Бағалы қағаздардың экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:55, доклад

Описание работы

Бағалы қағаздар» - иелеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар.
«Бағалы қағаз нарығы» туралы қолданыстағы заңға сəйкес бағалы қағаз – мүліктік құқықты куəландыратын белгілі бір жазбалармен басқа да белгілеулердің жиынтығы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Бағалы қағаздың экономикалық мәні.doc

— 563.50 Кб (Скачать)

Арнаулы валюталық мемлекеттік қазынашылық міндеттеме – АВМЕКАМ. Айналыс мерзімі - 5 жыл. Номиналдық құны - АҚШ-тың 100 доллары. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен шағарылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі – АВМЕКАМ-ның өтелуін жүзеге асыратын қаржылық агент болып табылады;

Ұлттық жинақ облигациялар (ҰЖО) – бюджеттің ағымдағы дефицитін қаржыландыру мақсатында Қаржы министрлігі шығаратын мемлекеттік бағалы қағаз, айналыс мерзімі – 364 күн (52 апта), мерзімінен бұрын өтелмейді. ҰЖО эмиссиясының белгіленген шегінде сериялармен шығарылады, олардың əрқайсысы жеке шығарылымды білдіреді жəне бірегей сəйкестендіру нөмірі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

44.             Муниципалды бағалы қағаздың мәні мен мақсаты

Муниципалдық бағалы қағаздар – жергілікті билік органдарының жергілікті жерлерде əр түрлі шараларды қаржыландыру мақсатында шығаратын бағалы қағаздары. Муниципалды бағалы қағаздарды эмиссиялаудың мақсатын төмендегідей топтарға топтастыруға болады.

Жергілікті бюджеттің уақытша тапшылығын жоюға;Бір жолғы ірі сомада қаражат жұмсауды қажет ететін табыссыз объектілерді қаржыландыруға, атап айтқанда: əлеуметтік бағыттағы объектілердің (мектептер, ауруханалар, кітапханалар, мұражайлар жəне т.с.с.) жəне жергілікті инфрақұрылым объектілерінің (жолдар, көпірлер, жылу жəне су жүйелері жəне т.с.с) құрылысына, жаңартылуына, оларды жөндеуге;

· Шығынын өзі толтыратын (салынған үйді немесе оның бірнеше бөлігін сатқаннан түскен түсіммен) үй құрылысы, жөндеу, жаңарту жобаларын қаржыландыруға арналған.

Муниципалды бағалы қағаздың эмиссиялану нысаны:

· Муниципалды бағалы қағазды шығару; Ссуда. Муниципалды бағалы қағаз əдетте муниципалды облигация түрінде шығарылады. Ссуда бюджеттік желі арқылы немесе коммерциялық банктермен берілуі мүмкін. Əлемдік тəжірибеде муниципалдық бағалы қағаздарды шығарудың негізі муниципалдық заем (қарыз алу) болып саналады. Осындай бағалы қағаздарды шығарушыларға заң негізінде салық жеңілдігі беріледі. Сондықтан қарыз міндеттемелерін эмиссиялап, қарыз қаражатын тарту екінші деңгейдегі банктерден алған несиеден анағұрлым арзан. Муниципалдық бағалы қағаздарды негізінен жергілікті халық, коммерциялық банктер, сақтандыру жəне зейнетақы қорлары, инвестициялық компаниялар жəне басқа да жергілікті кəсіпорындар мен ұйымдар сатып алады.

Муниципалдық бағалы қағаздар жергілікті бюджеттің табысымен, муниципалдық мүліктермен немесе осы облигацияларды шығару арқылы инвестициялық жобаларды орналастырудан түскен табыспен қамтамасыз етіледі.Муниципалдық бағалы қағаздардың инвесторлар үшін тартымды болуының екі түрлі себебі бар:

Салықтық жеңілдіктер есебінен банктік несиеге қарағанда олардың табыстылығы жоғары;Уақытша бос ақшалай қаражатын акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарына немесе банктерге орналастырумен салыстырғанда сенімділігі жоғары.Муниципалдық бағалы қағаздарды шығару жəне айналысқа түсіру жөнінде жергілікті атқарушы үкімет органдары шешім қабылдайды.

Муниципалдық облигациялық займдарды орналастыру бір немесе бірнеше өкілетті коммерциялық банктердің немесе басқа коммерциялық құрылымдардың делдалдық етуімен жүргізіледі.

45.             Туынды бағалы қағаздар нарығының мәні мен қажеттілігі

Туынды бағалы қағаздың мəнін тар жəне кең мағынада қарастыруға болады.

Туынды бағалы қағаздың тар мағынасы - дифференциалды табыс алу мақсаты бар, мерзімді келісім шартқа негізделген нарықтық механизм. Кең мағынасы – нақты актив пен келісім шартқа негізделген, осы активтің бағасы, мөлшері жəне бағамының айырмашылықтары қолданылатын нырықтың құралдарын білдіреді.«Бағалы қағаз нарығы» туралы заңға сəйкес туынды бағалы қағаз дегеніміз - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куəландыратын бағалы қағаз. Базалық актив - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары жəне сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткiштер.

Туынды бағалы қағаздың негізгі ерекшеліктері:

туынды бағалы қағаз айналысының сыртқы формасы негізгі бағалы қағаздарға ұқсас болып келеді;туынды бағалы қағаздардың өмір сүру кезеңі, басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда шектеулі;туынды бағалы қағаздардың бағасы (номиналдық құны) – базалық активке негізделеді;басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда минималды инвестиция тартуда пайда алуға мүмкіндік береді.Туынды бағалы қағазды эмиссиялаудың мақсаты – кез келген базалық активтердің бағасының ауытқуынан тек пайда табу ғана емес, сонымен қатар бағаның қолайсыз өзгеруіне байланысты қауіп – қатерден сақтандыру (хеджирлеу).Хеджирлеу - мүлiктiк мүдделердi жай-күйi қаржы құралдарымен мəмiле жасасу арқылы бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң кiрiстерi мен шығындарының туындауына байланысты болатын бағаның, айырбастау бағамының, сыйақы ставкаларының немесе өзге де ықтимал көрсеткiштердiң өзгеруi кезiндегi тəуекелдерден қорғау. Дифференциалды табыс алу мақсатын көздеген жағдайда, мерзімді келісім шарт туынды құрал болып табылады.Мерзімді келісім шарт екі топқа бөлінеді:сатып алу – сату келісім шартына негізделген мерзімді келісім шарт;айырбастау келісім шартына негізделген мерзімді келісім шарт.Туынды бағалы қағаз мынадай белгілер бойынша жіктелінеді:1. Келісім шарт нысанындағы бағалы қағаздар:

форвардтық келісім шарт; фьючерстік келісім шарт;

опциондық келісім шарт; своп - келісім шарт.

2. Кепілдік нысанындағы бағалы қағаздар:

варрант; коносамент.

3. Куəлік нысанындағы бағалы қағаздар:

ипотекалық куəліктер; депозитарлық қолхат; банктік сертификат.

46.             Мерзімді келісім шарттың мәні мен түрлері

Дифференциалды табыс алу мақсатын көздеген жағдайда, мерзімді келісім шарт туынды құрал болып табылады.

Мерзімді келісім шарт екі топқа бөлінеді:

сатып алу – сату келісім шартына негізделген мерзімді келісім шарт;

айырбастау келісім шартына негізделген мерзімді келісім шарт.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

47.             Форвардтық келісім шарттың мәні мен түрлері

Форвардтық келісім шарт – болашақта орындалатын нақты мерзімнен кейін активті сату - сатып алу келісім шарты. Бұл келісім шарттың міндетті түрде орындалуы тиісті тұрақты мəмілені білдіреді.

Форвард (алдын – ала) – мəмілені жасағаннан кейін екі күн ішінде шұғыл түрде жасалатын есеп айырысу нысаны. Форвардтық операцияларды бағаның жəне валюталар бағамындағы өзгерістерден туындайтын мүмкін болатын зияндардың алдын алу мақсатында жүзеге асырады.

Форвардтық келісім шарттың бағасы, əдетте мəмле жасалған кезде бекітіледі.

Форвардтық келісім шырттың негізгі айырмашылығы – жасалатын мəміленің кез келген параметрін (бағасын, мерзімін, мөлшерін, есеп айырысу нысанын жəне жеткізілуін) келісім шартқа қатысушы тараптың сұранысы (қалауы) бойынша өзгерту мүмкіндігі бар.

Бұл келісім шарттың осал жағы – бір тараптың келісім шартты орындаудан бас тартқан жағдайда алдын ала жою(өтеу) қиынға соғады. Əдетте кері мəмілені жасауға болатын еді, бірақ форвардтық келісім шартта кері мəміле жасалмайды.

Форвардтық келісім шарттың негізгі екі түрі бар: валюталық форвард жəне пайыздық форвард.

Форвардтық келісім шарт ірі банктер арасында жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

48.             Фьючерстік келісім шарттың мәні мен түрлері

Фьючерстік келісім шарт - белгiленген нысандағы стандарттық саны мен орындалу мерзiмi бар жəне ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналыста жүретiн туынды бағалы қағаз, оны сатушы сатуға немесе сатып алуға мiндеттенедi, ал сатып алушы мүлiктiң (базалық активтiң) белгiленген санын келiсiлген баға бойынша жəне белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн сатып алуға немесе сатуға мiндеттенеді.

Фьючерстік жəне форвардтық келісім шарт тұрақты мəміле болып табылатын мерзімді келісім шартты білдіреді. Форвардтық келісім шартқа қарағанда фьючерстік келісім шарттың бағасынан басқа параметрлері, келісім шарт тараптарының қалауына жəне еркіне байланыссыз алдын – ала белгілі болады, яғни бұл келісім шарт толығымен стандартталған. Бұл келісім – шарт тек қана биржалық сауда саттық кезінде жасалады. Фьючерстік келісім шарттың орындалуына биржаның өзі, яғни нақтырақ айтатын болсақ биржалық сауда саттыққа қызмет көрсететін есеп айрысу ұйымы (клирингтік ұйым) кепілдік береді.

Сатып алушының шартымен фьючерстік келісім шартты жасау – келісім шартты «сатып алуды» білдіреді, ал сатушының шартымен - келісім шартты «сатуды» білдіреді. Келісім шарт бойынша міндетті қабылдау «ашық позицияны» білдіреді. Кері келісім шарт жасау арқылы фьючерстік келісім шарт бойынша міндеттің орындалмауы «жабық позицияны» білдіреді. «Ашық позиция» кезінде келісім шарттың иесі бастапқы маржаны немесе жарнаны төлейді.

Фьючерстік келісім шарт екі топқа бөлінеді: тауарлы жəне қаржылық фьючерстік келісім шарт.

Тауарлы фьючерстік келісім шарттың мынадай түрлері бар:

ауыл шаруашылық шикізаттар мен жартылай фабрикаттар – мал, ет, ұрық, тұқым, өсімдік майы жəне т.б;

орман жəне кесілген материалдар;

түсті жəне қымбат бағалы металдар – алюминий, күміс, свинец, цинк, никель, олова, алтын, платина, палладий;

мұнай - газ шикі заты – мұнай, газ, бензин, мазут жəне т.б.

70 жылдың басына дейін тауарлы фьючерс - фьючерстік келісім шарттың негізгі түрі болып табылған. 1972 жылдан бастап қаржылық фьючерстер пайда болды.

Қаржылық фьючерстің мынадай түрлері бар:

валюталық фьючерс – қандай да бір конвертацияланатын валютаны сату – сатып алумен байланысты фьчерстік келісім шартты білдіреді. Бұл келісім шарт валюталық форвардтқа ұқсас болып келеді, бірақ өзіндік мынадай айырмашылықтар бар: келісім шартты жасау орны, стандартизация деңгейі (толық) жəне кепілдендіру механизмі (маржалық алымдар механизмі);

қор фьючерсі – акцияның жекелеген түрлерін сату - сатып алумен байланысты фьючерстік келісім шарт;

пайыздық фьючерс – пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне (қысқа мерзімді фьючерс) жəне ұзақ мерзімді облигацияны сату – сатып алумен байланысты (ұзақ мерзімді фьючерс) фьючерстік келісім шарт.

индекстік фьючерс – қор нарығының индексінің мəнінің өзгеруімен байланысты фьючерстік келісім шарт.

 

 

49.             Форвардтық  және фьючерстік келісім шарттың мәні мен  бір бірінен айырмашылығы

Фьючерстік келісім шарт

Форвардтық келісім шарт

Сауда - саттық биржада жүргізіледі

Форвардттық мәміле - ол банкаралық мәміле, яғни биржадан тыс мәміле

Фьючерстік шарт стандартталған

Келісім шарттың талаптары екі жақты мәміледе келісіледі

Мәмілеге екі жақ қатыспайды, оның орындалуына есеп айырысу (клирингтік) палатасы кепілдік береді

Екі жақ - сатып алушы мен сатушы кездесіп, мәміле жасасады

Фьючерстермен саудада күнбе күн есеп айырысады және сақтандыру жарнасы төленеді

Форвардтармен саудада келісілген мәміле мерзімі біткен соң ғана есеп айырысады

Фьючерстік нарықта құқықтық міндеттеме еркін басқаға беріледі

Форвардтық нарықта құқықтық міндеттеме басқаға берілмейді

Фьючерстік нарықта мәмілені жою жеткізіп берумен немесе кері мәміліге келумен жүзеге асырылады

Форвардтық нарықта мәмілені жою тек қолма - қол ақша төлеумен жүзеге асырылады. Кері мәміле болмайды.

Фьючерстік нарықта сауда ашық келісіммен аукционда жүргізіліп, биржа ережелерімен реттеледі

Форвардтық нарықта сауда шарт негізінде реттеледі

Фьючерстік шарт биржада тіркеледі.

Форвардтық нарықта қауіптің барлық түрлері кездесуі мүмкін. Олардың деңгейі клиенттің несиелік рейтингіне байланысты

Фьючерстік шарттың негізі - барлық шартқа бірдей стандартты тұтыну құны

Форвардтық шарттың негізі - әр бір жаққа жеке есептелген тұтыну құны

Информация о работе Бағалы қағаздардың экономикалық мәні