Бағалы қағаздардың экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:55, доклад

Описание работы

Бағалы қағаздар» - иелеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар.
«Бағалы қағаз нарығы» туралы қолданыстағы заңға сəйкес бағалы қағаз – мүліктік құқықты куəландыратын белгілі бір жазбалармен басқа да белгілеулердің жиынтығы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Бағалы қағаздың экономикалық мәні.doc

— 563.50 Кб (Скачать)

   · дисконттық облигация – жеңілдікпен (номиналдық құнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.

· аралас типтегі облигация - тіркелген купондық мөлшерлемеде жəне өзгермелі купондық мөлшерлемеде табыс əкелетін бағалы қағаз;

9. Айналыс сипатына қарай:

· айырбасталатын облигация - эмитент айырбасталатын облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Айырбасталатын облигациялар шығару мүмкiндiгi акционерлiк қоғамның жарғысында көзделуге тиiс. Облигацияларды акционерлiк қоғамның акцияларына айырбастау, облигацияларды эмитенттiң акцияларына айырбастаудың облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген талаптары мен тəртiбiне сəйкес жүргiзiледi;

· айырбасталмайтын облигация.

10. Қамтамасыз етілуіне қарай:

1.1. Кепілзатпен қамтамасыз етілген облигацияның түрлері:

· нақты активтермен қамтамасыз етілген (жылжымайтын мүлікпен, құрал жабдықтармен жəне т.б);

· кепілзаттар (ипотека) пулымен қамтамасыз етілген.

2.2. Қамтамасыз етілмеген облигацияның түрлері:

· материалдық активтермен қамтамасыз етілмеген;

· сақтандырылған облигация – заем бойынша міндеттеменің орындалуымен байланысты мүмкін болатын тəуекелді, эмитент–компания, сақтандыру компаниясында сақтандырады;

· кепілдікті облигация – кепілзатпен қамтамасыз етілмеген облигация. Бұл қарыз бойынша міндеттеменің орындалуы эмитент – компанияға емес басқа компанияға жүктеледі.

11. Қазақстанның бағалы қағаз нарығында жаңадан пайда болған облигацияның түрлері мыналар:

11.1 Инфрақұрылымдық облигация - эмитент мiндеттемелерiнiң орындалуы мемлекет пен эмитент арасында мемлекетке берiлетiн объектiнiң құнының сомасына сəйкес жасалған инфрақұрылымдық жобаны iске асыру жөнiндегi концессиялық келiсiм шеңберiнде мемлекеттiң кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген облигация.

11.2 Ипотекалық облигация - ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілiмен (ипотекалық куəліктердің кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi уəкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленетiн өзге де жоғары өтiмдi активтер кепiлiмен қамтамасыз етiлген облигация;

11.3 Агенттiк облигация - қаржы агенттiгi шығаратын облигация.

 

40.             Облигацияның табыстылығын сипаттайтын көрсеткіштер

Облигация бойынша жалпы табыс мына элементтерден қалыптасады:

1. купондық табыс (төленетін пайыз мөлшерлемесі негізінде);

2. дисконттық табыс (облигацияның құнының өзгеруіне байланысты);

3. облигациядан түскен табысты қайта қаржыландыру.

Акцияға қарағанда облигация иесі тіркелген ағымдық табысты алып отырады. Облигация бойынша пайыз жылына 1 – 2 рет төленеді.

Облигация бойынша купондық табыстың көлемі эмитент – компанияның тұрақтылығына байланысты болады. Эмитент – компания тұрақты болған сайын осы компанияның облигациясына сұраныс жоғары болады, осыған сəйкес пайыз мөлшерлемесі төмен болады. Облигация ұзақ мерзімге орналастырылса пайыз мөлшерлемесі жоғары болады жəне керісінше.

Облигация бойынша купондық төлемді шартты түрде үшке бөлуге болады:

1. тіркелген жылдық төлемдер; 2. индекстелетін жылдық төлемдер;

3. негізгі қарыз сомасымен бірге төленетін төлемдер.

Басқа бағалы қағаздарға қарағанда облигация бойынша жалпы немесе жиынтық табыстың көлемі төмен себебі, басқа бағалы қағаз түрлеріне қарағанда облигацияға деген сенімділік жоғары. Облигация бойынша табыстың көлемі нарық конъюнктурасына байланыссыз болғандықтан, облигация иесі тұрақты түрде тіркелген пайыз мөлшерлемесін алып отырады.

Облигацияның табыстылығын сипаттайтын көрсеткіштер:

1. Купонды облигацияның құны:

P = C/r * (1 – 1/(1+r)^n)+N/(1+r)^n

r – облигацияның табыстылығы  N – облигацияның номиналдық құны P – облигацияның құны   n – облигацияның өтелу мерзімі, жыл

C – купондық төлем

2. Купонсыз облигацияның құны: P = N / (1 + (r * t/365))

3. Купонды облигацияның өтелу мерзіміне дейінгі табыстылығын анықтау. r = ((N - P) + C* n) / (P* n) *100     дұрыс

r – облигацияның табыстылығы N – облигацияның номиналдық құны P – облигацияның құны n – облигацияның өтелу мерзімі, жыл   C – купондық төлем

4. Купонсыз облигацияның өтелу мерзіміне дейінгі табыстылығын анықтау. r = (N/P - 1) * 365/ t * 100

r – облигацияның табыстылығы  N – облигацияның номиналдық құны

P – облигацияның құны t – облигацияның өтелу мерзімі, күн

41.             Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының мәні

Мемлекеттік бағалы қағаздар – эмитенті мемлекет болып табылатын, мемлекеттің ішкі қарызының формасын немесе борыштық бағалы қағаздарды білдіреді.Экономикалық дамығын елдерде мемлекеттік бағалы қағаздар жалпы экономиканың дамуында, банктік жүйенің өтімділігін ұстап тұруда, мемлекеттік шығыстарды қаржыландыруда маңызды орын алады.Табыстан асып кеткен мемлекеттік бюджеттің шығынын мемлекеттің орталық немесе коммерциялық банктерден алған несиесі есебінен де қаржыландыруға болады. Бірақ бұл мақсаттарға несиенің сирек жұмсалатындығын дүниежүзілік тəжірибе көрсетті, бағалы қағаздарды эмиссиялаудағы шығыстан артық жоғарғы пайызды төлеуге үлкен шығындарды талап етеді. Бұдан басқа банктердің өзі қысқа мерзімді несиелерді жоғарғы пайызбен беруге мүдделі. Мемлекеттік бюджет шығынын жабу үшін ақшаны эмиссиялау орынсыз, себебі бұл инфляция мен ақша айналысының бұзылуына əкеледі.

Мемлекеттік бағалы қағаздар əр түрлі нысандарда шығарылады: қазынашылық міндеттемелер, қазынашылық вексельдер, облигациялар жəне тағыда басқалар.Олардың арасындағы айырмашылық мыналарға: іс-əрекет ету сипатына, мерзіміне, табыстарды төлеу мен өтеу шарттарына, айналымдылық сипатына, ұстаушыларына байланысты. Қазақстан Республикасында қазынашылық вексельдер мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер нысанына түрленген.

Қазынашылық міндеттемелер ерікті негізде орналастырылатын мемлекеттік бағалы қағаздың түрі болып табылады.Айналысқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару арқылы келесідей мəселелерді шешуге болады:

1. мемлекеттік бюджеттің дефицитін қаржыландыру; 2. мемлекеттің мақсатты бағдарламаларын қаржыландыру: əлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй, құрылыс саласында мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру; 3. экономикалық белсенділікті реттеу: айналыстағы ақша массасын реттеу, баға мен инфляцияға əсер ету жəне т.б.

Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру тəсілдері:

1. қаржы министрлігі немесе орталық банк арқылы. Шығарылатын облигацияның түрлеріне байланысты негізгі инвесторлар болып зейнетақы жəне сақтандыру қорлары мен компаниялар, банктер, инвестициялық қорлар мен компаниялар табылады; 2. құжатты жəне құжатсыз нысанда; 3. əр түрлі əдістер негізінде: аукциондық сауда саттық, ашық сауда-белгіленген баға бойынша сауда саттыққа ниет білдіруші кез келген тұлға қатыса алады, жабық саудаға шектеулі ивесторлар ғана қатыса алады.

Бүгінгі таңда ҚР-ғы қаржы ұйымдарының инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден - өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден – олардан алатын табыс төмен болғанымен тəуекел төмен немесе жоқ десе де болады. Қандай да бір бағалы қағазды сатып алу барысында инвестор эмитенттің қызметіне байланысты туындайтын жəне оған қатыссыз болатын тəуекелге баратыны сөзсіз. Мұндай тəуекелді екі түрге бөледі:

жүйелік тəуекел, яғни эмитент компанияның қызметіне байланыссыз нарықтағы өзгерістерге тиеселі экономикалық факторларға негізделген тəуекел. Мұндай тəуекел əртараптандыруға жатпайды, сондықтан оны əртараптандырылмайтын тəуекел деп атайды. жүйелік емес тəуекел, яғни эмитенттердің қызметіне негізделген тəуекел. Мұндай тəуекелдерді инвестициялық қоржынды əртараптандыру арқылы немесе өзге эмитенттердің бағалы қағаздарына қаражат салу арқылы қалыпқа келтіруге болады.

Тəуекелдің алдын алу үшін инвестор қор нарығына мынадай талдаулар жүргізеді:

түпкілікті талдау; техникалық алдау.

Түпкілікті талдау эмитенттің табысын, сату көлемін, активі мен пассивін, меншікті капиталға қатысты пайдасын жəне менеджменттің деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерге баға беруді білдіреді. Талдау көзіне эмитенттің пайда немесе зиян туралы есебі, балансы жəне өзге құжаттары жатады. Техникалық талдау эмитенттің бағалы қағазына деген сұраныс пен ұсынысты, олармен жасалған операциялар көлемі жəне бағамын бағалауды сипаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

42.             Мемлекеттік бағалы қағаздардың  жіктелімі

Мемлекеттік бағалы қағаздар мынадай белгілер бойынша жіктелінеді:1. ҚР-да мемлекеттік бағалы қағаздарды мынадай мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер шығарады (Мемлекеттік бағалы қағаздардың сипаты 3-кестеде берілген):

1.1. ҚР үкіметі немесе ҚР Қаржы министрлігінің айналысқа шығаратын қазынашылық міндеттемелері мыналар:

Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕККАМ). Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер (МЕОКАМ). Мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттеме – МЕИКАМ. Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттеме - МЕКАВМ.  Арнаулы валюталық мемлекеттік қазынашылық міндеттеме – АВМЕКАМ.

Ұлттық жинақ облигациялар (ҰЖО) – бюджеттің ағымдағы дефицитін қаржыландыру мақсатында Қаржы министрлігі шығаратын мемлекеттік бағалы қағаз.

1.2. Қазақстан Ұлттық банкінің бағалы қағаздары, соның ішінде:

Ұлттық банктің қысқа мерзімді нотасы.

Ұлттық банктің арнайы валюталық нотасы.

1.3. Муниципалдық бағалы қағаздар – жергілікті билік органдарының жергілікті жерлерде əр түрлі шараларды қаржыландыру мақсатында шығаратын бағалы қағаздары. Муниципалды бағалы қағаздарды эмиссиялаудың мақсатын төмендегідей топтарға топтастыруға болады.Жергілікті бюджеттің уақытша тапшылығын жоюға;Бір жолғы ірі сомада қаражат жұмсауды қажет ететін табыссыз объектілерді қаржыландыруға, атап айтқанда: əлеуметтік бағыттағы объектілердің (мектептер, ауруханалар, кітапханалар, мұражайлар жəне т.с.с.) жəне жергілікті инфрақұрылым объектілерінің (жолдар, көпірлер, жылу жəне су жүйелері жəне т.с.с) құрылысына, жаңартылуына, оларды жөндеуге;· Шығынын өзі толтыратын (салынған үйді немесе оның бірнеше бөлігін сатқаннан түскен түсіммен) үй құрылысы, жөндеу, жаңарту жобаларын қаржыландыруға арналған.

2. Мерзіміне қарай мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері:

· қысқа мерзімді (1 жылға дейін шығарылатын МБҚ);

· орта мерзімді (1жылдан 5-10 жылға дейін шығарылатын МБҚ);

· ұзақ мерзімді (10-15 жылдан жоғары мерзімде шығарылатын МБҚ).

3. Мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылығына қарай:

· индекстелетін облигация, инфляциялық индекстің өсуіне байланысты облигацияның номиналдық құны да өседі.

· дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен (номиналдық құнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық құны бойынша өтелед

43.             Қаржы министрлігінің шығаратын бағалы қағаз түрлері мен мақсаты

ҚР үкіметі немесе ҚР Қаржы министрлігінің айналысқа шығаратын қазынашылық міндеттемелері мыналар: 1)Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕККАМ). Айналыс мерзімі: 3, 6 жəне 12 ай. Номиналдық құны - 100 теңге; 2)Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер (МЕОКАМ). Айналыс мерзімі: 2 жəне 3 жыл. Номиналдық құны – 1000 теңге. Қазынашылық міндеттемелердің бұл түрі Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі шығарған мемлекеттік бағалы қағаз жəне Қазақстан Республикасында əрекет ететін заңдарына сəйкес бағалы қағаздар нарығында еркін айналыста болады. Қазынашылық міндеттемелер аукцион негізінде сатып алушылар анықтаған дисконтты баға бойынша ұстаушылар арасында ораналастырылады жəне айналыс мерзімі біткеннен кейін нақты номиналдық құны бойынша

3)Мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттеме – МЕИКАМ. Айналыс мерзімі 1 жыл жəне одан да жоғары. Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджеттің ағымдағы дефицитін қаржыландыру мақсатында шығаратын мемлекеттік бағалы қағаз. МЕИКАМ құжатсыз формада шығарылады. Номиналдық құны – 1000 теңге. МЕИКАМ - ның алғашқы орналастыруын жəне өтелуін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қаржылық агент ретінде жүзеге асырады. Аукционды əдіспен инвесторлар арасында орналастырылады. Ұстаушылары болып Қазақстан Республикасының резидент жəне резидент емес жеке жəне заңды тұлғалары болып табылады. Аукционға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынуымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі анықтайтын тек алғашқы диллерлер қатысады. Сыйақыны төлеу МЕИКАМ эмиссиясынан кейінгі əрбір 6 айдан кейін сəйкес күнде жүреді.

4)Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттеме - МЕКАВМ. Айналыс мерзімі – 3, 6, 9 жəне 12 ай. Бұл қазынашылық міндеттемені Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан республикалық бюджеттің ағымдағы дефицитін қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шағарған мемлекеттік бағалы қағаз жəне Қазақстан Республикасының əрекет етіп тұрған заңдылықтарына сəйкес Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында еркін айналыста болады. Қазынашылық міндеттеме құжатсыз формада шығарылады. Номиналдық құны – АҚШ-тың 100 доллары;

Информация о работе Бағалы қағаздардың экономикалық мәні