Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 00:50, реферат

Описание работы

Мен 23 ақпан мен 3 мамыр аралығында өндірістік тәжірибеден «Локомотив сервис орталығы» Акционерлік Қоғамының «Астана локомотив сервис орталығы» филиалында өттім. Мекеме Қазақстан Республикасының Астана қаласы бойынша Әділет Министрлігінде 2004 жылдың 01 қарашада тіркелген (Мемлекеттік тіркеу бойынша куәлік 17532-1901-АҚ). Акционерлік қоғамның шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 13 мамырда қабылданған «Акционерлік коғамдар» туралы заңымен және басқа да нормативті құқықтық актілермен реттелінеді.

Работа содержит 1 файл

БУХУЧЕТ.doc

— 530.00 Кб (Скачать)

     Кірістер  бойынша бухгалтердің міндеттеріне субъектінің негізгі табыстары  мен шығыстарының есебін есептеу, салықтар бойынша есептер жәе өзге де міндеттер кіреді.

     Жетекші бухгалтер міндеттеріне өзге бухгалтерлердің қызметтері мен жұмыстарын бақылау,  негізгі құралдар есебі және өзге де міндеттер кіреді. Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлу маңызды болып табылады.

     Кәсіпорында бухгалтерлік есеп жеке дара бөлім ретінде бөлек жүргізіледі. Мүлік, шаруашылық есеп операциялары «Фаворит» Автоматтандырылған бухгалтерлік есеп (АБЕ) компьютерлік бағдарламасы негізінде теңге және тиын есебінде жүргізіледі. Бұл бағдарлама 1997 жылы арнайы Теміржол саласы үшін Қарағандыда әзірленген.

     Бухгалтерияның  жағдайы Қазақстан Республикасының  «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік  туралы» Заңы, Қаржылық есептің халықаралық  стандарттары, әдістемелік ұсыныстар  мен Қоғамның Есеп Саясаты  негізінде  реттеледі.

           Филиалдың барлық шаруашылық операциялары ақтаулы алғашқы құжаттар арқылы бухгалтерлік есеп жүргізіледі. Шаруашылық операция фактілерін құжаттау үшін Қазақстан Республикасының  Қаржы Министірлігінің № 185 23.05. 2007 жылы қабылданған бастапқы құжаттар формалары және «Фаворит»  бағдарламасында қолданатын құжаттар қолданылады.

           Бухгалтерлік есеп регистрлері оның ішінде: шаруашылық операцияларды жүргізу ведомостары, активтердің, міндеттемелердің және меншікті капитал «Фаворит»бағдарламасының форматында қарастырылған және сол құжаттар негізінде серіктестіктің бухгалтерлік есебі жүргізіледі.

   б)Кәсіпорынның есеп саясатымен танысу.

   Нарықтық  экономикаға көшу барысында барлық кәсіпорындар мен заңды тұлғаларда қаржылық есеп беру – заңды тұлғаның негізгі де, қажетті де қаржылық жағдайының көзі болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік, қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін көрсетіп береді.

       Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдалану-шылардың қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтау-шылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.

       Есеп беруге қойылатын негізгі  талаптар: кәсіпорын қызметінің  нәтижесін анық және объективті  көрсету, барлық көрсеткіштерді  бір-бірімен қатаң үйлестіру,  бухгалтерлік есеп пен жедел-статистикалық есеп берудің үйлесімділігін сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

     «Астана локомотив сервис орталығы»  филиалында Бухгалтерлік есеп жеке дара бөлім ретінде «Есептеу бөлімінде» бөлек жүргізіледі. Бухгалтерияның жағдайы Есеп саясатымен реттеледі. «Астана локомотив сервис орталығы» филиалының Есеп саясаты «ЛСО» Акционерлік қоғамының Есеп саясаты болып табылады. Ал осы аталған Акционерлік қоғамның 15 филиалы бар. Оның ішінде біздің Астана филиалы да бар. 

     «Локомотив Сервис Орталығы» АҚ-ның Қазақстан бойынша мынадай филиалдары бар:

       1) «Локомотив сервис орталығы»   акционерлік қоғамының филиалы  - «Тобыл локомотив сервис орталығы»  ;

       2) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Көкшетау  локомотив сервис орталығы»;

       3«Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Екібастұз локомотив сервис орталығы»;

       4) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Астана локомотив сервис орталығы»;

       5) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Қарағанды  локомотив сервис орталығы»;

       6) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Семей локомотив сервис орталығы»;

       7) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Ақтоғай локомотив сервис орталығы»;

       8) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Алматы локомотив сервис орталығы»;

       9) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Шу локомотив сервис орталығы»;

       10«Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Арыс локомотив сервис орталығы»;

       11) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Қазалы локомотив сервис орталығы»;

       12) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Қандыағаш локомотив сервис орталығы»;

       13) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Атырау локомотив сервис орталығы»;

       14«Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Маңғыстау локомотив сервис орталығы»;

       15) «Мак-Экибастуз» ЖШС – жарғылық капиталында жүз пайыздық қатысу.  Барлық филиалдардың өндірістік, қаржылық және тағы басқа шаруашылықтары мен атқаратын қызметтері «Локомотив сервис орталығы» АҚ-ның есеп саясатына негізделеді.

     Есеп  саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымның бухгалтер есепті жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасау үшін қабылдаған принциптері, негіздер, шарттар, ережелер мен практика.

Кәсіпорынның  есеп саясаты кәсіпорын басшысының бұйрығымен күнтізбелік жыл басталғанға  дейін ресімделуге тиіс. Жыл ішінде есеп саясатында өзгерістер болмайды. Республиканың Заңнамалар мен бухгалтерлік есепті реттеудің нормативті реттеуінде өзгерістер болған жағдайда, меншік иелері ауысып немесе қайта құрылғанда есеп саясатына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Оларды есепті жыл басталғанға дейін басшының бұйрығымен ресімделуі және кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.

Қазіргі жағдайларда бухгалтерлік есепті реттеу тек негізгі нормативті ұйғарыммен ғана атқарылады. Есеп жүргізудің жалпы  ережелері орталықтанып, белгіленеді; оларды нақтылау мен орындау тетігі әрбір кәсіпорында жасалады және есеп саясатында көрсетіледі.

Осылайша  бүгінде Қазақстан Республикасында  бухгалтерлік есебінің дамуына кейбір кедергілер кездесіп отырған жоқ. Бірақ  жинақталған тәжірибе мен дәстүрлі ескере отырып, оның кәсіпорындарда қалыптасуы мен дамуына объективті алғышарттар пісіп-жетілді.

     «Локомотив  сервис орталығы»  Акционерлік қоғамының  Есеп саясаты 2007 жылдың 28 қаңтарындағы № 234-III Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы, Қаржылық есептіікті дайындау мен көрсетудің Концепциясы, Қаржылық есептің халықаралық стандарттары (бұдан әрі - ҚЕХС), оның ішінде қаржылық есептің халықаралық стандарттары – ҚЕХС (IFRS), Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары – БЕХС (IAS) және оған Интерпретациялар, сонымен қоса бухгалтерлік есепті реттеу бойынша уәкілетті орган әзірлеген ҚЕХС-ны қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулықтардың негізінде әзірленген. Қоғамның Есеп саясатының қағидалары барлық оның құрылымдық бөлімшелеріне және олардың еншілес ұйымдарына қатысты. Бұл есеп саясаты Қоғамның есебіне және есептілігіне 2008 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданылады.

   Бухгалтерлік  есептің барлық жүйесі келесі принциптерден  тұрады: құжаттау, инвентар жүргізу, шоттардың топтастырылуы, екі жақты жазу, баланс және есептілік.

Бухгалтерлік  есептің жүру жолы:

  1. Алғашқы құжаттардың барлығы ведомстволардағы операциялардан, журнал ордерлер, тіркемелер және т.б. арқылы жиналады.
  2. Есеп жүйесіндегі жазулар жұмыс жоспарының шоттар классификациясымен сәйкес келуі және бас кітапта көрсетіледі.

