Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:55, доклад
Бағалы қағаздар» - иелеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар.
«Бағалы қағаз нарығы» туралы қолданыстағы заңға сəйкес бағалы қағаз – мүліктік құқықты куəландыратын белгілі бір жазбалармен басқа да белгілеулердің жиынтығы болып табылады.
Мынадай жағдайдарды қоспағанда артықшылықты акция иесінің қоғамды басқаруға қатысу құқығы жоқ:
1. қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша, артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мəселені қараса; 2. қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша, қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мəселені қараса; 3. артықшылықты акция бойынша дивиденті оны төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөлшерде төленбесе, артықшылықты акция иесі қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.
Əлемдік тəжірибеде жай жəне артықшылықты акциялардың бірнеше түрлері бар. Сонымен артықшылықты акцияларды мынадай түрлерге жіктеуге болады:
· кумулятивті акция - төленбеген немесе толық көлемде төленбеген дивидендтер жинақталып, кейін толық көлемде төленуі мүмкін;
· конвертацияланатын (айырбасталатын) акция – акционерлік қоғамның шығару пропектісімен айқындалатын талаптар мен тəртіп арқылы оның бағалы қағазының басқа түріне айырбасталуға жататын бағалы қағаз.
Бұл акцияның түрі мынадай жағдайларда айырбасталуы мүмкін:
1. қоғамның қажеттілігіне қарай акционерлерден акцияны қайта сатып алу;2. басқа бағалы қағаз түріне;3. номиналдық құны жоғары акцияны номиналдық құны төмен акцияға жəне керісінше;4. құқық көлемі жоғары акцияны құқық көлемі төмен акцияға жəне керісінше.
Қоғам айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға оның жарғысында осы бағалы қағаздың түрін шығару мүмкіндігі көзделген жағдайда ғана құқылы. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға құқығы жоқ. Қоғамның акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын шығаруға қоғамның жарияланған жəне орналастырылған акциялары арасындағы айырма шегінде жол беріледі. Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау талаптары мен тəртібі айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару проспектісінде көрсетіледі.· - қатысу үлесі бар акция - акция иесіне тіркелген дивидендпен қатар қосымша дивиденд алуға құқық береді.· - кепілдікті акция – бұл акцияның түрін еншілес кəсіпорындар шығаруы мүмкін. Бұл жағдайда дивидендті төлеу жоғары тұрған ұйымның беделімен кепілдендіріледі. Бұл еншілес кəсіпорындардың шығарған акцияларына инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.
32. Акция бойынша дивидендті төлеу тәртібі
"Дивиденд" - акционердің өзіне тиесілі акциялары бойынша жыл сайын төлеп отыратын жəне акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігі.
Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді қоспағанда, қоғамның акциялары бойынша дивидендтер акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның дауыс беретін акцияларының жай көпшілігімен дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған жағдайда ақшалай немесе қоғамның бағалы қағаздарымен төленеді.
Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша бағалы қағаздармен дивидендтер төлеуге жол берілмейді.
Қоғамның акциялары бойынша оның бағалы қағаздарымен дивидендтер төлеуге акционердің жазбаша келісімі болған кезде осындай төлем қоғамның жарияланған акцияларымен жəне ол шығарған облигациялармен жүзеге асырылатын жағдайда ғана жол беріледі.
Дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі дивидендтер төлеу басталатын күннің алдындағы күні жасалуға тиіс.
Төленбеген дивидендтері бар акцияларды иеліктен алу, егер акцияларды иеліктен алу туралы шартта өзгеше көзделмесе, акцияның жаңа иесінің оларды алу құқығымен жүзеге асырылады.
Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеудің кезеңділігі қоғамның жарғысымен жəне акцияларды шығару проспектісімен белгіленеді.
Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеу төлем агенті арқылы жүргізілуі мүмкін. Төлем агентінің қызметіне ақы қоғам есебінен төленеді. Орналастырылмаған немесе қоғамның өзi сатып алған акциялар бойынша, сондай-ақ егер сот немесе қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы қоғамды тарату туралы шешiм қабылдаса, дивидендтер есептелмейдi жəне төленбейдi.
Қоғамның жай жəне артықшылықты акциялары бойынша мынадай жағдайларда дивидендтер төлеуге жол берілмейді:
1. жарғылық капиталдың мөлшері толығымен төленбеген жағдайда;
2. Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңына сəйкес қоғамның төлем қабілетсіздігі немесе дəрменсіздік белгілері анықталған жағдайда немесе аталған белгілер қоғамның акциялары бойынша дивидендтерді төлеу нəтижесінде пайда болса;
3. сот немесе акционерлердің жалпы жиналасында қоғамды тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда.
Акционер қоғам берешегінің жиналып қалу мерзіміне қарамастан, алынбаған дивидендтерді төлеуді талап етуге құқылы.
Дивидендтер оларды төлеу үшін белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда акционерге дивидендтердің негізгі сомасы жəне ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негізге ала отырып есептелетін өсімпұл төленеді.
Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар өз акциялары бойынша дивидендтерді есептемейді жəне төлемейді.
Қоғамның жай акциялары бойынша тоқсан немесе жарты жылдық қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу тек қана акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен ғана жүзеге асырылады.
Қоғамның жай акциялары бойынша жыл қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қабылдайды.
Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс. Бұл ретте жария компаниялар осы шешімді өздерінің корпоративтік веб-сайтында да жариялауға тиіс.
Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімде мынадай мəліметтер:1. қоғамның атауы, орналасқан жері, банк жəне өзге де реквизиттері;2. дивидендтер төленетін кезең;3. бір жай акцияға шаққандағы дивидендтің мөлшері;4. дивидендтер төлеудің басталатын күні;5. дивидендтер төлеудің тəртібі мен нысаны болуға тиіс.Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу қоғам органының шешімін талап етпейді.Артықшылықты бір акцияға дивидендтер төлеу кезеңділігі жəне дивидендтің мөлшері қоғамның жарғысымен белгіленеді. Артықшылықты акциялар бойынша есептелетін дивидендтердің мөлшері жай акциялар бойынша осы кезең үшін есептелетін дивидендтердің мөлшерінен аз болмауы керек.Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер толық төленгенге дейін оның жай акциялары бойынша дивидендтер төленбейді.
Артықшылықты акция бойынша дивидендтің кепілдікті мөлшері оның мəні тұрақты жəне жалпы қолжетімді болған жағдайда қайсыбір көрсеткішке қатысты белгіленген түрінде де, индекстеу арқылы да белгіленуі мүмкін.
Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу мерзімінің басталуы алдындағы бес жұмыс күні ішінде қоғам бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті мəліметтерді көрсете отырып, дивидендтер төлеу, сондай-ақ қоғамның бір артықшылықты акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері туралы ақпарат жариялауға міндетті.
33. Жай және артықшылықты акция бойынша дивидендті төлеу ерекшеліктері
"Дивиденд" - акционердің өзіне тиесілі акциялары бойынша жыл сайын төлеп отыратын жəне акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігі.
Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді қоспағанда, қоғамның акциялары бойынша дивидендтер акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның дауыс беретін акцияларының жай көпшілігімен дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған жағдайда ақшалай немесе қоғамның бағалы қағаздарымен төленеді.
Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша бағалы қағаздармен дивидендтер төлеуге жол берілмейді.
Қоғамның акциялары бойынша оның бағалы қағаздарымен дивидендтер төлеуге акционердің жазбаша келісімі болған кезде осындай төлем қоғамның жарияланған акцияларымен жəне ол шығарған облигациялармен жүзеге асырылатын жағдайда ғана жол беріледі.
Дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі дивидендтер төлеу басталатын күннің алдындағы күні жасалуға тиіс.
Төленбеген дивидендтері бар акцияларды иеліктен алу, егер акцияларды иеліктен алу туралы шартта өзгеше көзделмесе, акцияның жаңа иесінің оларды алу құқығымен жүзеге асырылады.
Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеудің кезеңділігі қоғамның жарғысымен жəне акцияларды шығару проспектісімен белгіленеді.
Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеу төлем агенті арқылы жүргізілуі мүмкін. Төлем агентінің қызметіне ақы қоғам есебінен төленеді. Орналастырылмаған немесе қоғамның өзi сатып алған акциялар бойынша, сондай-ақ егер сот немесе қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы қоғамды тарату туралы шешiм қабылдаса, дивидендтер есептелмейдi жəне төленбейдi.
Қоғамның жай жəне артықшылықты акциялары бойынша мынадай жағдайларда дивидендтер төлеуге жол берілмейді:
1. жарғылық капиталдың мөлшері толығымен төленбеген жағдайда;
2. Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңына сəйкес қоғамның төлем қабілетсіздігі немесе дəрменсіздік белгілері анықталған жағдайда немесе аталған белгілер қоғамның акциялары бойынша дивидендтерді төлеу нəтижесінде пайда болса;
3. сот немесе акционерлердің жалпы жиналасында қоғамды тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда.
Акционер қоғам берешегінің жиналып қалу мерзіміне қарамастан, алынбаған дивидендтерді төлеуді талап етуге құқылы.
Дивидендтер оларды төлеу үшін белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда акционерге дивидендтердің негізгі сомасы жəне ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негізге ала отырып есептелетін өсімпұл төленеді.
Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар өз акциялары бойынша дивидендтерді есептемейді жəне төлемейді.
Қоғамның жай акциялары бойынша тоқсан немесе жарты жылдық қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу тек қана акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен ғана жүзеге асырылады.
Қоғамның жай акциялары бойынша жыл қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қабылдайды.
Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс. Бұл ретте жария компаниялар осы шешімді өздерінің корпоративтік веб-сайтында да жариялауға тиіс.
Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімде мынадай мəліметтер:1. қоғамның атауы, орналасқан жері, банк жəне өзге де реквизиттері;2. дивидендтер төленетін кезең;3. бір жай акцияға шаққандағы дивидендтің мөлшері;4. дивидендтер төлеудің басталатын күні;5. дивидендтер төлеудің тəртібі мен нысаны болуға тиісҚоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу қоғам органының шешімін талап етпейді.Артықшылықты бір акцияға дивидендтер төлеу кезеңділігі жəне дивидендтің мөлшері қоғамның жарғысымен белгіленеді. Артықшылықты акциялар бойынша есептелетін дивидендтердің мөлшері жай акциялар бойынша осы кезең үшін есептелетін дивидендтердің мөлшерінен аз болмауы керек.Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер толық төленгенге дейін оның жай акциялары бойынша дивидендтер төленбейді.
Артықшылықты акция бойынша дивидендтің кепілдікті мөлшері оның мəні тұрақты жəне жалпы қолжетімді болған жағдайда қайсыбір көрсеткішке қатысты белгіленген түрінде де, индекстеу арқылы да белгіленуі мүмкін.
Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу мерзімінің басталуы алдындағы бес жұмыс күні ішінде қоғам бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті мəліметтерді көрсете отырып, дивидендтер төлеу, сондай-ақ қоғамның бір артықшылықты акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері туралы ақпарат жариялауға міндетті.
34. Акцияның табыстылығын сипаттайтын көрсеткіштер
Акцияның табыстылығын сипаттайтын көрсеткіштер:
1. Бір акцияға келетін пайда немесе бір акцияның табыстылығы (Earning Per Share - EPS). Бұл көрсеткіш бір жай акцияның таза пайдадағы мөлшерін көрсетеді. EPS = таза пайда / айналыстағы жай акцияның саныЕгерде кəсіпорын жай акциямен қоса артықшылықты акция шығаратын болса, бір акцияға келетін пайда мына формуламен анықталады.EPS = таза пайда – арт. акция бойынша дивиденд / айналыстағы жай акцияның саны
2. P/E көрсеткіші (Price – Earnings ratio). Бұл көрсеткіш акцияның нарықтық құнының бір акцияға келетін пайдаға қатынасын білдіреді.