы (қалдығы)

Іс-сапар  бойынша ҚҚС-сыз кеткен шығындарының соммасы мынадай шоттарға жатқызылуы мүмкін:

  1. 7210  – «Әкімшілік шығыстар»
  2. 7110 – «Тауар өткізу, қызмет көрсету бойынша шығындар»
  3. 8048 – «Басқа да үстеме шығындар».

Қалған  қалдық сомма кассаға аударылады. Ал құжатсыз кеткен шығындар соммасы жұмысшынығ еңбекақысынан ұсталынады: Дт – 7210; Кт – 3350. 
 

3.   Негізгі құралдар  мен материалдық  емес активтер

   есебі

   а) Негізгі құралдар есебі

   №6 БЕС бойынша «Негізгі құралдардың  есебі» негізгі құралдар ұзақ мерзімге (бір жылдан астам) қызмет ететін құнына тәуелсіз материалды активтерді ұсынады. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар уақытында келген бастапқы құнымен, оған қоса барлық нақты негізгі құралды кірістіруге және алуға кеткен шығындар, оның ішінде сатып алу кезінде төленген қайтарымсыз салықтар және алымдар (мысалы, ғимараттарды және жеңіл автокөліктерді сатып алған кездегі төленген ҚҚС, мемлекеттік баж, сатып алу келісім шартын құрған кезде төленген төлемдер және т.б.).

   Негізгі құралдар қолданылған күннен бастап, өзіндік құнын толық шығынға жатқызғанға дейін, ай сайын амортизация аударылып отырады.

   Басшылардың шешімімен негізгі құралдарға қайта  бағалау жұргізіледі. Басшылар қайта  бағалаудың әр бір объектіге керектігін және қайта бағалау күнін белгілейді.

   Баланс бойынша типтік шоттар жоспарының 12 бөлімінде бастапқы құнның қайта бағалаудан өскен сомасы өседі және ол 5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынатын төленбеген қосымша капитал» шотында көрсетіледі. Негізгі құралдардың объектісінің бастапқы құнының өсуі капиталды ремонт жүргізілген кезде, нормативтік қызмет ету мерзімінің өсуі кезінде немесе өндірістік күштердің әсерінен болады.

   Негізгі құралдар түскен кезде қабылдау-жіберу актісі толтырылады, оған техникалық құжат(паспорт) тігіледі.

   Материалды емес активтердің жарамды қолдану мерзімін кәсіпорынның өзі белгілейді. Осылай бұл жылдық амортизациялық  аударымдар МЕА жарамды қолдану мерзіміне және бастапқы құнына байланысты.

   Заңды тұлға өзінің ақша, қаржы әрекеттерінің  мазмұн, мағынасын  екі түрлі  әдіспен анықтайды:

  1. Тікелей әдіс – онда  ақша қаржысының іс -әрекеті кіріс- шығыс құжаты негізінде көрсетіледі.
  2. Қосалқы немесе жанама әдіс – ақша қаржысының құбылысы инвестициялық кәсіпкерлік әсеріне байланысты және қаржы кәсіпкерлігі іс-әрекетінің әсерінен табыстылықты реттейді.

   Негізгі  құралдар  қозғалысының  аудиті.  Негізгі  құралдардың  кәсіпорынға  түсу  жолдары:

  • Жабдықтаушылардан төлем арқылы  алу;
  • Қайтарымсыз  түсу;
  • Жалданған негізгі құралдар  құны  тәртібімен;
  • Бірге қызмет  істеу туралы  келісім – шарт  бойынша  негізгі  құралдардың  қайтарылуы.

   Негізгі  құралдардың  түсуі  негізгі  құралдардың  түсуі - жіберілуі  актісімен  берілген  объектіге  деген  техникалық   құжаттармен  бірге  толтырылады.

   Кәсіпорында  негізгі  құралдардың  есептен  шығу  себептері:

  • Объектінің  тозу  нәтежесінде және  кездейсоқ жағдайларға байланысты  істен шығуы;
  • Қайта құру,  жетілдіру нәтежесінде істен шығу;
  • Негізгі құралдарды  басқа ұйымдарға беру.

Информация о работе Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру