Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:55, доклад
Бағалы қағаздар» - иелеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар.
«Бағалы қағаз нарығы» туралы қолданыстағы заңға сəйкес бағалы қағаз – мүліктік құқықты куəландыратын белгілі бір жазбалармен басқа да белгілеулердің жиынтығы болып табылады.
қосымша жеңілдіктерге ие болу. Акционерлік қоғам өзінің акционерлеріне бірқатар жеңілдіктерді ұсынуы мүмкін. Мысалы, акционерлік қоғам өндіретін тауардың, қызметтің бағасына жеңілдік жəне т.б.
қоғам таратылған жағдайда мүліктің бір бөлігін алу құқығы;
жаңадан шығарылатын акцияларды сатып алу құқығы.
Акция мынадай белгілер бойынша жіктелінеді:
26. Туынды бағалы қағаздың жіктелімі
Туынды бағалы қағаз мынадай белгілер бойынша жіктелінеді:
1. Келісім шарт нысанындағы бағалы қағаздар:
форвардтық келісім шарт;
фьючерстік келісім шарт;
опциондық келісім шарт;
своп - келісім шарт.
2. Кепілдік нысанындағы бағалы қағаздар:
варрант;
коносамент.
3. Куəлік нысанындағы бағалы қағаздар:
ипотекалық куəліктер;
депозитарлық қолхат;
банктік сертификат.
27. Акцияның мәні мен деректемелері
Корпоративтік бағалы қағаздарды корпорациялар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жəне өзге де кəсіпорындар мен ұйымдар шығарады. Корпоративті бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.
Акция - бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куəландыратын, басқару ісіне қатысуға жəне кəсіпорын таратылған жағдайда мүліктің қандай да бір үлесін алуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс əкелетін бағалы қағаз.
Акционерлік қоғам мынадай жағдайларда акцияны шығарады:
акционерлік қоғам жаңадан немесе қайтадан құрылған кезде;
бірнеше акционерлік қоғамның қосылуы (жұтылуы) кезінде;
жарғылық капиталға ақшалай қаражаттарды жұмылдыру кезінде.
Акция - бұл ресми құжат болғандықтан, оның түр сипатын анықтайтын мынадай міндетті реквизиттері болуы керек:
1. акционерлік қоғамның атауы, орналасқан жері; 2. бағалы қағаздың атауы - "акция"; 3. реттік нөмірі; 4. шығарылған күні; 5. акцияның түрі ( жай немесе артықшылықты акция); 6. номиналдық құны; 7. акция иесінің аты-жөні (атаулы акция бойынша); 8. акцияны шығарған кездегі жарғылық қордың мөлшері;
9. шығарылатын акцияның саны; 10.дивидендті төлеу мерзімі, дивиденд бойынша пайыз мөлшері жəне жойылу құны (тек қана артықшылықты акция бойынша);
11.акционерлік қоғам басқармасы төрағасының қолы; 12.эмитент - компанияның мөрі.
28. Акцияның жіктелімі
Акция мынадай белгілер бойынша жіктелінеді:
1. Акцияны шығару нысаны қарай:
құжатты - материалдық нысаны бар бағалы қағаз түрі;
құжатсыз - электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде шығарылатын бағалы қағаз.2. Акцияны иелену тəсіліне қарай:
· атаулы акция - акцияның иесі туралы мəліметтер акционерлік қоғамның тіркеу журналында тіркеледі;
· мəлімдеуші акция - акцияның иесі туралы мəліметтер акционерлік қоғамның тіркеу журналында тіркелмей-ақ, бағалы қағаздар нарығында еркін айналыста болатын бағалы қағаз түрі.3. Акционерлік қоғамның акцияларын жарияланған жəне орналастырылған акциялар деп бөлуге болады: · орналастырылған акциялар – акционерлердің акцияларды сатып алуын білдіреді; · жарияланған акциялар - эмитенттің орналастырылған акцияларға қосымша акцияларды шығару мүмкіндігін білдіреді.
4. Акция бойынша құқық көлеміне қарай:
- жай акция - өз құзыреті шеңберінде барлық мəселелерді шешумен байланысты акционерге дауыс беру құқығы мен акционрелердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді;
- артықшылықты акция - жай акциялардың меншік иелеріне қарағанда артықшылықты акцияның артықшылығы мынада: акционерлік қоғамның жарғысында алдын ала айқындалып, белгіленген мөлшерде акционердің дивиденд алуға жəне қоғам таратылған кезде белгіленген тəртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.
Сонымен артықшылықты акцияларды мынадай түрлерге жіктеуге болады:
· кумулятивті акция - төленбеген немесе толық көлемде төленбеген дивидендтер жинақталып, кейін толық көлемде төленуі мүмкін;
· конвертацияланатын (айырбасталатын) акция – акционерлік қоғамның шығару пропектісімен айқындалатын талаптар мен тəртіп арқылы оның бағалы қағазының басқа түріне айырбасталуға жататын бағалы қағаз.
· қатысу үлесі бар акция - акция иесіне тіркелген дивидендпен қатар қосымша дивиденд алуға құқық береді.
· кепілдікті акция – бұл акцияның түрін еншілес кəсіпорындар шығаруы мүмкін. Бұл жағдайда дивидендті төлеу жоғары тұрған ұйымның беделімен кепілдендіріледі. Бұл еншілес кəсіпорындардың шығарған акцияларына инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.
5. "Алтын акция"- құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға жəне дивидендтер алуға қатыспайтын "алтын акцияны" енгізуі мүмкін. "Алтын акция" иесінің акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар мен атқарушы органның шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мəселелер бойынша вето қою құқығы болады. "Алтын акция" куəландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуі тиіс.
29. Артықшылықты акцияның мәні мен түрлері
артықшылықты акция - жай акциялардың меншік иелеріне қарағанда артықшылықты акцияның артықшылығы мынада: акционерлік қоғамның жарғысында алдын ала айқындалып, белгіленген мөлшерде акционердің дивиденд алуға жəне қоғам таратылған кезде белгіленген тəртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың артықшылықты акцияларды шығаруға құқығы жоқ.Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан аспауы тиіс.
Мынадай жағдайдарды қоспағанда артықшылықты акция иесінің қоғамды басқаруға қатысу құқығы жоқ:
1. қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша, артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мəселені қараса;
2. қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша, қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мəселені қараса;
3. артықшылықты акция бойынша дивиденті оны төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөлшерде төленбесе, артықшылықты акция иесі қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.
Əлемдік тəжірибеде жай жəне артықшылықты акциялардың бірнеше түрлері бар. Сонымен артықшылықты акцияларды мынадай түрлерге жіктеуге болады:
· кумулятивті акция - төленбеген немесе толық көлемде төленбеген дивидендтер жинақталып, кейін толық көлемде төленуі мүмкін;
· конвертацияланатын (айырбасталатын) акция – акционерлік қоғамның шығару пропектісімен айқындалатын талаптар мен тəртіп арқылы оның бағалы қағазының басқа түріне айырбасталуға жататын бағалы қағаз.
Бұл акцияның түрі мынадай жағдайларда айырбасталуы мүмкін:
1. қоғамның қажеттілігіне қарай акционерлерден акцияны қайта сатып алу;
2. басқа бағалы қағаз түріне;
3. номиналдық құны жоғары акцияны номиналдық құны төмен акцияға жəне керісінше;4. құқық көлемі жоғары акцияны құқық көлемі төмен акцияға жəне керісінше.
Қоғам айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға оның жарғысында осы бағалы қағаздың түрін шығару мүмкіндігі көзделген жағдайда ғана құқылы. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға құқығы жоқ. Қоғамның акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын шығаруға қоғамның жарияланған жəне орналастырылған акциялары арасындағы айырма шегінде жол беріледі. Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау талаптары мен тəртібі айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару проспектісінде көрсетіледі.· қатысу үлесі бар акция - акция иесіне тіркелген дивидендпен қатар қосымша дивиденд алуға құқық береді.· кепілдікті акция – бұл акцияның түрін еншілес кəсіпорындар шығаруы мүмкін. Бұл жағдайда дивидендті төлеу жоғары тұрған ұйымның беделімен кепілдендіріледі. Бұл еншілес кəсіпорындардың шығарған акцияларына инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.
30. Құқық көлеміне қарай акцияның түрлері
Акция бойынша құқық көлеміне қарай:
· жай акция - өз құзыреті шеңберінде барлық мəселелерді шешумен байланысты акционерге дауыс беру құқығы мен акционрелердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді;
· артықшылықты акция - жай акциялардың меншік иелеріне қарағанда артықшылықты акцияның артықшылығы мынада: акционерлік қоғамның жарғысында алдын ала айқындалып, белгіленген мөлшерде акционердің дивиденд алуға жəне қоғам таратылған кезде белгіленген тəртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.
Мынадай жағдайдарды қоспағанда артықшылықты акция иесінің қоғамды басқаруға қатысу құқығы жоқ:1. қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша, артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мəселені қараса; 2. қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша, қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мəселені қараса; 3. артықшылықты акция бойынша дивиденті оны төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөлшерде төленбесе, артықшылықты акция иесі қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.
Əлемдік тəжірибеде жай жəне артықшылықты акциялардың бірнеше түрлері бар. Сонымен артықшылықты акцияларды мынадай түрлерге жіктеуге болады:
· кумулятивті акция - төленбеген немесе толық көлемде төленбеген дивидендтер жинақталып, кейін толық көлемде төленуі мүмкін;
· конвертацияланатын (айырбасталатын) акция – акционерлік қоғамның шығару пропектісімен айқындалатын талаптар мен тəртіп арқылы оның бағалы қағазының басқа түріне айырбасталуға жататын бағалы қағаз.
Бұл акцияның түрі мынадай жағдайларда айырбасталуы мүмкін:
1. қоғамның қажеттілігіне қарай акционерлерден акцияны қайта сатып алу;
2. басқа бағалы қағаз түріне;3. номиналдық құны жоғары акцияны номиналдық құны төмен акцияға жəне керісінше;4. құқық көлемі жоғары акцияны құқық көлемі төмен акцияға жəне керісінше.
Қоғам айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға оның жарғысында осы бағалы қағаздың түрін шығару мүмкіндігі көзделген жағдайда ғана құқылы. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға құқығы жоқ. Қоғамның акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын шығаруға қоғамның жарияланған жəне орналастырылған акциялары арасындағы айырма шегінде жол беріледі. Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау талаптары мен тəртібі айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару проспектісінде көрсетіледі.
· қатысу үлесі бар акция - акция иесіне тіркелген дивидендпен қатар қосымша дивиденд алуға құқық береді.
· кепілдікті акция – бұл акцияның түрін еншілес кəсіпорындар шығаруы мүмкін. Бұл жағдайда дивидендті төлеу жоғары тұрған ұйымның беделімен кепілдендіріледі. Бұл еншілес кəсіпорындардың шығарған акцияларына инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.
31. Жай және артықшылықты акцияның мәні мен айырмашылықтары