Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 00:50, реферат

Описание работы

Мен 23 ақпан мен 3 мамыр аралығында өндірістік тәжірибеден «Локомотив сервис орталығы» Акционерлік Қоғамының «Астана локомотив сервис орталығы» филиалында өттім. Мекеме Қазақстан Республикасының Астана қаласы бойынша Әділет Министрлігінде 2004 жылдың 01 қарашада тіркелген (Мемлекеттік тіркеу бойынша куәлік 17532-1901-АҚ). Акционерлік қоғамның шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 13 мамырда қабылданған «Акционерлік коғамдар» туралы заңымен және басқа да нормативті құқықтық актілермен реттелінеді.

Работа содержит 1 файл

БУХУЧЕТ.doc

— 530.00 Кб (Скачать)

1. Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің

есебін  ұйымдастыру. 

а) Кәсіпорынның құрылымымен  және бухгалтерияның құрылымымен, бухгалтерлердің міндеттерімен танысу.

     Мен  23 ақпан мен 3 мамыр аралығында өндірістік тәжірибеден «Локомотив сервис орталығы» Акционерлік Қоғамының «Астана локомотив сервис орталығы»  филиалында өттім. Мекеме Қазақстан Республикасының Астана қаласы бойынша Әділет Министрлігінде  2004 жылдың 01 қарашада тіркелген (Мемлекеттік тіркеу бойынша куәлік  17532-1901-АҚ). Акционерлік қоғамның шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 13 мамырда қабылданған «Акционерлік коғамдар» туралы заңымен және басқа да нормативті құқықтық актілермен реттелінеді. Акционерлік коғам заңды тулға ретінде өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарымен және Жарғыға бағынып  атқаруда. Филиал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Қоғамның директорлар кеңесі шешімінің (2004 жылғы 12 қарашадағы отырыстың № 1 хаттамасы) негізінде құрылды. Қоғамның филиалының  мекен – жайы: Астана қаласы, Котовский кошесі 1 үй. 

     «Локомотив  сервис орталығы»  Акционерлік Қоғамы  Салық төлеуші болып Астана қаласы, Сары-Арқа  ауданы бойынша салық  басқармасында 2004 жылдың 18 қарашасында  салық төлеуші болып тіркеліп келесідей салық төлеуші нөмірі берілген: 620 300 249 754, № 0004226 сериясы 62001.                                           Акционерлік Қоғамының кеңесінің төрағасы Сарсембаев Қазыбек Жұмашұлы  болып табылады, ал «Астана локомотив сервис орталығы» филиалының басшысы болып Лесбаев Мухтар Намиханович табылады. Филиалдын жеке балансы болады. Филиал өз қызметин ұйымдастыру және жүргізу үшін заңнамада бекітілген тәртіппен банктерде ағымдағы шоттар ашады. Филиалдың Қоғамның атауы мен өзінің атауы жазылған мөрі, мөртанбалары және тауарлық белгісі бар бланктері болады.  

     Қоғамның  басты мақсаты  – негізгі қызметі бойынша локомативтерге      2-ші Техникалық қызмет көрсету барысында табыс табу. Басқарушы және барлық қаржылық – шаруашылықтарды басқарумен Қоғамның сенімді басшылары болып табылады.

     Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының «Астана локомотив сервис орталығы» филиалы «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі.

    Филиал Қазакстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдан №415-ІІ  Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы №145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасына, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Басқармасының шешіміне (2004 жылғы 15 қыркүектегі №10 хаттама) және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Президентінің 2004жылғы 17 қыркүектегі №485-Ц бұйрығына сәйкес «Локомотив» акционерлік қоғамын одан Қоғамды бөліп шығару (2004 жылғы 1 қарашадағы №17532-1901-АҚ заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік) нысанында қайта ұйымдастыру жолымен құралған.

    Қоғам бөлу теңгеріміне сәйкес «Локомотив» акционерлік қоғамының (2003 жылғы 14 қазандағы №14689-1901-АҚ заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік) құқықтары мен міндеттелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.

    Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актіліріне, сондай-ақ Жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

Қоғамның  органдары:

  • Жоғарғы орган – Акционер
  • Басқарма органы – Директорлар Кеңесі
  • Атқарушы органы – Президент.

    Қоғамның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады. Қоғамның дербес теңгерімі, банктік, соның ішінде валюталық шоттары, толық фирмалық атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі бар.

    Қоғамның қызметінің негізгі мақсаты іске асыру үшін Қоғам мынадай қызмет түрлетін жүзеге асырады:

  1. локомотивтердің пайдалануда техникалық түзу күйде және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде қызметтер көрсету;
  2. локомотивтік тартым қызметін көрсету;
  3. локомотив бригадаларының демалыс ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсету;
  4. локомотивтерге жанар-жағар май материалдарын құю;
  5. локомотивтерді маймен, сумен, құммен жарақтандыру;
  6. темір жол жылдымалы құрамың жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
  7. темір жол жылжымалы құрамның жабдықтарын жөндеуді жүзеге асыру;
  8. темір жол жылжымалы құрамның қос доңғалақтарын куәландыру жөнінде қызметтер көрсету, қос доңғалақтарды жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
  9. темір жол жылжымалы құрамын қысқы (жазғы) кезеңде жұмыс істеуге дайындау бойынша қызметтер көрсету;
  10. локомотивтік радиостанцияларды, АЛСН қауіпсіздік аспаптарын, машинистің қырығылығын бақылау құрылғыларын құрастыру, жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсету;
  11. маркетингтік қызмет;
  12. сыртқы экономикалық қызмет;
  13. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтер.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынуы қажет лицензияның немесе өзге түрдегі рұқсаттың бар болуын талап ететін қызмет түрлері тиісті лицензиялар немесе өзге түрдегі рұқсаттар алынғыннан кейін ғана жүзеге асырылады.

     Бұл кәсіпорын жылжымалы құрамның қалыпты  жұмыс істеуін қамтамасыз ету  үшін оның бөліктерінің ақауы бар  жерлерін жөндеумен және тағы басқа  іс-әрекеттерді жасаумен айналысатындықтан, темір жолдағы арнайы техникалық қауіпсіздік ережелеріне көп көңіл бөлінеді.

       Мен «Астана локомотив сервис орталығы» филиалының құрылымымымен таныстым. Оның сызбасын 1-қосымшадан көруге болады. Сызбадан көріп отырғанымыздай, кәсіпорында кадрлар бөлімі, есептеу бөлімі, жоспарлау-экономикалық бөлім, тех. бөлімдері бар, ал заңгер мен директор орынбасары жеке болып келеді.

     Кәсіпорынның мындай өндірстік-шаруашылық бөлімшелері бар:

    • Астана қаласында:
  • Орталық қойма
  • Шаруашылық бөлімі
  • Локомотв бригадаларының демалыс үйі (ЛБДҮ) Астана
  • Құм кептіру шаруашылығы (ҚКШ) Астана
  • Әкімшілік-шаруашылық цех (ӘШЦ) Астана
  • Локомотивтеді техникалық күту пункті (ЛТКП) Астана
    • Атбасарда:
  • ЛБДҮ Атбасар
  • ҚКШ Атбасар
    • Есілде:
  • ЛБДҮ Есіл
    • Арқалықта:
  • ЛБДҮ Арқалық.

     Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Нарықтық экокномика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс.

     Еліміздегі  акционерлік қоғамдарының бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу  үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Қаржылық сипаттағы тиімді экономикалық шешімдер қабылдау бухгалтерлік есеп жүйесінде жазылып тіркелген, жинақталған ақпараттар негізінде іске асырылатындығына сай міндет пен қызмет атқарушы қаржыгерлер мен бухгалтерлер тағы да басқа жауапты адамдар сапалы және саналы жасалған бухгалтерлік есеп жүйесіндегі көрсеткіштерді зерттеп зерделей білуі керек.

     Есеп  беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз  ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің  міндеттерін өзара дұрыс бөлудің  және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің  маңызы зор. Берілетің есеп тиісті жиынтық  құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде жинақталады.

   Бухгалтерия жұмысын атқаруға лауазымдық міндеттер  туралы Жарғыға сәйкес реттеледі. Филиалдада Бас бухгалтердің басқаруымен бухгалтерлік қызмет ұйымдастырылған.

    Теміржол кәсіпорындарының басқа  кәсіпорындардан негізгі айырмашылығы – тек теміржолдың көптеген салалары бойынша, яғни теміржол шаруашылығының барлық жағынан қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін жұмыстармен айналысуында. Сонымен қатар бухгалтерия бөлімінің құрылымдық күрделілігімен және бухгалтерлік есепті жүргізуде программа АБУ «Фаворит» жүйесін қолдануымен ерекшеленеді. «Фаворит» жүйесі тек теміржол көлігі кәсіпорындарында қолданылатын есепті барынша ыңғайлы және толық, қалыпты жүргізуге арналған автоматтандырылған жүйе.

   Бухгалтерлік  есептің автоматтандырылған жүйесі теміржол көлігінде төрт ірі бөлімге бөлінеді:

  1. Еңбек және еңбекақы есебі
  2. Тауарлы-материалдық қорлар есебі
  3. Негізгі құралдар есебі
  4. Қорытынды аналитикалық және синтетикалық есеп.

   «Астана локомотив сервис орталығы»  кәсіпорнының бухгалтерия бөлімінде 5 бухгалтер жұмыс істейді. Кәсіпорын бухгалтериясының құрылымы және лауазымдары бойынша атқаратын қызметтері (Қосымша №1).

   Жалпы кәсіпорында бухгалтерлік есептің негізгі 3 міндеті белгілі:

  1. Бухгалтерлік есеп шаруашылық процестер мен қаржылық нәтижелер туралы толық әрі сенімді ақпарат тұжырымдау үшін қажет, ал ол өз кезегінде операторлық басқару үшін керек. Сондай-ақ бұл ақпараттарды ішкі және сыртқы ақпараттық пайдаланушылар (кәсіпорынның ішкі қызметкерлері, менеджерлер, сонымен қатар сыртқы серіктестіктер, несие берушілер, инвесторлар, салық, қаржы органдары, өзге де мүдделі тұлғалар) пайдалана алады.
  2. Ақпаратты мүлікке және оның қозғалысына бақылау жасау үшін, тауарлы-материалдық қорлар (ТМҚ), еңбек және қаржы ресурстарын бекітілген норма мен сметаға сәйкес мақсаткерлікпен пайдалануға бақылауды қамтамасыз ету үшін қажет.
  3. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіндегі теріс құбылыстардың дер кезінде алдын алуға, ішкі мүмкіндіктерді іздестіруге әрі топтастыруға қажет.

  Ал  кәсіпорынның бухгалтериядағы мамандар мен бас бухгалтердің міндеттері келесідей:

  • Бухгалтерлік есептегі мүліктік, міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың есебін жүргізуді орындау. Мысалы, компьютерлік техникаға байланысты негізгі құралдар есебі, тауарлы-материалдық қорлардың есебі, өнім өндіруге кеткен шығындар есебі, сонымен қатар жеткізушілер мен сатып алушылармен есеп айырысу, қызмет көрсетумен байланысты есеп айырысу және т.б операцияларды орындау.
  • Қызмет көрсету бойынша алғашқы құжаттарды қабылдау бақылау жасау және оларды есептілік айналымға дайындау.
  • Кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу, заңға сәйкес жұмысшылардың еңбекақысынан аударымдарды аудару.
  • Кредиторларды, инвесторларды, аудиторларды және басқа да бухгалтерлік есептілікті пайдаланушыларды есептің сәйкес бағыттары (аймақтары) бойынша нақты әрі сенімді бухгалтерлік ақпараттармен қамтамасыз ету. Мұндай есептің сәйкес бағыттарына – материалдық есептілік, тауар қалдықтары, график, ай соңына және келесі айға кредиттік және шаруашылық келісімдердің есебі және т.б жатады.
  • Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын бақылау, оларды белгіленген ретпен топтастырып архивке жіберу.
  • Ақша қаражаттарына және тауарлы-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысу.
  • Бухгалтерия бөлімінде бухгалтерлер белгілі бір бухгалтер болмаған жағдайда сол бухгалтердің атқаратын жұмысын жасауы тиіс. Сондықтан бухгалтерия бөлімі тұтас топ болып табылады.

       Бас бухгалтерден өзге, есептеу  бөлімінде 4 бухгалтер бар: жетекші бухгалтер, еңбекақы бойынша бухгалтер, кірістер бойынша бухгалтер және бухгалтер-материалист (1-қосымша).

     Бухгалтерлік  есепті жүргізуді ұйымдастыруды, қаржылық есептілікті жасауды және ұсынуды, есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететін бас бухгалтер болып табылады (2-қосымша).

     Материалдар бойынша бухгалтердің міндеттеріне тауарлы-материалды құдылықтар бойынша есептеулер, кірісі мен шығысы есебі, қойма бойынша есептеулер, теміржол мамандарына берілетін арнайы киімнің есебі және материалдар бойынша өзге есепеулер кіреді.

     Еңбекақы  есебі бойынша бухгалтердің міндеттеріне еңбекақы есептеу және оны аудару, еңбек демалысы ақысын есептеу, еңбекке  жарамсыздық қағазы бойынша еңбекақы есептеу, еңбекақыдан ұстау мен  шегерімдер ұстау, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік сақтандыруды есептеу және өзге міндеттер кіреді.

Информация о работе Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру