Бағалы қағаздардың экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:55, доклад

Описание работы

Бағалы қағаздар» - иелеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар.
«Бағалы қағаз нарығы» туралы қолданыстағы заңға сəйкес бағалы қағаз – мүліктік құқықты куəландыратын белгілі бір жазбалармен басқа да белгілеулердің жиынтығы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Бағалы қағаздың экономикалық мәні.doc

— 563.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13.             Бағалы қағаздар нарығының мәні мен құрамдас бөліктері

Кез келген нарық сияқты бағалы қағаздар нарығының құрылымы күрделі болып келеді. Бағалы қағаздар нарығының құрылымын жан-жақты қарастыруға болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөліктерінің қалыптасу негізі мынада: тек қана бағалы қағаздардың түрлерімен ғана шектелмейді, сонымен қатар сауда-саттықты ұйымдастыру тəсілдеріменде байланысты болады.

Осы тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөліктері болып мыналар табылады:

1. Бағалы қағаздың айналым кезеңіне қарай: алғашқы жəне қайталама нарық;

2. Бағалы қағаздар нарығын реттеу деңгейіне қарай: ұйымдастырылған жəне ұйымдастырылмаған нарық;

3. Сауданы жүргізу орнына қарай: биржалық жəне биржадан тыс нарық;

4. Сауданы жүргізу тəсіліне қарай: дəстүрлі жəне компьютерлендірілген нарық;

5. Бағалы қағазбен жасалынған мəміленің орындалу мерзіміне қарай: кассалық жəне мерзімді нарық.

Алғашқы нарық – эмитенттiң (андеррайтердiң немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруын білдіреді.Қайталама нарық – орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесiнде бағалы қағаздар нарығының субъектiлерi арасында қалыптасатын құқықтық қатынастарды білдіреді. Бұл нарықта бағалы қағаз иесінің меншік құқықтарының басқа тұлғаға өтуіне баланысты кез келген жиынтық операциялар орындалады.Ұйымдастырылған нарық - мəмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сəйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс саласын білдіреді.

Ұйымдастырылмаған нарық –бағалы қағаздармен жасалатын мəмiлелер сауда - саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын саласы.Биржалық нарық - бағалы қағаз саудасы қор биржасында жүргізіледі.Биржалық нарықтың мəні ұйымдастырылған нарыққа ұқсас болып келеді.Биржадан тыс нарық - ұйымдастырылған жəне ұйымдастырылмаған нарық ретінде болуы мүмкін.Дəстүрлі нарық - бағалы қағаздарды сатудың дəстүрлі нысаны, əдетте бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылар нақты бір жерде кездесуі арқылы жүзеге асырылады. Сауда ашық жəне жабық нысанда жүргізіледі.Компьютерлендірліген нарық - компьютер желісін жəне қазіргі кезеңдегі байланыс құралдарын пайдалану негізінде, бағалы қағаздар саудасы əр түрлі нысанда жүргізіледі.

Компьютерлендірілген нарыққа мынадай сипаттамалар тəн:  - сатушылар мен сатып алушылардың кездесетін нақты физикалық орны болмайды, бірақ компьютерлендірілген сауда орны бағалы қағаздарды сатушы фирмада немесе тікелей сатушы мен сатып алушыда болады; - бағаны белгілеу процесі жариялы түрде жүргізілмейді, бағалы қағаздармен жүргізілетін сауда автоматты түрде жүргізіледі; - бағалы қағаздармен жүргізілетін сауда үнемі үздіксіз сипатта болады.

Кассалық нарық - ("спот" жəне "кэш" нарығы) жасалынған мəміле 3-4 күн ішінде тез арада іске асырылады.

Мерзімді нарық - мəміленің орындалуы əдетте бірнеше айға созылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14.             Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары

Бағалы қағаздар нырағының қатысушылары - бұл бағалы қағаздарды сататын жəне сатып алатын, бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын жəне айналысын қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер немесе жеке тұлғалар болып табылады.

Бағалы қағаздар нарығының жай жəне кəсіби қатышушылары мыналар болып табылады:1. мемлекет, муниципалитеттер, ірі ұлттық жəне халықаралық компаниялар.Олардың бағалы қағаздарды шығаруы жəне оны жүзеге асыруы көп қиындық тудырмайды. Осы топтың шығаратын бағалы қағаздары жоғарғы табысты қамтамасыз етпейді, дегенменде мемелекеттік бағалы қағаздарға деген нарыққа қатысушылардың сенімділігі жоғары; 2. бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыратын қаржылық институттар (коммерциялық жəне инвестициялық банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары жəне т.б.);

3. жеке инвесторлар - жеке тұлғалар жəне институционлады инвесторлар - Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес инвестицияны жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға; 4. бағалы қағаз нарының кəсіби қатысушылары.

Бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушылары мыналар:

1. сауда алаңдары - қор биржасында айналысқа жіберілген қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен олар арқылы мəмілелер жасалатын қор биржасының бағдарламалық - техникалық кешенінің бөлігі.

· биржалық. Бүгінгі таңда Қазақстанда өз қызметін 1997 жылы бастаған қор биржасы (KASE) əрекет етіп жүр. Қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық жəне техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға жəне коммерциялық емес ұйым болып табылады.

· биржадан тыс.

2. сауда агенттері.

Брокер - бағалы қағаздар нарығының клиентінің тапсырмасы бойынша, соның есебінен жəне мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен жəне өзге де қаржы құралдарымен мəмілелер жасайтын кəсіби қатысушы.

Дилер - ұйымдастырылған жəне ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында оған тікелей кіру құқығымен өз мүдделерін көздеп жəне өз есебінен (эмиссиялық) бағалы қағаздармен жəне өзге де қаржы құралдармен мəмілелер жасайтын кəсіби қатысушы.

3. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымына кіретін ұйымдар:

Оған мыналар жатады:

· тiркеушi - бағалы қағаздар нарығының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн қалыптастыруды, сақтауды жəне жүргізудi жүзеге асыратын кəсiби қатысушы.

· бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушы - нақтылы ұстау шартына сəйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан жəне есебiнен белгілi бiр заңды iс-əрекеттердi жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау жəне осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалатын мəмiлелерiн тiркеумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кəсіби қатысушы. Орталық депозитарий, кастодиан, брокер жəне дилер нақты ұстау қызметін көрсетуге құқылы.

· кастодиандар - бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарының жəне клиенттер ақшасының есебін алуды жəне олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды жəне Қазақстан Республикасының заң актілеріне сəйкес өзге қызметті жүзеге асыратын кəсіби қатысушылар.

· орталық депозитарий – орталық депозитарий коммерциялық емес ұйым болып табылады. Орталық депозитарий Қазақстан Республикасы аумағында депозитарлық қызметті жүзеге асыратын бірден – бір ұйым болып табылады.

· инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушы - бағалы қағаздар нарығының азаматтық құқықтық объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан, клиенттің мүдделерін көздеп жəне соның есебінен жүзеге асыратын кəсіби қатысушы.

· сауда-саттықты ұйымдастырушылар - қор биржасы жəне биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымы жатады.

· трансфер агент - бағалы қағаздар нарығының өз клиенттерінің арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнінде қызмет көрсететін кəсіби қатысушы.

· клирингтік қызмет - Клиринг өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу деген ұғымды білдіреді. Клиринг - есептейтін компьютерлік жүйе мен əдістерді пайдалану негізінде, арнайы мекеменің көмегімен іске асырылатын, мəмле бойынша жиынтық есеп айырысу операциясы.

 

 

 

15.             Бағалы қағаздар нарығының кәсіби  қатысушылары

1. сауда алаңдары - қор биржасында айналысқа жіберілген қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен олар арқылы мəмілелер жасалатын қор биржасының бағдарламалық - техникалық кешенінің бөлігі.

· биржалық. Қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық жəне техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға жəне коммерциялық емес ұйым болып табылады. · биржадан тыс.

2. сауда агенттері.

Брокер - бағалы қағаздар нарығының клиентінің тапсырмасы бойынша, соның есебінен жəне мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен жəне өзге де қаржы құралдарымен мəмілелер жасайтын кəсіби қатысушы.

Дилер - ұйымдастырылған жəне ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында оған тікелей кіру құқығымен өз мүдделерін көздеп жəне өз есебінен (эмиссиялық) бағалы қағаздармен жəне өзге де қаржы құралдармен мəмілелер жасайтын кəсіби қатысушы.

3. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымына кіретін ұйымдар:

· тiркеушi - бағалы қағаздар нарығының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн қалыптастыруды, сақтауды жəне жүргізудi жүзеге асыратын кəсiби қатысушы.· бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушы - нақтылы ұстау шартына сəйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан жəне есебiнен белгілi бiр заңды iс-əрекеттердi жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау жəне осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалатын мəмiлелерiн тiркеумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кəсіби қатысушы. Орталық депозитарий, кастодиан, брокер жəне дилер нақты ұстау қызметін көрсетуге құқылы.· кастодиандар - бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарының жəне клиенттер ақшасының есебін алуды жəне олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды жəне Қазақстан Республикасының заң актілеріне сəйкес өзге қызметті жүзеге асыратын кəсіби қатысушылар.· орталық депозитарий – орталық депозитарий коммерциялық емес ұйым болып табылады. Орталық депозитарий Қазақстан Республикасы аумағында депозитарлық қызметті жүзеге асыратын бірден – бір ұйым болып табылады.· инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушы - бағалы қағаздар нарығының азаматтық құқықтық объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан, клиенттің мүдделерін көздеп жəне соның есебінен жүзеге асыратын кəсіби қатысушы.· сауда-саттықты ұйымдастырушылар - қор биржасы жəне биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымы жатады.· трансфер агент - бағалы қағаздар нарығының өз клиенттерінің арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнінде қызмет көрсететін кəсіби қатысушы.· клирингтік қызмет - Клиринг өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу деген ұғымды білдіреді. Клиринг - есептейтін компьютерлік жүйе мен əдістерді пайдалану негізінде, арнайы мекеменің көмегімен іске асырылатын, мəмле бойынша жиынтық есеп айырысу операциясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16.             Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының мәні мен түрлері

Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы – бұл нормативтер мен ережелермен, институттар (мекемелерден) мен əр түрлі техникалық құрал-жабдықтармен материалдандырылған, мəмілелерді жасау жəне жүзеге асыру барысында қолданылатын технологиялардың жиынтығы. Инфрақұрылымның дамуы нарықтың дамуы мен байланысты. Нарықтағы айналым жəне жасалған мəмілелердің саны аз болса инфрақұрылымды ұстау қымбатқа соғады.

Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын мынадай топтарға топтастыруға болады:· реттеушілік; · функционалдық; · техникалық; · ақпараттық. Бағалы қағаздар нарығының реттеушілік инфрақұрылымы – бұл мəмілелердің жүзеге асырылуын реттеуге мүмкіндік беретін, əр түрлі ережелермен əдістер жиынтығынан тұратын бағалы қағаз нарығын реттеу жүйесі. Бағалы қағаздар нарығын реттеу жүйесінің мақсаты – бағалы қағаздар нарығының тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету(тəуекелді төмендету жəне өтімділікті арттыру). Бағалы қағаздар нарығын реттеуді мемлекет немесе өзін - өзі реттейтін ұйымдар жүзеге асырады. Мемлекет бағалы қағаздар нарығын реттеуді мемлекет шығарған заңмен, нормативтік актілермен іске асырады. Өзін - өзі реттейтін ұйымдарға нарыққа қатысушылардың ассоцияциясы, қор биржасы, биржадан тыс сауда жүйесі кіреді.

Бағалы қағаздар нарығының функционалдық инфрақұрылымы – бағалы қағаздармен мəмілелерді жасау процесін қамтамасыз ететін, бағалы қағаздармен сауда саттықты жүргізу жүйесі(делдалдар, қор биржасы, ұйымдастырылған жəне ұйымдастырылмаған биржадан тыс нарық, бағалы қағазды аукцион бойынша сату). Алғашқы бағалы қағаздар нарығында делдалдар бағалы қағаздарды қайта сату мақсатымен, эмитенттен төменгі бағада бағалы қағаздарды сатып ала отырып, бағалы қағаздарды алғашқы орналастыруды қамтамасыз етеді. Бұндай делдалдарға инвестициялық банктер жатады. Ал қайталама бағалы қағаздар нарығында мəмілелер жасауды брокерлер мен дилерлер іске асырады. Қор биржасы, яғни KASE əрекет етіп жүр. Биржалық нарық ұйымдастырылған нарыққа ұқсас болып келеді. Ал биржадан тыс нарық ұйымдастырылған жəне ұйымдастырылмаған нарық ретінде болуы мүмкін.

Информация о работе Бағалы қағаздардың экономикалық мәні