  Есеп  саясаты мынадай  қағидаларды қамтиды:

  1. Есептеу – қоғамның кірістері мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
  2. Үздіксіздік – яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады. Оның таратылуына немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамдалады.
  3. Түсініктілік принципі – қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.
  4. Маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауы және кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпараттар маңызды болуы керек.
  5. Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметтерді жіберіп алсақ немесе дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпараттарды пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
  6. Растық. Ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ юолса, ол рас болып табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
  7. Бейтараптық. Қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.
  8. Сақтық., яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін, ал міндеттеме немесе шығын белгісіздік жағдайында кем бағаланбас үшін шешім қабылдаған кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.
  9. Толассыздық. Растықты қамтамасыз ету үшін есепті кезеңдегі ақпарат толығымен аяқталмаған болуы тиіс.
  10. Салыстырмалылық. Қаржылық ақпарат бұрынғы есеп кезеңдердегі ақпаратпен салыстырмалы болуға тиіс.
  11. Дәйектілік. Субъекті таңдап алған есеп саясаты мен әдістері, объектілер бір есепті кезеңнен келесі есептік кезеңге дәйекті түрде қолдануы керек. Егер біз бір есеп саясатын таңдап алып, келесі жылы басқа есеп саясатын таңдайтын болсақ, онда мұндай жағдайда түсіндірме жазулар болуға тиіс, біз оларды негіздеуге тиіспіз.
  12. Күмәнсіз және риясыз ұсынба. Қаржылық есептеме оны пайдаланушылардың қаржы жағдайы, қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы күмәнсіз және риясыз көзқарас туғызуы керек.

   2. Қаражаттар және  есептесу есебі.

   а) Ағымдағы банктік және валюталық шот ашу тәртібі және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу есебі.

    Ақша  қаражаттары және оның эквиваленттері, есеп айырысу шотынан және  қысқа  мерзімді депозитерден құрайды.

    Ақша  қаражаты және оның эквиваленттеріне кіреді:

    - ұллық валютадағы кассадағы ақша

    - есеп айырысу шотындағы ұлттық  валютадағы ақша

    - валюталық шоттағы ақша

    - депозиттегі ұлттық валютадағы  ақша

    - депозиттегі шетел валютасындағы  ақша

    - басқа ақша қаражаттары және  олардың эквиваленттері

       “Кассадағы қолма – қол ақша”, “Теңгедегі есеп айырысу шотындағы ақша”, “Валюталық шоттағы ақша қаражаты”, “Қаржылық инвестициялар”, “Жолдағы ақша қаражаты”, “Арнайы шоттағы ақша қаражаттары” баланстың “Ақша қаражаттары және оның эквиваленті” бөлімінде көрініс табады.

    Үш  жылға дейінгі депозиттер де жоғарыда айтылған бөлімде көрсетіледі.

    Кесім шарттарға немесе басқа да заңды  күштерге байланысты жұмсалады, шектелген  ақша қаражаттары баланста бөлек  көрсетіледі.

       Кәсіпорынды барлық уақытта әр түрлі көздерден келіп түсетін капиталдар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Оларға: инвесторлардан, кредиторлардан келіп түскен ақша қаражаттары, сондай-ақ  фирма әрекеттері  негізінде алынған кірістер жатады. Бұл қаражаттар түрлі мақсаттарда қолданылады: негізгі құралдарды алу, тауарлық запастарды құру, дебиторлық қарыздарды қалыптастыру және де өзгелер.

    Ақша  ағымдарын басқару үшін маңызды  қаржылық құжат болып кассадағы  және банк шоттарындағы ақша қаражаттарының қозғалысының жоспары, яғни төлем балансы  табылады. Ол басқарушыға операциондық және инвестициялық әрекетті оперативтік қаржыландыруды қамтамасыз етуге, мемлекет пен серіктестердің алдындағы міндеттемелерді орындауға, төлем қабілеттілігінде және кәсіпорынның активтерінің өтімділігіндегі өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік береді.

    Ақша  қаражаттарының келiп түсуi мен шығысқа  шығуы бойынша барлық операцияларды  кассир кассалық кiтапқа жазады. Кассалық кiтап беттерi номерленiп, жiппен байланып,  мөрмен басылуы тиiс.

Информация о работе Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру