Бағалы қағаздардың экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:55, доклад

Описание работы

Бағалы қағаздар» - иелеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар.
«Бағалы қағаз нарығы» туралы қолданыстағы заңға сəйкес бағалы қағаз – мүліктік құқықты куəландыратын белгілі бір жазбалармен басқа да белгілеулердің жиынтығы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Бағалы қағаздың экономикалық мәні.doc

— 563.50 Кб (Скачать)

Өсу жəне табыс портфелі - төменгі деңгейдегі табыс немесе дивидендтік төлемдерді жəне курстық құнының төмендеуінен пайда болатын шығынды төмендету үшін бағытталған.

1. Баланстандырылған портфель – бұл типтегі портфельге тəуекелі жоғары бағалы қағаздар сонымен қатар жай жəне артықшылықты акциялар, облигациялар кіреді. Бұл портфельдің құрылуы кезінде қойылған сипатына сəйкес келетін табыстар мен тəуекелдердің балансталуымен сипатталады. Əр түрлі инвестициялық салымдардың комбинациясы капиталдың өсіміне жетуге жəне жиынтық тəуекелдерді төмендету кезінде жоғары табысты алуға мүмкіндік береді. 2. Қос бағыттағы портфель – капиталға салым өскен кезде жоғары табыс алатын бағалы қағаздар кіреді. Кəсіпорын екі типтегі акцияларды шығарыды, біріншісі жоғарғы деңгейде табыс əкеледі, екіншісі капиталдың көлемін ұлғайтады.Табыс портфелі - жоғарғы деңгейде табыс алуға мүмкіндік береді. Пайызы немесе дивиденді жоғары облигациялар мен акциялардың жəне басқада бағалы қағаздардың жиынтығынан тұрады. Сенімділігі жоғары бағалы қағаздар нарығының құралдары портфельдің объектісі болып табылады.

1. Тұрақты табыс əкелетін портфель – минималды тəуекел деңгейінде орташа табыс алып келетін жоғары сенімді бағалы қағаздардан қалыптасады.

2. Табысты бағалы қағаздар портфелі - орташа тəуекел деңгейінде жоғарғы табыс алып келетін корпоративті облигациялардан тұрады. Инвестициялық портфельдің құрамындағы объектілерді іріктеу инвесторлардың қалауына сəйкес жүзеге асырылатындықтан, инвестор жəне портфель типі арасындағы байланыс бар болады. Консервативті инвесторға жоғары сенімді, бірақ төмен табысты портфель, орта біркелкіге əртараптардырылған портфель, агрессивті инвесторларға жоғары табысты, бірақ тəуекелді портфель сəйкес келеді

 

 

22.             Бағала қағаздар портфелін басқару

Бағалы қағаздар портфелін басқару – бастапқы инвестициялық қоржынды сақтауға, жоғарғы деңгейде табыс алуға, портфельдің инвестициялық бағытын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін əр түрлі бағалы қағаздар жиынтығына нақты əдістер мен технологиялық мүмкіндіктерді қолдануды білдіреді.

Портфельді басқару портфельдің жақсы сапасын қамтамасыз ету үшін жəне оның бағасының өсуін қамтамасыз ету үшін бағалы қағаздармен əрдайым операциялар жүргізуді қажет етеді.

Портфельді басқару процесінің бес негізгі құрамдас бөліктерін атап өтуге болады:

1. инвестициялау мақсаты, инвесторлар қалауы;

2. бағалы қағаздардың əртүрлі түрлерінің табыстылық деңгейі туралы болжау; 3. таңдалған қаражаттарды тиімді үйлестіруді құрау үшін инвестициялау мақсаттарын интеграциялау; 4. портфельдің құрамдас бөлігінде өзгерістер туғызуы мүмкін факторларды талдау жəне зерттеу; 5. портфель қызметін бағалау, яғни тəуекелге қатысты портфельдегі табысты бағалау.

Сонымен бірге басқару үдерісінің барлық құрамдас бөліктері бір бірімен тығыз байланысты.Бағалы қағаздар портфелін басқарудың екі негізгі əдістері бар: активті жəне пассивті басқару модельдері.Қоржын түрiне таңдалынған инвестициялық стратегияның үлгiсi де сəйкес келедi: нарықтың мүмкiндiгiн барынша пайдалануға бағытталған активтi үлгiсi немесе пассивтi үлгiсi. Басқарудың қиынға түсетiн жəне көп еңбек пен көп қаражатты талап ететiн жəне қымбат тұратын элементтерiнiң бiрi əрi бiрегейi саналатын, қор нарығын үздiксiз егжей-тегжейлi сараптап отыратын, оның даму үдерiстерiн, қор нарығының салаларын, құнды қағаздардың инвестициялық сапаларын сұрыптайтын мониторинг болып табылады.

Мониторингтiң түпкi мақсаты – қоржынның белгiлi бiр түрiне сəйкес келетiн инвестициялық қасиетке ие құнды қағаздарды таңдау. Мониторинг басқарудың активтi əрi пассивтi тəсiлiнiң негiзi болып табылады. Оны қалай жүргiзу керектiгiн бiз сəл төменiрек жан-жақты түсiндiрiп беремiз, ал əзiрге басқару үлгiлерiне баса назар аударайық.Басқарудың активтi үлгiсi. Басқарудың активтi үлгiсi қоржынның инвестициялық мақсаттарына жауап беретiн тетiктердi жете зерттеудi жəне табуды, сонымен қатар қоржын құрамын жедел өзгертудi көздейдi. Басқарудың активтi үлгiсiмен айналысатын инвестор барынша тиiмдi құнды қағаздарды таба бiлуге жəне оны сатып алуға, пайдасы аз активтерден дер уақытында құтылып отыруға мiндеттi. Соныменбiрге қоржынның құнсыздануына жəне оның инвестициялық қасиетiн жоғалтуына жол бермеу де өте маңызды. Демек, «жаңа» қоржындағы баға, пайда, тəуекелдiк пен басқа да инвестициялық сипаттамаларды «ескi» қоржындағымен салыстыра қарау қажет. Бұл тəсiл құнды қағаздар нарығындағы ақпараттық, сараптамалық жəне саудалық белсендiлiкпен тығыз байланысты болғандықтан, көп мөлшердегi қаржылық шығынды талап етедi. Сараптамалық бағалаудың аса ауқымды базасын пайдалана отырып, құнды қағаздар нарығы мен тұтас экономиканың ахуалына болжам жасаудың қымбатқа түсетiнi айтпаса да, түсiнiктi. Бұған тек инвестициялық қағаздардан тұратын iрi көлемдегi қоржынға ие жəне кəсiби тұрғыда шебер əрекет ете отырып, нарықтан мол пайда табуға ұмтылатын алпауыт банктер мен қаржылық компаниялар ғана қауқарлы.Инвестор қор нарығындағы ахуалды күнi бұрын болжап, жасалған сараптаманы iс жүзiне асыра бiлуi тиiс. Көбiнесе ирек түсiмдiлiктi манипуляциялауға негiзделген əдiс-тəсiлдер кеңiнен қолданылады. Мамандар ақша нарығының ахуалына болжам жасай отырып, сол арқылы құнды қағаздар қоржынын түзетiп отырады. Мысалы, нақ сол сəтте төмен деңгейде тұрған ирек табыстылық жасалған болжамға сəйкес өсетiн болса, пайыздық мөлшерлемесінің өсуiне қарай сатылымға шығарылып, анағұрлым пайдалы активтерге аударылатын қысқа-мерзімдік облигацияларды сатып алу қажет.Ирек түсiмдер жоғарылағанда, төмендеу тенденциясы орын алады. Ондай жағдайда инвестор аса мол табыс əкелетiн ұзақмерзiм-дiк облигацияларды сатып алуға ден қояды.Басқарудың пассивтi үлгiсi. Пассивтiк басқару тəуекелдiк деңгейi алдын ала анықталған, ұзақ мерзiмге есептелген əрi жақсы дербестендiрiлген қоржындарды құру болып табылады. Мұндай əдiстi қолдану жоғары сапалы құнды қағаздарға байөте тиiмдi нарықта ғана мүмкiн болмақ. Қоржынның өмiр сүру ұзақтығы қор нарығындағы процестердiң тұрақтылығына байланысты.

Пассивтiк басқару тек тəуекелдiк деңгейi төмен құнды қағаздардан тұратын қоржында ғана тиiмдi. Құнды қағаздар қоржынның ахуалы ұзақ уақыт бойы өзгерiссiз сақталуы үшiн ұзақмерзiмдiк болуы шарт. Пассивтiк стратегияға мысал ретiнде əртүрлi жеделдiк шығарылымдар («баспалдақ» тəсiлi) арасындағы инвестициялардың теңдей бөлiнуiн айтуға болады. Қоржындық инвестор «баспалдақ» тəсiлiн қолдана отырып, қоржынның əрекет ету мерзiмi аяқталатын кезеңге дейiн теңдей бөлiнген жеделдiк деңгейi əртүрлi құнды қағаздарды сатып алады.Ескеретiн жайт, құнды қағаздар қоржыны – қор нарығында сатылатын жəне сатып алынатын өнiм. Оны қалыптастыруға жəне басқаруға кететiн шығындар мəселесi де аса маңызды. Сондықтан қоржынның сандық құрамы туралы мəселе өзектi саналады. Инвестициялық сараптама нəтижесiнде, егер қоржынға 10-нан 15-ке дейiн əртүрлi құнды қағаздар таңдалып алынса, тəуекелдiктi ең төменгi деңгейге дейiн барынша қысқартуға болатыны анықталған. Қоржын құрамын одан əрі ұлғайту жөнсiз. Өйткенi, дербестендiрудегi асыра сiлтеушiлiктiң бiрнеше керi əсерi болуы мүмкiн:

• Сапалы қоржындық басқарудың мүмкiн болмауы;• Онша сенiмдi емес, табысы аз, өтiмдiлiгi төмен құнды қағаздарды сатып алу;• Құнды қағаздарды табуға байланысты шығындардың (алдын ала жасалатын сарапқа кететiн шығындар) өсуi;• Құнды қағаздардың аз мөлшердегi ұсақ партияларын сатып алудағы шығындардың көбеюi т.б.

Қор нарығындағы жағдай ғана қоржынды басқару тəсiлiнанықтайды деуге болмайды. Басқару тəсiлiн талғау қоржын түрiне де байланысты болады. Айталық, агрессивтiк өсiм қоржынына «пассивтiк» басқару тəсiлiн қолданса, пайдаға шаш-етектен кенелу қиын. Жүйелi кiрiске ие қоржынға активтiк басқару тəсiлiн қолданғанда шығатын шығынды ақтап алу да күмəндi. Басқару тəсiлiн таңдау сонымен қатар инвестордың құнды қағаздарды таңдай бiлу қабiлетi мен нарық жағдайын тап басып болжай бiлуiне де байланысты. Егер сiз құнды қағаздарды талғауда немесе əрекеттi жүзеге асыру уақытын таңдауда айтарлықтай тəжiрибеңiз жоқ болса, дербестендiрiлген қоржынды қалыптастырып, тəуекелдiктi қалаған деңгейде ұстағаныңыз жөн. Егер нарықтың жағдайын тап басып болжай алатыныңызға сенiмдi болсаңыз, қоржын құрамын нарықтағы өзгерiстер мен сiз таңдаған басқару үлгiсiне қарай өзгертуiңiзге болады.

 

 

 

 

23.             Акция нарығының мәні мен  мақсаты

Корпоративтік бағалы қағаздарды корпорациялар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жəне өзге де кəсіпорындар мен ұйымдар шығарады. Корпоративті бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.

Акция - бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куəландыратын, басқару ісіне қатысуға жəне кəсіпорын таратылған жағдайда мүліктің қандай да бір үлесін алуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс əкелетін бағалы қағаз.

Акционерлік қоғам мынадай жағдайларда акцияны шығарады:

акционерлік қоғам жаңадан немесе қайтадан құрылған кезде;

бірнеше акционерлік қоғамның қосылуы (жұтылуы) кезінде;

жарғылық капиталға ақшалай қаражаттарды жұмылдыру кезінде.

Акция иесі (акционер) мынадай топтарға жіктелінеді:

1. жеке;

2. ұжымдық (институционалдық);

3. корпоративті.

Əлемдік тəжірибеде, жеке акционерлерге қарағанда, мемлекет қолдайтын жəне мүмкіндігі зор ұжымдық акционерлерге артықшылық танытады. Ұжымдық акционерлерге сақтандыру компаниялары, жеке зейнетақы қорлары, жарналық қорлар жатады.

Акцияның мынадай өзіндік қасиеттері бар:

акция - бұл меншік титулы, яғни акция иесі акционерлік қоғамның ортақ иеленушісі болып табылады;

акцияның өмір сүру мерзімі жоқ, яғни акция иесінің құқығы акционерлік қоғамның өмір сүру ұзақтығымен байланысты;

акция иесінің жауапкершілігі шектеулі, акционер акционерлік қоғамның міндеттері бойынша жауап бермейді, яғни акционерлер өздері салған акция сомасының мөлшерінде ғана қоғам міндеттемелеріне жауап береді;

акцияның бөлінбеушілік қасиеті, яғни акцияны ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаның бірлесе отырып иеленуі меншік иелері арасындағы құқықтың бөлінбеуін білдіреді;

акция санын көбейтуге болады, яғни бір акцияның бірнеше акцияға айналуын білдіреді. Бір акцияның бірнеше акцияға айналуы барысында жарғылық капиталдың көлемі өзгеріссіз қалады. Акцияның бұл қасиетін эмитент акцияның нақты бір түріне ұсынысты көбейту үшін қолдануы мүмкін. Мысалы, номиналдық құны 1000 теңгемен бағаланатын бір акцияның орнына номиналдық құны 250 теңге болатын 4 жаңа акцияны шығарады. Акционерлердің иелігіндегі акция санының көп екендігін білдіреді.

 

24.             Акцияның экономикалық мәні мен қажеттілігі

Корпоративтік бағалы қағаздарды корпорациялар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жəне өзге де кəсіпорындар мен ұйымдар шығарады. Корпоративті бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.

Акция - бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куəландыратын, басқару ісіне қатысуға жəне кəсіпорын таратылған жағдайда мүліктің қандай да бір үлесін алуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс əкелетін бағалы қағаз.

Акционерлік қоғам мынадай жағдайларда акцияны шығарады:

акционерлік қоғам жаңадан немесе қайтадан құрылған кезде;

бірнеше акционерлік қоғамның қосылуы (жұтылуы) кезінде;

жарғылық капиталға ақшалай қаражаттарды жұмылдыру кезінде.

Акция иесі (акционер) мынадай топтарға жіктелінеді:

1. жеке;

2. ұжымдық (институционалдық);

3. корпоративті.

Əлемдік тəжірибеде, жеке акционерлерге қарағанда, мемлекет қолдайтын жəне мүмкіндігі зор ұжымдық акционерлерге артықшылық танытады. Ұжымдық акционерлерге сақтандыру компаниялары, жеке зейнетақы қорлары, жарналық қорлар жатады.

Акцияның мынадай өзіндік қасиеттері бар:

акция - бұл меншік титулы, яғни акция иесі акционерлік қоғамның ортақ иеленушісі болып табылады;

акцияның өмір сүру мерзімі жоқ, яғни акция иесінің құқығы акционерлік қоғамның өмір сүру ұзақтығымен байланысты;

акция иесінің жауапкершілігі шектеулі, акционер акционерлік қоғамның міндеттері бойынша жауап бермейді, яғни акционерлер өздері салған акция сомасының мөлшерінде ғана қоғам міндеттемелеріне жауап береді;

акцияның бөлінбеушілік қасиеті, яғни акцияны ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаның бірлесе отырып иеленуі меншік иелері арасындағы құқықтың бөлінбеуін білдіреді;

акция санын көбейтуге болады, яғни бір акцияның бірнеше акцияға айналуын білдіреді. Бір акцияның бірнеше акцияға айналуы барысында жарғылық капиталдың көлемі өзгеріссіз қалады. Акцияның бұл қасиетін эмитент акцияның нақты бір түріне ұсынысты көбейту үшін қолдануы мүмкін. Мысалы, номиналдық құны 1000 теңгемен бағаланатын бір акцияның орнына номиналдық құны 250 теңге болатын 4 жаңа акцияны шығарады. Акционерлердің иелігіндегі акция санының көп екендігін білдіреді.

 

25.             Эмитент үшін акцияның қажеттілігі

Эмитенттің акцияны шығарудағы қажеттілігі мынада:

жарғылық капиталды қалыптастыру;

пайдаға байланыссыз, дивиденд мөлшерін өз қалаулары бойынша бекіту мүмкіндігі. Кəсіпорынның иелігінде таза пайда бар болсада, барлық пайданы дивидендті төлеуге емес, өндірісті дамытуға жұмсауы мүмкін.

акционерлік қоғамның шығынын ұзақ мерзімде қаржыландыру үшін инвесторлардың капиталын пайдалану;

дивидендті төлеуге байланысты кепілдік бермеуі.

 

 

 

25 . Инвестор үшін акцияның қажеттілігі

Инвестор үшін акцияны иеленудің артықшылықтары мынада:

капитал көлемінің ұлғаюы (бұл нарықтағы акция құнының өсу мүмкіндігімен байланысты);

Информация о работе Бағалы қағаздардың экономикалық мәні