Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 00:50, реферат

Описание работы

Мен 23 ақпан мен 3 мамыр аралығында өндірістік тәжірибеден «Локомотив сервис орталығы» Акционерлік Қоғамының «Астана локомотив сервис орталығы» филиалында өттім. Мекеме Қазақстан Республикасының Астана қаласы бойынша Әділет Министрлігінде 2004 жылдың 01 қарашада тіркелген (Мемлекеттік тіркеу бойынша куәлік 17532-1901-АҚ). Акционерлік қоғамның шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 13 мамырда қабылданған «Акционерлік коғамдар» туралы заңымен және басқа да нормативті құқықтық актілермен реттелінеді.

Работа содержит 1 файл

БУХУЧЕТ.doc

— 530.00 Кб (Скачать)
ify">   7. Қаржылық есеп

  а) бухгалтерлік баланс

  Қазіргі кезде біздің елімізде қабылданған  “Бухгалтерлік  есеп стандарты” заңына сәйкес кәсіпорындар үш түрлі қаржылық есебін тапсырады:

  1. бухгалтерлік баланс;
  2. қаржылық –шаруашылық нәтижесінің есебі;
  3. ақша қаражатының есебі.

  Қандай  құрылымдық түрде  болса да, шаруашылық саласына қарамастан, әр түрлі меншіктегі шаруашылық субъектілері қазіргі мемлекетіміздің  заңды талабына  сәйкес, кәсіпорындар және жалпы кәсіпкерлікпен айналысатын мекемелер жылдық бухгалтерлік есебін жасайды. Оның негізгісі жылдық бухгалтерлік баланс, қаржы – шаруашылық нәтижесінің есебі.

  Бухгалтерлік  есебі, баланс өте күрделі бухгалтерлік есеп әдіс. Ол кәсіпорын мүлкін арнайы экономикалық топтау арқылы, оның қаржыландыру көзімен жүйелеуге келтіріп, оларды экономикалық топтаумен немесе, кәсіпорын нақты қаржыландыру көзімен байланыстырып көрсетеді. Қазіргі кездегі бухгалтерлік баланстың ерекшелігі, инвистиция жолымен келген мүлікті және қаржыны да осы баланста көрсетеді.

  Бухгалтерлік  баланс көрсеткішіне сәйкес, кәсіпорынның шаруашылық құрылымын, өндірістік деңгейін, қаржылық көлемін, негізгі құнмен қуаттылығын, шаруашылық тиімділігін, табыстылық денгейін тағы басқа жан-жақты мәліметтерді анықтауға болады. Қазіргі кезде бухгалтерлік баланс “Бухгалтерлік есеп стандарты” талабына сәйкес жасалынады. Онда бухгалтерлік баланс қаржы есебі тұрғысынан қаралынып, оның мақсаты, міндетті, жалпы кәсіпкерлік шаруашылық алатын орны анықталған.

  Стандартта  бухгалтерлік баланстың мақсаты, ол – біріншіден, қаржы есебі оның мазмұны қаржылық мәліметті толық көрсету және онда болған өзгерістерді анықтау. Екіншіден, пайдаланушыларды қажет мәліметпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, қаржы есебінің негізгі принциптері көрсетілген.

  б) Кірістер мен шығыстар, ақша қаражаттары туралы және меншікті капиталдың қозғалысы туралы есеп беру.

        Табыстар  мен шығындардың есебі

  Қаржылық  нәтиже – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы экономикалық қорытындысы және оның формасы табыс(зиян) түрінде болады.

   Негізгі және негізгі емес қызметтен алынған  табыстар жылдық табысты құрайды  және де ол №5 БЕС сәйкес ескеріледі және мойындалады.

   Табыстар  табылған кезде, ал шығыстар мен зияндар  шығындалған кезде бухгалтерлік есепте мойындалады және қаржылық есептілікте көрсетіледі.

   Заказ берушілерден алынған аванстар және аралық төлемдер негізінде табыстар деп есептелінбейді.

   Негізгі емес қызметтен түсетін табыстарға негізгі құралдар бойынша ғимараттарды жалға алғаны үшін төлем және басқа  да түсімдер. Салық салынатын табысты табу үшін жылдық жиынтық табыстың салықтық есебі ұйымдастырылған.

   Жылдық  жиынтық табыстан осыған байланысты барлық шығындар алынып тасталынады. Шығындар БЕС №7 нақты өндірістік шығындар бойынша жіктеледі, жіктелген құрамының  бөлігі және шығындар классификасиясы өзіндік құнға кіреді.

    Есеп беру  деп,  кәсіпорынның  өткен  кезеңдегі  қаржылық-шаруашылық қызметін  кешенді  түрде  сипаттайтын  барлық  көрсеткіштер  жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін  жасау  есеп  жұмысының  соңғы сатысы  болып табылады.

       Қаржылық  есеп  берудің  мақсаты   өз  пайдаланушыларына  заңды   тұлғаның қаржылық жағдайы туралы  сенімді, мәнді және пайдалы  ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің   пайдаланушы-лардың  қатарына  потенциалды  инвесторлар,  кредиторлар,  жабдықтау-шылар, сатып алушылар,  еңбеккерлер,  сондай - ақ  мемлекеттік  органдар,  т. б.  кіреді.

       Қаржылық есеп беру басқарушы   органдардың  жұмысын  және  субъектінің ресурстарын,  міндеттемелерін   және ақша қаражаттарының болашақтағы  ағымдарын бағалауға, несие беру  бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

       Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның  тиімділігін  бағалау үшін, сондай-ақ  шаруашылық қызметін талдау үшін  сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

Қаржылық  есеп берудің баптарын талдау

       Жоғарыда аталып өткендей, экономикалық мағынасы бойынша біртектес баптар  топтарға, ал топтар – бөлімдерге бірігеді. Бөлімдердің мазмұны шаруашылық қорлары мен олардың көздерінің жіктемесіне сәйкес келеді.

    ХҚЕС  талабы бойынша ЖШС  қаржылық есебіне  мыналар кіреді:

           Бухгалтерлік баланс;

           Табыс пен шығын есебі;

           Ақша қозғалысының есебі;

           Меншікті капитал өзгерісінің  есебі;

           Түсініктеме жазба

    Күнтізбелік жыл (1қаңтардан бастап 31 желтоқсанға  дейін) Серіктес-тіктің қаржылық жылы болып табылады.

    Серіктестіктің  бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібін Қазақстан  Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасы белгілейді.

    Балансқа  мыналар кіреді:

           Ұзақ мерзімді активтер

            Материалдық емес активтер

            Негізгі құралдар

            Инвестиция

            Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек 

            Ағымдағы активтер

            Тауарлы материалдық қорлар

            Сатып алушылар мен мердігерлердің берешегі

            Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық  берешек

            Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

           Ақша қаражаты және оның эквиваленттері

           Алдын ала төлем

           Капитал

           Жарғылық капитал

           Эмиссиялық кіріс

           Қосымша енгізілген капитал

           Қайта бағалау резерві

           Резервтік деньги

           Пайда(шығын)

           Ұзақ мерзімді міндеттемелер

           Ұзақ мерзімді займдар

           Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

            Резервтер

           Кейінге қалдырылған салық сомалары

           кейнге қалдырылған корпоротивтік  табыс салығы

           Ағымдағы міндеттемелер

           Қысқа мерзімді займдар мен  овердрафт

           Ағымдағы қысқа мерзімді берешек

            Қысқа мерзімді кредиторлық берешек

           Бюджетпен есеп айырысу

           Ағымдағы резервтер

    Қаржылық  есеп беру мына талаптарға сай жургізілуі тиіс:

            тісініктілік

            ақпараттың нақтылығы және объективтілігі

            сенімділігі

            салыстырмалығы

    Қаржылық  есеп берудің елементтері:

            Активтер

            Міндеттемелер

            Капитал

            Кірістер

            Шығыстар

    Табыс пен шығын есебі

    Серіктестік шығынды есепке алудың функционалдық  әдісін қолданады. Бұл әдіске сай, шығындар олардың атқарған функциясына қарай  топтастырылып, анализге алынады.

    Жоғарыда айтылған әдіске сай серіктестік қаржылық есептің табыс пен шығын бөлімінде мына мәліметтерді ұсынуы тиіс:

    -Дайын  өнімді өткізуден түскен түсім;

    -өткізілген  өнімнің өзіндік құны;

    -ішкі  өнім;

    -өнімді  өткізумен байланысты шығындар;

    -жалпы  және әкімшілк шығындар;

    -басқа  да кірістер мен шығыстар;

    -оперативтік  кіріс(шығын);

    -қаржылық  кірістер мен шығыстар;

    -корпоротивтік  табыс салығы бойынша шығыстар;

    Ақша  қозғалысының есебі

    Ақша  қозғалысының есебі мына мәліметтерді қамтып белгілі бір шешімдер қабылдау негіздейді:

    -таза  активтердің өзгерісі;

    -қаржылық  құрылымның өзгерісі;

    -серіктестіктің  қаржылық ағындарына  әсері.

    Серіктестік ақша есебін жүргізгенде тікелей  әдіс қолданады.

    Меншікті  капитал өзгерісінің  есебі

    Меншікті  капитал өзгерісінің есебі өзіне  серіктестіктің таза активтерінің белгілі бір кезең ішіндегі өзгерісін көрсетеді. Бұл есепте мына ақпараттар көрініс табуы тиіс:

    -кезеңдегі  кіріс пен шығыс 

    -кіріс  пен шығын 

Информация о работе Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру